Спортшылардың тамақтануына арналған тамақ өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 64 шешімі.
2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 7-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) спортшылардың тамақтануына арналған тамақ өнімдерін (бұдан әрі – тауарлар) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды (бұдан әрі – таңбалау) енгізу күнін және тәртібін осы Шешімге сәйкес өз аумағында дербес айқындайды және осындай күн басталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етеді.
Мыналар белгіленсін:
осы Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген және спортшылардың тамақтануына арналған тамақ өніміне берілген қолданыстағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар тауарлар таңбалануға жатады;
тауарларды таңбалау осы Шешіммен бекітілген сипаттамаларға сәйкес келетін сәйкестендіру құралдарымен жүзеге асырылады;
тізбеге енгізілген тауарлар қалдықтарын таңбалау қажеттілігі, сондай-ақ таңбаланбаған тауарлардың айналымда болу мерзімдері мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады;
мүше мемлекеттер тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторларын (әкімшілерін) айқындайды;
мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 19 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
мүше мемлекеттер өз аумағында осы Шешімге сәйкес таңбалауды енгізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешіміне сәйкес сәйкестендіру құралдарының криптографиялық қорғалуын қамтамасыз етеді.
Қоса беріліп отырған:
сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесі;
тауарды сәйкестендіру құралының сипаттамалары, тауарды сәйкестендіру құралында қамтылған ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және жағу тәртібі;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын талаптар;
тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға, оның ішінде тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттері мен интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қолжетімділік берілетін, тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылған таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы бекітілсін.
Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| М. Григорян | Н. Петкевич | С. Жұманғарин | Д. Амангелдиев | А. Оверчук |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 64 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар ТІЗБЕСІ
Скачать
| ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы |
|---|---|
| из 0210из 1504 20 900 0из 1702 50 000 0из 1702 90 500 0из 1704 90 980 0из 1806 20 950 0из 1806 31 000 0из 1806 32 100 0из 1806 32 900 0из 1806 90 700 0из 1806 90 900 0из 1904из 1905 31 190 0из 2106 10 200 0из 2106 10 800 0из 2106 90 930 0из 2106 90 980 3из 2106 90 980 8из 2202 10 000 0из 2202 99 180 0из 2202 99 990 0из 2836 30 000 0из 2836 40 000 0из 2836 50 000 0из 2836 60 000 0из 2914 62 000 0из 2918 30 000 0из 2922 41 000 0из 2922 42 000 0из 2922 49из 2923 90 000 9из 2924 19 000 9из 2925 29 000 0из 2930 40 100 0из 2930 90 160 0из 2933 29 900 0из 2933 99 800 8из 2936 24 000 0из 2936 25 000 0из 2936 27 000 0из 2936 28 000 0из 2936 29 000из 2939 30 000 0из 2940 00 000 0из 3502 20 910 0из 3504 00из 3507 | Спортшылардың тамақтануына арналған тамақ өнімдері |
Ескертпе. Осы тізбені қолдану мақсатында спортшылардың тамақтануына арналған тамақ өніміне берілген қолданыстағы мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуын және ЕАЭО СЭҚ ТН кодын ғана басшылыққа алу қажет.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 64 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Тауарды сәйкестендіру құралының СИПАТТАМАЛАРЫ, тауарды сәйкестендіру құралында қамтылған ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және жағу тәртібі
Осы құжат 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 5-бабы 1-тармағының "а" тармақшасына сәйкес әзірленді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 64 шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген спортшылардың тамақтануына арналған тамақ өнімдерін таңбалау үшін машинамен оқуға жарамды және "Ақпараттық технологиялар. Автоматты сәйкестендіру және деректерді жинау технологиялары. Data Matrix штрих-код символикасының спецификациясы" (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") халықаралық стандартының талаптарына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) соған ұқсас ұлттық стандартына сәйкес қалыптастырылған Data Matrix GS1 форматындағы екі өлшемді штрих-код түрінде ұсынылған символдардың бірегей тізбегі болып табылатын сәйкестендіру құралы пайдаланылады. Таңбалау кодын сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде GS1 қолдану идентификаторларының (AI) үлгілік форматына деректердің сәйкестігін білдіретін белгі ретінде FNC1 таңбасын пайдалана отырып, ECC 200 символикасы қолданылуға тиіс.
Сәйкестендіру құралы мынадай деректерді қамтиды:
бірінші деректер тобы (қолдану идентификаторы (01)) – 14 цифрлық таңбадан тұратын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN);
екінші деректер тобы (қолдану идентификаторы (21)) – 13 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұратын тауардың (тауар қаптамасының) жеке сериялық нөмірі. Бірінші таңба ретінде осы код эмиссияланған мүше мемлекеттің идентификаторы көрсетіледі (1 немесе A (a) – Армения Республикасы, 2 немесе B (b) – Беларусь Республикасы, 3 немесе C (c) – Қазақстан Республикасы, 4 немесе D (d) – Қырғыз Республикасы, 5 немесе E (e) – Ресей Федерациясы). Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесіндегі 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба пайдаланылады;
үшінші деректер тобы (қолдану идентификаторы (91)) – цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен тұратын 4 таңбадан тұратын тексеру кілті. Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесіндегі 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба пайдаланылады;
төртінші деректер тобы (қолдану идентификаторы (92)) – цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан тұратын 44 таңбадан тұратын тексеру коды.
Үшінші және төртінші деректер топтары Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешімінің 1-тармағының "а" және "б" тармақшаларына сәйкес пайдаланылады (бұдан әрі – Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімі).
Егер тауар айналымына қатысушының тұтынушылық қаптамасының өлшемдеріне байланысты, осы құжаттың 2-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттің халықаралық стандартының немесе соған ұқсас ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін өлшемі мен сапасы бар Data Matrix символын орналастыруға мүмкіндік болмағандықтан, төрт деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын жағу мүмкіндігі болмаса, мұндай тауар айналымына қатысушы үш деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын қолдануға құқылы.
Бұл жағдайда үшінші деректер тобы (қолдану идентификаторы (93)) цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан тұратын 4 таңбадан тұратын тексеру кодын қамтиды және Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағының "в" тармақшасына сәйкес пайдаланылады.
Төрт немесе үш деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын қолдану туралы шешімді тауар айналымына қатысушы осы тармақтың ережелерін ескере отырып, дербес қабылдайды.
Тауарларды сәйкестендіру құралдары мүше мемлекеттердің сәйкестендіру құралдарының эмитенттері немесе тауар айналымына қатысушылар тарапынан қалыптастырылады.
Тауарлар сәйкестендіру құралын немесе сәйкестендіру құралын қамтитын материалдық тасымалдағышты тұтынушылық қаптамаға сәйкестендіру құралын зақымдамай ажыратуға жол бермейтін тәсілмен жағу арқылы таңбаланады.
Сәйкестендіру құралы қаптаманың зақымдамай конструкциялық түрде ажыратылатын бөліктеріне жағылмауға тиіс, мөлдір орауыш үлдірге немесе кез келген басқа сыртқы орауыш материалға басып шығарылмауға тиіс.
Таңбаланған тауарларды топтық қаптамаға жинақтау кезінде осындай қаптамаға сәйкестендіру құралын немесе осындай қаптамаға салынған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын агрегаттауды қамтитын сәйкестендіру құралы бар материалдық тасымалдағышты жағуға болады.
Таңбаланған тауарларды көліктік қаптамаға жинақтау кезінде осындай көліктік қаптамаға көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодын қамтитын көліктік қаптаманың сәйкестендіру құралын агрегаттаумен бірге жағуға болады.
Көліктік қаптаманың сәйкестендіру құралын қалыптастыру және көліктік қаптаманы таңбалау GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Көліктік қаптаманы таңбалау кезінде көліктік қаптамаға жағылатын міндетті емес ақпараттық өрістердің құрамы тауарларды көліктік қаптамаға жинақтауды жүзеге асыратын тауар айналымына қатысушы тарапынан айқындалады.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 64 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын ТАЛАПТАР
Тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторлары (әкімшілері) (бұдан әрі – операторлар) арасында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 64 шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген таңбаланған спортшылардың тамақтануына арналған тамақ өнімдері және олардың сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер (бұдан әрі тиісінше – тауарлар, тауарлар тізбесі) мынадай стандарттарға сәйкес XML форматында беріледі:
"Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fifth Edition)" (Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml мекенжайы бойынша жарияланған);
"Namespaces in XML1.0 (Third Edition)" (Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml-names мекенжайы бойынша жарияланған);
"XML Schema Part 1: Structures Second Edition" және "XML Schema Part 2: Datatypes Second Edition" (Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде http://www.w3.org/TR/xmlschema-1/и және http://www.w3.org/TR/xmlschema-2/ мекенжайлары бойынша жарияланған).
Мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 19 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделіне (бұдан әрі – базалық модель) қосымшаның 1–4, 7–8, 11–12-кестелерінде, сондай-ақ осы Талаптардың 1–4-кестелерінде келтірілген.
Осы Талаптардың 1–4-кестелерінің өрістерін (бағандарын) қалыптастыру, сондай-ақ элементтердің еселігін көрсету үшін белгілерді қолдану базалық модельге қосымшаның 3 және 4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәліметтер базалық модельдің ережелерін ескере отырып, нақты уақыт режимінде беріледі.
| 1-кесте |
|---|
Тауардың сипаттамалары туралы мәліметтер тізбесі
Скачать
| № | Атауы | Сипаттамасы | Ескертпе | Көптігі |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі) | Тауар бірлігінің функционалдық атауы | Тауар жататын өнім түрінің жалпы сипаттамасы (мысалы, протеин, гейнер, аминқышқылдары және т.б.) | 1 |
| 2 | Жапсырмадағы тауардың атауы | Еркін нысанда қалыптастырылады | 1 | |
| 3 | Тауар белгісі (бренд) | Тауар белгісі (бренд, сауда маркасы) туралы мәліметтер | Белгілі бір өндірушінің тауарларын мақсатты нарықта позициялауда пайдаланылатын белгі. Болмаған жағдайда "жоқ" деп көрсетіледі | 1 |
| 4 | Тұтыну бірлігінің мәлімделген нетто көлемі/массасы | Тұтынушылық қаптамадағы тұтыну бірлігінің мәлімделген нетто көлемі/массасы (мг, г, кг, мл, л) | 1 | |
| 5 | Тұтынушылық қаптамадағы тұтыну бірліктерінің саны | Тұтынушылық қаптамадағы дозаланған нысандардың саны | Тұтынушылық қаптамадағы дозаланған нысандардың саны көрсетіледі (мысалы, капсулалардың, таблеткалардың саны және т.б.) | 1 |
| 6 | Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік | Спорттық және мамандандырылған тамақтануға берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жөніндегі мәліметтер | Спорттық және мамандандырылған тамақтануға берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі | 1..* |
| 8 | Қолданылу саласы | Спорттық тамақтанудың қолданылу саласы туралы мәліметтер | Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес ақпарат көрсетіледі (мысалы, "Осы спорт түрлеріне арналған бағдарламаға сәйкес әзірленген негізгі рационға қосымша ретінде, қарқынды жаттығулар кезеңінде спортшыларды тамақтандыру үшін, спорт дәрігерінің немесе спорттық тамақтану жөніндегі маманның бақылауымен") | 1 |
| 9 | Шығарылу нысаны | Шығарылу нысаны туралы мәліметтер | Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген ақпаратқа сәйкес шығарылу нысаны көрсетіледі (мысалы, "массасы 700 мг таблеткалар") | 1 |
| 10 | Сақтау шарттары | Сақтау шарттары туралы мәліметтер | Тұтынушылық қаптамада немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тауарды сақтаудың ықтимал шарттарының толық мәтіндік сипаттамасы көрсетіледі | 1 |
| 11 | Тауарды қолдану тәсілі | Спорттық және мамандандырылған тамақтануды қолдану тәсілі туралы мәліметтер | Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, қолдану жөніндегі нұсқаулыққа немесе қаптамадағы ақпаратқа сәйкес тұтыну/қолдану жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі | 1 |
| 13 | Қаптама түрі | GS1 стандарттарымен үйлестірілген қаптама түрлерінің атауларын пайдалану негізінде қалыптастырылған тұтынушылық қаптама түрінің сипаттамасы | 1 | |
| 14 | Қаптама материалы | GS1 стандарттарымен үйлестірілген қаптама материалдарының атауларын пайдалана отырып қалыптастырылған тұтынушылық қаптама материалдарының сипаттамасы | 1 | |
| 15 | Құрамы | Тауардың сапалық құрамы сипаттамасы | Еркін нысанда қалыптастырылады | 1 |
| 16 | Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың өлшем бірлігі | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың өлшем бірлігі көрсетіледі | Мына мәндердің бірі көрсетіледі: "г/100г"; "г/100мл"; "г/порция" | 1 |
| 17 | Ақуыздар, мөлшері | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес "Нақты мән", "Бастап", "Дейін" типін көрсете отырып толтырылады | Ақуыздар болмаған жағдайда "0" мәні көрсетіледі | 1..3 |
| 18 | Майлар, мөлшері | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес "Нақты мән", "Бастап", "Дейін" типін көрсете отырып толтырылады | Майлар болмаған жағдайда "0" мәні көрсетіледі | 1..3 |
| 19 | Көмірсулар, мөлшері | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес "Нақты мән", "Бастап", "Дейін" типін көрсете отырып толтырылады | Көмірсулар болмаған жағдайда "0" мәні көрсетіледі | 1..3 |
| 20 | Энергетикалық құндылықтың өлшем бірлігі, ккал | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес энергетикалық құндылықтың өлшем бірлігі (килокалориямен) көрсетіледі | Мына мәндердің бірі көрсетіледі: "ккал/100г"; "ккал/100мл"; "ккал/порция" | 1 |
| 21 | Энергетикалық құндылығы, ккал | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес "Нақты мән", "Бастап", "Дейін" типін көрсете отырып толтырылады | Энергетикалық құндылық болмаған жағдайда "0" мәні көрсетіледі | 1..3 |
| 22 | Генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГТО) болу белгісі | Өнім құрамында генетикалық түрлендірілген организмдерді (ГТО) қолдану арқылы алынған компоненттердің болу белгісі | Белгі мынадай мәндерді қабылдайды: "иә" – өнімде ГТО бар; "жоқ" – қалған жағдайларда | 1 |
| 23 | Тауардың спорттық тамақтануға жату белгісі | Тауардың спорттық тамақтануға жататындығы | Белгі "иә" мәнін қабылдайды | 1 |
| 24 | Шикізаттың ветеринариялық қадағалауға жататындығының белгісі | Белгі мынадай мәндерді қабылдайды: "иә" – тауар ветеринариялық қадағалауға жататын шикізаттан өндіріледі; "жоқ" – қалған жағдайларда | 1 |
| 2-кесте |
|---|
Тауар бірлігі туралы мәліметтер тізбесі
Скачать
| № | Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көптігі |
|---|---|---|---|---|
| 1 | ҚҚС-ты ескере отырып, тауар бірлігінің бағасы* | Тауардың бағасы туралы мәліметтер | Мәліметтер импорттаушы мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі | 0..1 |
| 2 | Тауар бірлігінің ҚҚС-ы* | Тауар бірлігінің ҚҚС сомасы | Импорттаушы мүше мемлекетте төленуге жататын әрбір тауар бірлігі бойынша ҚҚС сомасы туралы мәліметтер импорттаушы мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі | 0..1 |
| 3 | Өндірілген күні | Өндірілген күні туралы мәліметтер | 1 | |
| 4 | Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні | Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтер | 1 |
* Мәліметтер экспорттаушы тарапынан импорттаушымен шарттық қатынастар шеңберінде және экспорттаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) операторының техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда ерікті негізде беріледі.
Мәліметтер берілген жағдайда 1 және 2-тармақтарда көрсетілген екі элемент те толтырылуға тиіс.
| 3-кесте |
|---|
Тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын қолдану идентификаторларының (AI) тізбесі
| AI коды | AI толық атауы | Элементтік жол форматы | Сипаттамасы | Ескертпе |
|---|---|---|---|---|
| 00 | Көліктік қаптаманың (ыдыстың) сериялық коды – SSCC (Serial Shipping Container Code) | N2+N18 | Деректер өрісінде SSCC нөмірі болады | Қолдану идентификаторы AI (00) оның артынан тікелей келетін 18 таңбадан тұратын цифрлық өрісте көліктік қаптаманың (ыдыстың) сериялық коды (SSCC) бар екенін көрсетеді, ол логистикалық бірлікті таңбалау үшін пайдаланылады |
| 01 | Тауардың сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі – GTIN (Global Trade Item Number) | N2+N14 | GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 ашық стандарттар жүйесіндегі бір атаудағы (артикулдағы) тауар түрінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі. 14 таңбалы цифрлық идентификатор | Қолдану идентификаторы AI (01) оның артынан тікелей келетін 14 таңбадан тұратын цифрлық өрісте тауар бірлігін сәйкестендіру үшін пайдаланылатын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN) бар екенін көрсетеді |
| 21 | Тауардың жеке сериялық нөмірі (Serial Number) | N2+X..13 | Сериялық нөмір (Serial Number) | Қолдану идентификаторы AI (21) оның артынан тікелей келетін 13 таңбадан тұратын өрісте оператор немесе дайындаушы тауарға оның бүкіл қызмет ету мерзіміне беретін тауардың жеке сериялық нөмірі бар екенін көрсетеді. GTIN-мен бірге сериялық нөмір әрбір тауар бірлігінің бірегей идентификаторы болып табылады. Түсіндірме: тауарларды сәйкестендіру мақсатында цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан (! " % & ' * + - . / _ , : ; = > ?) тұратын 13 таңбадан құралған тауардың жеке сериялық нөмірі пайдаланылады |
| 91 | Тексеру кілті | N2+X..4 | Тексеру кілтінің идентификаторы (жеке реттік нөмірі) | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады |
| 92 | Тексеру коды | N2+X..44 | Асимметриялық криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып жасалатын тексеру кодының мәні | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады |
| 93 | Тексеру коды | N2+X..4 | Симметриялық криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып жасалатын тексеру кодының мәні | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады |
| 4-кесте |
|---|
Тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидалары
| Сәйкестендіру құралының түрі | "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидасы |
|---|---|
| I. Тұтынушылық немесе топтық қаптамаға жағылған сәйкестендіру құралы бөлігіндегі "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидалары | |
| 301 | 1. "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 3.2. "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің бірінші данасына қойылатын талаптар:"Қолдану идентификаторы (AI)" деректемесінің мәні: "01";"Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні: деректемеде тауардың сәйкестендіру нөмірі (GTIN) болуға тиіс.3. "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің екінші данасына қойылатын талаптар:"Қолдану идентификаторы (AI)" деректемесінің мәні: "21";"Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні: деректемеде тауардың жеке сериялық нөмірі (SN) болуға тиіс.4. "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің үшінші данасына қойылатын талаптар:"Қолдану идентификаторы (AI)" деректемесінің мәні: "91" немесе "93";"Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні: тексеру кілтінің идентификаторы немесе тексеру кодының мәні (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады).5. "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің төртінші данасына қойылатын талаптар:"Қолдану идентификаторы (AI)" деректемесінің мәні: "92";"Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні: тексеру кодының мәні (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады) |
| II. Көліктік қаптамаға жағылған сәйкестендіру құралы бөлігіндегі "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидалары | |
| 101 немесе 301 | 1. "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 1.2. "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің данасына қойылатын талаптар:"Қолдану идентификаторы (AI)" деректемесінің мәні: "00" немесе GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес деректеменің өзге мәні."Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні: деректемеде көліктік қаптаманың бірегей идентификаторы болуға тиіс (көліктік қаптаманың сәйкестендіру коды 18-ден 74 таңбаға дейін қоса алғанда болуы мүмкін және цифрлардан (0–9), латын әліпбиінің әріптерінен (A–Z (a–z)) және арнайы таңбалардан (% & ' " ( ) * + , - _ . / : ; < = > ? !) тұруы мүмкін) |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 64 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға, оның ішінде тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттері мен интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қолжетімділік берілетін, тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылған таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы
Сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN).
Тауар бірлігінің жеке сериялық нөмірі (SN).
Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды (10 таңба).
Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі).
Жапсырмадағы тауардың атауы.
Тауар белгісі (бренд).
Тауар туралы мәліметтер:
нетто массасы немесе тұтыну бірлігінің көлемі;
тұтынушылық қаптамадағы тұтыну бірліктерінің саны;
генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГТО) болу белгісі;
құрамы;
қолданылу саласы;
тауарды қолдану тәсілі;
ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың мөлшері ("г/100г" немесе "г/100мл" немесе "г/порция");
энергетикалық құндылығы ("ккал/100г" немесе "ккал/100мл" немесе "ккал/порция");
қаптама түрі;
қаптама материалы;
шығарылу нысаны;
сақтау шарттары;
тауардың спорттық тамақтануға жататындығының белгісі;
шикізаттың ветеринариялық қадағалауға жататындығының белгісі.
Өндірілген күні;
Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні.
Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) техникалық регламенттерінің талаптарына немесе Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжат жөніндегі мәліметтер (құжаттың түрі, құжаттың нөмірі).
Тауардың шығарылған елі.
Таңбаланатын тауар туралы ақпарат берген шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – жеке кәсіпкер), сәйкестендіру коды (нөмірі) (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – сәйкестендіру салық нөмірі (СТН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТН)), заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайы).
Тауар өндіруші туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (Одаққа мүше мемлекеттің аумағында өндірілген тауарлар үшін толтырылады).
Конституция Заң https://www.facebook.com/ZakonPravoKaz Кодекс Норматив Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстанның заң компаниясы https://zakonpravo.kz/ Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар