Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Тергеу сотына Шағым прокурордың және тергеушінің әрекеттеріне

Тергеу сотына Шағым прокурордың және тергеушінің әрекеттеріне

Тергеу сотына Шағым прокурордың және тергеушінің әрекеттеріне

 

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотына

Мактаарал ауданы, Мырзакент елді мекені, Мадиходжаев көшесі № 17 үй.

130209@sud.kz

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, 

Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: АЕ Канатбаевич

ИИН ....

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Н ауылы, Жастар көшесі, 12 үй.

 

Шағым

(ҚР ҚПК-нің 106 бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорының,  Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекеттеріне)

Құрметті Сот, біздің сізге жүгінуімізге себеп болған жағдай – менің қорғауымдағы Е.К А-қа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында орын алған өрескел әділетсіздік пен заңсыздық, біз полиция мен прокуратураның біліксіз қызметкерлерінің жауапсыз әрекеттеріне қатты наразымыз. Олардың бұл әрекеттері құқық қорғау органдары қызметкерінің абыройлы атына нұқсан келтіруде.

"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.

Сонымен Қылмыстық заңнаманы бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдарына келер болсақ, 12.04.2025 жыл 11:01 сағатта, Е-өтініш электронды порталы бойынша тіркеу №ЗТ-2025-01196565, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекетіне ҚР ҚПК 24, 58, 64, 65-1,78, 99, 100, 105 баптарынана сәйкес, басшылыққа ала отырып шағым жазған болатынбыз төмендегіні сұрап:

·        Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдауды;

·        Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды;

·        Күдікті Е.К А-тан 2025 жыл 1 наурыз күні 15 сағ. 35 минуттан 16 сағат 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын - заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастауды;

·        Прокуратура тарпынан Прокурорлық қадағалау кезіндегі алу жүргізілген материалдармен қорғау тарпын танстыруды;

·        Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 105 бабында, 2 бөлігімен белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.

ҚР ҚПК 58-бабында көрсетілгендей Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам және оған негіздер болған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асырады.

Істің мән жайына келер болсақ Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың (Әрі қарай Тергеуші) өндірісінде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К А-қа (Әрі қарай Күдікті) қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.  

Тергеу барысында Е.К А- дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін күдікті деп танылып, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды. 

ҚР ҚПК 99-бабына сай Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.

      Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.

 

Тергеушінің пайымдауы бойынша “Күдікті Е.А- 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).

Осыған орай 04.04.2025 жыл қорғаушы тарапынан тергеушіге Күдіктіден жауап алу хаттамасын заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастау туралы өтінішхат жолдаған болатынбыз.

Тергеу өзінің уәждерін жан жақты тергеп тексеріп анықтау мақсатында 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын толтырған.

ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімі Күдіктiден жауап алу ерекшеліктеріне келер болсақ онда осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті делінген.

Алайда Қорғау трапынан 03.04.2025 жыл тергеу изоляторында Е.К А-пен аталған хаттаманы, онда берілген жауаптарды талқылау барысында, тергеу тарапынан қылмыстық заңнаманың ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімінің өрескел бұзылуы анықталды. 

Анығын айтқанда 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу кезінде қорғаушының қатыспағандығы анықталып, Хаттамадағы қорғаушы ретінде шақырылған С.Акназаровтың қолы кешірек немесе басқа адаммен қойылған деп есептейміз.

Сонымен тергеуші Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 60-64, 80, 81, 110, 115, 197, 199, 208-210, 212, 216 баптарының нормаларын сақтамай Кодекстiң талаптары бұза отырып жауап алынғандығы анықталып отыр. 

ҚР ҚПК 64-бап. Күдікті Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.

Алайда тергеу тарапынан аталған бап нормалары формальді түрде жасалынып шын мәнәнде Күдіктіге жауап алу алдында құқықтары түсіндірілмеген.

ҚПК 112-бабына сай  Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде: Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.

ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

Алайда 09 сәуір 2025 жылы тергеуші Өтініш хатты қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулы шығарды онда тергеуші өз қаулысының анықтау бөлімінде:   “Қорғаушы Саржанов Галымжан Турлыбековичтың талап тілегі қанағаттандырудан бас тартуға жатады. Себебі 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдікті Е.А-тан жауап алу хаттамасын толтыру барысында Е.К.А-тың қорғаушы ретінде С.Акназаров қатыстырылған.

Қатыстырылу барысында ВЕБ-ЕРДР жүйесімен күдікті Е.К.А-тан жауап алынып қорғаушысы С.Акназаровпен бірге қол қойылған. ВЕБ-ЕРДР жүйесінде кез-келген тұлғадан жауап алу барысында электронды түрде қол қойылып жүктелгеннен кейін, қайта процестік хаттамаға кіріп мүлде қайтадан қол қоюға мүмкіншілік жоқ.” деп жауап қайтарған.

Алайда тергеуші қорғау тарапынан берілген мән жайларды ескермей, істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолданбай істі бір жақты қарап, тек күдіктіні айыптау тарапын ғана ұстанып заң бұзушылыққа жол беріп отыр.

ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.

Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, Прокуратураға біздің аталған уәждерімізді тексеру барысында:

1)    Тергеушінің кабинетінде орналасқан Бейне жазба таспасының 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдікті Е.А-тан жауап алу кезіндегі уақытта түсірілген ақпаратқа, бейне таспасынан алу жүргізуді;

2)    2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында тергеу амладарына қатысқан қорғаушы С.Акназаровтың телефон нөміріне детеализацисына алу жүргізіп қорғаушының тергеу амалдары кезіндегі уақытта полиция бөліміне тиесілі байланыс оператры вышкасының аумағанда болуы немесе болмауын анықтау.

арқылы шындыққа қол жеткізуге болады деген үмітпен Прокуратурадан аталған іс шаралады жүргізуді сұраған едік. 

          Алайда 2025 жыл 17 сәуірдегі Мақтаарал ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі Досаев А.Т., шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысында, қорғау тарапы ұсынған ісшаралардың жүргізілгендігі жайлы ақпрататр жоқ, кересінше Прокурор «Қорғаушының күдікті Е.К А-тан 01.03.2025ж. жауап алу хаттамасын заңсыз деп танып, дәлелдеме қатарынан алып тастау жөніндегі уәждері объективті деректермен бекітілмеген». Деген уіжге келіп дәлелдемелерді жинауды Қорғау тарпына ысырып тастап отыр.

          Қорғаушының құзіретіне телефон нөмірінің детеализацисына алу жүргізу және АПБ аудио бейна жазбасын алу кірмейді. Бұл жағдайда Прокуратура өз құзіреті шегінда телефон нөмірінің детеализацисына алу жүргізуді және АПБ аудио бейна жазбасын алу жүргізуге мүмкіншілігі бола тұра тергеушінің заңбұзушылық іс әрекеттерін әшкерелейтін материалдарға алу жүргізбегені Прокуратура тарапынан өрескел заң бұзушылық болып отыр.

Прокуратура аталған материалдарға алу жүргізіп, сол материалдармен қорғау тарпын танстырып дәлелдемелерді ұсынса Қорғау тарпынан ешқандай күмән баолмас еді. Қорғаушы іс бойынша күмән тудыратын процессуалдық әрекеттерді дәлелдуге міндетті емес, Крісінше прокуратра күмән тудыратын трегу амалдарын тергеп тексеруге міндетті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 19-бабы «Кiнәсiздiк презумпциясы» нормасында көрсетілгендей Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс делінген.

ҚР ҚПК 106-бабына сай қылмыстық іс бойынша Күдіктінің құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы делінген.

Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 106 баптарынана сәйкес,

Соттан сұраймыз:

·        Тергеушінің 09 сәуір 2025 жылғы қабылданған қорғаушының Өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысын – заңсыз деп танып күшін жоюды;

·        Мақтаарал ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі А.Т.Досаевтың 2025 жыл 17 сәуірдегі Қорғаушының шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысын – заңсыз деп танып күшін жоюды;

·        Прокурор мен тергеушіге қылмыстық іс бойынша Е.К. А-тың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою міндетін жүктеуді;

·        Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында және қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында жеке ұйғарым қабылдауды.

Ізгі ниетпен,

Қорғаушы:                                Саржанов Галымжан Турлыбекович

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу