Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыздарды қарау (АПК-нің 460-463-баптары)

Сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыздарды қарау (АПК-нің 460-463-баптары)

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыздарды қарау (АПК-нің 460-463-баптары)

 

Заңмен жаңадан ашылған және жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау тәртібі оңайлатылды.

АПК-нің 455-бабының үшінші бөлігіне заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін негіз болуы мүмкін - орындалуы туралы сот актісі шығарылған төрелік шешімнің күшін жою туралы жаңа мән-жай қосылды.

Талдау көрсеткендей, көрсетілген негіз бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арыздар  республика соттарына түскен жоқ.

АПК-нің 460-бабының жаңа редакциясын ескере отырып, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арыз келіп түскен күннен бастап соттың іс жүргізуіне қабылданған болып есептеледі. Арызды іс жүргізуге қабылдау және осыған байланысты жеке ұйғарым шығару туралы мәселені қарау қажеттілігі жойылды, бұл сотқа жүктемені азайтады.

Судьяның арызды жеке-дара қарау және соттың қалауы бойынша сот отырысын тағайындау мүмкіндігі оң жаңалық болып табылады. Көп жағдайда бұл мәселені арыздың мазмұны мен оған қоса берілген құжаттар негізінде шешуге болады. Судья уәждерді негіздеу үшін ұсынылған құжаттар бойынша тиісті ұйғарым шығарады. Тараптарды шақыру туралы мәселе соттың қарауына қалдырылды.

Нәтижесінде арызды қарау рәсімі сот үшін де, іс бойынша қатысатын адамдар үшін де айтарлықтай жеңілдетілді.

АПК-ге енгізілген өзгерістерді қолдануда проблемалар жоқ.

Сонымен қатар жекелеген соттарда жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізудің жаңа форматы толық көлемде зерделенбеген.

Қарағанды облысының соттары АПК-нің 462-бабының жаңа ережелерін бұза отырып, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арыздың келіп түскені туралы іске қатысушы адамдарды хабардар етпестен, арызды қайтарады, бұл ретте не күші жойылған АПК-нің 461-бабына, не талап арыздың қайтарылуын реттейтін АПК-нің 152-бабына сілтеме жасайды.

Мәселен Қарағанды облысы МАЭС-тің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы ұйғарымымен ДК «Слезкин П.В.» 2014 жылғы 16 мамырдағы сот шешімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызы  арыз берушінің АПК-нің 458-бабын бұзуына байланысты процеске қатысушыларға қоса берілген құжаттармен бірге арыздың көшірмесін жібергені дәлелденбей берілгендіктен қайтарылды.

Сот ұйғарымының күшін жоя отырып, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот сілтеме жасаған АПК-нің 461-бабы  2020 жылғы 10 маусымдағы № 342-VI ҚР Заңымен алып тасталғанын көрсетті (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

Осындай бұзушылықтар Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының соттарында анықталған.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.