Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Тергеу сотына өтінішхат қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы прокурордың өтінішіне қоса берілген барлық материалдармен танысуға

Тергеу сотына өтінішхат қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы прокурордың өтінішіне қоса берілген барлық материалдармен танысуға

Тергеу сотына өтінішхат қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы прокурордың өтінішіне қоса берілген барлық материалдармен танысуға 

 

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотына

Мактаарал ауданы, Мырзакент елді мекені, Мадиходжаев көшесі № 17 үй.

130209@sud.kz

 

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, 

Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: АЕ  Канатбаевич

ИИН ...................

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы..... ауылы, Жастар көшесі, 12 үй.

 

 

Өтінішхат

 

2025 жыл 7 наурыз күні тергеу Мақтаарал аудандық сотына Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың Мақтаарал ауданының прокурорымен келісілген "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші келіп түскен №255143031000056  қылмыстық іс бойынша ол бойынша: АЕ  Канатбаевич ИИН 861106302013, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі-ҚК) 174-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктенеді.  

Онда сотқа дейінгі тергеу органы АЕ  Канатбаевич ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктенетінін, тергеу мен соттан кедергі келтіріп, жасырынып, сондай-ақ қылмыстық әрекетін жалғастыра алатынын уәждейді.

         ҚПК - нің 55, 148 – баптарын басшылыққа ала отырып,  сот қаулы етті: Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың Мақтаарал ауданының прокурорымен келісілген АЕ  Канатбаевичке қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылсын. АЕ  Канатбаевичке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілсін деген шешімге келген.

         ҚР ҚПК-нің 70-бабына сәйкес қорғаушы іске кірген сәттен бастап оның қорғаушысына қатысты істің мынадай материалдарымен: ондағы дербес деректерді қоспағанда, жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтінішпен, адамның хабарламасымен; ондағы дербес деректерді қоспағанда, мұндай өтінішті, хабарламаны сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы баянатпен танысуға құқылы; қорғаушының қатысуымен жүргізілген тергеу және іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен.

         ҚР ҚІЖК-нің 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтінішхатпен жүгінген адамның немесе олар ұсынатын адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін процестік әрекеттерді жүргізу немесе процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттармен жүгінуге құқылы тұлғалар.

         Сондай-ақ, ҚР ҚІЖК-нің 148-бабында тергеу судьясы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініштерді қараған кезде тергеу судьясы қорғаушыны келіп түскен материалдармен таныстырады.

         Жоғарыда аталғанның негізінде және ҚР ҚПК 70, 99, 148-баптарына сәйкес,

 

Соттан сұраймын:

·        Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың АЕ  К  қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішіне қоса берілген барлық материалдармен танысуға мүмкіндік беруді;

·        Барлық қоса берілген материалдарды электрондық пошта info@zakonpravo.kz жіберу.

 

 

Құрметпен,

Адвокат:                              Саржанов Галымжан Турлыбекович

  

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу