Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтарға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 19 шешімінің күшін жою туралы

Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтарға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 19 шешімінің күшін жою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтарға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 19 шешімінің күшін жою туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 111 шешімі.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың № 8 қосымшасы болып табылатын Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағына сәйкес және 2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайталама демпингке қарсы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы» Шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы 2031 жылғы 24 тамызды қоса алғанда ұзартылсын.

      2. 2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы» Шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1-тармақ «ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7320 10» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі – жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтар)» деген сөздермен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      «11. Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж Қазақстан Республикасына осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген моторлы көлік құралдарын өндіру және оларға Қазақстан Республикасында кепілдік қызмет көрсету үшін, сондай-ақ осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген үшінші елдерде өндірілген доңғалақты көлік құралдарына Қазақстан Республикасында осындай елдердің доңғалақты көлік құралдарын өндірушілерінің ресми өкілдері жүзеге асыратын сатудан кейінгі қызмет көрсету үшін әкелінетін жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтарға қатысты, декларантта тауарларға арналған декларация тіркелген күні өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген құжат болған жағдайда алынбайды деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес демпингке қарсы баж алынбай әкелінген жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтардың өз аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумақтарына әкетілуіне жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.».

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына:

      2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Шешімінде көзделген мөлшерлерде демпингке қарсы баждың алынуын қамтамасыз ету;

      2026 жылғы 17 ақпандағы № 19 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Шешіміне сәйкес алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын демпингке қарсы баж есебіне жатқызуды және оларды төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды қамтамасыз ету тапсырылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 19 «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жапырақты рессорлар мен оларға арналған табақтарға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сагинтаев

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар