Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Бұрылбайтал - Күрті учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Бұрылбайтал - Күрті учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Бұрылбайтал - Күрті учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 маусымда № 39055 болып тіркелді

  "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Бұрылбайтал - Күрті 1041+000 – 1121+000 километр (бұдан әрі – км) (KAZ01) I-б санатты республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде қолданылады;

      2) Жол жүру келесі балама бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: облыстық маңызы бар "Сұңқар – Қаншеңгел – Топар – Құйған" автомобиль жолының учаскесі, "Топар – Ақжар" автомобиль жолы, "Қонаев – Бақанас – Қараой" автомобиль жолының учаскесі, сондай-ақ республикалық маңызы бар "Қонаев-Күрті" автомобиль учаскесі;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 1041+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1121+000 км;

      4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны– 2 жолақ;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 80 км;

      7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады;

      8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңКөлік министрінің міндетін атқарушыМ. Калиакпаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігі

 

 Қазақстан РеспубликасыныңКөлік министрініңміндетін атқарушы2026 жылғы 23 маусымдағы№ 156 бұйрығына1-қосымша

 

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылыстарының және басқа автомобиль жолдарымен түйісулерінің тізбесі

 

Жүктеу

Қиылыстар мен түйісулер мекенжайы (бұдан әрі - км) + метрКөзделген қиылысу мен түйісу бойынша елді мекендердің атауы
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
1056+530 кмҚаңшеңгел кенті, Топар кенті
1065+740 кмАщысу кенті, Шолақеспе кенті
1089+000 кмАйдарлы кенті
2348+000 кмБозой кенті
Іле ауданы
1121+000 кмКүрті кенті

 

 

 Қазақстан РеспубликасыныңКөлік министрініңміндетін атқарушы2026 жылғы 23 маусымдағы№ 156 бұйрығына2-қосымша

 

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      Бурылбайтал – Күрті учаскесі 1041+000 – км 1121+000 км (KAZ01) Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске))

      АЕК:

 

Жүктеу

р/с №АймақтарЖеңіл автокөліктер16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздарЖүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдеріЖүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар
  

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

1км 1041 - км 1077+975 (36,975 км)0,03100,02690,07850,06720,15500,13230,23250,19740,31210,26560,38850,3307
2км 1077+975 - км 1114+950 (36,975 км)0,03100,02690,07850,06720,15500,13230,23250,19740,31210,26560,38850,3307
3км 1114+950 - км 1121+000 (6,05 км)0,00510,00440,01290,01100,02540,02160,03800,03230,05110,04350,06360,0541
Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (80 км)0,06710,05810,16990,14530,33540,28620,50310,42700,67520,57460,84070,7155

 

      1) абоненттік төлем – бұл жергілікті автокөлік үшін абонемент түріндегі белгілі бір уақыт кезеңіне автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы;

      2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

 

Жүктеу

Көлік түріЖеңіл автокөліктер үшін16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопойыздар үшінЖүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшінЖүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1234567
Абоненттік төлемнің құнықарастырылмаған2 АЕК4 АЕК6 АЕК8 АЕК10 АЕК

 

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

 

Жүктеу

Көлік түріЖеңіл автокөліктер үшін16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопойыздар үшінЖүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшінЖүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1234567
Абоненттік төлемнің құны1 АЕК20 АЕК40 АЕК60 АЕК80 АЕК100 АЕК

 

      3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;

      4) алдын ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;

      5) жергілікті автокөлік – ақылы учаскеге іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен бір ауданнан тысқары жерлерге көшкен кезде тіркелген автокөлік құралы.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш;

      км – километр;

      м – метр;

      т – тонна.

 

 Қазақстан РеспубликасыныңКөлік министрініңміндетін атқарушы2026 жылғы 23 маусымдағы№ 156 бұйрығына3-қосымша

 

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

 

Жүктеу

Р/с №Елді мекеннің атауы

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

1Ащысу кенті
2Шолақеспе кенті
3Айдарлы кенті
4Бозой кенті

 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау