Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қою

Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қою

Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қою

 

 

Алматы қаласыныңАлмалы аудандық сотына №2

Алматы қ., Төле би көшесі, 267

Талап қоюшы: ТНМ

ЖСН ....

Алматы қ., Әуезов ауданы, Ш....-2 шағын ауданы, .... көшесі, 98-үй

тел. (WhatsApp) 8707....

өкілдері: Адвокат Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлы

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79/71, 304-кеңсе

тел. (WhatsApp) 87085785758

Адвокат Нигметов Сабит Дәулетұлы

ЖСН 820125350700

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79/71, 304-кеңсе

тел. (WhatsApp) 87009785755, 87054628284

Жауапкер: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

Алматы қаласы Полиция департаменті«Мемлекеттік мекемесі»

БСН 990540002107

Алматы қ., Масанчи көшесі, 57А

тел. 8 (727) 254-41-95, 8 (727) 267-49-19

 

 

 

**Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп тану

және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қою**

Мен, ТНМ, 2015 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналастым.

Қызмет өткеру кезеңінде полиция капитаны атағына дейін көтеріліп, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің саптық бөлімшелер қызметінің аға инспекторы лауазымында қызмет атқардым.

2026 жылғы 12 мамырдағы №28 Тәртіптік комиссияның шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің 2026 жылғы 12 мамырдағы №473 ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы негізінде мен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылдым.

Аталған бұйрықты заңсыз әрі негізсіз деп санаймын, оған мынадай негіздер бар.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы №1 «Еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес, егер қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайларын реттейтін басқа нормативтік құқықтық және өзге де актілер осы қызметкерлердің жағдайын Еңбек кодексінде көзделген жағдайлармен салыстырғанда нашарлататын болса, еңбек дауын шешу кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 8-бабының 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, соңғысы қолданылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 8-бабының 4-тармағында: «Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен кепілдіктердің деңгейін төмендетпеуге тиіс» деп белгіленген.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес:

Тәртіптік жазалар

  1. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде жұмыс беруші немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға құқылы:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.

Осылайша, жауапкер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын өрескел бұзды, себебі маған қатысты ҚР Еңбек кодексінде көзделмеген «ішкі істер органдарынан шығару» түріндегі жаза қолданылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы №1 «Еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 29-тармағына сәйкес, жұмыс берушінің қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықтарына дау айту туралы өтініштерді қарау кезінде еңбек тәртібін бұзу қызметкердің өзіне жүктелген еңбек міндеттерін кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы (еңбек тәртібі қағидаларын, лауазымдық нұсқаулықтарды және ережелерді, жұмыс берушінің бұйрықтарын, техникалық қағидаларды және т.б. бұзу) болып табылатынын ескеру қажет.

Мені ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару туралы бұйрықтың мәтінімен таныстырған жоқ, тек жұмыстан шығару туралы хабарламамен таныстырды, онда бұйрықтың күні, нөмірі және Заңның бабы ғана көрсетілген. Жұмыс беруші менің нақты қандай қағидаларды, нұсқаулықтарды не ережелерді бұзғанымды нақтыламады, осылайша ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында көрсетілген жоғарыда аталған талаптар сақталмады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 30), 75), 76) тармақшаларына сәйкес:

– еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек және ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;

– тәртіптік жаза – қызметкер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы қолданатын тәртіптік ықпал ету шарасы;

– тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзінің еңбек міндеттерін құқыққа қайшы, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзуы.

Осылайша, заң шығарушы заңнама талаптарын сақтау міндетін тек қызметкерге ғана емес, жұмыс берушіге де жүктеген, алайда біздің дауда бұл міндет жұмыс беруші тарапынан орындалмады.

Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, қызметкерлер қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығарылады.

Заңның 56-бабына сәйкес, қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге жазаның мынадай түрлері қолданылуы мүмкін:

  1. ескерту;
  2. сөгіс;
  3. қатаң сөгіс;
  4. қызметтік сәйкестігі толық емес екендігі туралы ескерту;
  5. атқаратын лауазымынан босату;
  6. арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бір сатыға төмендету;
  7. құқық қорғау органынан шығару;
  8. құрметті атақтарынан, төсбелгілерінен, құқық қорғау органының басшылары немесе уәкілетті басшылары берген немесе табыстаған атақтарынан айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару;
  9. арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару.

Осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза қызметкерді осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көзделген теріс себептер бойынша жұмыстан шығару кезінде қолданылады.

Заңның 57-бабына сәйкес тәртіптік жаза қолдану және оның түрін айқындау кезінде мынадай өлшемдер ескеріледі:

  1. жасалған теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
  2. теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайлары;
  3. қызметкердің жеке басын сипаттайтын деректер және оның қызметке қатынасы;
  4. қызметкердің уәжі мен кінәсінің дәрежесі (қасақана, абайсызда);
  5. қызметкердің тәртіптік жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар;
  6. қызметкердің тәртіптік жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар.

2-1. Тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп мыналар танылады:

  1. теріс қылық жасаған қызметкердің өкінуі;
  2. қызметкердің теріс қылық жасағаны туралы басшыға өз еркімен хабарлауы;
  3. теріс қылықты алғаш рет жасауы және теріс қылық жасау фактісімен келісуі;
  4. теріс қылықтың қалыптасқан ауыр жеке немесе отбасылық жағдайларда жасалуы;
  5. теріс қылықтың мәжбүрлеу нәтижесінде жасалуы;
  6. тәртіптік теріс қылықтың жасалуы салдарынан жағымсыз салдарлардың және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірудің болмауы.

Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы, қызметкерге жаза қолданатын тұлға не қызметтік тергеп-тексеру жүргізу кезінде тәртіптік комиссия өзге де мән-жайларды жеңілдететін мән-жайлар деп тануы мүмкін.

Менің ойымша, маған жаза қолдану туралы шешім қабылдау кезінде бұрын қолданыста болған тәртіптік жазалардың болмағаны, менің өкініш білдіргенім және теріс қылық жасау фактісімен келіскенім, отбасылық жағдайым және асырауымда 2020, 2021 және 2023 жылдары туған 3 кәмелетке толмаған баланың бар екендігі ескерілмеген.

Сондай-ақ тәртіптік теріс қылық жасалған кезде менің қатарынан 9 күн бойы демалыссыз жұмыс істегенім ескерілмеді. Осы 9 күннің әрқайсысында менің қызметім сағат 06:30-да басталды, мен қару-жарақ және өзге де қажетті құралдарды алдым, сағат 07:00-де сапқа тұрғызу өткізілді, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін өзімнің қызметтік міндеттерімді іс жүзінде орындадым, сағат 20:00-ден кейін қару-жарақ пен өзге де құралдарды тапсырдым. Тек сағат 22:00 шамасында ғана үйге келіп, демалатынмын.

Бұдан бөлек, демалыс уақытымда отбасыма көңіл бөліп, жұбайыма көмектесуім қажет болды.

Осылайша, ұйқы мен демалыстың жеткіліксіздігі менің теріс қылықты абайсызда жасауымның себептерінің бірі болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер («Қаңтар» оқиғасы) барысында мен наразылық білдірушілердің әрекеттері нәтижесінде денсаулығына зақым келген зардап шеккен полиция қызметкерлерінің қатарында болдым. Аталған мән-жай, менің ойымша, жаза қолдану туралы шешім қабылдау кезінде де ескерілуге тиіс еді.

Заңның 57-бабының 19-тармағына сәйкес, жоғары тұрған басшы төмен тұрған басшы қолданған тәртіптік жазаны, егер бұрын жарияланған жаза жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, оның күшін жоюға құқылы.

Заңның 57-бабының 21-тармағына сәйкес қызметкер өзіне қолданылған тәртіптік жазаны жоғары тұрған органға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

Осылайша, соттың да маған қолданылған ішкі істер органдарынан шығару түріндегі жазаны жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келмейді деп тануға құқығы бар деп санаймын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау сот арқылы құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оны бұзу қаупін тудыратын әрекеттердің жолын кесу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дауланатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда заң мен сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы №1 «Еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес сот келісу комиссиясының қорытындысымен байланысты емес және жеке еңбек дауы талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде мәні бойынша шешіледі.

Осыған байланысты, менің дауыма қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 5-бабының ережелеріне сәйкес қызметтік тергеп-тексеру қорытындысына қатысты да аталған тармақтың талабын ұқсастық бойынша қолдануды сұраймын.

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI Салық кодексінің 668-бабына сәйкес соттарда мемлекеттік баж төлеуден: 1) еңбекақыны өндіріп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша талап қоюшылар босатылады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Соттан:

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің 2026 жылғы 12 мамырдағы №473 ж/қ бұйрығын Та НМ-ға қатысты заңсыз деп тануды;

– Та НМ-ны 2026 жылғы 12 мамырдан бастап бұрынғы лауазымына қайта орналастыруды;

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы Полиция департаменті» ММ-нен Та НМ-ның пайдасына 2026 жылғы 12 мамырдан бастап жұмысқа қайта орналастырылған күнге дейінгі амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіріп алуды;

сұраймын.

Қосымша:

жұмыстан шығару туралы хабарламаның көшірмесі, неке қию туралы куәлік, М Х туу туралы куәлігі, М Ж туу туралы куәлігі, М М туу туралы куәлігі, Саржанов Ғ.Т. және Нигметов С.Д.-ға берілген сенімхат, Саржанов Ғ.Т.-ның өкілдік етуі туралы хабарлама, Саржанов Ғ.Т.-ның адвокат куәлігі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, Нигметов С.Д.-ның өкілдік етуі туралы хабарлама, Нигметов С.Д.-ның адвокат куәлігі.

Талап қоюшы Т Н.М.

Өкілі

Адвокат Саржанов Ғ.Т.

01.09.2026 ж.

 

 

 

  

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы