Талап қою талаптарын мөлшерін ұлғаюы туралы сотқа арыз
Назар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Түркістан облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандарылған
ауданараралық соты
Талап қоюшы: Е.Қ.Т. Жауапкер: К.А.Н.
Талап қою талаптарын мөлшерін ұлғаюы туралы
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық соты А.Н. К. қатысты №5198-22-00-1/36 қылмыстық іс жүргізіп жатыр. Аталған қылмыстық іс бойынша мен бұрын А.Н. К. үстінен материалдық және моральдық зияні келтіргені үшін азаматтық талап қойылған. Құрметті сот, менің ойымша төмендегі негіздер бойынша талап қою арызын ұлғаюына жатады. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі) 951 бабына сәйкес «Моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы». Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1-бап), әркімнің өмір сүруге құқығы бар (15-бап), ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (27-бап), әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар, әркімнің тынығу құқығы бар (24-бап), әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті (34-бап).
Талап қою талаптарын мөлшерін ұлғаюы туралы сотқа арыз
Мен бұрын сау, психикалық тарапынан байсалды адам болатынмын. Отбасылық жағдайым тұрақты болған, жұбайыммен тату-тәтті тұрып, балаларымызға қамқоршы болып, тәрбиеледім. Бос уақытым болғанда ата-анамен, туыстарыммен, достарыммен кездесіп уақыт өткіздім. Балалық шақтан өзімді спортқа арнадым, кәсіби спортта арманыма жетіп, үлкен жетістіктердың иесі болдым. Соңғы 5 жылдықта балаларды күрес бойынша баптап сүйкті ісіммен айналыстым. Енді сотталушы А.Н. К. кесірінен барынан айырылдым. Мен, 2022 жылы қантар айында сотталушы А.Н. К. жәбір шегіп, пышақталып, осы уақытқа дейін өзімді психикалық, физикалық түрде таппай жүрмін. Біріншіден, отбасылық жағдайым нашарлап кетті. Ауруханада 4 айдан бері жатып, табысымнан айырылып отбасымды асырау мүмкіндігінен айырылдым. Сонымен қатар, жарақаттармен оталарға байланысты қатты ауыруды жеңілдету үшін дәрігерлер маған «Морфин гидрохлорид», «Промедол», «Трамадол» өте күшті әсер ететін наркотикалық препараттарды берген, оның салдарынан психикалық күйім өзгеріп жұбайыммен қарым-қатынастарымыз нашарлап бара жатыр. Тіпті жұбаймның менімен ажырасқысы келеді екенін жиі естіп жүрмін. Әкеммен қарым-қатыстар бұрынғыдай емес, менің қазіргі хал-жағдайыма байланысты екеуіміз жиі сөзге келіп қаламыз. Бұрын туған-туыстарыммен бас қосып отбасылық мерекелерді өткізетін едім, одан да айырылдым. Түн ұйықымнан айырылып, галлюцинация жағдайына түсіп отырамын.
Бұны көрген анам қатты уайым үстінде. Қазіргі таңда мен Алматы қаласында «Emirmed» медициналық орталығының нарколог-дәрігер Ю.М. М. бақылауда ем қабылдап жатырмын. 15.09.2022 ж. Мақтаарал ауданының орталық ауруханасында медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясында менің мүгедектігім бойынша шешім қабылданады. ҚР Конституциясында көрсетілгендей «әрбір адамның өмір сүруге құқығы бар». Бірақ, Конституцияда, кодекстерде, заңдарда «өмір» деген ұғым жазылмаған. Тіпті ұлы ойшылдардың, ғалымдардың «өмір» деген ұғымға ортақ пікір қалыптасқан жоқ. Мен заңгер, ойшыл емеспін, қарапайым адаммын. Мен үшін «өмір» – өзімді аман-сау сезіну, ата-анамның аман-сау болуы, отбасыма қамқорлық жасау мүмкіндігі бар болуы, сүйкті іспен айналысуы, бос уақытымды туыстарыммен және достарымен өткізу. Мұның бәрінен мені сотталушы А.Н. К. қасақана қастықпен айырды. Сондықтан сотталушы А.Н. К. жасалған іс-әрекеті үшін ең жоғарғы құн төлеуі керек деп есептеймін. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 169-бабына сәйкес «талап қоюшы ... сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы ... талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға ... құқылы». Жоғары аталған уәждердің негізінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 169-бабына сүйене отырып, соттан сұраймын:
- А.Н.К. менің пайдама моральдық залалдың өтемақысын 30 000 000 (отыз миллион) тенге өндіруді.
- Куә ретінде мекен-жайы: Алматы қаласы, Ш… көшесі, 164 үй, 24 пәтер, WhatsApp 8474.. П.Е.Е., мекен-жайы: Алматы қаласы, Ше. көшесі, 164 үй, 24 пәтер, WhatsApp 8778. М.Ғ.С., мекен-жайы: Алматы қаласы, С. С… көшесі, 452 үй, 3 пәтер, WhatsApp 8775.. А.Т. А., мекен-жайы: Алматы қаласы, С. С. көшесі, 452 үй, 3 пәтер, WhatsApp 8701… Асылбековтен жауап алу;
- Мақтарал орталық аудандық Атакент ауруханасының терапевт-дәрігер У.К.П. маман ретінде жауап алу (WhatsApp 8700….).
Аталған тұлғалардың сот отырысына келуін қамтамасыз етемін. Қосымша: медициналық картаның көшірмесі 12 парақта, дәрігердің ұсынымы «Emirmed» МО.
13.09.2022 ж. Е.Қ.Т.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Увеличение иска в уголовном процессе қазақша
92 рет жүктеп алынды