Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Сот хатшысы өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны бойынша шағым

Сот хатшысы өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны бойынша шағым

Сот хатшысы өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны бойынша шағым

 

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің басшысы

Н.Р. Ахметзакировқа

 көшірме:   Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі 

департаментінің Алматы қаласы бойынша басшысы

Е.Қ. Қожахметовке

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері 

агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы

Ш.А. Әлімханға

 

Адвокат Галымжан Турлыбекович Саржановтан

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767

050002, Алматы қаласы, Алмалы  ауданы,

 Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе

info@zakonpravo.kz

www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 971 78 58.

 

 шағым. 

 

10 ақпан 2025 жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамында төрелік етуші: судья Р.Н. Ашкеева, хатшылыққа А.Н. Садуақасованы ала отырып, мемлекеттік айыптаушылар – Әуезов аудандық прокуратурасының бөлім прокурорлары және жәбірленушілер, сотталушы Д.К.Р., оның қорғаушы – адвокаты Г.Т.Саржановтың қатысуларымен аудио-бейне жазба құралдарын пайдаланып, ашық басты сот талқылауында, жалпы тәртіппен:

Д. К.Р. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 бөлігінің 1),4) тармақтары бойынша қылмыстық істі қарап шықты.

Қылмыстық-процестік кодексінің 83-бабына сәйкес: Сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады делінген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабында «Мемлекеттiк қызметшiлер: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; 4) функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті» делінген.

Алайда сот отырысы барысында сот хатшысы А.Н. Садуақасова өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланып әр сот отырысы аяқталысымен жәбірленушілерден сотқа тездетіп азаматтық талаптарын жазуды талап етіп жатқан кезін көзімізбен көріп хатшыға ескерту жасадық, бейтараптылықты ұстануды сұрап, алайда хатшы ескертуімізді елемей әрі қарай әрбір жәбірленушіге жеке жақындап сот отырысына келмегендерге хабарласып азаматтық талап арыздарды жазуды талап еткен, содан кейін алдын ала тергеу барысында тергеу жүргізген тергеуші М.Ермек арқылы жәбірленушілер чатына азаматтық талап үлгісін жолдаған.  

ҚР ҚПК 23-бабы Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылады.

  Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының маманы – сот отырысының хатшысы А.Н. Садуақасованы Қазақстан Республикасының заңнамасының қағидаларын өрескел бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартуды талап етемін.

Қосымша: адвокат куәлігі.

  

Адвокат                                                             Г.Т. Саржанов

 

05.03.2025 ж.

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу