Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 819 Жарлығы

2011 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарттың 4-бабына сәйкес 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      

1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.      

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін және бір ай ішінде өзгерістері туралы хабардар етсін.      

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының      Президенті                                    Н.Назарбаев

 

Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің     

2014 жылғы 23 мамырдағы№ 819 Жарлығымен   

БЕКІТІЛГЕН       

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.

      

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - уәкілетті орган      

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы      

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті      

4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі      

5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы