Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Декларация / Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы Декларация

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы Декларация

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы Декларация

1992 жылғы 14 ақпандағы Декларация

Достастыққа қатысушы мемлекеттер Достастықтың басқа құжаттарына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің сақталмауын болдырмауға бел буып, халықтар мен мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар мен қайшылықтардың туындауына жол бермеу үшін өздерінің жауапкершілігін сезіне отырып және өзара түсіністік пен сенім ахуалын нығайтуға жәрдемдесуге ұмтыла отырып, Халықаралық құқық нормаларына жалпыға бірдей танылған қағидаттарға өзінің бейілділігін растай отырып, Халықаралық құқық нормаларына: 1. Достастық шеңберінде қабылданатын халықаралық міндеттемелерді қатаң орындау.      2. Бір-бірінің ішкі істеріне араласпау.      3. Мемлекеттік шекаралардың аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмаушылығын құрметтеу.      4. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтар саласындағы халықаралық стандарттарды, соның ішінде ұлттық азшылықтардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау.      5. Достастық мемлекеттеріндегі қоғамдық-саяси өмірді бұқаралық ақпарат құралдарында объективті және салмақты жариялау, сондай-ақ ұлтаралық алауыздыққа әкеп соғуы мүмкін мәліметтерге жол бермеу.      6. Фашизм, нәсілшілдік, төзбеушілік және ұлтаралық қатынастардағы алауыздық идеяларын уағыздайтын Саяси партиялар мен топтардың қызметін тоқтату.      7. Достастыққа қатысушы мемлекеттердің басшылары аталған қағидаттарды бұзғаны үшін жауапкершілік тетігін пысықтауға, тиісті мемлекеттік құрылымдар арқылы осы Декларацияның ережелерін орындауға жәрдемдесуге, сондай-ақ теледидардың бірінші бағдарламасының мәртебесіне байланысты мәселелерді пысықтауға міндеттенеді.

     Минск қаласында 1992 жылғы 14 ақпанда орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Беларусь Республикасы Үкіметінің Мұрағатында сақталады, ол осы декларацияға қол қойған мемлекеттерге оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы