Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы

Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 455 қаулысы

МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы мақұлдансын.
  2. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
  3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2005 жылғы 13 мамырдағы N 455қаулысымен мақұлданған

Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы

Кіріспе

Табиғи монополиялар салаларына жатқызылатын салаларда экономиканың барлық салаларында тауарлар мен қызметтер өндіруге және халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті аса маңызды ресурстар өндіріледі. Табиғи монополиялар субъектілері газды, суды, электр және жылу энергиясын жеткізу, сондай-ақ көлік қызметтерін көрсету арқылы ел халқының тіршілік әрекетін едәуір дәрежеде қамтамасыз етеді. Табиғи монополиялар субъектілері өнімдерінің түпкілікті өнімнің өзіндік құнындағы үлесі 30-70 %-ға дейін жетуі мүмкін (әсіресе «көліктік» және «энергетикалық» құрамдас бөліктері). Осылайша, табиғи монополиялар субъектілерінің маңыздылығы, олардың қоғамға және экономикалық дамудың қарқыны мен арақатынасына ықпал ету дәрежесі тұтынушылардың мүдделерін сақтай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін баға белгілеу жүйелерін қолдану бағытында тарифтік саясатты жетілдіруді талап етеді.

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) серпіні ішкі экономикалық конъюнктураны қалыптастырудың, отандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. Оған табиғи монополиялар субъектілерінің өздеріндегі ғана емес, басқа салалардағы да кірістер мен жинақтау деңгейі байланысты, бұл тарифтерді қалыптастыру мәселесіне кешенді тұрғыдан қарауды, табиғи монополиялар саласын реттеу саласындағы оңтайлы саясатты әзірлеуді талап етеді. Табиғи монополиялардың базалық салаларының тарифтері бағалар мен инфляция деңгейінің мультипликаторы болып табылатындықтан, әлеуметтік, бюджет-ақша және экономикалық даму параметрлерін жоспарлаумен қатар табиғи монополиялар салаларындағы мемлекет реттейтін бағаларға қатысты тарифтік-баға саясатының параметрлерін қалыптастыру қажет.

Табиғи монополиялар салаларында шамамен 800 табиғи монополия субъектісі қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 162 табиғи монополия субъектісі Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінде тіркелген.

Монополиялық нарықтың барлық қатысушыларының (табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың) дамуы үшін жағдайлар жасау мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келеді, бұл ретте дамыған экономика деңгейіне сәйкес келетін әл-ауқат параметрлеріне қол жеткізу көзделеді. Сондықтан нарықтық шаруашылық жүргізу тетігі мемлекеттік реттеу құралдарымен толықтырылады, олардың арақатынасы шешілетін экономикалық міндеттердің сипатына және қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болады.

1998 жылы Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының (және оған кейіннен енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың) және тиісті заңға тәуелді актілердің қабылдануымен Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар туралы заңнаманы қалыптастыру негізінен аяқталды, бұл заңнама экономикалық өмірді реттеудің пәрменді құралдарының біріне және нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің өркениетті нысандарының негізіне айналды.

2002-2004 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен қабылданған «Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) табысты іске асырылды. Бағдарламаны іске асыру табиғи монополиялардың барлық салалары үшін «әділ» тарифтерді белгілеудің әдіснамалық базасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, Бағдарлама шеңберінен тарифтердің жекелеген секторларға және тұтастай экономикаға ықпал ету мәселелері, тарифтерді қолданыстағы саралау және соның салдарынан туындайтын өзара субсидиялау проблемалары тыс қалды, тарифтерді қайта теңгерімдеу және кірістердің, шығыстардың және пайдаланылатын активтердің бөлек есебін енгізу мәселелері толық шешілген жоқ.

Осы Тұжырымдама табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік реттеу саясатын ұйымдастыру мен әдіснамалық қамтамасыз етудің стратегиялық пайымын айқындау, экономиканың барлық салаларының келісілген дамуын ескере отырып, табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру мақсатында әзірленді. Реттеудің негізгі бағыттары мен тетіктерін әзірлеу Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін талдауға және мемлекеттік реттеудің қазіргі заманғы проблемаларын айқындауға негізделген.

1. Табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеудің мемлекеттің экономикалық саясатындағы орны мен рөлі

Мемлекеттік реттеу жүйесін дамытудың қазіргі кезеңінде бұрын монополиялық болған экономика секторларында нарықтық қатынастар мен бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық салалардың әлеуетін қалпына келтіру мен дамытуды қамтамасыз ететін тетіктер құру, экономиканың нақты секторының кеңеюі мен дамуына, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету қажет.

Кез келген мемлекеттің экономикасын экономикалық өзара қарым-қатынастарға мемлекеттік араласу дәрежесіне қарай шартты түрде екі секторға бөлуге болады: реттелмейтін және реттелетін. Мемлекеттің экономикалық өзара қарым-қатынастарға ықпал ету қажеттілігі нарықтық қатынастардың, нарықтық өзін-өзі реттеу институттары мен тетіктерінің даму дәрежесіне және мемлекеттің әлеуметтік саясатының талаптарына байланысты айқындалады. Нарықтық өзін-өзі реттеу тетіктері неғұрлым аз дамыған болса, мемлекеттің реттеушілік рөлі соғұрлым күшейеді және мемлекеттің нарық субъектілері алдындағы жауапкершілігі соғұрлым жоғары болады.

Монополия жағдайында қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жеткізушінің нарықтық қатынастарға ықпал ету дәрежесі осы жеткізуші мен тұтынушы мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің араласуын талап етеді. Мұндай теңгерім екі тараптың да мүдделерін жиынтық талдауға негізделген баға белгілеу әдіснамасы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін: бір жағынан, қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жеткізуші үшін барлық экономикалық негізделген шығындардың өтелуі және пайдаланылатын активтерге пайда нормасының қамтамасыз етілуі қажет, екінші жағынан, тұтынушылардың әрбір санаты үшін төлем қабілетті сұраныс деңгейінде қолайлы баға белгіленуге тиіс.

Сонымен бірге, макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың барынша оңтайлы параметрлеріне қол жеткізу, экономиканың нақты секторы мен тұтастай экономиканың өсуін және инвестициялық тартымдылығын ынталандыру мақсатында мемлекеттің фискалдық және бюджет-ақша саясатымен қатар инфляцияны реттеу мен экономикалық өзара қарым-қатынастарды тұрақтандыру құралы ретінде тарифтік саясат жиі пайдаланылады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейін реттеу экономиканың барлық салаларының теңгерімді дамуына ықпал етудің маңызды тетігі болып табылады. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерінің деңгейіне басқа салалардағы тарифтердің деңгейі мен олардың табыстылығы байланысты, бұл тарифтерді қалыптастыру мәселесіне кешенді тұрғыдан қарауды, тарифтерді реттеу саласында оңтайлы әрі болжамды саясат әзірлеуді талап етеді. Табиғи монополиялар салаларына жатқызылатын өнімдер мен қызметтер тарифтерінің өзгеру параметрлері республиканың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.

Осылайша, мемлекет жекелеген нарық субъектілері (қызметтерді тұтынушылар мен монополист) арасындағы ғана емес, сонымен қатар экономиканың жекелеген секторлары арасындағы мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге ұмтылады, ал тарифтік саясаттың (оның ішінде сараланған тарифтердің) оңтайлылық өлшемдері экономиканың даму көрсеткіштерінің жиынтығы болып табылады.

Табиғи монополиялардың базалық субъектілері тарифтерінің экономика секторларындағы бағалар мен кірістер деңгейіне мультипликативтік ықпалын ескере отырып, соңғы жылдары тарифтік саясат халықтың және өнеркәсіптің жекелеген салаларының мүдделерін қорғауға мынадай жолдар арқылы бағытталды:

  • тарифтерді активтерді ұдайы өндіруді қамтамасыз етпейтін деңгейде ұстап тұру;
  • тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау.

Тарифтерді саралау факторлары екі топқа бөлінеді: қызметтердің өзіндік құнына әсер ететін, тұтынылатын өндірістік факторлардың саны мен сапасы әртүрлі болуына байланысты өндірістік факторлар және іске асырылатын тарифтік саясаттың әлеуметтік және өзге де қағидаттарына негізделген өндірістік емес факторлар. Тарифтерді саралаудың өндірістік емес факторларына тұтынушының төлем қабілеттілігінің деңгейі жатады.

Іске асырылған саясат бағалардың күрт өсуіне жол бермеуге, өнеркәсіпке түсетін баға қысымын төмендетуге мүмкіндік берді және республика экономикасының тұрақты дамуына оң ықпал етті. Сонымен бірге, табиғи монополиялар субъектілерінің активтерінің физикалық және моральдық тозуы жинақталып, тұтынушылардың әртүрлі санаттары үшін бірдей қызметтерге белгіленген тарифтер деңгейлері арасында оларды оңтайлы деңгейге дейін қайта теңгерімдеуді талап ететін елеулі алшақтық пайда болды. Тарифтерді саралаудың оңтайлы деңгейі олардың экономиканың даму параметрлеріне ықпал ету өлшемдері бойынша айқындалуға тиіс. Қазіргі уақытта тиісті әдіснамалық базаның болмауы проблема болып табылады.

Тауарлар мен қызметтер өндірушілерінің және оларды тұтынушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің шектеулі тетіктер жиынтығы бар:

  • мемлекеттік субсидиялау тетігі;
  • тарифтерді экономикалық негізделген саралау тетігі.

Мемлекеттік субсидиялау көздері республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты болуы мүмкін. Бұл ретте мемлекет табиғи монополия субъектісін де, қызметтерді тұтынушыларды да субсидиялай алады. Субсидиялау нысандары да әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, негізгі құралдарды сатып алуға, ақпараттық жүйелерді енгізуге арналған нысаналы субсидиялау, қызметтерді тұтынушыларды атаулы субсидиялау. Қолданылу кезеңіне қарай субсидиялар тұрақты немесе белгілі бір уақыт аралығына арналған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта монополистің кірістері мен тұтынушылардың шығындарын теңестірудің негізгі тетігі тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау болып табылады. Бұл тетік экономиканың дамуының объективті жағдайларына негізделген, алайда тарифтерді саралаудың әртүрлі нұсқаларының экономикаға ықпал ету дәрежесін ажырата білу қажет. Табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне арналған кез келген тарифті саралау тұтынушылар арасында игіліктерді қайта бөлуді туындатады, сондықтан тарифтерді экономикалық негізделген саралау деп макроэкономикалық тұрғыдан мақсатқа сай келетін саралау түсініледі.

Тұтынушылар мен өндірушілер мүдделерінің теңгерімін есепке алу негізінде ұзақ мерзімді тарифтерді белгілеуге одан әрі көшу және тетіктерді іске асыру үшін тиісті әдіснамалық және ақпараттық базаны дамыту қажет. Үнемі жаңартылып отыратын әдістемелік және ақпараттық базаны құрудың өзектілігі, ең алдымен, тараптардың мүдделер теңгерімін неғұрлым дәл айқындау және тарифтерді саралаудың оңтайлылығын анықтау үшін реттеуші органда өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық жағдайын айқындайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың, сондай-ақ тарифтер деңгейінің осы көрсеткіштерге ықпалын бағалау әдістемесінің болу қажеттілігімен байланысты. Тарифтерді саралаудың оңтайлылығының өлшемі саланың және тұтастай экономиканың дамуының нысаналы экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу болады.

Экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің реттеушілік функцияларын дамытудың өзекті міндеттері мыналар болып табылады:

  1. салалардың экономикалық талдауы негізінде экономиканың әрбір саласындағы тиісті нарықтарда табиғи монополиялар салаларының шекараларын, нақты табиғи монополиялар субъектілерін және табиғи монополиялар саласына жататын олардың қызметтерін айқындау;
  2. реформаланып жатқан салаларда нарық субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
  3. тарифтерді экономикалық негізделген саралауды айқындау әдіснамасын әзірлеу және тарифтерді экономикалық негізделген саралау деңгейлеріне әсер ететін негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау;
  4. табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін мемлекеттік субсидиялау тетіктерін әзірлеу;
  5. табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесін әзірлеу;
  6. табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеу;
  7. табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау және аудиттеу тетіктерін әзірлеу;
  8. белгіленген тарифтерді қолдануды регламенттейтін қағидаларды әзірлеу және олардың сақталуын бақылау тетіктерін айқындау;
  9. экономика салаларының өзара ықпал етуін айқындау модельдері мен әдістерін әзірлеу және барлық салалардың тиімді әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу.

2. Табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдіснамасының қазіргі жай-күйі

Мемлекеттің, табиғи монополиялар субъектілерінің және олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделер теңгеріміне қол жеткізу және табиғи монополиялар секторына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында 2002 жылы тарифтік саясатты жетілдіру бағдарламасы қабылданды.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде табиғи монополиялар саласын реттеудің бірыңғай әдіснамасын құру, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру кезінде халықаралық тәжірибені енгізу жөнінде шаралар қабылданды. Осы шараларды қолдану нәтижесінде табиғи монополиялардың өндірісін жаңартуға инвестициялар тарту және олар көрсететін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын арттыру мақсатында орта мерзімді кезең ішінде табиғи монополиялар қызметтеріне арналған тарифтер деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету көзделді.

2004 жылғы желтоқсанда тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделер теңгеріміне қол жеткізуге және табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау мен реттеу әдістерін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Бұл өзгерістер мен толықтыруларға, атап айтқанда, мыналар кіреді:

  • қызметтердің реттелетін түрлері шегінде жүзеге асырылатын субъектілер қызметін реттеу, олардың тізбесін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
  • уәкілетті органның инвестициялық тарифті, тарифтің шекті деңгейін және көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын ескеретін тарифті бекіту мүмкіндігінің пайда болуы;
  • табиғи монополия субъектілеріне рұқсат етілген өзге де қызмет түрлерін нақтылау;
  • табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қойылатын шектеулер мен олардың міндеттері туралы нормаларды нақтылау;
  • жекелеген табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібін белгілеу туралы нормаларды қабылдау;
  • уәкілетті органның құқықтары мен міндеттерін нақтылау;
  • табиғи монополиялар субъектілерінің үлестес тұлғаларының табиғи монополиялар субъектілері өткізетін тендерлерге қатысуына шектеу белгілеу.

Табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді қалыптастырудың бірыңғай моделін құру міндеттері салалардың жұмыс істеу факторларымен: қайта құрылымдау процестерімен, сұраныспен, ұсыныспен және мемлекеттік реттеумен айқындалатын қызметтердің құндылығын анықтау қағидаты негізінде бірыңғай ұстанымдар тұрғысынан шешілді. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдіру тұжырымдамасы осы факторлардың баға белгілеу моделіне ықпалын талдау негізінде қалыптастырылды.

Тарифтік саясатты жетілдірудің негізіне мынадай қағидаттар алынды:

  • салаларды демонополиялау процестерімен байланысты тарифтерді құрылымдау;
  • тарифтерді саралау кезінде тұтынушылар мен мемлекеттің мүдделерін ескеру;
  • өндіруші мен инвестор тұрғысынан кәсіпорынның тұтастай алғанда залалсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • тарифтер құрылымының ашықтығы.

Тарифтерді есептеу моделі экономикалық негізделген ашық тарифтерді айқындауға және теңгерімдік факторлардың ықпалын есепке алу тетігі арқылы оларды одан әрі түзету мүмкіндігін көздеуге тиіс. Реттеу тәжірибесінде бұл қағидаттарды тарифтерді қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу, табиғи монополиялар субъектілері мен олардың тұтынушыларының жай-күйіне мониторинг жүргізу және тарифтердің өзгеруін талдау құралдарын әзірлеу арқылы пайдалану көзделеді.

Тарифтерді есептеу және бекіту кезінде тарифтерді қалыптастырудың жаңа әдістері қолданылады:

  • пайдаланылатын активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесін есептеу әдісі;
  • орта мерзімді кезеңге тарифтер белгілеу әдісі.

Су шаруашылығы, кәріз жүйелері және энергетика секторы субъектілері үшін тарифтер пайдаланылатын активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесін ескере отырып бекітіледі. Энергетика секторының үш субъектісі (Өскемен және Ақтөбе ЖЭО-лары, Алматы газ желілері), сондай-ақ «Су ресурстары маркетингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін орта мерзімді тарифтер бекітілді.

Пайданың жол берілетін деңгейі қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын активтердің нарықтық құны, оның ішінде нақты инвестициялар және пайда мөлшерлемесі негізінде есептеледі. Пайда мөлшерлемесі табиғи монополия субъектісінің салалық тиесілілігін ескере отырып айқындалады.

Су шаруашылығы жүйелері үшін пайда мөлшерлемесі инвестициялау тәуекелдерін есепке алу әдісі арқылы айқындалады, энергетика секторы субъектілері үшін капиталдың орташа өлшенген құны әдісі пайдаланылады. Субъект неғұрлым көп инвестиция салса, оның пайдасы да соғұрлым жоғары болады.

Инвестициялар тартудың тағы бір маңызды факторы тарифтерді орта мерзімді кезеңге белгілеу әдісін тәжірибеге енгізу болып табылады.

Орта мерзімді кезеңге тұрақты тарифтер енгізу табиғи монополиялар өз қызметін жүзеге асыратын тарифтік шеңберлерді белгілеуді көздейді. Маңыздысы, табиғи монополия субъектілері өндіріс тиімділігін арттырудан алынған кірістерді өз бетінше иелену мүмкіндігіне ие болады.

Орта мерзімді кезеңге тарифтер берудің шарты табиғи монополия субъектісінің орта мерзімді кезеңге арналған бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы болып табылады. Бұдан басқа, орта мерзімді тарифтерді есептеу кезінде пайдаланылатын активтердің реттелетін базасына есептелген пайда ескеріледі.

Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тарифтер деңгейін негіздеу үшін кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын сараптамалық диагностикалау тетіктері әзірленді. Қаржылық және техникалық сараптамалар жүргізудің негізгі мақсаттары табиғи монополиялар субъектілері қызметінің нәтижелеріне объективті баға алу, пайдаланылмаған резервтерді кешенді анықтау, шаруашылық жүйелерінің жұмыс істеу ұтымдылығын тұрақты бақылау, нормативтік актілердің сақталуын бақылау болып табылады. Қаржылық және техникалық сараптама жүргізуге арналған ақпарат көздері бухгалтерлік есеп пен есептілік, статистикалық есеп пен есептілік, басқарушылық есеп пен есептілік жүйелері және есептен тыс көздер: тексеру материалдары, сыртқы және ішкі аудит, салық қызметінің тексеру нәтижелері, табиғи монополия субъектілері мен құзыретті органдардың өндірістік кеңестерінің материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

3. Табиғи монополиялар салаларының ағымдағы жай-күйін талдау

Параграф 1. Теміржол көлігі саласы

Теміржол жүк тасымалдарына арналған тарифтердің ерекшелігі олардың өзін-өзі қаржыландыру жағдайында жұмыс істейтін дербес сала ретіндегі теміржол көлігінің тұрақтылық деңгейін айқындап қана қоймай, басқа да базалық салалармен қатар материалдық өндіріс кәсіпорындары мен салаларының экономикалық жағдайына ықпал етуінде болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдауға және 2004 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңына өзгерістер енгізуге байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) табиғи монополиялық қызметі мен қызметтің басқа түрлерін ұйымдастырушылық және қаржылық тұрғыдан бөлу процесі басталды. Теміржол көлігіндегі табиғи монополия саласына магистральдық теміржол желісінің (бұдан әрі – МТЖ) қызметтерін және кірме жолдар қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет жатқызылды. Жүк және жолаушылар тасымалын қоса алғанда, қалған қызмет бәсекелестік саласына шығарылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда іске асырылып жатқан теміржол саласын реформалау тұжырымдамасының мәні бәсекелестікті ол мүмкін болатын жерлерде енгізу есебінен саланы ырықтандыруға және реттелетін секторды тарылтуға, сондай-ақ экономикалық негізделген әрі тиімді баға белгілеу есебінен монополиялық секторды коммерцияландыруға (нәтижеге бағдарлауға) бағытталған.

2004 жылғы 20 шілдеге дейін Қазақстан Республикасында республикалық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде Қазақстан аумағында орналасқан станциялар арасында тасымалдар үшін 1989 жылғы N 10-01 прейскурантының «Теміржол жүк тасымалдарына арналған тарифтер» рубльмен есептелетін мөлшерлемелері қолданылды, олар уәкілетті орган белгілейтін қымбаттаудың индекстеу коэффициенттері мен рубльді теңгеге айырбастау коэффициенттерін ескере отырып есептелді. Мемлекетаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған жүк тарифтері швейцариялық франкпен есептелетін «Экспорттық-импорттық теміржол жүк тасымалдарына арналған тарифтер» прейскурантының мөлшерлемелері бойынша есептелді, олар уәкілетті орган белгілейтін жоғарылату коэффициенттерін ескере отырып, 1999 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген, төлем жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша төлем валютасына айырбасталды.

2004 жылғы 20 шілдеден бастап жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтер бекітіліп, қолданысқа енгізілді, олар жүк тасымалдарына арналған тарифтерді инфрақұрылымдық және басқа құрамдас бөліктерге пропорционалды бөлу арқылы алынды. Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау тарифтері төрт құрамдас бөліктен қалыптастырылады: магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтер, локомотивтік тарту, жүк және коммерциялық жұмыс, вагондар мен контейнерлерді пайдалану тарифтері.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен және магистральдық теміржол желісі операторының қызметтерін тұтынушылармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бекіткен МТЖ қызметтерінің құрамына кіретін операциялар тізбесіне сәйкес магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерді есептеу әдістемесінің жобасы әзірленуде. Кірме жолдар қызметтеріне арналған тарифтерді есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 516-ОД бұйрығымен бекітілді.

Бұл ретте мемлекеттік баға реттеуіне тасымалдаушылардың магистральдық теміржол желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақысы жатады, теміржол тарифінің қалған құрамдас бөліктері (локомотивтік тарту қызметтері және теміржол тасымалдары) әлеуетті түрде бәсекелестік секторға жатады, алайда қазіргі уақытта бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы заңнамаға сәйкес мемлекет тарапынан реттеледі.

Қазіргі уақытта тасымалдардың жекелеген санаттары (қатынас түрлері және жүк түрлері) бойынша тарифтерді саралау мынадай нәтижелерге байланысты қалыптасты:

  • ел экономикасының белгілі бір даму кезеңінде өнімді экспорттайтын және оны ішкі нарыққа жеткізетін субъектілерге сараланған тәсіл қолдану;
  • көптеген жылдар бойы 10-01 прейскурантының базалық мөлшерлемелерін индекстеу әдісін қолдану арқылы жекелеген жүк түрлері бойынша тарифтік мөлшерлемелердің қымбаттау коэффициенттерін саралап белгілеу.

Табиғи монополиялар өнімдеріне бағаларды саралау әртүрлі салалардың шаруашылық белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының құралы болып табылады. Басқаша айтқанда, реттелетін бағалар жүйесі арқылы экономикаға ықпал ету тетігі фискалдық макроэкономикалық саясатты толықтырады.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы уақытта кіруіне байланысты ішкі республикалық және экспорттық-импорттық қатынастардағы тарифтерді келіссөздер процесі шеңберінде келісілген кесте бойынша теңестіру жоспарлануда.

Прейскуранттың 10-01 тарифтерін пропорционалды бөлу арқылы енгізілген магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтер жаңа тарифтік әдіснама әзірленіп, қабылданғанға дейін уақытша болып табылады.

Сонымен бірге, тарифтік реттеудің жаңа әдіснамасын енгізу кезінде бірқатар техникалық және ұйымдастырушылық себептер бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның тасымалдаушы функцияларын «Қазжелдортрансқа» беруге дайын болмауына байланысты белгілі бір қиындықтар туындауда. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін Ұлттық тасымалдаушы болып қала береді.

Сонымен бірге, орта мерзімді перспективада тарифтік саясатты жетілдіру бәсекелестік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді және барлығына пайда әкеледі: тұтынушыларға – төмен бағалар түрінде; реттелмейтін кәсіпорындарға – нарықты неғұрлым ырықтандыру түрінде; реттелетін кәсіпорындарға – жаңа инвестициялар мен техникалық дамуға қолайлы тұрақты реттеу режимін белгілеу арқылы.

Параграф 2. Электр энергетикасы саласы

Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан тұратын екі деңгейлі электр энергиясы нарығы құрылып, жұмыс істеуде. Көтерме сауда нарығында электр энергиясының бағалары өндірушілер арасындағы бәсекелестік жағдайында сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту тұжырымдамасымен электр энергиясының бәсекелестік бөлшек сауда нарығын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалды, онда жеткізушілер түпкілікті тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу құқығы үшін бәсекелеседі. Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткізетін электр энергиясының бағаларын олар өз бетінше белгілейді. Сонымен қатар, энергия беруші ұйымның желілеріне тікелей қосылған электр энергиясының бөлшек сауда нарығының кез келген тұтынушысы жекелеген өңірде (жеке электрмен жабдықтау схемасы бөлінген аудан, ауыл, кент) тұтынушыларды электрмен жабдықтау қызметін жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың арасынан электр энергиясын жеткізушіні өз қалауы бойынша таңдай алады.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына жатады және оларға тарифтерді реттеуші орган белгілейді. Бұл ретте Ұлттық электр желісі бойынша беру тарифтерінде электр энергиясын энергия өндіруші ұйымнан тұтынушыға дейін беру қашықтығына байланысты құрамдас бөлік бар. Сондай-ақ тасымалдау тарифіне желілердегі нормативтік техникалық ысыраптарды сатып алуға арналған шығындар енгізілген. Өңірлік электр желілері компанияларының желілері бойынша беру тарифтері («кіру» тарифтері) қашықтық факторына байланысты емес, бұл ретте 2005 жылғы 1 сәуірден бастап оларда нормативтік техникалық ысыраптардың орнын толтыруға арналған шығындар көзделеді.

Елдің кейбір өңірлерінде халық үшін электр және жылу энергиясына, су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің қызметтеріне арналған тарифтер өнеркәсіп есебінен субсидияланды. Объективті түрде табиғи монополия субъектілерінің халыққа қызмет көрсетуге арналған шығындары өнеркәсіптік тұтынушыларға қарағанда жоғары.

Осы қызметтердің әлеуметтік бағыттылығын ескере отырып, экономикалық негізделген саралауды кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды. Бірінші кезеңде тарифтерді бірыңғай деңгейге дейін біртіндеп теңестіру, екінші кезеңде экономикалық негізделген саралауды енгізу көзделді.

1999 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 983 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің 1999-2000 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес электр энергиясы бойынша тұтынушылар топтары арасындағы негізсіз саралаудан бас тарту Актөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында, жылу бойынша Атырау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында тарифтерді теңестіру, табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне бірыңғай тарифтер бекіту және экономикалық негізделген саралауды енгізу арқылы жүзеге асырылуға тиіс болды. Қазақстанда тарифтерді экономикалық негізделмеген саралауды қолдануды 2000 жылға дейін аяқтау көзделді.

Алайда объективті себептерге байланысты электр энергиясына арналған тарифтерді экономикалық негізделмеген саралау Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында сақталып қалды. Жылу энергиясы бойынша Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сақталды.

Негізсіз саралаудың сақталуы өнеркәсіптің тиімді дамуына кедергі келтіреді. Өнеркәсіптік кәсіпорындар тарифтер арқылы басқа тұтынушыларды, атап айтқанда халықты субсидиялай отырып, негізсіз жоғары шығындар көтереді, бұл өз кезегінде осы кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-ОД бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 217 болып тіркелген табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) орта мерзімді кезеңге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту және қолданысқа енгізу жөніндегі нұсқаулық әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Орта мерзімді кезеңге тарифтерді қалыптастыру әдіснамасын енгізу энергетика саласына инвестициялар тартуды ынталандыруға бағытталды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта орта мерзімді кезеңге тарифтерді қалыптастыру әдіснамасы жеткіліксіз дәрежеде іске асырылуда. Электр энергетикасы саласында осы әдіснаманы кеңінен енгізу мақсатында оны одан әрі жетілдіру, орта мерзімді тарифтерді белгілеу тәртібі мен субъектілердің осы тарифтер бойынша жұмыс істеу тәртібін оңайлату мүмкіндігін қарастыру қажет.

Электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарының жұмыс істеуі саласында бірқатар нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы жүргізілуде. Нақты уақыт режимінде теңгерімдеу тетігі әзірленуде.

Электр энергетикасы саласының негізгі проблемалары.

  1. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 334-ОД бұйрығымен бекітілген кернеу кластары бойынша өңірлік және/немесе жергілікті деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру қызметтеріне арналған тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес барлық тұтынушылар – өнеркәсіптік те, тұрмыстық та – «кіру» үшін барлығына бірдей тариф төлейді, бұл ретте тарифтерді экономикалық негізделген саралау қағидаттары жоқ.
  2. Электр және жылу желілері шаруашылығын реконструкциялауға және жаңартуға инвестициялар тарту деңгейінің төмендігі. Атап айтқанда, көптеген қалаларда жылумен жабдықтау жүйелерінің тозу деңгейі, оның ішінде төмендетілген тарифтердің салдарынан, сыни деңгейге жетті, мұның бәрі жылу энергиясының нормативтен тыс ысыраптарының өсуіне алып келеді. Техникалық стандарттарды, оның ішінде жылумен жабдықтау жүйесіндегі техникалық ысыраптар деңгейін қалпына келтіру үшін қысқа мерзім ішінде жылу желілерін күрделі жөндеуге және ауыстыруға ауқымды инвестициялар тарту қажет.
  3. Ұлттық электр желісінің (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) қызметтеріне тарифтерді есептеу әдіснамасының жетілдірілмеуі. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ қызметтеріне арналған тарифтердің деңгейі электр энергиясын беру қашықтығына байланысты. Электр энергиясы нарығының тиімді жұмыс істеуі және одан әрі дамуы үшін Ұлттық желі бойынша электр энергиясын беру қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру нарыққа қатысушылар үшін кемсітушілік сипатта болмауға тиіс. Осыған байланысты «KEGOC» АҚ тарифінің деңгейін электр энергиясын беру ұзақтығына тәуелділігін төмендету бөлігінде Ұлттық электр желісінің («KEGOC» АҚ) қызметтеріне тарифтерді есептеу әдіснамасын одан әрі жетілдіру қажет.
  4. ЖЭО өндіретін электр энергиясының бәсекеге қабілеттілігін сақтауды ескере отырып, электр және жылу энергиясын аралас өндіру кезінде шығындарды негізді бөлу проблемасы.

Негізсіз саралауды жою және тарифтерді экономикалық негізделген саралауды енгізу, біріншіден, қолданыстағы заңнаманың талаптары мен Қазақстан Республикасының тарифтік саясаты қағидаттарының орындалуына, екіншіден, өнеркәсіптік өндіріс өнімдерінің өзіндік құнын экономикалық негізделген төмендетуге және тиісінше оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Параграф 3. Телекоммуникациялар саласы

Республиканың телекоммуникация қызметтері нарығы соңғы жылдары тұрақты өсуді көрсетіп отыр, бұл елдің жалпы экономикалық өсу үрдістерімен де, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижесінде саланы ырықтандырумен де байланысты.

2004 жылы осы бағдарламаға сәйкес телекоммуникация нарығын ішінара ырықтандыру кезеңі жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» жаңа Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларды іске асыру үшін телекоммуникация саласын монополиядан арылтуға және бәсекелестікті белсенді түрде көтермелеуге әрі дамытуға бағдарланған мемлекеттік реттеудің жаңа моделінің негізін қалаған бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Барлық заңнамалық және нормативтік құжаттарда ұлттық оператор ұғымы жойылды, барлық операторлар құқықтары мен міндеттері бойынша теңестірілді. 2004 жылдың соңында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қазақтелеком» АҚ) эксклюзивті лицензиясы қайтарып алынып, қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін көрсетуге балама жаңа операторларға лицензиялар беру арқылы бұрын монополиялық болған қалааралық және халықаралық байланыс нарығы бәсекелестікке ашылды. Республика абоненттері мен байланыс операторларында қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін алу және өз трафигін қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы бағыттау мүмкіндігі пайда болды.

Бұрын қолданыста болған операторлардың желілерін тек «Қазақтелеком» АҚ желісі арқылы қосу талабы жойылды, байланыс операторларына халықаралық трафикті ұялы байланыс операторлары арқылы транзиттеуді қоспағанда, өзара қосылудың схемаларын еркін таңдау құқығы берілді. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосу және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі арқылы трафикті өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-п бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3041 болып тіркелген. Енгізілген өзгерістер жаңа операторлардың желіге қосылуы үшін кемсітпейтін жағдайлар жасайды және үстем операторларды қосылуды қамтамасыз етуге міндеттеу қағидатын іске асырады. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 қарашадағы N 438-ОД бұйрығымен бекітілген дәстүрлі байланыс қызметтері операторлары арасындағы өзара есеп айырысудың жаңа әдістемесі қабылданды, ол қосылатын операторлардың трафигінің өсуін ынталандыруға бағытталған, бұл ретте тарифтік бөлудегі олардың үлесі артады.

Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтері табиғи монополиялар саласына кірмейді, бұл ретте осы қызметтерге тарифтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысымен бекітілген телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарында қызметтер мен абоненттер санаттары арасындағы өзара субсидиялауды кезең-кезеңімен жою көзделген, бұл жергілікті телефон байланысы нарығында бәсекелестіктің пайда болуы үшін экономикалық негіз қалыптастырады.

2004 жылғы қазанда әмбебап қызметтер тарифтерін қайта теңгерімдеудің бірінші кезеңі жүзеге асырылды, оған сәйкес қаладағы жеке тұлғалар үшін абоненттік төлем бір мезгілде барлық бағыттар бойынша халықаралық телефон байланысы қызметтеріне арналған тарифтерді 20 %-ға төмендете отырып, 20 %-ға арттырылды. Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін жергілікті байланыс қызметінің әлеуметтік маңыздылығына байланысты осы қызметтерге тарифтер бұрынғы деңгейде қалдырылды, бұл ретте ауылдық жерлерде жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсететін операторлардың залалдары әмбебап қолжетімділік тетігі шеңберінде өтелетін болады.

Телекоммуникация саласын ырықтандыру жөніндегі мемлекеттік саясат шараларын іске асыру нәтижесінде табиғи монополиялар саласы объективті түрде тарылуда, онда іс жүзінде байланыс операторларының түпкілікті пайдаланушыларға көрсететін телекоммуникация қызметтері қалмады. Табиғи монополиялар саласында операторлардың желілерін қосу және трафикті өткізу қызметтері, телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу мақсатында кабельдік кәрізді және технологиялық мүлікті жалға беру немесе пайдалануға ұсыну қызметтері қалды. Бұл жағдай 2005 жылдың соңына дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның екі эксклюзивті құқығының сақталуына байланысты: ұялы байланыс операторларының халықаралық трафигін транзиттеу және өз абоненттеріне халықаралық және қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсету, сондай-ақ операторлық сегментте бәсекелестікті дамыту және жаңа реттеушілік база негізінде операторлар арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру, операторлардың кірістерін, шығындарын және активтерін бөлек есепке алу деректері негізінде операторлар арасындағы қызметтерге тарифтерді қалыптастыруға көшу үшін белгілі бір өтпелі кезеңнің қажеттілігімен байланысты.

Бұдан басқа, қызметтер нарығы дәстүрлі телефония қызметтері нарығымен салыстыруға болатын ұялы байланыс сегментінің дамуын атап өтпеуге болмайды.

Бөлек есепке алуды енгізу нәтижелерінің және оны енгізу мен жүргізудің дұрыстығын тиісті тексерудің болмауы қазіргі уақытта реттелетін қызметтерді көрсетудің өзіндік құнын тиісті түрде айқындауға және тиісінше экономикалық негізделген тарифтерді белгілеуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдай байланыс операторларының желілері арасындағы трафикті өткізу қызметтеріне есептік тарифтерді (мөлшерлемелерді) қалыптастыруға да қатысты. Қазіргі уақытта пайдаланылатын тәсіл байланыс операторлары желілерінің техникалық элементтерінің нақты трафик түрлерін өткізуге қатысу үлесін айқындауға негізделген. Бұл ретте қазіргі уақытта осы тәсілдің ең оңтайлы тәсіл болып табылмайтыны анық және жақын уақытта операторлардың көпшілігі шығындарды бөлек есепке алуды енгізуді аяқтағаннан кейін байланыс операторларының қосу және трафикті өткізу қызметтеріне тарифтерді есептеудің бөлек есепке алу деректеріне негізделген әдіснамасына көшу қажет.

Параграф 4. Құбыржол және су-кәріз жүйелері саласы

Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар қаржылық тұрғыдан тұрақты болып табылады, таза кіріс деңгейінің оң серпінімен және көрсетілетін қызметтер көлемінің тұрақтылығымен сипатталады. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы сақтау, тасымалдау қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындардың қаржылық жағдайы да оң бағаланады.

Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласын реттеу саласындағы қалыптасқан жағдай экономиканың су секторындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Осы саладағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің негізгі проблемаларының бірі коммуналдық сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органды айқындайтын нормалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында болмауы болып табылады. Мұндай орган болмаған жағдайда барлық су арналар үшін ортақ сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру негіздерін айқындайтын нақты нормативтік құқықтық базаның болмауынан бастап, осы секторды дамытудың мемлекеттік стратегиясының болмауына дейінгі көптеген проблемалар шешілмей қалады.

Қазіргі уақытта су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтерін көрсететін кәсіпорындардың көпшілігі қаржылық тұрақтылық деңгейінің төмендігімен сипатталады және залалды болып табылады.

Бұл жағдайда проблема кәсіпорындардың су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтеріне арналған тарифтері мен халықтың кірістері арасындағы арақатынаста болып отыр (осы кәсіпорындардағы менеджмент деңгейін есепке алмағанда).

Халықтың шектеулі төлем қабілеттілігі инфрақұрылымды жөндеу мен дамытуға қажетті көлемде күрделі салымдарды қаржыландыруды тарифтерге енгізуге мүмкіндік бермейді, өйткені бұл олардың көбінесе едәуір өсуіне әкеп соғады. Сонымен бірге, сумен жабдықтау кәсіпорындарының негізгі қорларының тозуы (2003 жылы республика бойынша орта есеппен 62 %, 2001 жылы 50 %-ға қарағанда), өз кезегінде, ысыраптардың өсуіне (республика бойынша орта есеппен 32 %-дан астам) және соның салдарынан көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне себеп болады.

Бұдан басқа, осы қызметтерді тұтыну көлемінің қысқаруы салдарынан өндірістік қуаттарды пайдалану деңгейінің төмендігі (республика бойынша орта есеппен шамамен 51 %) теріс факторлардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта әртүрлі халықаралық қаржы институттары жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салу және қолданыстағыларын реконструкциялау, сондай-ақ осы сектордың қызметін тұтастай жетілдіру жөніндегі жобаларды іске асыруда, алайда коммуналдық сумен жабдықтау және су бұру секторын қоса алғанда, ел экономикасының ерекшеліктері мен ағымдағы жай-күйін ескеретін су шаруашылығы саласының жұмыс істеуі мен дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын бірыңғай мемлекеттік саясат жоқ.

Маңыздылығы жағынан кем түспейтін мәселе – функционалдық қасиеттері, технологиясы, ауқымы, жеткізушілер мен тұтынушылардың сипаттамалары, сондай-ақ басқа да көптеген параметрлері бойынша әртүрлі қызметтердің кең ауқымын қамтитын «су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері» ұғымының нақтыланбауы.

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мен бақылау олар көрсететін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс екенін назарға алсақ, заңнамада көзделген тәртіппен су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласына жатқызылған реттелетін қызметтер тізбесінің бекітілмеуі экономиканың су секторындағы табиғи монополиялар саласының барлық қатысушыларының мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін тиімді тарифтік саясат жүргізуге мүмкіндік бермейді және мемлекеттік реттеудің жалпы сапалық деңгейін едәуір төмендетеді.

Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік реттеу монополист кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескеруге тиіс. Қазіргі уақытта су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласына жатқызылған қызмет түрлері нақты айқындалмаған. Бұл мемлекеттік реттеудің жалпы сапалық деңгейін едәуір төмендетеді және экономиканың су секторындағы табиғи монополиялар саласының барлық қатысушыларының мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін тиімді тарифтік саясат жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Параграф 5. Аэронавигация саласы

Аэронавигация саласындағы реттеу саясатын Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңы айқындайды.

Аэронавигацияның негізгі функциялары Қазақстан Республикасының жоғары әуе кеңістігінде, жергілікті әуе желілерінде және аэродромдар аудандарында аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтиды. Жабдықтарды жаңғырту және әуе қозғалысын басқару рәсімдерін оңтайландыру әуе қозғалысын ұйымдастырудың (бұдан әрі – ӘҚҰ) 12 ауданынан аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қолданыстағы халықаралық әуе трассаларының желісі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Аэронавигациялық алымдардың мөлшерлемелері әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасына, орындалатын ұшу түріне және авиакомпанияның мемлекеттік тиесілілігіне байланысты болады. Қазақстандық авиакомпаниялар үшін тарифтер шетелдік авиакомпанияларға қолданылатын мөлшерлемелерден төмен.

Тарифтік саясатты жетілдіру аэронавигациялық қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекелестіктің шиеленісуімен, шетелдік авиакомпаниялардың транзиттік рейстер ағынының азаюымен және ішкі тасымалдардың едәуір өсуіне, жолаушылар тарифтерінің төмендеуіне немесе тұрақтануына алып келмеген тарифтерді саралаудың болуымен байланысты болды. Осы саланы реттеудің негізгі проблемалары қазіргі уақытта транзиттік ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне көрсетілетін аэронавигация қызметтерін реттеу, шығындарды бөлек есепке алуды енгізу, аэронавигация саласындағы транзиттік әлеуетті арттыру, қаржылық тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік-кадрлық мәселелерді шешу, Қазақстан Республикасының ішкі әуе тасымалдары нарығына шетелдік авиакомпанияларды тарту мәселелері болып табылады.

Параграф 6. Пошта саласы

Табиғи монополиялар саласына пайдаланушылардың қарапайым хаттарын, пошта карточкаларын және бандерольдерін жіберу жөніндегі пошта операторының қызметтерінен тұратын жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтері жатады.

Қазіргі уақытта елдің бүкіл аумағын қамтитын кең пошта желісінің болуына байланысты оларды көрсету жөніндегі міндеттемелер мемлекет атынан меншік иесі ретінде Ұлттық пошта операторына жүктелген. Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы мәртебесі «Қазпошта» акционерлік қоғамына берілген.

Ережеге сәйкес Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының кез келген елді мекеніндегі кез келген пайдаланушыға жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерін көрсетеді.

Ұлттық пошта операторы әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсетеді және көбінесе ауылдық жерлерде залал шегеді, өйткені көрсетілетін қызметтердің көптеген түрлеріне қолданыстағы тарифтер қалалық және ауылдық жерлерде қызметтер көрсетуге арналған өзіндік құн айырмашылықтарын ескермейтін орташа мөлшерлемелер бойынша белгіленген.

Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» Заңына сәйкес ұлттық пошта желісі деп бүкіл республика аумағында жұмыс істейтін және ол арқылы жария шарт негізінде қызметтер көрсетілетін жалпы пайдаланымдағы пошта желісі танылады. Ұлттық пошта желісін Ұлттық және баламалы операторлар желісінен тұратын жалпыға қолжетімді қызметтер көрсету жүйесі деп қарастыруға болады. Алайда қазіргі уақытта жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерінің баламалы операторлары болмағандықтан, Ұлттық пошта операторының пошта желісі ұлттық пошта желісі болып табылады.

Осы қызметтерді басқа пошта операторларының көрсетуіне белгілі бір дәрежеде кедергі келтіретін факторлар – осы қызметтердің салыстырмалы түрде төмен бағасы және табиғи монополия субъектілерін заңнамаға сәйкес қатаң реттеу мен бақылау жүйесі, сондай-ақ пайдаланушылар тарапынан осы қызметтерге деген сенімнің төмендеуі. Жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерін көрсету көлемі басқа пошта байланысы қызметтерімен (курьерлік және жедел, арнайы) салыстырғанда жылдан жылға бір деңгейде қалып отыр, тұрғын үйлердегі абоненттік пошта жәшіктерінің көпшілігі пайдалануға жарамсыз.

Жалпыға қолжетімді қызметтерге халық сұранысының артуына сыртқы факторлар – елдегі қолайлы экономикалық жағдай (халықтың төлем қабілеттілігі деңгейінің өсуі, экономиканың жеке және іскерлік секторларының дамуы, инфляция деңгейінің төмендігі және басқалары) ықпал етеді.

Тарифтік саясатты мемлекеттік реттеудің аса маңызды міндеттері ретінде мыналар айқындалған:

  • тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру;
  • Ұлттық пошта операторы бөлімшелерінің қызмет тиімділігін арттыру;
  • пошта байланысы қызметтерін көрсетудің құралдарын одан әрі дамытуды және жаңғыртуды, қызметтер нарығын кеңейтуді және олардың сапасын жақсартуды қамтамасыз ету;
  • әлеуетті қызмет тұтынушыларын тартудың жаңа нысандарын іздеу және енгізу;
  • ауылдық жерлерде қызмет көрсететін операторлар үшін экономикалық тұрғыдан тең жағдайлар жасау;
  • жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу үшін инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
  • озық халықаралық тәжірибені енгізу.

Жалпы алғанда, пошта нарығында бәсекелестікті дамыту жалпыға қолжетімді қызметтер көрсетуге қабілетті баламалы операторлардың пайда болуына ықпал етеді. Бұл аталған қызметтер бойынша Ұлттық пошта операторын монополистер қатарынан шығару мүмкіндігін қарастыруға және жеке операторлардың нарыққа кіруі үшін құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Пошта операторлары үшін, әсіресе ауылдық жерлерде пошта байланысы қызметтерін көрсететін операторлар үшін тең бәсекелестік жағдайларын жасау мақсатында баға белгілеудің оңтайлы стратегиясын қалыптастыру қажет.

Осыған байланысты пошта қызметтері саласында қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлек есепке алуды енгізу көзделеді. Бұл қызметтердің өзіндік құнының нақты деңгейін айқындауға, ағымдағы шығындарды жабу және пайда алу үшін кірістерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсаттарда пошта байланысы саласындағы шығындарды бөлу, қызметтердің өзіндік құнын айқындау және тарифтерді есептеу әдістемесі әзірленді.

Жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерін көрсету сапасы мен әлеуетті сұранысты қанағаттандыруға байланысты реттеудің негізгі проблемасы поштаға деген сенімді арттыру және кондоминиумдардағы абоненттік пошта жәшіктерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерінің тізбесін қайта қарау және пошта саласында әмбебап қызмет көрсетудің тетігін әзірлеу қажеттілігін туындатады.

Параграф 7. Әуежайлар саласы

Қазіргі уақытта республиканың барлық әуежайлары Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген.

Өңірдің транзиттік әлеуетін пайдалану шеңберінде әуе тасымалдаушыларын тарту мақсатында әуежайлар қызметін мемлекеттік тарифтік реттеуді шектеу арқылы реттелетін мемлекеттік бағалар қолданылатын әуежай қызметтерінің номенклатурасы бекітілді, онда қызметтердің бір бөлігін бәсекелестік ортаға шығару көзделген. Номенклатурада қызметтердің толық тізбесі қамтылған, олардың негізгі түрлері әуе кемелерінің ұшып көтерілуі мен қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әуе кемелерінің тұрағына орын ұсыну қызметтері болып табылады.

Табиғи монополия жағдайында әуежайлар көрсететін қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының әуежайларында әуежай алымдары мен жерүсті қызмет көрсету тарифтерін есептеу әдістемесі реттеу тәжірибесіне енгізілді, бұл кәсіпорындардың шығындарын көрсетілетін қызмет түрлері бойынша оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, қабылданып жатқан шараларға, оның ішінде нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған шараларға қарамастан, әуежайлар саласындағы тарифтік реттеудің негізгі проблемасы республиканың 20 әуежайының 11-інде осы уақытқа дейін сақталып отырған әуежайлардың жекелеген қызметтеріне тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді негізсіз саралау тәжірибесін жою қажеттілігі болып табылады.

Бұдан басқа, кәсіпорындарда кірістердің, шығындардың және пайдаланылатын активтердің бөлек есебі жоқ. Осыған байланысты реттелетін әуежай және аэронавигация қызметтеріне арналған тарифтік сметалар мен тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындардың ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету үшін әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерін, шығындарын және пайдаланылатын активтерін бөлек есепке алу қағидалары әзірленіп, бекітілді. Бөлек есепке алуды енгізу реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындардың ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ бір қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) басқа қызметтер есебінен өзара субсидиялау тәжірибесін, оның ішінде реттелмейтін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) шығындардың бір бөлігін реттелетін қызметтерге ауыстыру тәжірибесін тоқтатуға ықпал етеді.

Сондай-ақ әуежайлардың реттелетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әуежайлардың реттелетін қызметтеріне тарифтерді (алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеу қажет.

Параграф 8. Теңіз порттары саласы

Қазіргі уақытта теңіз порттарының қызметтерін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген екі кәсіпорын көрсетеді: «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы.

Теңіз порттарының қызметтері теңіз портының міндетті қызметтерінің бекітілген тізбесіне сәйкес реттеледі, оған сәйкес реттелетін қызметтерге теңіз портының өз күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары және жүк операцияларын және/немесе өзге де мақсаттарды орындау үшін кеменің теңіз портына кейіннен порттан шығуымен кіру қызметтері (кеменің портқа кіруі) жатқызылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде теңіз порты орындайтын жұмыстар мен қызметтерге арналған алымдар мен төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға және транзиттік жүктерді Қазақстан Республикасы арқылы қайта бағдарлауға жағдай жасауға бағытталған икемді тарифтік саясат жүргізу үшін теңіз портының өз күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау қағидалары әзірленіп, бекітілді.

Жақын перспективада теңіз порттарының қызметтерін көрсететін кәсіпорындардың қызметіне қолданылатын тарифтік әдіснаманы шығындар мен пайдаланылатын активтерді бөлек есепке алуды енгізу және пайдаланылатын активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесін белгілеу тәртібін әзірлеу арқылы одан әрі жетілдіру қажет.

4. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

Елді дамытудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына, сондай-ақ бекітілген салалық бағдарламалар мен салаларды қайта құрылымдау процесіне сәйкес табиғи монополиялық нарықтарды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдіру, реттеу саласындағы мемлекеттік мақсаттарды ескере отырып, экономикалық тиімділікке қол жеткізуге басымдық беру қажет.

Табиғи монополиялар салаларын реттеу жөніндегі қабылданып жатқан шаралар «микроэкономикалық» реттеу сипатында болады, бұл ретте табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтер деңгейі субъектінің негізделген шығындарына сүйене отырып белгіленеді, алайда тарифтер деңгейінің экономиканың басқа секторларына ықпалы және келісілмеген тарифтердің салдары ретінде мемлекет экономикасының дамуындағы ықтимал сәйкессіздіктер ескерілмейді. Сондықтан болашақта тарифтердің тұтастай алғанда бүкіл экономиканың жалпы мүдделері тұрғысынан келісімділік дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін, яғни «макроэкономикалық» деңгейдегі тарифтерді реттеу құралдарын дамыту қажет. Осы Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде микроэкономикалық реттеу тетіктерін одан әрі жетілдірумен қатар макроэкономикалық реттеу құралдарын дамыту қажет.

Осы Тұжырымдаманың мақсаты экономиканың барлық салаларының келісілген дамуын қамтамасыз ететін табиғи монополиялар салаларындағы реттеу саясатын жетілдіру мен дамытудың негізгі бағыттарын айқындау болып табылады. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың тиімді жүйесін құру тарифтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде мынадай қағидаттарға негізделуге тиіс:

  1. тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделер теңгерімін сақтау;
  2. табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шығындар мен пайданы өтеу;
  3. орта мерзімді негізде тарифтердің тұрақтылығы;
  4. Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану процесін қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді негізсіз саралаудан бас тарту;
  5. табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, реттеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіру жөніндегі мынадай міндеттерді шешу қажет:

  • тарифтік реттеу жүйесін жетілдіру;
  • салалар бойынша табиғи монополиялар мен бәсекелестік секторлардың шекараларын айқындау;
  • реформаланып жатқан салаларда нарық субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
  • табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері бойынша кірістерді, шығыстарды және пайдаланылатын активтерді бөлек есепке алу тетіктерін енгізу.

Реттеудің жаңа тетіктерін дамыту бағытында мынадай міндеттерді шешу қажет:

  • экономика салаларына және тұтынушылардың жекелеген топтарына табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне арналған тарифтер деңгейінің өзгеру серпінінің ықпалын бағалау модельдерін әзірлеу;
  • салалардың ерекшеліктерін ескере отырып, тарифтерді экономикалық негізделген саралауды айқындау;
  • реттелетін қызметтерді мемлекеттік субсидиялау тетіктерін әзірлеу;
  • табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау және техникалық, қаржылық сараптау тетіктерін жетілдіру. Субъектілер қызметінің мониторингі жүйесін көрсеткіштердің теңгерімді жүйесі негізінде құру;
  • табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның қызметін ақпараттандыру.

5. Іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

Параграф 1. Табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеудің қолданыстағы әдіснамалық базасын жетілдіру

Табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру қажеттілігі инфрақұрылымдық салаларды реформалау және дамыту процестерімен негізделеді, олар нормативтік құқықтық базаны қайта қарауға, «табиғи монополиялық қызметтердің» тізбесін нақтылауға себеп болды. Осыған байланысты тарифтік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандыру жасауға, тиімсіз шығындарды азайту қажеттілігіне, кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға байланысты проблемалық мәселелерді шешуге бағдарланған.

Тарифтік реттеу жүйесін жетілдіру үшін шешілуі қажет негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

  • тарифтерді белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері бойынша кірістерді, шығыстарды және пайдаланылатын активтерді бөлек есепке алу тетіктерін енгізу;
  • негізгі құралдарды тұрақты жаңарту үшін жағдайлар жасау, салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында табиғи монополия субъектілеріне пайдаланылатын активтердің құнын өтеуді қамтамасыз ету.

Қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алу жүйесін енгізудің аса маңызды алғышарттары тарифтік реттеу жүйесін жетілдіру, яғни мынадай шарттарды қамтамасыз ету қажеттілігі болды:

  • тарифке енгізілетін шығындардың экономикалық негізділігі;
  • тарифке енгізілетін шығындардың ашықтығы.

Бөлек есепке алу жүйесінің теориялық негізі экономикалық теория мен шешімдер қабылдау теориясының қағидаттары болуға тиіс. Бөлек есепке алу жүйесі шығындарды өнімдерге (қызметтерге) бөлу, пайдаланылатын активтерді өнімдерге (қызметтерге) жатқызу әдістемелерін қамтуға тиіс. Бөлек есепке алу жүйесін талдаудың негізгі объектілері өнімдердің (қызметтердің) түрлері болып табылады.

Бөлек есепке алу жүйесі бойынша есептілікті жасау жиілігі реттеуші органның қажеттіліктері мен субъектілердің мүмкіндіктеріне сәйкес қажеттілікке қарай айқындалады.

Бөлек есепке алу жүйесін әзірлеу міндеттерін шешу табиғи монополия субъектісінің ұйымдық-қаржылық құрылымы мен сипатталатын саланың операциялық моделіне негізделген бизнес-моделін әзірлеуге және пайдалануға негізделуге тиіс.

Бөлек есепке алу тарифтер мен реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтік сметаларды қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындардың ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл бір қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) басқа қызметтер есебінен өзара субсидиялау тәжірибесін, оның ішінде реттелмейтін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) шығындардың бір бөлігін реттелетін қызметтерге ауыстыру тәжірибесін тоқтатуға ықпал етеді.

Кәсіпорында бөлек есепке алу жүйесін әзірлеу мен енгізу құны айтарлықтай жоғары, сондықтан табиғи монополия субъектілеріне көрсетілетін қызметтердің көлемі мен кірістеріне қарай оны іске асыруға қойылатын сараланған талаптарды әзірлеу қажет.

Нарықтың табиғи монополиялық салаларында компаниялардың қызметін мемлекеттік реттеудің кең таралған әдістерінің бірі пайда мөлшерін нормалау болып табылады, ол реттелетін қызмет түрлерінен (өнімдерден немесе қызметтерден) алынатын пайданы шектеуден тұрады.

Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызмет түрлерінен (өнімдерден немесе қызметтерден) түсетін кірістеріндегі пайданы шектеу осы табиғи монополия субъектісінің пайдаланылатын активтерінің рентабельділігіне негізделуге тиіс.

Белгілі бір қызметті көрсетуге арналған тариф құрамындағы жол берілетін пайданы реттеу әдісі осы қызметті көрсету кезінде пайдаланылатын активтердің құнын және пайдаланылатын активтерді қаржыландыру үшін тартылған капиталдың құнын айқындау арқылы іске асырылады. Жол берілетін пайда деңгейі кәсіпорынның осы қызмет бойынша операциялық пайдасын қалыптастырудың ең төменгі нормасы (мөлшерлемесі) ретінде пайдаланылады.

Тартылған капиталдың құнына негізделген активтердің реттелетін базасына пайда нормасы табиғи монополия субъектілерінің қызметтері нарығының барлық қатысушылары үшін экономикалық ынталандыру құралы болып табылады.

Ол мыналарға қызмет етеді:

  • қаражатты инвестициялау туралы шешімдер қабылдау процесіндегі өлшем ретінде;
  • салымдардың тиімділігінің базалық көрсеткіші ретінде;
  • басқарушылық шешімдер қабылдау процесіндегі өлшем ретінде, мысалы, өндірістік негізгі құралдарды жалға алу немесе меншікке сатып алу мәселелері бойынша.

Реттелетін қызметтерден алынатын жол берілетін пайданы айқындау кезінде капитал құнын бағалаудың маңыздылығы осы көрсеткішті тиісті есептеу әдістемесінің негізінде дұрыс есептеу қажеттілігін айқындайды. Осы есептеудің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында пайда мөлшерлемесін есептеу кезінде тәуекел факторларын ескеретін әдіснамалық құралдарды әзірлеу қажет.

2-параграф. Оңтайлы тарифтерді белгілеудің жаңа құралдары мен әдіснамасын дамыту

Табиғи монополиялар саласындағы тарифтік реттеуді дамытудың негізгі бағыттары табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты жүргізілетін тарифтік саясатты республиканың экономикалық дамуының жалпы мемлекеттік саясатына тарифтерді белгілеудің әдіснамасы мен макроэкономикалық өлшемшарттарын әзірлеу арқылы органикалық түрде енгізу қағидатымен айқындалады.

Тарифтік реттеу жүйесін дамыту баға белгілеу кезінде негізгі мүдделі тараптардың мүдделерін ескеру деңгейін табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерінің экономика салаларына әсерін бағалау құралдарын пайдалану арқылы кеңейтуге негізделеді. Осы бағытты іске асыру тетіктері негізгі мүдделі тараптар жағдайының басты көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу, өзара байланысты көрсеткіштерді ескеретін болжамдық эконометриялық және экономикалық-математикалық модельдерді қолдану арқылы тарифтік реттеуге қатысты шешімдер қабылдауды қолдаудың ғылыми базасын күшейту болып табылады. Осындай модельдерді қолдану арқылы тарифтердің өзгеруі, табиғи монополиялар қызметтеріне баға белгілеудің әртүрлі жүйелерін қолдану, жекелеген салаларды және/немесе субъектілерді субсидиялау саясатындағы өзгерістер сияқты факторлардың нарық субъектілеріне және жалпы экономикаға ықпалын алдын ала бағалау (болжау) мүмкіндігі пайда болады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне оңтайлы тарифтерді есептеу және белгілеу әдіснамасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар экономика секторларының жай-күйін, салаларды дамыту бағдарламаларында белгіленген даму бағыттарын және жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру қарқынын ескеретін болады.

Мысалы, электр энергетикасы саласында кернеу сыныптары бойынша өңірлік (жергілікті) деңгейдегі (РЭК) желілер арқылы электр энергиясын беру тарифтерін есептеу әдіснамасын кезең-кезеңімен енгізуді, «тасымалдау» тарифіне нормативтік техникалық шығындар құнын қосуды ескере отырып, Ұлттық желі арқылы электр энергиясын беруге аймақтық тарифтерге көшу мүмкіндігін, электр және жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындарды әділ бөлуді қамтамасыз ету мақсатында ЖЭО өндіретін электр энергиясының бәсекеге қабілеттілігін сақтауды ескере отырып, жылу энергиясын өндіру тарифін есептеу әдіснамасын әзірлеу мен енгізуді көздеу қажет.

Тарифтік реттеу жүйесін дамытудың тағы бір айқындаушы бағыты интеграциялық процестер мен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға байланысты мәселелерді ескеру болып табылады.

Қазіргі уақытта табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтер деңгейін негіздеуді ақпараттық қолдау кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына сараптамалық диагностика жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржылық және техникалық сараптамалардың негізгі мақсаттары табиғи монополиялар субъектілері қызметінің нәтижелеріне объективті баға беру, пайдаланылмаған резервтерді кешенді түрде анықтау, шаруашылық жүйелерінің ұтымды жұмыс істеуіне тұрақты бақылау жүргізу, нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылау болып табылады. Тиісінше, сараптамалық диагностиканың негізгі міндеттері жоспарлардың, бюджеттердің сапасы мен негізділігін тексеру, «шығындар – өндіріс көлемі – пайда» тәуелділігін талдау, еңбек пен еңбекақыны талдау, материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау, негізгі қорларды пайдалану тиімділігі мен жабдықтардың жұмысын талдау, қызметтердің өзіндік құнын талдау болып табылады. Сараптамалық диагностика үшін ақпарат көздері бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйелері, статистикалық есеп пен есептілік, басқарушылық есеп пен есептілік жүйелері және өзге де дереккөздер: ревизия материалдары, сыртқы және ішкі аудит материалдары, салық қызметінің тексеру нәтижелері, табиғи монополия субъектілері мен құзыретті органдардың өндірістік кеңестерінің материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

Тарифтік реттеудің қазіргі заманғы міндеттерін шешу үшін табиғи монополиялар субъектілерінің және жалпы экономиканың қазіргі жағдайын ғана емес, сонымен қатар даму перспективаларын айқындау үшін болжамдар жасауға мүмкіндік беретін неғұрлым прогрессивті құрал қажет. Бұл талапты іске асыру дәстүрлі қаржылық модельді тарифтік реттеу мақсаттарын нақты міндеттер мен оларды шешу өлшемшарттары деңгейіне айқын түрде ауыстыруға мүмкіндік беретін құралға дейін жетілдіруді көздейді.

Табиғи монополиялар субъектілері қызметін бағалау өлшемшарттары ретінде тек қаржылық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар бизнесті ұйымдастыру тиімділігінің монетарлық емес көрсеткіштері де қарастырылуы тиіс. Олар жиынтығында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің әртүрлі аспектілерінің: клиенттермен өзара қарым-қатынастың, ішкі бизнес-процестерді ұйымдастырудың және жаңа мүмкіндіктердің теңгерімділігін ескеруге мүмкіндік береді.

Тарифтік реттеудің ақпараттық базасын дамытудың басым бағыты ретінде теңгерімді көрсеткіштер жүйесі негізінде табиғи монополиялар субъектілерінің, олардың тұтынушылары мен жеткізушілерінің жағдайына мониторинг жүргізу жүйесін әзірлеу айқындалады.

Осындай жүйені әзірлеудің негізгі мақсаты мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдауды жүйелі тәсілмен және ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету болып табылады:

реттелетін қызметтерге тарифтер деңгейін негіздеу;

табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтер деңгейіне байланысты сұраныс көлемін айқындау;

субсидиялау тетіктерін әзірлеу;

тарифтерді саралаудың қажеттілігі мен объективтілігін экономикалық тұрғыдан негіздеу;

салалардың өзара ықпал ету дәрежесін бағалау және тарифтердің теңгерімді деңгейін негіздеу.

Дамудың бірінші кезеңінде уәкілетті орган мынадай міндеттерді шешуді мақсат етеді: реттеудің нақты тұжырымдамасын қалыптастыру, оны іске асыру тәсілдері жөніндегі пікірлердің бірізділігін қамтамасыз ету және оны табиғи монополиялар субъектілеріне жеткізу. Болашақта әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау жүйесі бағалау жүйесінен реттеу жүйесіне трансформациялануы тиіс.

Теңгерімді реттеу көрсеткіштері жүйесін әзірлеу және оны уәкілетті органның қызметінде енгізу ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерді әзірлеуді талап етеді: біріншіден, табиғи монополияларды реттеу саласында шешімдер қабылдауды қолдауға арналған тиісті әдістеме мен құралдарды әзірлеу қажет; екіншіден, теңгерімді көрсеткіштер жүйесі негізінде мониторинг жүйесін ұйымдастыру мәселелерін оны орындау регламентін айқындай отырып қарастыру қажет.

Табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілерінің қызметін мониторингтеу және реттеу жүйесі ретіндегі теңгерімді көрсеткіштер жүйесінің әдіснамалық негізіне реттеу объектілерін, әдістері мен құралдарын жіктейтін экономикалық модельдер жүйесі, реттелетін қызметтерді өндірушілердің, олардың тұтынушылары мен жеткізушілерінің мүдделерін талдау және теңгерімдеу әдістері кіреді.

Теңгерімді көрсеткіштер жүйесінің функцияларын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі екі аспектіні қамтиды: біріншісі – әзірленген реттеу құралдарын орындаушы жүйеге жеткізу мақсатында әдіснамалық негізді автоматтандыру; екіншісі – реттеудің орындаушы жүйесін енгізу мақсатында уәкілетті органның функционалдық құрылымына қосымша талаптарды әзірлеу. Реттеудің автоматтандырылған орындаушы жүйесін әзірлеу табиғи монополиялар субъектілерінің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға, реттеу шараларын қолдану нәтижелері туралы барынша қысқа уақыт аралықтарында жедел есептер жасауға, нысаналы нәтижелерді нақты қол жеткізілген нәтижелермен салыстыруға мүмкіндік береді. Реттеудің автоматтандырылған орындаушы жүйесін енгізу, бір жағынан, әдістердің тиімділігін едәуір арттырса, екінші жағынан, ақпаратты жинау мен беру форматтарына, мамандардың біліктілігіне және уәкілетті орган қызметін ұйымдастыру әдістеріне жаңа талаптар қояды.

Теңгерімді көрсеткіштер жүйесі табиғи монополиялар саласындағы реттеу мақсаттарын табиғи монополиялар субъектілерінің, тұтынушылар мен жеткізушілердің қызметіне жан-жақты бағалау жүргізу тұрғысынан көрсететін болады.

Мұндай жүйе қолданыстағы реттеу тетіктеріндегі олқылықтың – әртүрлі салалар тарифтерінің өзара байланысын бағалаудың болмауының орнын толтырады. Көрсеткіштер жүйесі жалпы экономиканың жаһандық мүдделері тұрғысынан теңгерімнің ықтимал бұзылуы туралы сигнал беруге тиіс. Бір саладағы тарифтердің өзгеруінің басқа саланың субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайына әсерін бағалау экономиканың дамуын қамтамасыз ету тұрғысынан мемлекет үшін үлкен маңызға ие.

Тарифтік реттеудің әдіснамалық базасын дамыту жеткілікті ақпараттық қолдаудың болуына негізделеді, ал дамудың негізгі бағыттары оның мүмкіндіктерімен айқындалады. Теңгерімді реттеу көрсеткіштері жүйесіне негізделген мониторинг жүйесі бойынша ақпараттың жинақталуы, біріншіден, технологиялық даму ерекшеліктерін ескеретін салалық реттеу құралдарының кешенін әзірлеу үшін бірыңғай әдіснамалық тәсілдермен шектелмеуге, екіншіден, осы салалар тарифтерінің өзара ықпал ету модельдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің мүдделеріне монополиялық нарықтың барлық қатысушыларының (табиғи монополиялар субъектілерінің де, тұтынушылардың да) дамуы үшін жағдайлар жасау («ортаны» жетілдіру) сәйкес келеді, бұл ретте экономиканы дамытудың макроэкономикалық мақсаттарына қол жеткізу көзделеді. Сондықтан шаруашылық жүргізудің нарықтық тетігі мемлекеттік реттеу құралдарымен толықтырылады, олардың арақатынасы шешілетін экономикалық міндеттердің сипатына және қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болады.

Реттеуші орган жүргізетін тарифтік саясат өндірушілер үшін жол берілетін және тұтынушылар үшін қолайлы бағалардың оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Алайда нарыққа қатысушылардың осы қарама-қайшы мүдделерін ескеру үшін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін саралау қажет.

Сондықтан тарифтерді саралау мәселесін барлық қатысушы тараптардың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып шешу қажет. Өндіруші тұрғысынан шығындарға негізделген тариф деңгейлері экономикалық тұрғыдан негізделген болып табылады. Ал тұтынушылар үшін қызметтерді немесе өнімді қолжетімді ететін тарифтерді саралау негізделген болып саналады. Мемлекет тарифтерді экономикалық тұрғыдан негізделген саралауды айқындауға тиіс.

Тарифтерді экономикалық тұрғыдан негізсіз саралауды жоюдың негізгі құралы мемлекеттік субсидиялау тетіктері болып табылады. Мемлекеттік субсидиялау тетіктерін айқындау тарифтік саясатты дамыту шеңберінде реттеуші органның басым міндеттерінің бірі болып табылады және субсидиялау объектілерін, субсидиялаудың қажетті мөлшерлерін және олардың көздерін айқындауға арналған әдістемелік құралдарды әзірлеуге негізделеді, олар мыналарды қамтиды:

1) қажетті субсидиялар мөлшерін айқындау әдістемесі;

2) субсидиялау нысандары бойынша негіздеу тәртібі.

Мемлекеттік субсидиялау тетіктерін дамыту қажет басым салаларға теміржол жолаушылар тасымалы, телекоммуникация қызметтері, жылу энергиясын өндіру және беру, су шаруашылығы жүйесінің қызметтері және басқалары жатады.

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

Тұжырымдаманы қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.

Тұжырымдаманы іске асыруға байланысты қажетті қаржы ресурстары барлығы 1361,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: 2005 жылы – 399,4 млн. теңге; 2006 жылы – 496,9 млн. теңге; 2007 жылы – 465,5 млн. теңге.

2006–2007 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетке сәйкес нақтыланатын және түзетілетін болады.

7. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер

Осы Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

табиғи монополиялар субъектілерінің, олардың қызметтерін тұтынушылардың және мемлекеттің мүдделерін инфрақұрылымдық салаларды қалпына келтіру бөлігінде есепке алуды қамтамасыз ететін тетікті құру;

салалар арасындағы құрылымдық сәйкессіздіктерді жою және өмір сүру үшін күресудің экономикалық саясатынан даму экономикалық саясатына көшу үшін қажетті жағдайлар жасау;

орта мерзімді және ұзақ мерзімді шекті тарифтерді белгілеуге көшу және экономикаға әкімшілік ықпал ету тетіктерін азайту үшін қажетті жағдайлар жасау;

тарифтердің болжамдылығы есебінен инвестициялық тартымдылықты арттыру;

табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу, олардың қызметін бақылау және нәтижелер үшін менеджменттің жауапкершілігін арттыру тетігін әзірлеу және енгізу;

қайта теңгерілген тарифтер;

баға белгілеудің прогрессивті әдістемесін, бөлек есепке алуды және пайданы есептеу әдістерін қолдану есебінен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

өндірісті жаңғырту, басқару тиімділігін арттыру және нормативтен тыс шығындарды азайту есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;

табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерінің өзгеруінің олардың тұтынушыларына және экономикаға әсерін талдауға, тарифтер динамикасының жекелеген салаларға, халықтың табыстарына ықпалын болжауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құралдарды әзірлеу және енгізу;

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық тарапынан қабылдайтын талаптарын іске асыру арқылы Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануындағы кедергілерді жою.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысымен бекітілген

2005–2007 жылдарға арналған Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

№ р/сІс-шараАяқталу нысаныОрындалуына (іске асырылуына) жауаптыларОрындалу (іске асырылу) мерзімдеріБолжамды шығыстар* (млн. теңге)Қаржыландыру көзі
1.Әуежайлардың реттелетін қызметтеріне тарифтерді (алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2005 жылғы 3-тоқсан4,0Республикалық бюджет
2.Теміржол көлігі және порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2005 жылғы 3-тоқсан6,0Республикалық бюджет
3.Теңіз порттарының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерін, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алу қағидаларын әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2005 жылғы 3-тоқсан7,0Республикалық бюджет
4.Табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарын қайта бағалау қағидаларын әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ӘМ2005 жылғы 3-тоқсан6,0Республикалық бюджет
5.Технологиялық мүмкін еместігі немесе экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған жағдайда телекоммуникация саласында реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қолжетімділік шарттарын ұсыну қағидаларын, жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосудың технологиялық тұрғыдан байланысты кабельдік кәрізді және өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру саласын қоспағанда, сондай-ақ әмбебап телекоммуникация қызметтерін қоспағанда, әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, АИС2005 жылғы 3-тоқсан3,0Республикалық бюджет
6.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ2005 жылғы 3-тоқсан3,5Республикалық бюджет
7.Табиғи монополиялар салаларында табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатқызу тұрғысынан талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ2005 жылғы 3-тоқсан3,5Республикалық бюджет
8.Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерін, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алу қағидаларын әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭМРМ2005 жылғы 3-тоқсан4,0Республикалық бюджет
9.Жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭМРМ2005 жылғы 3-тоқсанЖоқ–
10.Магистральдық құбырлар арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерін, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алу қағидаларын әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭМРМ2005 жылғы 3-тоқсан5,0Республикалық бюджет
11.Мұнай-газ және энергетика секторларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭМРМ2005 жылғы 3-тоқсан7,0Республикалық бюджет
12.Жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерін, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алу қағидаларын әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, АИС2005 жылғы 4-тоқсан5,0Республикалық бюджет
13.Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерін, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алу қағидаларын әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2005 жылғы 4-тоқсан10,0Республикалық бюджет
14.Кірме жолдар қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерін, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алу қағидаларын әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2005 жылғы 4-тоқсан5,0Республикалық бюджет
15.Су шаруашылығы және кәріз жүйелері қызметтерін көрсету саласындағы құзыретті органды айқындауҚазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынысАРЕМ2005 жылғы 4-тоқсанЖоқ–
16.Табиғи монополиялардың базалық субъектілері тарифтерінің өзгеруінің экономика салаларына және салааралық жиынтық көрсеткіштерге әсерін бағалаудың әдістемелер мен экономикалық-математикалық модельдер кешеніне қойылатын талаптарды әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭБЖМ2005 жылғы 4-тоқсан1,8Республикалық бюджет
17.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және техникалық сараптама жүргізуҚазақстан Республикасының Үкіметіне есепАРЕМ2005 жылғы 4-тоқсан328,6Республикалық бюджет
18.Энергия тапшылығы және желінің өткізу қабілеті коэффициенттерін пайдалана отырып, өңіраралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін енгізуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭМРМ2006 жылғы 1-тоқсанЖоқ–
19.Су шаруашылығы жүйелерінің қызметтеріне (ауыл шаруашылығын суаруға) тарифтерді есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, АШМ2006 жылғы 3-тоқсан8,0Республикалық бюджет
20.Аэронавигация саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2006 жылғы 3-тоқсан6,0Республикалық бюджет
21.Телекоммуникация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, АИС2006 жылғы 3-тоқсан7,0Республикалық бюджет
22.Кернеу сыныптары бойынша сараланған өңірлік деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін енгізу (1-кезең)АРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭМРМ2006 жылғы 3-тоқсанЖоқ–
23.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушылар топтары бойынша сұраныстың икемділігін айқындау әдістемесі мен электрондық моделін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ2006 жылғы 4-тоқсан23,2Республикалық бюджет
24.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін түпкілікті тұтынушылардың (үй шаруашылықтарының) тұтыну құрылымын айқындау әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭБЖМ2006 жылғы 4-тоқсан10,0Республикалық бюджет
25.Өзара байланысты салалардың бағалары мен тарифтерінің өзара ықпалын айқындау әдістемесін әзірлеу, көпсекторлы баланстық электрондық модельдер кешенін (5–6 модель) құруАРЕМ бұйрығы, бағдарламалық өнімАРЕМ, ЭБЖМ, ККМ, ЭМРМ, АИС, АШМ2006 жылғы 4-тоқсан44,7Республикалық бюджет
26.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізудің электрондық деректер базасын дамыту және қолдауАРЕМ бұйрығыАРЕМ2006 жылғы 4-тоқсан48,0Республикалық бюджет
27.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және техникалық сараптама жүргізуҚазақстан Республикасының Үкіметіне есепАРЕМ2006 жылғы 4-тоқсан350,0Республикалық бюджет
28.Аэронавигация саласында табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтердің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2007 жылғы 3-тоқсан5,5Республикалық бюджет
29.Кірістерді, шығындарды және іске қосылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізуді ескере отырып, аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесін әзірлеуАРЕМ бұйрығыАРЕМ, ККМ2007 жылғы 3-тоқсан3,5Республикалық бюджет
30.Кернеу сыныптары бойынша сараланған өңірлік деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін енгізу (2-кезең)АРЕМ бұйрығыАРЕМ, ЭМРМ2007 жылғы 3-тоқсанЖоқ–
31.Теңгерімді көрсеткіштер жүйесі негізінде субъектілер қызметінің мониторинг жүйесін құруҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАРЕМ (шақыру бойынша), ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АИС2007 жылғы 4-тоқсан24,3Республикалық бюджет
32.Салалық және салааралық индикаторлар жүйесі мен жиынтық электрондық модель қалыптастыра отырып, табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өзгеруінің экономикаға әсерін бағалау әдістемесін және тарифтерді оңтайлы саралау өлшемшарттарын әзірлеуАРЕМ бұйрығы, бағдарламалық өнімАРЕМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АИС2007 жылғы 4-тоқсан34,2Республикалық бюджет
33.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізудің электрондық деректер базасын дамыту және қолдауАРЕМ бұйрығыАРЕМ2007 жылғы 4-тоқсан48,0Республикалық бюджет
34.Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және техникалық сараптама жүргізуҚазақстан Республикасының Үкіметіне есепАРЕМ2007 жылғы 4-тоқсан350,0Республикалық бюджет

Ескерту:

– Тұжырымдаманы қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады. Тұжырымдаманы іске асыруға байланысты қажетті қаржы ресурстары барлығы 1361,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: 2005 жылы – 399,4 млн. теңге; 2006 жылы – 496,9 млн. теңге; 2007 жылы – 465,5 млн. теңге.

2006–2007 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетке сәйкес нақтыланатын және түзетілетін болады.

АРЕМ – Табиғи монополияларды реттеу агенттігі.

ЭБЖМ – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.

ККМ – Көлік және коммуникациялар министрлігі.

АШМ – Ауыл шаруашылығы министрлігі.

ЭМРМ – Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі.

АИС – Ақпараттандыру және байланыс агенттігі.

Гиперсілтемелер:

Конституция Заң Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела Декларация Указ Приказ Постановление Решение Доклад Заключение Заявление Заключение Конвенция Контракт Меморандум Методика Нормы Нота Правила Программа Устав Хартия Статья Комментарий Резолюция Регламент Протокол Проект Программа Правила Послания