Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралы адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойынша

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралы адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойынша

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралы адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойынша  

 

Алматы облысы Іле ауданы сотына

Азаматтық талапкер: С-а Т  Ахметовна ЖСН:....

т.ж:  А. Т., Абылай Хан көшесі 26, ұялы желісі: +7 747...

 

Сенім хат бойынша өкілі: .

ұялы желі: .

 

 Азаматтық жауапкерлер:

1.     06.06.1986ж.т. Е-ай Қ- Ғабиденқызы

      т.ж:  Алматы қ., Исаева көшесі ..

ұялы желісі: +7 707...

2.      01.07.1988ж.т. Д-а Т  Габиденовна

т.ж:  Шымкент қ., ЖК Қ... 189 евартал 29/1 ұялы желісі: +7 ...

 

 

    ТАЛАП АРЫЗ

материалдық және моральдық залалды өндіру туралы   

        ҚР Конституциясында негізгі заңда мемлекеттің ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Конституцияға сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы өмір сүруге, сөз бостандығына, шығармашылық еркіндігіне, сондай-ақ діни сенім бостандығына, еңбек пен демалысқа, денсаулықты қорғауға, тегін орта білім алуға және тұрғын үйге қол сұғылмаушылыққа құқылы.

        Айыпталушылар 08.07.2025ж., 11:03 сағатта сосын 15:57 сағатта жеке айыптаушы С-а Т  Ахметовна Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылы Абылай Хан көшесі 26 мекен жайда болаған кезде оның ватцап мессенджеріне ар намысты қорлайтын, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін келесі сөздерді жібереді:

- Сенде вообще тарбие жоқ екен!!! Аке-шешенде де не акыл, не тәрбие жок дым кормеген, сыйластыкты билмейтын адамдар екенсиндер!!!! Басында миында жок!!! Миын мен тарбиен жок болса неменеге куйеуге шыгып журсин сен?!! Ен басында менин айткан создерим дурыс болды!!! Дым кормеген адамсындар!!!! Енди вообще кайта аягынды баспа биз жакка!!! Кеттинбе енди козимизге коринбе!!! Ана жерге тастап кеткен АК орамал урсын сени тарбиесиз!!! Алла жазанды берер сенин! Аллага салдым! Кызына жибер!!! Дым кормеген Калпактар!!!!   

- Ее малдар. Е сендер кимсиндер менің шешеме жабылатын 3 жалмауыз, дым көрмеген қалпақтар, қазір мамамның жавлениесі көтеріліп скорый шақырып зафиксировали мы все, Қ- қазір үстілерінен заявление жазып көрсетеді сендерге, таза адамгершілі төмен ең саяз адам екенсің, қыздарына берген тәрбиең құрсын! Тастаған жерге ақ орамал ұрсын сендерді! Сендер не тәрбие көрмеген не тәрбие бере алмаған не адамгершілігі жоқ ең санасы төмен адамға теңеуге келмейтін малсыңдар! Шамаларын жетсе үйде бәрі отқанда келмейсиндерма! Қызыңды алда құры енді басқаға тық бар! Көрсетем мен сендерге әлі, из подтяжка келіп жабылуды. Шыққан Қалпақстанына қайтадан құрисындар дайндалындар! Менің шешемнің тырнағынада тұрмайсыңдар сен и сенің қызың! Ждите.

         Осылайша айыпталушылар 06.06.1986ж.т. Е-ай К- Габиденкызы мен 01.07.1988ж.т. Д-а Т  Габиденовна құқыққа қайшы ниеттерін толығымен жүзеге асырады, ал  жеке айыптаушы С-а Т  Ахметовна өз атына айтылған қорлауды естіп (алған), қорлау құрамы аяқталған.

         Яғни тікелей жәбірленушінің ар-намыс, абыройы мен қадiр-қасиетiн, беделіне нұқсан келтіріп, әдепсiз түрде кемсiту фактісі ватцап желісіндегі хабарламамен дәлелденеді.

