Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Қытай Халық Республикасынан шыққан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін алюминий ыдысқа қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Қытай Халық Республикасынан шыққан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін алюминий ыдысқа қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қытай Халық Республикасынан шыққан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін алюминий ыдысқа қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 108 шешімі.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 24 тамыздағы № 107 «Қытай Халық Республикасынан шыққан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін алюминий ыдысқа қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы» Шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 2027 жылғы 28 мамырды қоса алғанға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2027 жылғы 28 мамырды қоса алғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 24 тамыздағы № 107 Шешімімен белгіленген мөлшерлеме бойынша демпингке қарсы баждың алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен өндіріп алынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2026 жылғы 25 қыркүйектен ерте емес мерзімде күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сагинтаев

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Әкімшілік меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар