Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің экспорттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің экспорттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің экспорттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 1999 жылғы 4 маусымдағы шешімі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесі шешті:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің экспорттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы (қоса беріледі) бекітілсін.

1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасының Үкіметі үшін                           Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының Үкіметі үшін                           Молдова Республикасының Үкіметі үшін

Грузия Үкіметі үшін                                                     Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін                         Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

      Шешімге Әзербайжан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы және Украина қол қойған жоқ.

                              БЕКІТІЛГЕН                              Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің экспорттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы туралы 1999 жылғы 4 маусымдағы шешімімен

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

1. Жалпы ережелер

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің экспорттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нарықтық инфрақұрылымын ескере отырып, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі проблемаларын шешу кезінде өзара іс-қимылдың ортақ стратегиясын жүзеге асыруға қатысты Достастыққа қатысушы мемлекеттердің келісілген көзқарастары мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

      Достастыққа қатысушы мемлекеттердің нарықтық қатынастарға көшуі және шетелдік тауарлардың ішкі нарықтарға қарқынды енуі теріс үрдістердің бірін – Достастыққа қатысушы мемлекеттерде өндірілетін өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігін анықтады. Бұл басқа да саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлармен қатар, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нарықтарындағы отандық өнім үлесінің айтарлықтай қысқаруына (машина жасауда 80%-дан астам) алып келді. Мұндай жағдай Достастыққа қатысушы мемлекеттер кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайына сөзсіз әсер етеді және экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды ушықтырады.

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттер өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету проблемасы мемлекетаралық келісілген техникалық-экономикалық және қаржы саясаты, халықаралық байланыстарды дамыту және жетілдіру негізінде шешілуге тиіс.

      Осындай саясаттың элементтерінің бірі – халықаралық стандарттардың талаптары негізінде өнім сапасын қамтамасыз ету және растау қағидаларын сақтау. Сыртқы нарықта танылатын дайындаушы кәсіпорынның сапа жүйесіне арналған сертификаты жоқ машина жасау өнімінің экспорттық құны ұқсас өнімнің әлемдік бағасы деңгейінен 30–40%-ға төмендейді. Сонымен бірге сертификаты сыртқы нарықта танылатын фирманың сапа жүйесін сертификаттауға дайындау және оны жүргізу құны айтарлықтай соманы құрайды. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің нарығына жеткізілетін өнімді сертификаттау әдіснамасы жеткілікті дәрежеде пысықталмағанын атап өткен жөн. Мұның салдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы өнім жеткізілімдері кезінде техникалық кедергілердің болуы болып табылады, бұл сауда тиімділігінің айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.

      Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі саласындағы ынтымақтастығының басқа да маңызды элементтері мыналар болып табылады:

      экспорт саласындағы саясатты жүргізу кезінде ұстанымдарды жақындастыру;

      сыртқы өткізу нарықтарын болжау;

      мемлекетаралық конъюнктуралық және маркетингтік зерттеулер;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өнімін патенттік қорғау;

      экспортқа бағдарланған өнімді бірлесіп жасау кезінде бағдарламалық-мақсатты әдістерді қолдану.

      Мұндай үйлестіру қажеттілігінің себептері және сонымен бірге аталған міндеттерді шешуге ықпал ететін алғышарттар мыналар болып табылады:

      экономикалардың сақталып отырған өзара тәуелділігі;

      пайдаланылатын технологиялардың ортақтығы;

      стандарттар жүйесі (мемлекетаралық стандарттар негізінде);

      өндіріс және тауар айналымы саласында қалыптасқан дәстүрлер;

      дамыған телекоммуникациялар және ақпарат алмасу жүйесі.

      Достастыққа қатысушы мемлекеттердің геосаяси жағдайын, ғылыми-техникалық әлеуетін, саяси ықпалын, тарихи дәстүрлерін, сондай-ақ экономикалық шынайылықтарды ескере отырып, өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды өрістету екіжақты және көпжақты келісімдер негізінде әртүрлі деңгейлер мен қарқындар бойынша жүзеге асырылады деп болжанады.

      Тұжырымдаманы іске асыруды қамтамасыз ететін маңызды факторлар Достастыққа қатысушы мемлекеттер қабылдаған ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы құжаттар (1995 жылғы 10 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде ортақ ғылыми кеңістікті қайта құру және сақтау жөніндегі келісілген шаралар туралы Мемлекет басшылары кеңесінің шешімі, 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ ғылыми-технологиялық кеңістігін құру туралы келісім, 1992 жылғы 13 наурыздағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісім, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы қабылдаған «Стандарттау туралы» және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модельдік заңдар және т.б.), сондай-ақ Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің белсенді қызметі болып табылады.

      Тұжырымдама негізгі бағыттарды айқындайды: кәсіпорындарда ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару қағидаттары мен әдістерін енгізу арқылы өндіріс тиімділігін арттыруды, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ өнім мен сапа жүйелерін сертификаттау жүйелері мен рәсімдері бойынша Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын белгілейді.

2. Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың қағидаттары, мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары

2.1. Өзара іс-қимыл қағидаттары

      Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл қағидаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізгі құжаттарына негізделеді және ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттарындағы ерекшеліктерді ескере отырып, оның ішінде мынадай мәселелер бойынша нақтылануға тиіс:

      нақты бағдарламалар мен жобалар бойынша бірлескен жұмыстарға қатысудың еріктілігі;

      бірлескен қызметке қатысушылардың тең құқылығы және олардың ынтымақтастығының өзара тиімділігі;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өздеріне тиесілі ғылыми-технологиялық объектілер мен зияткерлік меншікке қатысты егеменді құқықтарын сақтау;

      халықаралық құқық нормаларын және бұрын қабылданған міндеттемелерді сақтау;

      ынтымақтастықтың ұйымдастырушылық нысанын еркін таңдау;

      өзара түсіністік негізінде әріптестердің ғылыми, технологиялық және басқа да құқықтарын сақтау.

2.2. Өзара іс-қимылдың мақсаттары мен міндеттері

      Тұжырымдаманың мақсаты – жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімді жасау және нарыққа шығару бойынша Достастыққа қатысушы мемлекеттердің келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету. Мұндай ынтымақтастық:

      бәсекеге қабілетті өнім экспортын ұлғайтуға және оны өткізу нарықтарын кеңейтуге;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге экспортталатын өнімге қатысты техникалық және технологиялық кедергілерді жою саласындағы қызметті үйлестіруге;

      Достастықтың стандарттары мен өнім сапасы саласындағы нормативтік-құқықтық базасын үйлестіруге және оларды жалпыға бірдей қабылданған халықаралық және өңірлік нормаларға, оның ішінде ЕО елдерінде қабылданған халықаралық стандарттар мен нормаларға, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде жасалған Келісімнің саудадағы техникалық кедергілерге қатысты ережелерін ескере отырып сәйкестендіруге;

      өнімнің және сапа жүйелерінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растау саласындағы бірлескен жұмыстарға, сондай-ақ сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеудің ұлттық жүйелерін құруға және өзара тануға ықпал етеді.

      Осы Тұжырымдаманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      бәсекеге қабілетті өнім өндіруші кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетудің орындылығын бағалау және осы негізде ұлттық кәсіпорындар шығаратын өнімнің сапасын арттыру жөніндегі қызметті, оның ішінде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің кәсіпорындарымен кооперация шеңберінде ынталандыру үшін сәйкестікті растау және сертификаттау тетіктерін пайдалану;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кәсіпорындарында нарықтық экономика жағдайында тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын ИСО 9000, 14000 сериялы және QS 9000 халықаралық стандарттары негізінде сапаны басқару қағидаттары мен әдістерін енгізу;

      аккредиттеу органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеу саласындағы қағидаларды (рәсімдерді) халықаралық стандарттар негізінде үйлестіру және өнім мен сапа жүйелерін сертификаттау нәтижелерін, сондай-ақ өнімнің, заттар мен материалдардың гигиеналық регламенттелуі мен тіркелуі нәтижелерін өзара тануды қамтамасыз ету.

      Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру басқа да ұлттық және мемлекетаралық ғылыми-техникалық және экономикалық бағдарламаларды орындаумен қатар өнеркәсіптік өндірістің өсуін, экспорттық-импорттық қызметтің жандануын қамтамасыз етеді және Достастыққа қатысушы мемлекеттердің экономикаларындағы дағдарыстық құбылыстарды жоюға ықпал етеді.

2.3. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары

      Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

      өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі проблемаларын шешу кезінде ғылыми, техникалық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыру, оның экспортын кеңейту мақсатында аккредиттеу, сәйкестікті растау және сертификаттау, сапа жүйелерін құру саласындағы келісілген саясатты әзірлеу және жүргізу;

      аккредиттеу жүйелерін, сәйкестікті растау (сертификаттау) жүйелерін, сертификаттау және аккредиттеу нәтижелерін өзара тануды қамтамасыз ету негізінде әріптестерге деген сенімді арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

      өнім сапасы мен оны сертификаттау саласында ұйымдастырушылық инфрақұрылымдар мен тиімді өзара іс-қимыл нысандарын құру;

      халықаралық стандарттар мен ЕО елдерінде қабылданған нормаларды, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде жасалған Келісімнің саудадағы техникалық кедергілерге қатысты ережелерін ескере отырып, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өнім сапасы саласындағы стандарттарын, санитариялық нормалары мен нормативтік-құқықтық базасын үйлестіру;

      өнім сапасы, оның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растау, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден тыс жерлердегі сыртқы өткізу нарықтарының проблемалары бойынша ақпараттық қамтамасыз етуді және ақпарат алмасуды жетілдіру;

      Достастыққа қатысушы мемлекеттерде дербес және бірлескен бағдарламалар шеңберінде өндірілетін өнімді өткізуге жәрдемдесу, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін (соның ішінде қорғаныс қажеттіліктері үшін) өнімді мемлекеттік сатып алу жүйесін ұйымдастыру;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сапа проблемаларымен айналысатын мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдарының бірлескен ынтымақтастығы және сапа саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-білім беру құрылымдарын (халықаралық сапа академиясы, кәсіби мамандар клубы және т.б.) құру;

      өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесін әзірлеу және келісу (оның ішінде аталған зерттеулерге мемлекеттік және мемлекетаралық қолдау көрсету мақсатында);

      мемлекетаралық және ұлттық ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ұсыныстар әзірлеу (оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық бағыты бойынша);

      техника бағыттары бойынша мемлекетаралық және ұлттық стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің ынтымақтастығын жандандыру;

      Достастыққа қатысушы мемлекеттер арасындағы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнімді өзара жеткізудің метрологиялық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды үйлестіру;

      сапаны басқару саласында кадрлар даярлау жүйелерін дамыту, оқу бағдарламаларын үйлестіру;

      өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің ғылыми-техникалық, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік проблемалары бойынша халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

      Достастыққа қатысушы мемлекеттерде өндірілетін өнім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жариялап отыратын мерзімді басылым шығаруды ұйымдастыру;

      сапа саласында ұлттық және мемлекетаралық конкурстар ұйымдастыру және өткізу.

      Бұрын қабылданған құжаттарды дамыту және оларды ескере отырып, Достастыққа қатысушы мемлекеттерде аккредиттеу және сертификаттау рәсімдері; сертификатталған өнім; органдар мен сынақ зертханалары; сертификаттау және аккредиттеу саласындағы мамандар мен сарапшылар бойынша ақпараттық база құру туралы ұсыныстар әзірлеу қажет.

      Сондай-ақ сертификаттау инфрақұрылымдарын құру мен олардың жұмыс істеуінің келісілген нормативтік және құқықтық базасын әзірлеу, ИСО 9000 және 14000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес өнімді жобалау, әзірлеу, өндіру, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапа жүйелерін құру мен сертификаттаудың жалпы әдіснамасын қалыптастыру қажет, оның ішінде:

      сапа жүйелеріне қойылатын талаптар;

      сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау органдары мен сарапшыларына қойылатын халықаралық немесе ұлттық талаптар;

      сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттауға өтінім беру, оларды қарау және сертификаттау туралы шешім қабылдау рәсімдері;

      кәсіпорындардың сапа жүйелеріне бағалау жүргізу рәсімдері;

      сертификаттарды қорғау нысандары мен әдістері;

      сертификаттарды ұсыну және олардың айналым тәртібі;

      кәсіпорындарды сертификаттар туралы хабардар ету тәртібі;

      сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау нәтижелерін өзара тану қағидалары мен рәсімдері;

      кәсіпорындардың сапа жүйелерін қайта бағалау (инспекциялық бақылау) рәсімдері;

      өнімнің негізгі түрлерінің сапасын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      сертификаттау инфрақұрылымдарының ұлтаралық желісін құру және қаржыландыру тәртібін әзірлеу, оның ішінде: сапа жүйелері бойынша консалтингтік ұйымдардың қызмет тәртібін белгілеу; сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау және тиісті консалтингтік қызметтер саласындағы баға саясатын әзірлеу; өнімді лицензиялау жөніндегі келісілген саясатты қалыптастыру.

3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері

3.1. Ынтымақтастықтың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру және жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ету

      Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өнім сапасы проблемаларымен айналысатын мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми ұйымдарының (академиялардың, ғылыми орталықтардың және т.б.) ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында:

      өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті әзірлеу мен іске асыруға, сондай-ақ ынтымақтастықтың жекелеген техникалық бағыттарын үйлестіруге жауапты ұлттық ұйымдарды айқындау (нотификациялау);

      өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйелері инфрақұрылымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      сапа саласында бірлескен зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ететін ғылыми және ғылыми-білім беру құрылымдарын (халықаралық сапа академиясы, кәсіби мамандар клубы және т.б.) құруға жәрдемдесу қажет.

      Тұжырымдаманы іске асыруда ұйымдастырушылық рөлді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті атқарады; бұл ретте Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен (МГС), Ғылыми-технологиялық даму жөніндегі мемлекетаралық комитетпен (МК НТР), Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру кеңесімен (МКС НТИ), Машина жасау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі министрліктер мен ведомстволар басшыларының мемлекетаралық кеңесімен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа да органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау маңызды бағыт болып саналады. Мұндай өзара іс-қимылдың қажеттілігі мен маңыздылығы өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі проблемасының кешенді сипатымен және оны жүйелі деңгейде шешу қажеттілігімен айқындалады, бұл ретте мыналар ескерілуге тиіс:

      Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өндірістік-техникалық әлеуетін дамыту, ұтымды орналастыру және тиімді пайдалану;

      мемлекеттік емес қаржыландыру көздерін пайдалану;

      қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялауды қамтамасыз ету;

      ғылыми-техникалық ынтымақтастық;

      аса маңызды әлеуметтік міндеттерді шешу.

3.2. Ынтымақтастықты нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

      Сертификаттау инфрақұрылымдарының қызметін құқықтық реттеуді қамтамасыз ету мақсатында:

      стандарттау, сертификаттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу, метрология және қызметтің сабақтас түрлері саласындағы ұлттық нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізу және ұлттық заңнаманы жетілдіру мен үйлестірудің өзара келісілген жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

      өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу қажет.

3.3. Ынтымақтастықты қаржылық қамтамасыз ету

      Бірлескен жұмыстар бағдарламаларын қаржыландыру негізінен бюджеттен тыс қорлардың, оның ішінде инновациялық қорлар мен коммерциялық банктер қаражатының есебінен жүзеге асырылады деп болжанады.

      Тұжырымдамада көзделген іс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру нақты бағдарламалар мен жұмыстар бойынша үлестік қатысу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

                                ***

      Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі таяудағы міндет Достастыққа қатысушы мемлекеттердің жалпы басшылығымен ТМД Атқарушы комитеті негізгі ережелері ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қабылдаған құжаттарды дамытатын өнім сапасын қамтамасыз ету саласындағы келісілген кешенді Мемлекетаралық жұмыстар бағдарламасын әзірлеу болуға тиіс.

      Аталған бағдарламаны әзірлеу үшін Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі саласында жұмыс істейтін мемлекеттік басқару органдарының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының (ТМД АК, МГС, МК НТР, МКС НТИ және т.б.) өкілдерінен, сондай-ақ осы саладағы құзыретті мамандардан жұмыс тобын құру қажет.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар