Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 1999 жылғы 4 маусымдағы шешімі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесі 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 1997 жылға арналған интеграциялық дамуының негізгі іс-шаралары туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің 1997 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес шешті:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (қоса беріледі) бекітілсін.
2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды әзірлеу үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі тұжырымдамасы негіз ретінде айқындалсын.
3. Осы Шешім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін Армения Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Шешімге Беларусь Республикасы мынадай ескертпемен қол қойды: «ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы шешімі Беларусь Республикасы үшін мынадай редакцияда қолданылады:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі тұжырымдамасының жобасы мақұлдансын және ол Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына енгізілсін».
1999 жылғы 14 шілдеде Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі депозитарийге «Беларусь Республикасының ескертпесін жоғарыда аталған Шешімнің Беларусь Республикасы үшін міндеттілігіне және Тұжырымдаманың Беларусь Республикасына қатысты қолданылуына әсер етпейтін мәлімдеме ретінде қарастыру қажет» екендігі туралы хабарлады.
Шешімге Әзербайжан Республикасы, Грузия, Молдова Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина қол қойған жоқ.
БЕКІТІЛГЕН
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы шешімімен
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘСКЕРИ САЛАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім негізінде әзірленді.
Осы Тұжырымдама Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары туралы ресми түрде қабылданған көзқарастар жүйесін білдіреді. Онда әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздік объектілері, ықтимал қауіп көздері, осы қауіптердің алдын алу және оларды бейтараптандыру әдістері, сондай-ақ әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы келісілген саясаттың негіздері айқындалған.
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Тұжырымдаманың мақсаты:
Тұжырымдама мемлекетаралық ақпараттық саясатты, бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу үшін негіз болып табылады.
Тұжырымдаманың ережелері мыналарды жүзеге асыру кезінде ескерілуі қажет:
мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзіндік саясатын қалыптастыру және іске асыру;
ақпараттық қауіпсіздікті әдістемелік, ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, сондай-ақ қорғаныстың бірлескен міндеттерін шешу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нысаналы бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру;
басқа мемлекеттің қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалану және қорғаныс саласындағы бірлескен ғылыми-техникалық әзірлемелерді жүзеге асыру.
1.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаты мен негізгі міндеттері.
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаты мемлекетаралық құпияларды немесе бірлесіп пайдалануға берілген құпия ақпаратты құрайтын ақпараттық ортаны, ақпараттық әлеуетті және ақпараттық технологияларды қорғау болып табылады.
Әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты Достастыққа қатысушы мемлекеттердің ортақ және ұлттық мүдделерімен айқындалады. Бұл ретте Достастыққа қатысушы мемлекеттер мынадай міндеттемелерді өздеріне алады:
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің ақпарат саласындағы құқықтарын сақтау;
бірлесіп пайдалануға берілген, мемлекетаралық құпияларды немесе құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді сенімді қорғау;
ұжымдық қорғаныс мүддесінде пайдаланылатын ақпараттандыру, телекоммуникация және байланыс құралдарын өндіруді бірлесіп дамыту.
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
ақпараттық саладағы ортақ мүдделерді айқындау;
ұжымдық қорғаныс мүддесінде бірлескен міндеттерді шешу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру және келісу;
ұжымдық қауіпсіздік мүддесінде қолданыстағы және құрылып жатқан ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, бағалау және болжау;
ұжымдық қорғаныс міндеттерін шешу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы меншік нысандарына қарамастан мемлекеттік билік органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (бұдан әрі – кәсіпорындар) қызметін үйлестіру;
ұжымдық қорғаныс мүддесінде пайдаланылатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері мен құралдарын бірлесіп дамыту;
ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу және оларды бейтараптандыру әдістерін жетілдіру;
ұжымдық қорғаныс пен қауіпсіздік міндеттерін шешуге арналған ақпараттық әлеуетті вирусқа қарсы қорғауды ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша ақпараттық процестерді, бұйымдар мен бағдарламаларды сертификаттау;
мемлекетаралық құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын жасау және осы мемлекеттің аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекетаралық құпияларды қорғау жөніндегі қызметтер көрсету іс-шараларын жүзеге асыру бойынша кәсіпорындардың қызметін лицензиялау;
ақпаратты байланыс арналары арқылы таралып кетуден қорғау;
ұжымдық қорғаныс пен қауіпсіздік міндеттерін шешуге арналған ақпаратты беру және өңдеу техникалық құралдарын пайдалану тәртібі мен қағидаларын регламенттеу.
1.3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары.
Әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін Достастыққа қатысушы мемлекеттер мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарының келісімділігі;
әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру;
ақпараттық қатынастарды, оның ішінде әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздікті регламенттейтін нормативтік-құқықтық базаны басым түрде дамыту;
ақпараттық технологиялар саласындағы отандық өндірушілерді және Достастыққа қатысушы басқа мемлекеттердің өндірушілерін қолдау;
әскерлер мен қару-жарақты телекоммуникацияның, байланыстың және басқарудың ұлттық және ұжымдық жүйелерін пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын үздіксіз қамтамасыз ету;
ақпараттық саладағы қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу мен оларды бейтараптандырудың бірыңғай әдістерін мүлтіксіз сақтау;
ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді және ақпараттың бұзылуын, жойылуын, бұрмалануын немесе ақпараттандыру құралдарының жұмысында іркілістер туғызатын арнайы ықпал етулерді толықтай болдырмау.
II. ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘСКЕРИ САЛАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЕР ТӨНДІРУ КӨЗДЕРІ
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төндіру көздері мыналар болып табылады:
біржақты артықшылықтарға қол жеткізу мақсатында саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және басқа да процестерге жаһандық мониторинг жүргізуге бағытталған бірқатар шет мемлекеттердің мемлекеттік саясаты;
шет мемлекеттердің барлау қызметінің барлық түрлері, сондай-ақ шет мемлекеттер тарапынан радиоэлектрондық және техникалық ықпал ету әрекеттері;
ақпаратты жинау, өңдеу және беру жөніндегі белгіленген регламенттердің бұзылуы;
ақпараттық жүйелер, әскери мақсаттағы жүйелер мен басқару құралдары персоналының қасақана және абайсызда жіберген қателері;
жалпы және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери саладағы ақпаратты қорғау құралдарына вирустық бағдарламалар мен бағдарламалық жасырын енгізілімдерді енгізу;
ақпараттық технологиялар деңгейінің төмендігі, импорттық техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен пайдалануға бағдарлану, сондай-ақ Достастыққа қатысушы мемлекеттердің ақпараттық инфрақұрылымын дамытуға шетелдік компаниялардың қатысуының кеңеюі;
ақпараттық саладағы мемлекетаралық қатынастарды, оның ішінде әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін қажетті нормативтік-құқықтық базаның болмауы;
криминогендік жағдайдың шиеленісуі, компьютерлік қылмыстылық ауқымының өсуі;
ақпараттық салада бірыңғай саясат пен қажетті инфрақұрылымның болмауы;
ұжымдық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін мемлекетаралық құпияларды құрайтын ақпараттың, сондай-ақ құпия ақпараттың таралып кетуіне жағдай жасайтын ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану;
әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша сертификатталмаған бағдарламалық құралдар мен ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану.
Әскери-саяси жағдай шиеленіскен кезде бұл қауіп көздері ерекше қауіп төндіреді.
III. ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘСКЕРИ САЛАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
3.1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету объектілері.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету объектілері деп осы Тұжырымдамада баяндалған қағидаттар мен әдістерді және Достастыққа қатысушы мемлекет қабылдаған басқа да қағидаттар мен әдістерді пайдалана отырып, ақпараттық саладағы қатерлердің алдын алу немесе оларды жою шаралары көзделуі қажет объектілер түсініледі. Оларға мыналар жатады:
ақпараттық жүйелер, әскерлер мен қару-жарақты басқару жүйелері мен құралдары;
әскери салада пайдаланылатын ақпараттық процестер, ақпараттық ресурстар және ақпараттық инфрақұрылым;
әскери салада пайдаланылатын ақпараттық процестерді қалыптастыру, тарату және пайдалану жүйесі;
әскери және қосарлы мақсаттағы ақпараттық технологиялар, әскери салада пайдаланылатын ақпаратты қорғау жүйелері мен құралдары;
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің мүддесі үшін қорғаныс тапсырыстарын орындайтын не қорғаныс мәселелерімен айналысатын кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары;
қорғалатын параметрлері (сипаттамалары) бар қару-жарақ, әскери техника және әскери объектілер.
3.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері.
Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу және оларды бейтараптандыру үшін құқықтық, ұйымдастырушылық және бағдарламалық-техникалық әдістер қолданылады.
Құқықтық әдістер Достастыққа қатысушы мемлекеттер арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық қатынастарды реттейтін келісілген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді көздейді.
Ұйымдастырушылық әдістер мыналарды көздейді:
әскери салада ақпаратты қорғау жүйелерін келісілген түрде қалыптастыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
осы жүйелерді осы мемлекеттің аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша сертификаттау;
мемлекетаралық құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізу жөніндегі кәсіпорындардың қызметін осы мемлекеттің аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялау;
ақпаратты қорғау құралдарын жасау, сондай-ақ мемлекетаралық құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және қызметтер көрсету;
ақпаратты қорғау тәсілдері мен құралдарын стандарттау;
ұсынылатын шаралардың сақталуын бақылау.
Бағдарламалық-техникалық әдістерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау арқылы оның таралып кетуінің алдын алу, ақпаратты бұғаттауға, жоюға немесе алуға арналған арнайы ықпал етулердің алдын алу, енгізілген бағдарламалық немесе аппараттық жасырын құрылғыларды анықтау, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың криптографиялық және өзге де құралдарын қолдану кіреді.
IV. ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘСКЕРИ САЛАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІЛГЕН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
4.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы келісілген саясаттың негізгі ережелері.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаттың бірлігі Достастыққа қатысушы әрбір мемлекеттің қауіпсіздік мүдделерін сақтауға негізделеді және ақпараттық процестің барлық қатысушыларының саяси, әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне қарамастан, олардың құқықтық теңдігі сөзсіз сақталуы қағидатынан туындайды. Саясат қорғаныс міндеттерін орындау шеңберінде оларға берілген ақпаратқа қол жеткізуді шектеу және сеніп тапсырылған мемлекетаралық құпияларды қорғау үшін жауапкершілік негізінде қалыптастырылады.
Достастыққа қатысушы мемлекеттер әскери басқару органдарын ақпараттандыру үшін шетелдік ақпараттық технологияларды пайдаланудан мүмкіндігінше бас тартуға ұмтылады.
4.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету.
Тұжырымдаманың құқықтық негізін Достастыққа қатысушы мемлекеттер жасасқан немесе таныған, ақпараттық саладағы азаматтар мен мемлекеттің құқықтары мен жауапкершілігін айқындайтын келісімдер мен міндеттемелер, сондай-ақ халықаралық шарттар құрайды.
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету өзара мүдделерді сақтауға негізделеді.
Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет заңдылық және Достастыққа қатысушы әрбір мемлекеттің мүдделерінің теңгерімі қағидаттары негізінде құрылуы тиіс.
4.3. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар.
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар мыналарды көздейді:
ақпараттық саладағы мемлекетаралық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды іске асыру және келісу тетіктерін әзірлеу және енгізу;
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің мүдделер теңгерімі негізінде ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етуді дамыту;
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі Мемлекетаралық консультативтік кеңесті құру;
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің инфрақұрылымын келісілген түрде дамыту;
ұжымдық қорғаныс мүддесінде әскери салада пайдаланылатын ақпараттық жүйелер үшін қауіпсіз технологияларды бірлесіп жасау және енгізу.
V. ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР
Ақпаратты қорғау – қорғалатын ақпараттың таралып кетуіне, оған рұқсатсыз және абайсызда ықпал етуге жол бермеу жөніндегі қызмет.
Ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау (РҚЖ) – мүдделі субъектінің қорғалатын ақпаратты құқықтық құжаттарда немесе ақпараттың меншік иесі (иеленушісі) белгілеген құқықтар мен қол жеткізу қағидаларын бұза отырып алуына жол бермеу жөніндегі қызмет.
Ақпарат – ұсынылу нысанына қарамастан, тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер.
Ақпараттандыру – ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру және құқықтарын іске асыру үшін оңтайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Ақпараттық қауіпсіздік – қоғамның ақпараттық ортасының қорғалу жай-күйі, ол оның азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің мүдделері үшін қалыптасуын, пайдаланылуын және дамуын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық инфрақұрылым – ақпаратты өңдеу және талдау орталықтарының, ақпарат алмасу және телекоммуникация арналарының, байланыс желілерінің, ақпаратты қорғау жүйелері мен құралдарының жиынтығы.
Ақпараттық әлеует – мемлекеттік институттардың, әскери-өнеркәсіптік кешеннің және қарулы күштердің қызметіне байланысты міндеттердің кең ауқымын шешу үшін тұтынушыларға уақыт пен кеңістікте беруді қамтамасыз ететін материалдық жеткізгіштерде немесе кез келген басқа нысанда тіркелген ақпарат, ақпаратты алу, беру, өңдеу, сақтау және бейнелеу үшін пайдаланылатын күштер мен құралдар, сондай-ақ осы ақпарат пен құралдарды пайдаланатын және заттық-энергетикалық процестерді іске қосуға және бақылауға қабілетті адамдардың дүниетанымы.
Ақпараттық процестер – ақпаратты жасау, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері.
Ақпараттық ресурстар – жекелеген құжаттар мен құжаттардың жекелеген жиынтықтары, ақпараттық жүйелердегі (кітапханалардағы, архивтердегі, қорлардағы, деректер банктеріндегі және басқа да ақпараттық жүйелердегі) құжаттар мен құжаттар жиынтықтары.
Ақпараттық сала (орта) – субъектілердің ақпаратты жасауға, түрлендіруге және тұтынуға байланысты қызмет саласы.
Ақпараттық жүйе – ақпараттық процестерді іске асыратын құжаттардың (құжаттар жиынтықтарының) және ақпараттық технологиялардың, оның ішінде есептеу техникасы мен байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық жағынан реттелген жиынтығы.
Ақпараттық технология – ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын процестердің, элементтердің, құрылғылар мен әдістердің ұйымдастырылған жиынтығы.
Құпия ақпарат – құқықтық режимі мемлекеттік, коммерциялық, өнеркәсіптік және өзге де қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың арнайы нормаларымен белгіленген құжатталған ақпарат.
Ақпаратты қорғау жүйесі – ақпаратты қорғаудың тиісті құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімдік және нормативтік құжаттарында белгіленген қағидалар бойынша ұйымдастырылған және жұмыс істейтін органдардың және/немесе орындаушылардың, олар пайдаланатын ақпаратты қорғау техникасының, сондай-ақ қорғау объектілерінің жиынтығы.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі – ақпараттың меншік иесіне келтірілетін залалдың алдын алуға немесе оны едәуір қиындатуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың, органдардың, күштер мен құралдардың және нормалардың жиынтығы.
Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар