Шағым қылмыстық істер бойынша сотына жеке айыптау тәртібі бойынша
Алматы облысы Іле ауданы сотына
| ||
Жекеше айыптаушы: (Жәбірленуші): | С Т А ЖСН: т.ж: Аскар Токпанов, А Х көшесі 26 ұялы желісі: +7 …. | |
Сенімхат бойынша өкілі:
Айыпталушылар: (Сотталушылар) | Б. Н.А. ұялы желісі: +7 747...1 эл.почта: ...
1.Е.Қ. Ғ. 06.06.1986ж.т. т.ж: Алматы қ., И. көшесі 125/48 ұялы желісі: +7 707...
2.Д.Т. Г. 01.07.1988ж.т. т.ж: Ш. қ., ЖК Қ. 189 . 29/1 ұялы желісі: +7 777... | |
Шағым
жеке айыптау тәртібі бойынша
Жеке айыптау шағымы ҚПК-нің 408 бабының талаптарына сәйкес сотқа ұсынылды.
1. 08.07.2025ж., 11:03 сағатта жеке айыптаушы С. Т. А. Іле ауданы А. Т. ауылы А. Х. көшесі 26 мекен жайда болаған кезде оның ватцап мессенджеріне 8 747.. айыпталушы 06.06.1986ж.т. Е. К. Г. тиесілі 8 707. ватцап мессенджерінен ар намысты қорлайтын, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін келесі сөздер келеді: - Сенде вообще тарбие жоқ екен!!! Аке-шешенде де не акыл, не тәрбие жок дым кормеген, сыйластыкты билмейтын адамдар екенсиндер!!!! Басында миында жок!!! Миын мен тарбиен жок болса неменеге куйеуге шыгып журсин сен?!! Ен басында менин айткан создерим дурыс болды!!! Дым кормеген адамсындар!!!! Енди вообще кайта аягынды баспа биз жакка!!! Кеттинбе енди козимизге коринбе!!! Ана жерге тастап кеткен АК орамал урсын сени тарбиесиз!!! Алла жазанды берер сенин! Аллага салдым! Кызына жибер!!! Дым кормеген Калпактар!!!!
Осылайша айыпталушы 06.06.1986ж.т. Е. К. Г. құқыққа қайшы ниетін толығымен жүзеге асырады, ал жеке айыптаушы Садахбаева Толкын Ахметовна өз атына айтылған қорлауды естіген (алған), қорлау құрамы аяқталған.
Яғни тікелей жәбірленушінің ар-намыс, абыройы мен қадiр-қасиетiн, беделіне нұқсан келтіріп, әдепсiз түрде кемсiту фактісі ватцап желісіндегі хабарламамен дәлелденеді.
Аталған сөздерден соң жеке айыптаушы өзін жаман сезініп, жүрегіне ауыр қабылдап айыпталушының ватцап желісін бұғаттап тастады.
2. 08.07.2025ж., 15:57 сағатта жеке айыптаушы С. Т. А. Іле ауданы А. Т. ауылы А. Х. көшесі 26 мекен жайда болаған кезде оның ватцап мессенджеріне 8 747. айыпталушы 01.07.1988ж.т. Д. Т. Г. тиесілі 8 777.. ватцап мессенджерінен ар намысты қорлайтын, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін келесі сөздерді жазылады: - Ее малдар. Е сендер кимсиндер менің шешеме жабылатын 3 жалмауыз, дым көрмеген қалпақтар, қазір мамамның жавлениесі көтеріліп скорый шақырып зафиксировали мы все, Қарлығаш қазір үстілерінен заявление жазып көрсетеді сендерге, таза адамгершілі төмен ең саяз адам екенсің, қыздарына берген тәрбиең құрсын! Тастаған жерге ақ орамал ұрсын сендерді! Сендер не тәрбие көрмеген не тәрбие бере алмаған не адамгершілігі жоқ ең санасы төмен адамға теңеуге келмейтін малсыңдар! Шамаларын жетсе үйде бәрі отқанда келмейсиндерма! Қызыңды алда құры енді басқаға тық бар! Көрсетем мен сендерге әлі, из подтяжка келіп жабылуды. Шыққан Қалпақстанына қайтадан құрисындар дайндалындар! Менің шешемнің тырнағынада тұрмайсыңдар сен и сенің қызың! Ждите.
Осылайша айыпталушы Д. Т. Г. құқыққа қайшы ниетін толығымен жүзеге асырды, ал жеке айыптаушы С. Т. А. өз атына айтылған қорлауды естіген (алған), қорлау құрамы аяқталған.
Яғни тікелей жәбірленушінің ар-намыс, абыройы мен қадiр-қасиетiн, беделіне нұқсан келтіріп, әдепсiз түрде кемсiту фактісі ватцап желісіндегі хабарламамен дәлелденеді.
Аталған сөздерден соң жеке айыптаушы өзін жаман сезініп, жүрегіне ауыр қабылдап айыпталушының ватцап желісін бұғаттап тастады.
Осылайша екі кездеде қылмыстық құқық бұзушылық Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылы А. Х. көшесі 26 мекен жайда жасалған, яғни Шағым қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуға жатады, ол туралы ҚПК-нің 314-бабында көрсетілген.
Аталған қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде жеке айыптаушы С. Т. А. қасында 17.04.1987ж.т. С.Т. Ж. болған, яғни екеуі Іле ауданы А. Т. ауылы А. Х. көшесі 26 мекен жайда бірге болған.
ҚР Конституциясының 17-бабының 1-тармағына сәйсек «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы» нақты белгіленген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей айыпталушылар телекоммуникация, ватцап желілерін пайдалана отырып, жәбірленушіге әдепсіз нысанда жеке басын кемсітетін, әдепсіз сөздерді жазбаша хабарлама түрінде оның ар-намыс, абырой, беделіне нұқсан келтіріп, оны тусіруге бағытталғанын қасақана тікелей ниетінен жасағандары көрінеді, атап айтқанда Қорлау, яғни басқа адамның ар-намыс, абыройы мен қадiр-қасиетiн, беделіне нұқсан келтіріп, әдепсiз түрде кемсiтумен сипатталады.
ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сай «Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар».
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 23-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi».
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 19-баптың 4-бөлігіне сай «Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс».
Сонымен қатар айыптаушы ватцап желілеріндегі ар-намыс, абырой, беделіне нұқсан келтіріп, оны тусіруге бағытталғанын қасақана тікелей ниетпен жасалған, абыройды қорлайтын сөздерді 10.07.2025ж., жасалған, нотариус арқылы дәлелдемелерді тексеру хаттамасымен дәлелдейді.
Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысының 3 тармағына сәйкес Судья дәлелдемелерді, олардың жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып бағалайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігіндегі телекоммуникация желілерін пайдаланып, қылмыстық теріс қылық белгілері көрсетілген - Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту орны дәлел ретінде 10.07.2025ж., нотариус арқылы дәлелдемелерді тексеру хаттамасымен расталады.
БҰҰ адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7,8 және 10 баптарында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiсінің 14 бабында, Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы Конвенциясының 6 бабында және ҚР Конституциясының 14 бабында Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең және әркім өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін анықтау барысында әділ және жариялы түрде істі қисынды мерзімде заң негізінде құрылған құзыретті, тәуелсіз және бейтарап сотта қарастыруға құқығы бар екенінін ескере отырып, сонымен қатар ҚР Қылмыстық-процесстік кодекстің 24 бабының талаптарын негізне ала отырып, аталған жеке айыптау шағымындағы мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті түрде анықтап, тексеріп, зерттеп, тиісті әділ үкім қабылдау туындап отыр.
Жоғарыда көрсетілген негіздерді және ҚР Конституциясының 17, 18-баптарының 1-тармақтарын, БҰҰ аясындағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 12-бабын, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактiнің 17-бабының 1-тармығын, ҚР ҚПК 19, 23, 72, 76, 407, 408, 409, 410-баптарын, ҚР ҚК 131-бабының 2-бөлігін, сонымен қатар Жеке айыптау істері бойынша сот практикасы туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсанындағы №13 нормативтік қаулысын басшылыққа ала тотырып,
Соттан өтінеміз:
- Айыпталушылар 06.06.1986ж.т., Е. К. Г., 01.07.1988ж.т., Д.Толкын Г. қатысты жәбірленуші С. Т. А. жеке айыптау шағымын iс жүргiзуге қабылдауыңызды өтінеміз,
Қосымша: - нотариус арқылы дәлелдемелерді тексеру хаттамалары, төленген чектардың түбіртектері,келісім шарт көшірмесі, сенім хат көшірмесі, палатадан үзінді көшірмесі,
26.09.2025ж.
Құрметпен!
Сенім хат бойынша өкілі:________Н.Б.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ШАҒЫМ (2)
1 рет жүктеп алынды