         Аталған сөздерден соң жеке айыптаушы өзін жаман сезініп, жүрегіне ауыр қабылдап айыпталушының ватцап желісін бұғаттап тастады.

         Осылайша екі кездеде қылмыстық құқық бұзушылық Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылы Абылай Хан көшесі 26 мекен жайда жасалған, яғни Шағым  қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуға жатады, ол туралы ҚПК-нің 314-бабында көрсетілген.    

          Аталған қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде жеке айыптаушы С-а Т  Ахметовнаның қасында 17.04.1987ж.т. С. Т. Жумановна болған, яғни екеуі Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылы Абылай Хан көшесі 26 мекен жайда бірге болған.

          ҚР Конституциясының 17-бабының 1-тармағына сәйсек «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы» нақты белгіленген.

          ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей айыпталушылар телекоммуникация, ватцап желілерін пайдалана отырып, жәбірленушіге әдепсіз нысанда жеке басын кемсітетін, әдепсіз сөздерді жазбаша хабарлама түрінде оның ар-намыс, абырой, беделіне нұқсан келтіріп, оны тусіруге бағытталғанын қасақана тікелей ниетінен жасағандары көрінеді, атап айтқанда Қорлау, яғни басқа адамның ар-намыс, абыройы мен қадiр-қасиетiн, беделіне нұқсан келтіріп, әдепсiз түрде кемсiтумен сипатталады.

ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сай «Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар».

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 23-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi».

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 19-баптың 4-бөлігіне сай «Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс». Сонымен қатар айыптаушы ватцап желілеріндегі ар-намыс, абырой, беделіне нұқсан келтіріп, оны тусіруге бағытталғанын қасақана тікелей ниетпен жасалған, абыройды қорлайтын сөздерді 10.07.2025ж., жасалған, нотариус арқылы дәлелдемелерді тексеру хаттамасымен дәлелдейді.

Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысының 3 тармағына сәйкес Судья дәлелдемелерді, олардың жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып бағалайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің  131-бабының 2-бөлігіндегі телекоммуникация желілерін пайдаланып, қылмыстық теріс қылық белгілері көрсетілген - Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту орны дәлел ретінде 10.07.2025ж., нотариус арқылы дәлелдемелерді тексеру хаттамасымен расталады.

          БҰҰ адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7,8 және 10 баптарында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiсінің 14 бабында, Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы Конвенциясының 6 бабында және ҚР Конституциясының 14 бабында Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең және әркім өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін анықтау барысында әділ және жариялы түрде істі қисынды мерзімде заң негізінде құрылған құзыретті, тәуелсіз және бейтарап сотта қарастыруға құқығы бар екенінін ескере отырып, сонымен қатар ҚР Қылмыстық-процесстік кодекстің 24 бабының талаптарын негізне ала отырып, аталған жеке айыптау шағымындағы мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті түрде анықтап, тексеріп, зерттеп, тиісті әділ үкім қабылдау туындап отыр.

Аталған ҚК-нің 131-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтар жасағанның салдарынан айыпталушылар келесідей материальдық шығындар келтірді: - 2 500 тенге, 15 760 тенге, 28 310 тенге, 48 858 тенге  нотариус арқылы дәлелдемелерді тексеру хаттамаларына төленген, яғни толық соммасы: - 95 428 тенге.

         Сонымен қоса айыпталушылар тарапынан ақшаман бағаланбайтын орны толмас жәбірленушіге моралдық шығын келтірілді оның соммасы: - 1 000 000 тенгені құрайды әрқайсысынан.

         Жәбірленушіге айыпталушылар оның ар-намыс, абыройы мен қадiр-қасиетiн, беделіне нұқсан келтіріп, әдепсiз түрде кемсiтіп, ватцап желісіне хабарламалар жіберген салдарынан, жәбірленуші әділдік іздеп, заңгерлерге жүгінуге мәжбүр болды, сол үшін өкілдік етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарының жалпы соммасы: - 200 000 тенгені құрады.

 

            ҚР АК-нің 917-бабының талаптарына сәйкес жауапкер оның кінәсінен келтірілген материалдық залалды толық көлемде өтеуге міндетті.

        ҚР ҚПКінің 166-бабына сәйкес, Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетімен келтірілген мүліктік және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге жұмсалған шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретінде төленген сомаларды, сондай-ақ өкілдік етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, анықтау, алдын ала тергеу ісін жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады. ҚР ҚПКінің 167-бабына сәйкес, Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген адам не оның өкілі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін азаматтық талап қоюы мүмкін. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады. Азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның әрекеттері немесе есі кіресілі-шығасылы адамның әрекеттері үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдарға қойылады. ҚР АК-інің 951-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық зиян-бұл жеке тұлғалардың жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзу, кемсіту немесе олардан айыру, оның ішінде өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылық нәтижесінде жәбірленуші бастан кешіретін (төзімін тауысқан, басынан кешкен) имандылық немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым көрсету, ашу, ұялу, үмітсіздік, тән азабы, кемістігі, қолайсыз жағдай және т.б.). ҚР АКінің 952-бабына сәйкес моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледі. Моральдық зиянның мөлшерін айқындау кезінде жәбірленушінің өзіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын субъективті бағалауы да, сондай-ақ жәбірленушінің адамгершілік және дене азабының дәрежесін куәландыратын объективті деректер де: қол сұғу объектісі болған игіліктің өмірлік маңыздылығы (өмір, денсаулық, Ар-намыс, қадір-қасиет, Бостандық, тұрғын үйге қол сұқпаушылық және т. б.) ескеріледі.; құқық бұзушылық салдарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтіру, мүгедектікке әкеп соққан дене жарақатын келтіру, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); жалған ұят Мәліметтерді тарату сипаты мен аясы; жәбірленушінің өмір сүру жағдайлары (қызметтік, отбасылық, тұрмыстық, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және т. б.), назар аударуға тұрарлық өзге де мән-жайлар.

            Моральдық зиян өтелуге жататын мүліктік залалға қарамастан өтеледі.           

        Айыпталушылырдың іс әрекеттерінен жәбірленушіге, моральдық, психикалық зиян келтірілді, оны өтеу үшін соттан моральдық зиянды өтеуді сұраймыз. Моральдық зиянды өтеу сотталушыларға оларды түзетуге оң әсер етеді, олар барлық іс әрекеттері үшін жауап берулері керек екендерін түсінулері керек, моральдық зиян оларға жеке төленеді, бұған дейін барлық шығындарды жәбірленуші өзі шеккен.

            Баяндалғанның негізінде, ҚР ҚПК-нің 71, 73, 75, 76, 162, 166, 167 бабтарын, ҚР АК-нің 917, 951, 952 бабтарын, ҚР АПК-нің 48, 148, 149, 169 баптарын басшылыққа ала отырып,

Соттан сұраймыз:

 

1.         Азаматтық талапкер 14.12.1967ж.т. С-а Т  А.ң  пайдасына азаматтық жауапкерлерден айыпталушылардан 06.06.1986ж.т. Е-ай К- Г. мен 01.07.1988ж.т. Д-а Т  Г дан: - 95 428 теңгені құрайтын материалдық залалды өндірілуін.

2.          Азаматтық талапкер 14.12.1967ж.т. С-а Т  А ң  пайдасына азаматтық жауапкерлерден айыпталушылардан 06.06.1986ж.т. Е-ай К- Г ызы мен 01.07.1988ж.т. Д-а Т  Г дан әр қайсысынан: -  1 000 000 теңгені құрайтын моральдық зиянды өндірілуін, яғни екеуінен: - 2 000 000 тенге.

3.          Азаматтық талапкер 14.12.1967ж.т. С-а Т  А ың  пайдасына азаматтық жауапкерлерден айыпталушылардан 06.06.1986ж.т. Е-ай К- Г зы мен 01.07.1988ж.т. Д-а Т  Г ан: - 200 000 теңгені құрайтын өкілдік етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өндірілуін.

 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы