Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаж деп тануға және тұрғын үй төлемдерін тағайындауға құқықтық негіздер болмаған.

Талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаж деп тануға және тұрғын үй төлемдерін тағайындауға құқықтық негіздер болмаған.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаж деп тануға және тұрғын үй төлемдерін тағайындауға құқықтық негіздер болмаған.

№6001-25-00-6ап/222, 2025 жылғы 27 мамыр

Талап қоюшы: Н.А.

Жауапкер: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі облысы полиция департаментінің Полиция басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма)

Даудың нысанасы: тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және оның күшін жою, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеу туралы

Жауапкердің кассациялық шағымы бойынша қайта қарау

ФАБУЛА:

Н.А. 2005 жылдан бастап ішкі істер органдарының қызметкері болып табылады, 2016 жылғы қараша айынан бастап Полиция басқармасының кезекші қабылдап-тарату орнының кезекшісінің көмекшісі лауазымында қызмет атқарады.

«Банк» АҚ мен талап қоюшының жұбайы арасында 2022 жылғы 28 ақпанда жасалған банктік қарыз шартына сәйкес, соңғысы жұбайының келісімімен 2022 жылғы 25 ақпанда жасалған сатып алу-сату шарты бойынша жылжымайтын мүлікті, атап айтқанда пәтерді ипотекаға сатып алған. Көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша, қосылу туралы өтінішке сәйкес, талап қоюшы қоса қарыз алушы болып табылады.

Банктік қарыз 72 ай мерзімге, яғни 2029 жылғы 5 қыркүйекке дейін берілген.

Ипотекалық қарызды орындауды қамтамасыз ету үшін көрсетілген жылжымайтын мүлік Банкке кепілге берілген.

Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтамаға сәйкес, пәтер талап қоюшының атына ортақ бірлескен мүлік ретінде тіркелген.

2024 жылғы наурызда талап қоюшы Полиция басқармасына өзіне тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы рапортпен жүгінген.

Жауапкердің тұрғын үй комиссиясының 2024 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен Н.А.-ны тұрғын үйге мұқтаж деп танудан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартылған.

Тұрғын үйге мұқтаж деп танудан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартуға талап қоюшының 2022 жылғы 8 ақпандағы сатып алу-сату шарты бойынша тұруға жарамды пәтерді иеліктен шығаруы негіз болған.

Сот актілері:

1-ші саты: талап қою қанағаттандырылған.

Полиция басқармасының тұрғын үй комиссиясының 2024 жылғы 30 сәуірдегі Н.А.-ны тұрғын үйге мұқтаж деп танудан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешімі заңсыз деп танылып, оның күші жойылған.

Полиция басқармасына сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде Н.А.-ны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және оған рапорт берілген күннен бастап тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген.

Сот шығыстары мәселесі шешілген.

Апелляция: бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Кассация: осы іс бойынша сот актілерінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Қорытындылар:

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 101-3-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үйге мұқтаж деп танудан, егер олар не олардың жұбайлары соңғы бес жыл ішінде қызмет өткеріп жатқан елді мекенде тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығарған болса, бас тартылады, бұған олардың жұбайлары некеге тұрғанға дейін тұрғын үйі болған жағдай қосылмайды. Бұл жағдайда тұрғын үйдегі елу пайыздан кем үлесті иеліктен шығару есепке алынбайды.

Заңның 101-11-бабының 1-тармағына сәйкес, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үйге құқығын іске асыру осы тарауда белгіленген тәртіппен оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдар санатына жататын қызметкерлердің дербес арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады, егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе.

Заңның көрсетілген нормаларынан ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үйге құқығын іске асыру тек оларды тұрғын үйге мұқтаж деп тану шартымен ғана мүмкін екені туындайды. Тиісінше, тұрғын үй төлемдерін алу құқығы көрсетілген қызметкерлерді тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап туындайды.

Іс материалдарымен талап қоюшының 2022 жылғы 8 ақпанда сатып алу-сату шарты бойынша тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығарғаны анықталды, тиісінше, иеліктен шығарған сәттен бастап талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін бес жылдық мерзім өтпеген.

Жергілікті соттардың талап қоюшының қолданыстағы тұрғын үйі оның отбасы үшін бір адамға белгіленген пайдалы алаң нормаларына сәйкес келмегендіктен, кеңірек кеңістікке деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ипотекаға жаңа тұрғын үй сатып алуға мәжбүр болғаны туралы тұжырымдарын сот алқасы негізсіз деп есептейді.

Қаралып отырған жағдайда Заңның 75-бабының 1-тармағы, онда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй бір адамға кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң мөлшерінде берілетіні көзделген, қолданылмайды, өйткені талап қоюшы пәтерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан алмаған, аталған пәтер талап қоюшыға меншік құқығында тиесілі болған, тиісінше пәтердің тұрғын алаңы талап қоюшының өзі таңдаған.

Осылайша, талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаж деп тануға және тұрғын үй төлемдерін тағайындауға құқықтық негіздер жоқ, тиісінше талап қою талаптары негізсіз болып табылады.

Соттардың материалдық құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуі және қолданбауы, сондай-ақ сот актілерінде баяндалған соттардың қорытындыларының іс мән-жайларына сәйкес келмеуі дау бойынша негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан.

Осындай мән-жайларда сот алқасы талап қою талаптарын қанағаттандыру үшін негіздер болмаған деген қорытындыға келді.

Іс бойынша дәлелдемелерді жинау және қосымша тексеру талап етілмегенін ескере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды қажет деп тапты.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы