Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптар туралы

Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптар туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптар туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 114 шешімі.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 433-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптар (бұдан әрі – Үлгілік талаптар) бекітілсін.

      2. Үлгілік талаптар 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатыны белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден мыналарды қамтамасыз ету сұралсын:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптардың 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін Үлгілік талаптарға сәйкестендірілуін;

      2028 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың өздерінің тауарларды есепке алу жүйелерін осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін сәйкестендіру мүмкіндігін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сағынтаев

|   | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 114 шешімімен БЕКІТІЛГЕН || - | ---------------------------------------------------------------------------------------- |

ҮЛГІЛІК ТАЛАПТАР

тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын

      1. Осы Үлгілік талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) Кеден кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар мен осындай тізілімге енгізілген заңды тұлғалар (бұдан әрі – ұйымдар) үшін болуы міндетті тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптарды және оған қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін талаптарды айқындайды. Бұл талаптар кедендік операцияларды жасау кезінде мүше мемлекеттердің кеден органдарына (бұдан әрі – кеден органдары) ұсынылатын мәліметтерді осы Үлгілік талаптардың 2-тармағына сәйкес есепке алу объектілері болып табылатын тауарларға қатысты шаруашылық операцияларды жүргізу (шаруашылық қызмет фактілері) туралы мәліметтермен салыстыруды және кеден органдарының осындай мәліметтерге (оның ішінде қашықтан) қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.

      2. Осы Үлгілік талаптардың мақсаттары үшін тауарларды есепке алу жүйесінің объектілері мыналар болып табылады:

      а) Одақтың кедендік аумағына әкелінген және ішкі тұтыну үшін шығару, Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу, еркін кеден аймағы, еркін қойма, уақытша әкелу (рұқсат беру), реимпорт, бажсыз сауда, жою, мемлекет пайдасына бас тарту немесе арнайы кедендік рәсімдеріне орналастырылған ұйымның тауарлары;

      б) Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін және экспорт, реэкспорт, уақытша әкету, Одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу немесе арнайы кедендік рәсімдеріне орналастырылған ұйымның тауарлары;

      в) екінші немесе үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылыстарында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) уақытша сақтауға орналастырылған, Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар (Беларусь Республикасын қоспағанда).

      3. Тауарларды есепке алу жүйесі кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді мынаған қатысты шаруашылық операцияларды жүргізу (шаруашылық қызмет фактілері) туралы мәліметтермен салыстыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген тауарлар бойынша – ұйымның есеп саясатына сәйкес тауарларды бухгалтерлік және, егер есепке алудың осындай түрі жүргізілсе, қоймалық және (немесе) есепке алудың өзге де түріне (бұдан әрі – есепке алу) қабылдаған күнінен бастап олар есептен шығарылған күнге дейін;

      осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген тауарлар бойынша – тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған күннен бастап олар есептен шығарылған күнге дейін;

      осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген тауарлар бойынша – екінші немесе үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылыстарында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап олар есептен шығарылған күнге дейін.

      Осы Үлгілік талаптардың мақсаттары үшін осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "а" тармақшасына сәйкес тауарларды есепке алу жүйесінің объектілері болып табылатын тауарларды есептен шығару деп тауарларды үшінші тұлғалардың иелігіне, пайдалануына және (немесе) билік етуіне беру, тауарларды өндірісте пайдалану, жою және (немесе) авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан тауарлардың қайтарымсыз жоғалуы не қалыпты сақтау жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалуы, сондай-ақ тауарларды (негізгі құралдарды) пайдалануға беру (тапсыру), тауарларды бөлшек және (немесе) көтерме саудаға беру түсініледі.

      Осы Үлгілік талаптардың мақсаттары үшін осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "б" тармақшасына сәйкес тауарларды есепке алу жүйесінің объектілері болып табылатын тауарларды есептен шығару деп тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан нақты әкетілуі түсініледі.

      Осы Үлгілік талаптардың мақсаттары үшін осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "в" тармақшасына сәйкес тауарларды есепке алу жүйесінің объектілері болып табылатын тауарларды есептен шығару деп тауарларды олардың уақытша сақтау орнынан беру немесе мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органының осы тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты сақтау жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін тануы түсініледі.

      4. Тауарларды есепке алу жүйесінің мәліметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету кезінде ұйым осындай мәліметтерді қорғау шараларын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл шаралар ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуды, рұқсатсыз қол жеткізу салдарынан өзгертілген немесе жойылған ақпаратты қалпына келтіру мүмкіндігін және ақпараттың қорғалу деңгейін қамтамасыз етуді тұрақты бақылауды көздеуге тиіс.

      Кеден органдарына тауарларды есепке алу жүйесіне қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін берген кезде ұйым осындай қол жеткізуге ие болған кеден органдары лауазымды тұлғаларын сәйкестендіруді жүргізе алады.

      5. Кодекстің 356-бабының ережелерін ескере отырып, ұйымның шаруашылық операцияларын жүргізуі (шаруашылық қызмет фактілері) туралы мәліметтерге (оның ішінде қашықтан) қол жеткізген кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғалары мүше мемлекеттің заңнамасымен қорғалатын коммерциялық немесе өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты, Кодексте, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасасқан халықаралық шарттарында көзделген және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін жағдайларды қоспағанда, жария етуге, жеке мақсаттарда пайдалануға не өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.

      6. Кеден органдарының ұйымның тауарларды есепке алу жүйесіндегі ақпаратқа қашықтан қол жеткізуі кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға және олардың орналастырылуына (сақталуына) қатысты шаруашылық операцияларды жүргізу (шаруашылық қызмет фактілері) туралы толық әрі анық мәліметтерді қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін осындай жүйеге (қолжетімділіктің белгілі бір құқықтарымен) тікелей қол жеткізу беру арқылы да, өзге ақпараттық ресурстарда (деректер витриналарында, деректерді бұлтты сақтау сервистерінде және басқаларында) орналастырылған мәліметтерге қол жеткізу беру арқылы да қамтамасыз етілуі мүмкін.

      7. Ұйым мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алуды жүргізеді.

      8. Тауарларды есепке алу жүйесі есепке алуды электрондық түрде жүргізуді көздейді және мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:

      а) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді осындай тауарларға қатысты шаруашылық операцияларды жүргізу (шаруашылық қызмет фактілері) туралы мәліметтермен автоматтандырылған режимде салыстыруды;

      б) осы Үлгілік талаптардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес тауарларды есепке алу жүйесінің дербес объектілері болып табылатын тауарлардың қозғалысын осындай тауарларға қатысты шаруашылық операцияларды жүргізудің (шаруашылық қызмет фактілерінің) әрбір кезеңінде осы Үлгілік талаптардың 13-тармағының "в" тармақшасына сәйкес тауардың бірегей сәйкестендіргішін қолдана отырып қадағалауды;

      в) осы Үлгілік талаптардың 16–18-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді Кодекстің 310-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалатын кедендік бақылауды жүргізу мерзімі ішінде сақтауды;

      г) кеден органдарының осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген салыстырылған мәліметтерге (оның ішінде қашықтан) қол жеткізуін.

      9. Осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген тауарлар мынадай жағдайларда тауарларды есепке алу жүйесінің дербес объектілері болып табылады, егер олар:

      а) әртүрлі тауарларға арналған декларациялар (бұдан әрі – ТД) бойынша кедендік рәсімге орналастырылса;

      б) ТД берілгенге дейін тауарларды шығару туралы әртүрлі өтініштер (бұдан әрі – өтініштер) бойынша кедендік рәсімге орналастырылса;

      в) бір ТД бойынша кедендік рәсімге орналастырылған, бірақ онда жеке тауарлар ретінде мәлімделсе;

      г) бір өтініш бойынша кедендік рәсімге орналастырылған, бірақ онда жеке тауарлар ретінде мәлімделсе;

      д) бір өтініш бойынша кедендік рәсімге орналастырылған, онда бір тауар ретінде мәлімделген, бірақ ТД-да жеке тауарлар ретінде мәлімделсе.

      10. Осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген тауарлар мынадай жағдайларда тауарларды есепке алу жүйесінің дербес объектілері болып табылады, егер:

      а) тауарлардың атаулары әртүрлі болса;

      б) тауарлардың атаулары бірдей болса, бірақ Кодекстің 100-бабының 1-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылған әртүрлі құжаттар бойынша уақытша сақтауға орналастырылса.

      11. Осы Үлгілік талаптардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тауарларды есепке алу жүйесінің әрбір объектісі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде мыналарда қамтылған деректер негізінде қалыптастырылады:

      а) есепке алу құжаттарында;

      б) тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға арналған декларацияларда;

      в) тауарлардың шығарылуы Кодекстің 120 және 441-баптарына сәйкес жүзеге асырылған тауарлар мәлімделген ТД-да және тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған өтініштерде.

12. Осы Үлгілік талаптардың 18-тармағында көрсетілген тауарларды есепке алу жүйесінің әрбір объектісі туралы мәліметтер мынадай құжаттарда қамтылған деректер негізінде автоматтандырылған режимде қалыптастырылады:

      а) есепке алу құжаттарында;

      б) тауарды уақытша сақтауға қабылдауды растайтын құжаттарда (мысалы, тауарларды кедендік бақылау аймағына орналастыру туралы хабарлама, тауарларды сақтауға қабылдау туралы есеп).

13. Осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының «а» және «б» тармақшаларында көрсетілген тауарларды есепке алу тауарларды есепке алу жүйесінде (атап айтқанда, ұйым пайдаланатын бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде, бухгалтерлік есеп туралы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтермен қатар) мынадай мәліметтерді көрсетуді көздеуге тиіс:

      а) тауар кедендік рәсімге орналастырылған кедендік декларацияның (бұдан әрі – КД) тіркеу нөмірі немесе тауар мәлімделген, Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес шығарылған КД-ның тіркеу нөмірі (Кодекстің 120-бабының 17-тармағына сәйкес КД-ға тауарлардың шығарылғаны туралы мәліметтер қамтылған белгілер қойылғанға дейін – тауар кедендік рәсімге орналастырылған өтініштің тіркеу нөмірі);

      б) осы тармақтың «а» тармақшасында көрсетілген КД-дағы тауардың нөмірі және Кодекстің 120-бабының 17-тармағына сәйкес КД-ға тауарлардың шығарылғаны туралы мәліметтер қамтылған белгілер қойылғанға дейін өтініштегі тауардың нөмірі;

      в) ұйымның таңдауы бойынша тауардың бірегей сәйкестендіргіші (номенклатуралық, түгендеу немесе есепке алу нөмірі, тауарға қатысты алғашқы шаруашылық операциясының сәйкестендіру нөмірі, тауардың өзге де бірегей сәйкестендіргіші), ол тауарды сәйкестендіруді, тауарларға қатысты шаруашылық операцияларын (шаруашылық қызмет фактілерін) қадағалауды және бастапқы есепке алу құжаттары мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің тауар кедендік рәсімге орналастырылған КД-мен немесе Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес шығарылған тауар мәлімделген КД-мен өзара байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге тиіс (Кодекстің 120-бабының 17-тармағына сәйкес КД-ға тауарлардың шығарылғаны туралы мәліметтер қамтылған белгілер қойылғанға дейін – тауар кедендік рәсімге орналастырылған өтінішпен байланыстыруға мүмкіндік беруге тиіс).

14. Бір атаудағы, аралас күйде сақталатын, пайдаланылатын (тұтынылатын), өткізілетін тауарларды есепке алу кезінде неғұрлым ертерек мерзімде кедендік рәсімге орналастырылған тауарлармен шаруашылық операциялары (шаруашылық қызмет фактілері) жасалған кезде олардың бірінші кезекте есепке алынатынын (есептен шығарылатынын) негізге ала отырып, есеп жүргізуге жол беріледі.

15. Осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының «в» тармақшасында көрсетілген тауарларды есепке алу тауарды уақытша сақтауға орналастыру күнін және тауардың бірегей сәйкестендіргішін көрсетуді көздеуге тиіс.

16. Тауарларды есепке алу жүйесі осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының «а» тармақшасында көрсетілген тауарларды есепке алу жүйесінің дербес объектілеріне қатысты мынадай мәліметтерді автоматтандырылған түрде қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      а) ұйымның есеп саясатына сәйкес тауардың есепке қабылданған күні;

      б) кедендік рәсімге орналастырылған тауар мәлімделген КД-ның тіркеу нөмірі. Мұндай мәліметтер тауарлар шығарылғаннан кейін, ал Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес КД берілгенге дейін шығарылған тауарлар бойынша – Кодекстің 120-бабының 17-тармағына сәйкес кеден органы тауарлардың шығарылғаны туралы мәліметтер қамтылған электрондық құжатты жіберген күннен бастап не қағаз жеткізгіште берілген КД-ға тиісті белгі қойылған күннен бастап қалыптастырылады;

      в) тауар кедендік рәсімге орналастырылған өтініштің тіркеу нөмірі (Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес КД берілгенге дейін шығарылған тауарлар үшін);

      г) осы тармақтың «б» тармақшасында көрсетілген КД-дағы тауардың нөмірі. Мұндай мәліметтер тауарлар шығарылғаннан кейін, ал Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес КД берілгенге дейін шығарылған тауарлар бойынша – Кодекстің 120-бабының 17-тармағына сәйкес кеден органы тауарлардың шығарылғаны туралы мәліметтер қамтылған электрондық құжатты жіберген күннен бастап не қағаз жеткізгіште берілген КД-ға тиісті белгі қойылған күннен бастап қалыптастырылады;

      д) осы тармақтың «в» тармақшасында көрсетілген өтініштегі тауардың нөмірі (Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес КД берілгенге дейін шығарылған тауарлар үшін);

      е) тауардың бірегей сәйкестендіргіші;

      ж) есепке алу деректеріне сәйкес тауардың атауы;

      з) осы тармақтың «б» тармақшасында көрсетілген КД-да мәлімделген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың сыныптамалық коды (Беларусь Республикасынан басқа). Мұндай мәліметтер тауарлар шығарылғаннан кейін қалыптастырылады;

      и) осы тармақтың «в» тармақшасында көрсетілген өтініште мәлімделген ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың сыныптамалық коды (Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес КД берілгенге дейін шығарылған тауарлар үшін). Егер мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай мәліметтерді қалыптастыру міндетті емес;

      к) тауар бухгалтерлік есепке қабылданған құжаттың деректемелері (атауы, күні және бар болса, нөмірі), сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес тиісті шот пен қосалқы шоттың нөмірлері (қосалқы шот туралы мәліметтер міндетті емес);

      л) осы тармақтың «к» тармақшасында көрсетілген құжатқа сәйкес бухгалтерлік есепке қабылданған тауардың саны және тауарды бухгалтерлік есепке алу үшін қолданылатын сан өлшем бірлігі;

      м) тауарды бухгалтерлік есепке алу үшін қолданылатын сан өлшем бірлігіне қарай КД-да көрсетілген тауардың нетто салмағы немесе саны (Беларусь Республикасынан басқа);

      н) тауарды бухгалтерлік есепке алу үшін қолданылатын сан өлшем бірлігіне қарай өтініште көрсетілген тауардың брутто салмағы немесе саны (Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес КД берілгенге дейін шығарылған тауарлар үшін). Егер мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай мәліметтерді қалыптастыру міндетті емес;

      о) осы тармақтың «к» тармақшасында көрсетілген құжатқа сәйкес бухгалтерлік есепке қабылданған тауардың мүше мемлекеттің валютасындағы құны;

      п) КД-да көрсетілген тауардың құны және шарт бағасының валютасының коды (Беларусь Республикасынан басқа);

      р) өтініште көрсетілген тауардың құны және валютасының коды (Кодекстің 120-бабына және 441-бабына сәйкес КД берілгенге дейін шығарылған тауарлар үшін). Егер мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай мәліметтерді қалыптастыру міндетті емес;

      с) ұйымның белгілі бір күндегі есебінде тұрған осы тармақтың «л» тармақшасында көрсетілген саннан қалған тауар қалдығы және тауарды бухгалтерлік есепке алу үшін қолданылатын өлшем бірлігі;

      т) ағымдағы күнге немесе белгілі бір күнге есептен шығарылған тауардың саны және тауарды бухгалтерлік есепке алу үшін қолданылатын өлшем бірлігі;

      у) осы тармақтың «ф» тармақшасында көрсетілген құжатқа сәйкес өткізілетін тауардың бағасы. Егер мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай мәліметтерді қалыптастыру міндетті емес;

      ф) тауар есептен шығарылған құжаттың деректемелері (атауы, күні және нөмірі). Егер мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай мәліметтерді қалыптастыру міндетті емес;

      х) тауар ағымдағы күні есепке алынған шот пен қосалқы шоттың нөмірлері (бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес; қосалқы шот туралы мәліметтер міндетті емес).

17. Тауарларды есепке алу жүйесі осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының «б» тармақшасында көрсетілген тауарларды есепке алу жүйесінің дербес объектілеріне қатысты мынадай мәліметтерді автоматтандырылған түрде қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      а) тауардың есептен шығарылған күні;

      б) кедендік рәсімге орналастырылған тауар мәлімделген КД-ның тіркеу нөмірі;

      в) КД-да көрсетілген тауардың нөмірі;

      г) тауардың бірегей сәйкестендіргіші;

      д) есепке алу деректеріне сәйкес тауардың атауы;

      е) КД-да көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың сыныптамалық коды (Беларусь Республикасынан басқа);

      ж) тауар бухгалтерлік есептен шығарылған құжаттың деректемелері (атауы, күні және нөмірі);

      з) тауарды бухгалтерлік есептен шығару көрсетілген шот пен қосалқы шоттың нөмірлері (бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес; қосалқы шот туралы мәліметтер міндетті емес);

      и) осы тармақтың «ж» тармақшасында көрсетілген құжатқа сәйкес бухгалтерлік есептен шығарылған тауардың саны және тауарды бухгалтерлік есепке алу үшін қолданылатын сан өлшем бірлігі;

      к) тауарды бухгалтерлік есепке алу үшін қолданылатын сан өлшем бірлігіне қарай КД-да көрсетілген тауардың нетто салмағы немесе саны (Беларусь Республикасынан басқа);

      л) осы тармақтың «ж» тармақшасында көрсетілген құжатқа сәйкес бухгалтерлік есептен шығарылған тауардың мүше мемлекеттің валютасындағы құны;

      м) КД-да көрсетілген тауардың құны және шарт бағасының валютасының коды (Беларусь Республикасынан басқа).

18. Тауарларды есепке алу жүйесі осы Үлгілік талаптардың 2-тармағының «в» тармақшасында көрсетілген тауарларды есепке алу жүйесінің дербес объектілеріне қатысты мынадай мәліметтерді автоматтандырылған түрде қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      а) тауардың есепке қабылданған күні;

      б) тауарды бухгалтерлік есепке қабылдау көрсетілген шот пен қосалқы шоттың нөмірлері (бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес; қосалқы шот туралы мәліметтер міндетті емес);

      в) тауарды уақытша сақтауға орналастыру күні;

      г) есепке алу деректеріне сәйкес тауардың атауы;

      д) уақытша сақтауға қабылданған тауардың саны және тауарды есепке алу үшін қолданылатын сан өлшем бірлігі;

      е) уақытша сақтауға қабылданған тауардың брутто салмағы (кг), сондай-ақ нетто салмағы (бар болса);

      ж) ЕАЭО СЭҚ ТН немесе Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне сәйкес тауар коды (кемінде алғашқы 4 белгісі);

      з) тауарды уақытша сақтауға қабылдауды растайтын құжаттың деректемелері (атауы, күні және нөмірі);

      и) тауардың уақытша сақтау орнынан берілген күні;

      к) тауар шығарылған кедендік құжаттың (КД, транзиттік декларация немесе өтініш) тіркеу нөмірі не тауарды уақытша сақтаудың ағымдағы орнынан басқа уақытша сақтау орнына ауыстыру негіз болған өзге де кедендік құжаттың деректемелері не мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы тауардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылғанын және (немесе) қайтарымсыз жоғалғанын не сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде тауардың қайтарымсыз жоғалғанын тану фактісін растайтын құжаттың деректемелері (атауы, күні және нөмірі);

      л) ұйымның тауардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуы және (немесе) қайтарымсыз жоғалуы не сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде тауардың қайтарымсыз жоғалуы фактісі туралы құжатының деректемелері (күні және нөмірі);

      м) тауарды бухгалтерлік есептен шығару көрсетілген шот пен қосалқы шоттың нөмірлері (бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес; қосалқы шот туралы мәліметтер міндетті емес).

19. Осы Үлгілік талаптардың 16–18-тармақтарында көрсетілген мәліметтер тауарларды есепке алу жүйесінің объектілері болып табылатын тауарлардың ұйымда орналастырылуы және пайдаланылуы туралы өзекті ақпаратты көрсетуге тиіс.

Тауарларды есепке алу жүйесінің объектілері болып табылатын тауарлардың ұйымда орналастырылуы және пайдаланылуы туралы ақпаратты өзектендіру ұйымның есеп саясатын ескере отырып жүзеге асырылады.

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау