Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ПРОКУРАТУРАҒА АРЫЗ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ПРОКУРАТУРАҒА АРЫЗ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ПРОКУРАТУРАҒА АРЫЗ

 

 

Шымкент қаласының Тұран ауданы бойынша прокуратурасына

 

Арызданушы: КР Айдаралиевна

ЖСН: ....

Шымкент қаласы, ... м/а №... үй тұрғыны.

Сенімхат бойынша өкілі:

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767.

Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,

 Алмалы  ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

info@zakonpravo.kz    www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.

 

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ АРЫЗ

 

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).

 

Осы арыз арқылы, КР Айдаралиеваның өкілі ретінде, сенімхат негізінде оның мүддесін қорғай отырып, төмендегі мән-жайларды хабарлаймын.

КР Айдаралиева Шымкент қаласы, Алматы тас жолы №38 мекенжайында орналасқан «Жібек жолы» базарында №17, №20 және №21 бутиктерінің иесі болып табылады және аталған орындарда жеміс-жидек өнімдерін сату қызметін жүзеге асырады.

Аталған базарда №16 бутикте сауда жасайтын АШДильмуратовнамен шамамен 3 жыл бойы көрші ретінде бірге сауда жасап келген.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап сенім білдіруші Р.А. Касимованың сауда айналымында түсініксіз шығындар байқалған, атап айтқанда, тұрақты түрде жеткізілген тауарлардың қысқа мерзімде жоғалып кетуімен қатар, нақты табыс көлемі айтарлықтай төмендеген. Бұл жағдайлар бөтен тұлғалардың жүйелі түрде тауарларды жымқыруы мүмкін деген негізді күмән тудырған.

Сенім білдіруші Р.А. Қ аталған ұрлық әрекеттері туралы бастапқы ақпаратты көршілес орналасқан №3 «б» бутигінің иесі С.Э.Абдыхановнадан алған. Атап айтқанда, Э.А. Сарыпбекова 2026 жылы 24 наурызда АШДильмуратовнаның Р.А. Қ. тиесілі №17 бутиктен қораптардағы тауарларды бірнеше рет тасып жүргенін өз көзімен байқап, бұл туралы дереу сенім білдірушіге Р.А. Қ. хабарлаған.

Сонымен қатар, Э.А. Сарыпбекова аталған мән-жайларды нақтылау мақсатында көршілес №1–2 бутиктердің иесі Х.Т. Розытаевнаның бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру қажеттігін ұсынған.

Осыған байланысты сенім білдіруші Р.А. Қ. көршілес орналасқан №1–2 бутиктердің иесі Х.Т.Розытаевнаға жүгініп, оның бутигінде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларымен танысқан. Аталған камералар №16 және №17 бутиктер бағытына қаратып орнатылған. Аталған бейнебақылау камераларының жазбалары шектеулі мерзімде сақталуына байланысты, тек соңғы 10 күнге тиесілі бейнематериалдар ғана ұсынылды. Ұсынылған бейнежазбаларды қарау барысында АШДильмуратовна өзінің күйеуі Азиз (әрі қарай - кеуі) есімді азаматпен бірге алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет сенім білдірушінің №17 бутигіне заңсыз кіріп жеміс-жидек өнімдерін жасырын түрде алып кеткені анықталды.

Атап айтқанда, бейнежазбаларда олардың кемінде 6 (алты) рет ұрлық жасаған әрекеттері нақты тіркелген.

Базар әкімшілігінен ұсынылған бейнебақылау жазбаларын зерттеп-зерделеу нәтижесінде келесі ұрлық фактілері анықталды:

1-эпизод:

2026 жылы 18 наурыз күні шамамен сағат 22:38-де «Жібек жолы» базарында бейнебақылау жазбасынан АШДильмуратовнаның Р.А. Қ. тиесілі №17 бутик аумағына кіріп, бірнеше рет қораптардағы тауарларды алып, оларды өзіне тиесілі №16 бутикке тасымалдап жатқаны анық көрініс тапқан. Аталған әрекеттер бөтеннің мүлкін жасырын түрде, төлем жасамай заңсыз иемдену мақсатында жүйелі түрде жүзеге асырылғанын көрсетеді. Сонымен қатар, шамамен сағат 22:51-де бейнежазбада күзет қызметкерінің жақындап келе жатқаны көрінгеніне қарамастан, Ш.Д. А өз әрекеттерін тоқтатпай, тауарларды алып кетуді жалғастырған. Кейін күзет қызметкері кеткен соң, ол оқиға орнынан кетіп қалғаны бейнежазбада тіркелген. 1-эпизодта көрсетілген мән-жайлар «2026.03.18_22.37_базардын_камерасы.mp4» атауымен сақталған бейнежазбада айқын тіркеліп, күдікті тұлғаның әрекеттерін толық растайды.

2-эпизод:

2026 жылғы 20 наурыз күні шамамен сағат 00:09-де бейнебақылау жазбасынан АШДильмуратовнаның базар аумағына келіп, Р.А. Қға тиесілі №17 бутик алдына бағытталғаны тіркелген. Бейнежазбада оның бутик есігін ашуға арналған кілтті іздеу мақсатында бутик алдындағы заттарды қарап, жан-жағын тексеріп, белгілі бір жасырылған орыннан кілтті тауып алғаны анық көрініс тапқан.

Осыдан кейін А Ш.Д. аталған кілтті пайдалана отырып, №17 бутикке заңсыз кірген және әрі қарай бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемдену әрекеттерін жүзеге асырған.

Шамамен сағат 00:10-нан бастап 00:48 аралығында А Ш.Д. №17 бутик ішіндегі тауарларды бірнеше мәрте алып, оларды өзіне тиесілі №16 бутикке жүйелі түрде тасымалдаған. Бейнежазбаға жүргізілген талдау нәтижесінде оның жалпы саны 25 (жиырма бес) қорап және 2 (екі) пакет жеміс-жидек өнімдерін кезең-кезеңімен тасып әкеткені анықталды.

Аталған әрекеттер бөтеннің мүлкін жасырын түрде, төлем жасамай заңсыз иемдену мақсатында, алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жүзеге асырылғанын көрсетеді.

Бұның дәлелі: «2026.03.20_00.07_базардын_камерасы.mp4» және «2026.03.20_00.45_базардын_камерасы.mp4» атауымен сақталған бейнежазбалар.

3-эпизод:

2026 жылғы 20 наурыз күні шамамен сағат 23:39-да бейнебақылау жазбасынан АШДильмуратовнаның базар аумағына келіп, өз әрекеттерін жалғастырғаны тіркелген. Шамамен сағат 23:41-де ол Р.А. Қға тиесілі №17 бутикке заңсыз кіргені бейнежазбада анық көрініс тапқан.

Одан әрі, 2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 00:02-ге дейінгі уақыт аралығында Ш.Д. А №17 бутик ішіндегі тауарларды бірнеше мәрте алып, оларды өзіне тиесілі №16 бутикке кезең-кезеңімен тасымалдаған. Бейнежазбаға жүргізілген талдау нәтижесінде оның жалпы саны 15 (он бес) қорап жеміс-жидек өнімдерін алып шыққаны анықталды.

 

2026 жылғы 21 наурыз күні шамамен сағат 20:44-де бейнебақылау жазбасынан АШДильмуратовнаның өз күйеуімен бірге жүк автокөлігімен базар аумағына келгені тіркелген. Келгеннен кейін олар өздеріне тиесілі №16 бутикке кіргені бейнежазбада көрініс тапқан. Бейнежазбаны зерделеу барысында аталған уақыт аралығында базар аумағында күзет қызметкерінің белсенді түрде тексеру жүргізіп жүргені, сондай-ақ бутиктердің маңында өзге автокөліктің қозғалысы болғаны анықталды. Көрсетілген мән-жайлар олардың қылмыс жасау әрекеттеріне кедерген жағдайлар деп санаймыз.

Сонымен қатар, бейнежазбада Ш.Д. А мен оның күйеуінің ұзақ уақыт бойы өздерінің №16 бутиктін ішінде болғаны, алайда Р.А. Қға тиесілі №17 бутикке кіріп, қандай да бір тауарларды алып шығу немесе тасымалдау әрекеттерін жүзеге асырмағаны анық көрініс тапқан. Шамамен сағат 22:23-де өздерінің бутиктерінен шығып екеуі базардан қайтып кеткен. Бұның дәлелі: «2026.03.21_20.43_базардын_камерасы.mp4», «2026.03.21_21.04_базардын_камерасы.mp4» және «2026.03.21_21.56_базардын_камерасы.mp4»  атауымен сақталған бейнежазбалар.

4-эпизод:

2026 жылғы 21 наурыз күні кешкі уақытта қандай да бір ұрлық әрекеттерін жүзеге асыра алмағаннан кейін, шамамен екі сағат өткен соң, яғни 2026 жылы 22 наурыз күні шамамен сағат 00:16-да бейнебақылау жазбасынан АШДильмуратовнаның жаяу түрде базар аумағына қайтадан келіп, өзіне тиесілі №16 бутикке кіргені тіркелген. Одан кейін шамамен сағат 00:21-де ол Р.А. Қға тиесілі №17 бутикке заңсыз кіргені бейнежазбада анық көрініс тапқан. Шамамен сағат 00:24-тен бастап А Ш.Д. №17 бутик ішіндегі тауарларды бірнеше рет алып, оларды өз бутигіне жүйелі түрде тасымалдаған. Бейнежазбаға жүргізілген талдау нәтижесінде оның жалпы саны 20 (жиырма) қорап жеміс-жидек өнімдерін кезең-кезеңімен тасып әкеткені анықталды. Соңғы, 20-шы қорап шамамен сағат 00:47-де тасымалданған, ал сағат 00:48-де А Ш.Д. базар аумағынан шығып кеткені бейнежазбада тіркелген. Аталған әрекеттер топ болып алдын ала сөз байласуымен, бөтеннің мүлкін жасырын түрде, төлем жасамай заңсыз иемдену мақсатында жүйелі түрде жүзеге асырылғанын көрсетеді. Бұның дәлелі: «2026.03.22_00.15_базардын_камерасы.mp4» және «2026.03.22_00.35_базардын_камерасы.mp4»  атауымен сақталған бейнежазбалар.

5-эпизод:

2026 жылы 23 наурыз күні шамамен сағат 13:01-де, базардың демалыс күнін пайдаланып, бейнебақылау жазбасынан АШДильмуратовнаның өз күйеуімен бірге жүк автокөлігімен базар аумағына келгені тіркелген. Олар келген бойда Р.А. Қға тиесілі №17 бутикке кіргені екі бейнежазбадан анық көрініп тұр. Шамамен сағат 13:03:45-те оның күйеуі бутик ішінен алынған бір қап тауарды автокөліктің жүксалғыш бөлігіне орналастырған. Бұдан кейін сағат 13:04:27-де бір қорап жеміс-жидек өнімін (банан) жүксалғышқа салғаны, ал сағат 13:05:02-де тағы да бір қорап тауарды жүксалғышқа орналастырғаны бейнежазбада тіркелген. Осылайша, қысқа уақыт аралығында бірнеше тауарды автокөлікке тиеп, шамамен сағат 13:10-да олар бірге оқиға орнынан кетіп қалған.

Аталған әрекеттер Ш.Д. А мен оның күйеуінің алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобы ретінде бөтеннің мүлкін жасырын түрде, төлем жасамай заңсыз иемденгенін көрсетеді. Бұның дәлелі: «2026.03.23_12.59_базардын_камерасы.mp4», «2026.03.17_сағат_04.22_ішкі_камера.mp4», «2026.03.17_сағат_04.22_ішкі_камера_2.mp4» және «2026.03.17_сағат_04.22_сыртқы_камера.mp4»   атауымен сақталған бейнежазба.

6-эпизод:

2026 жылғы 24 наурыз күні шамамен сағат 05:35-те бейнебақылау жазбасынан АШДильмуратовнаның базар аумағына келіп, өзіне тиесілі №16 бутикке кіргені тіркелген. Бұдан кейін шамамен сағат 05:37-де ол Р.А. Қға тиесілі №17 бутикке кіргені бейнежазбада анық көрініс тапқан. Шамамен сағат 05:37-ден 05:55 аралығында Ш.Д. А №17 бутик ішіндегі тауарларды кезең-кезеңімен алып, жалпы саны 9 (тоғыз) қорап жеміс-жидек өнімдерін өз бутигіне тасымалдаған. Шамамен сағат 05:57-де ол бутик есігінен сыртқа қарап, айналаны бақылап, өз әрекеттерінің жасырын түрде жүзеге асырылып жатқанын қамтамасыз етуге тырысқаны байқалады. Бұл оның әрекеттерінің әдейі және жасырын сипатта болғанын көрсетеді. Одан әрі, шамамен сағат 06:06-да айналада ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін, Ш.Д. А тауарларды тасымалдауды жалғастырып, шамамен сағат 06:11-ге дейін қосымша қораптарды алып шыққан. Жалпы есеппен аталған күні 12 (он екі) қорап жеміс-жидек өнімдері тасымалданғаны бейнежазбаға жүргізілген талдау арқылы анықталды.

Аталған әрекеттер бөтеннің мүлкін жасырын түрде, төлем жасамай заңсыз иемдену мақсатында жүйелі түрде жүзеге асырылғанын көрсетеді. Бұның дәлелі: «2026.03.24_05.34_базардын_камерасы.mp4» және «2026.03.24_05.34_ішкі_камера.mp4» атауымен сақталған бейнежазбалар.

Бейнебақылау жазбалары тек соңғы 10 тәулік мерзімінде сақталуына байланысты, сенім білдіруші Р.А. Қ тек 2026 жылғы 18 наурыздан 24 наурыз аралығындағы кезең бойынша ғана бейнежазбаларды зерделеу мүмкіндігіне ие болды.

Аталған қысқа уақыт, 7 күн аралығында АШДильмуратовна мен оның күйеуінің кемінде 6 рет бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемденгені нақты бейнежазбалармен расталып отыр. Бұл мән-жай олардың әрекеттері кездейсоқ немесе бір реттік сипатта емес, керісінше жүйелі, тұрақты және алдын ала ойластырылған түрде жүзеге асырылғанын айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, сенім білдіруші Р.А. Қнің түсіндіруіне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап тауарлардың негізсіз жетіспеушілігі мен табыс көлемінің күрт төмендеуі байқалған. Осыған байланысты, бейнежазбалармен қамтылмаған кезеңде де күдіктілердің ұқсас тәсілмен ұрлық әрекеттерін жүйелі түрде жүзеге асырып келгеніне негізді күмән бар. Аталған жағдайлар істі жан-жақты, толық және объективті тергеуді, соның ішінде бейнежазбалармен қамтылмаған кезеңдегі эпизодтарды да тексеруді қажет етеді.

Сонымен қатар, сенім білдіруші Р.А. Қнің тауарларын жеткізумен айналысқан жеткізушілер бар, олардың байланыс деректері мен жеткізілген өнім көлемін растайтын мәліметтері бар, бұл өз кезегінде тауарлардың нақты көлемде жеткізілгенін және кейіннен жетіспеушілік орын алғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап келтірілген материалдық зиянның жалпы мөлшері шамамен 15 000 000 (он бес миллион) теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша сенім білдіруші жоғарыдағы көрсетілген бейнежазбалармен таныспай тұрып 2026 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласы ПД Тұран аудандық полиция басқармасына арызбен жүгінген. Алайда, арыз берілгеннен кейін АШДильмуратовна тек бір рет қана 2-3 коробка тауар алғанын растады, яғни сенім білдірушіге тек 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде ақша беріп, өзінің қылмыстық әрекетін мойындағанымен, келтірілген толық материалдық зиянды бүгінгі күнге дейін өтемеген.

Жоғарыда баяндалған мән-жайлар АШДильмуратовна мен оның кеуі Азиз есімді азаматың әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2 тармағындағы 1 тармақшасында (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен), және аталған баптың 3 тармағындағы 1,2,3 (ірi мөлшерде; бірнеше рет; қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) тармақшаларында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екенін көрсетеді Р.А. Касимоваға тиесілі №17, 20 және 21 бутиктерінен заңсыз кiрумен жасалған ұрлық.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚР ҚПК) 167-бабына сәйкес, азаматтық талап қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген адаммен не оның өкілімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қойылуы мүмкін.

ҚР ҚПК 179-бабы 1- бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеу не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурорға хабарланады.

ҚР ҚПК 180-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себептер, іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда, жеке адамның мәлімдемесі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады.

ҚР ҚПК 181-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздары ауызша және жазбаша не электрондық құжат нысанында болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 73, 167,  179 және 181-баптарына сәйкес,

 

Сізден сұраймын:

 

·        АШДильмуратовна мен онын кеуі Азиз есімді азаматты Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2,3 тармақтарына сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотқа дейіңгі тергеп тексерудің бірыңғай базасына тіркеуді;

·        КР Айдаралиеваны жәбірленуші ретінде тануды;

·        КР Айдаралиеваны азаматтық талапкер ретінде тануды;

·        Көрсетілген мән-жайлар бойынша толық, жан-жақты және объективті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді;

·        адвокат Саржанов Галымжан Турлыбековичті және заң кеңесші Кеңесбек Ислам Мұхамедұлыны қылмыстық ісі бойынша жәбірленуші – азаматтық талапкер КР Айдаралиеванын өкілдері ретінде тағайындап қаулы шығаруыңызды.

 

 

Ескертпе: Жоғарыдағы көрсетілген бейнежазбаларды қосымша жіберуге жіберуге дайынбыз.

 

 

Құрметпен,

Сенімхат бойынша өкіл / адвокат:                                           Г.Т. Саржанов

  

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу