Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 шілдеде № 39404 болып тіркелді

  "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасытуризм және спорт министріЕ. Мырзабосынов

 

 

 Қазақстан Республикасытуризм және спорт министрі2026 жылғы 24 шілдедегі№ 142 бұйрығымен бекітілген

 

Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және танытым орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) танытым орталығы – туристік әлеует туралы ақпарат таратуға және туристік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған ғимарат, құрылысжай не үй-жай болып табылатын туризм объектісі;

      2) туризм объектілері – туристер уақытша тұру, орын ауыстыру, демалу, сауығу және мәдени демалыс үшін тікелей пайдаланатын арнайы құрылған немесе бейімделген объектілер;

      3) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер;

      4) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік ресурстарға, оның ішінде туризм объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;

      5) туристік ресурстар – шаруашылық айналымына тартылу дәрежесіне қарамастан, туристік қызметті жүзеге асыру және туристік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін әлеуетті негіз болып табылатын табиғи жағдайлардың, тарихи-мәдени мұра объектілерінің, әлеуметтік-экономикалық, рекреациялық және өзге де факторлардың жиынтығы.

      3. Танытым орталығын салуды, реконструкциялауды, жарақтандыруды, күтіп-ұстауды және пайдалануды кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      4. Танытым орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік ресурстар аумағында, туристік маршруттарда және өзге де туризм объектілерінде орналасады.

2-тарау. Танытым орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттары

      5. Танытым орталығы:

      1) көрсетілген мәселелер бойынша консультация беруді қоса алғанда, тиісті аумақтың туристік әлеуеті, туристік ресурстар, туристік маршруттар және туризм объектілері туралы ақпараттық материалдарды қалыптастырады және ұсынады;

      2) тиісті аумақ, туристік ресурстар, туристік маршруттар және туризм объектілері туралы туристік ақпаратты өзектілендіру, сондай-ақ танытым орталығының жұмыс режимі және оның өзгеруі туралы мәліметтерді жолдау мәселелері бойынша туристік ақпарат орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды.

      Танытым орталығы туристік ақпарат орталығына туристік ақпаратты өзектілендіру үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде танытым орталығының жұмыс режимінің өзгеруі туралы мәліметтерді осындай ақпарат өзгерген күннен бастап не танытым орталығы жергілікті атқарушы органнан, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және (немесе) туристік қызмет субъектілерінен тиісті ақпаратты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жолдайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік көрсетілетін қызметтерді ұсынады.

      6. Танытым орталықтары өз қызметін мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырады:

      1) танытым орталығының тұрақты немесе маусымдық жұмыс режимін оның орналасқан жерін, туристік ағынды, туристік ресурстарға, туристік маршруттарға және туризм объектілеріне бару режимін ескере отырып айқындау;

      2) туристерді туристік ресурстарға, туристік маршруттарға және туризм объектілеріне барудың қауіпсіздігіне, қолжетімділігіне және шарттарына әсер ететін мәліметтермен қамтамасыз ету;

      3) байланыс құралдарының және Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы;

      4) туристік ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және таратуды жүзеге асыратын жұмыскерлердің болуы.

      7. Танытым орталығының жұмыс режимі танытым орталығына кіреберісте, туристердің танысуы үшін қолжетімді жерде және (немесе) танытым орталығының интернет-ресурсы болған кезде онда орналастырылады. Шұғыл қызметтердің байланыс деректері танытым орталығына кіреберісте не туристердің танысуы үшін өзге де қолжетімді жерде орналастырылады.

      8. Танытым орталығы орналасқан ғимаратта, құрылысжайда не үй-жайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған, танытым орталығының функционалдық оқшаулануы және туристердің танытым орталығының қызмет көрсету аймағына еркін қол жеткізуі қамтамасыз етілген кезде туристік және сервистік инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде қонақүйлерді, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, туристерге қызмет көрсететін сауда объектілерін орналастыруға жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген туристік және сервистік инфрақұрылым объектілерін орналастыруға және олардың жұмыс істеуіне байланысты шығындар танытым орталығын салу, реконструкциялау, жарақтандыру, күтіп-ұстау және пайдалану шығындарына жатпайды.

      Танытым орталығында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристерге консультация беру, оларды алып жүру және туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну бөлігінде гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыруға жол беріледі.

      9. Танытым орталығында Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қосымша туристік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға жол беріледі.

      Егер қосымша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет лицензиялауға, хабарлама жасау тәртібіне не өзге де мемлекеттік реттеуге жататын болса, мұндай көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтала отырып ұсынылады.

3-тарау. Танытым орталықтарының қызметіне қойылатын талаптар

      10. Танытым орталығы ұсынатын туристік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпарат анықтық және өзектілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ мәтіндік, графикалық, картографиялық және (немесе) цифрлық материалдарды пайдалана отырып, көрнекі қабылдауға қолжетімді нысанда орналастырылуға тиіс.

      11. Танытым орталығы туристік маршруттар бойынша ақпараттың жаңартылуын қамтамасыз етеді, ал барудың қауіпсіздігі мен мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар туындаған кезде тиісті ақпарат мұндай мән-жайлардың туындағаны туралы ақпарат алынған сәттен бастап бір сағат ішінде танытым орталығында және (немесе) оның интернет-ресурсында орналастырылады.

      12. Танытым орталығында туристерге қызмет көрсету қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Халықаралық туристік маршруттарда және (немесе) шетелдік туристер баратын туризм объектілерінде орналасқан танытым орталықтарында туристік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты шет тілдерінде ұсыну шет тілдерін меңгерген жұмыскерлер арқылы және (немесе) баспа ақпараттық материалдарын, QR-кодтарды, цифрлық сервистерді және ақпарат ұсынудың өзге де тәсілдерін пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

      13. Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қызмет көрсетудің қолжетімділігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      14. Танытым орталығының персоналына мынадай ең төменгі талаптар қойылады:

      1) туристік ресурстар, туристік маршруттар және өзге де туризм объектілері туралы ақпаратты меңгеру;

      2) бару қағидалары мен қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты меңгеру және құзыреті шегінде ақпарат ұсыну;

      3) туристерге қызмет көрсету кезінде кәсіби этика мен қызмет көрсету мәдениетін сақтау, оның ішінде туристерге сыпайы, әдепті, кемсітусіз қарым-қатынас жасау, дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу және құзыреті шегінде ақпарат ұсыну.

      Осы тармақтың ережелері жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес танытым орталығының персоналына қосымша талаптар белгілеу құқығын шектемейді.

      15. Танытым орталығы туристерге қызмет көрсету, қауіпсіздік шаралары, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша персоналға нұсқама беруді және (немесе) персоналды оқытуды қамтамасыз етеді.

      16. Танытым орталығы туристік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті жабдықпен және материалдармен (ақпараттық стенд, байланыс құралдары, интерактивті карталар және басқа да ақпараттандыру құралдары) жарақтандырылады, сондай-ақ туристерді туристік маршруттар мен туризм объектілерінде қолданылатын қауіпсіздік қағидалары, тыйымдар мен шектеулер, сондай-ақ шұғыл жағдайларда медициналық көмекке жүгіну тәртібі туралы хабардар етеді. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау