Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 11 тамыздағы N 1162 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, түрлі салаларда қазақстан-сингапур ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:

      1. Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы кеңесші-уәкіліне айына 3500 (үш мың бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының      Президенті

      Астана, 2003 жылғы 11 тамыз      N 1162 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы