Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Шағым  ауданын прокурорына ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде ТБ-нің тергеушісінің әрекетіне

Шағым  ауданын прокурорына ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде ТБ-нің тергеушісінің әрекетіне

Шағым  ауданын прокурорына ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде  ТБ-нің тергеушісінің әрекетіне

 

Жамбыл облысы Шу ауданының прокурорына

ҚР, Жамбыл облысы, с. Толе би ул. Асатулы 13+7 7263 83 14 00

 

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

 Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: КЕ Муратбекович

ЖСН ....

Шағым  

(ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Жамбыл облысы  Полиция департаментінің Шу ауданының Полиция бөлімі ТБ-нің тергеушісі  А Айтбектің әрекетіне)

 Жамбыл облысы  Полиция департаментінің Шу ауданының Полиция бөлімі ТБ-нің тергеушісі  А Айтбектің (Әрі қарай Тергеуші) өндірісінде ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.М К-қа (Әрі қарай Күдікті) қатысты қылмыстық іс материалдары қаралуда.   

Тергеу барысында Е.М К- Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап етуге бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 25 маусым күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып сот санкциясымен Алматы қаласы тергеу изоляторы ЛА-155/18, қамауға алынған.

25.06.2025 жыл 14:18:50 сағатта Е-өтініш қосымшасы арқылы №ЗТ-2025-02116444, Е.М К-тың қатысуымен өткізілген барлық тергеу амалдарының құжаттарымен және ҚР ҚПК 64 бабының 9 бөлігінде көзделген қылмыстық іс материалдарымен  таныстыруды немесе қорғау тарапына көшірмесін ұсыну туралы Өтінішхаты Шу ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі А Айтбекке жолдаған болатныбыз.

Алайда ҚР ҚПК 99-бабына сай Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.

      Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.

Аталған бапқа сүйене қорғау тарапы № ЗТ-2025-02116444, өтінішхатын қосымша терегушінің жеке ватсап нөміріне жіберіп іс материалдарымен таныстыруды өтініп сұраған едік. Алайда тергеу әртүрлі сылтаулармен Өтiнiшхатты ол мәлiмделген бойда қарамай кейінге қалдырып ҚР ҚПК 99-бабына нормасын өрескел бұзуда.       

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).

ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.

ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледі.

 Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуді уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қабылдау қажет болатын айрықша жағдайларда шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 105 -бабын басшылыққа ала отырып,

Сізден сұраймын:

·        Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдауды;

·        Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды;

·        25.06.2025 жыл 14:18:50 сағатта Е-өтініш қосымшасы арқылы №ЗТ-2025-02116444, Е.М К-тың қатысуымен өткізілген барлық тергеу амалдарының құжаттарымен және ҚР ҚПК 64 бабының 9 бөлігінде көзделген қылмыстық іс материалдарымен  таныстыруды міндеттеуді;

·        Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 105 бабында, 2 бөлігімен белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.

 

Құрметпен,

Адвокат:                                                     Галымжан Саржанов

  

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу