Тергеу сотына шағым тергеушінің қабылданған қорғаушының Өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысын – заңсыз деп танып күшін туралы
Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотына
Мактаарал ауданы, Мырзакент елді мекені, Мадиходжаев көшесі № 17 үй.
Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: АЕ К
ИИН
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, ауылы, Жастар көшесі, 12 үй.
Шағым
(ҚР ҚПК-нің 106 бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорының, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекеттеріне)
Құрметті Сот, біздің сізге жүгінуімізге себеп болған жағдай – менің қорғауымдағы Е.К Ақа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында орын алған өрескел әділетсіздік пен заңсыздық, және алдау, біз полиция мен прокуратураның біліксіз қызметкерлерінің жауапсыз әрекеттеріне қатты наразымыз. Олардың бұл әрекеттері құқық қорғау органдары қызметкерінің абыройлы атына нұқсан келтіруде.
Алдын Сіздің өндірісіңізде АЕ К қорғаушысы тарапынан ҚР ҚПК-нің 106 бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорының, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекеттеріне берілген №5143-25-00-2-5м/4 іс материалдары қаралуға дайындық барыснда. 01.04.2025 жыл Қорғау тарапына алдын ала тергеу тарапынан және аудандық прокуратура тарапынан жіберілген барлық заң бұзушылықтарды жоюға және қорғау тарпының барлық өтінішхаттарын қанағаттандыруға уәде етіп сотқа жіберілген Шағымды қайтарып алуға өтініш етуіне байланысты. ҚР ҚПК 100-бабының 5-тармағына сәйкес және ҚР ҚПК 102-бабында көрсетілген мерзімдер аяқталғанға дейін қайтадан беруге кедергі келтірмейді делінген нормларды бассышылыққа ала отырып тергеу сотындағы іс материалдарына қатысты шағымды 01.04.2025 жыл қараусыз қалдырып қайтарып алған едік.
Алайда, бүгін 04.04.2025 жыл 20:30 сағатқа дейін уәде еткен тергеу және прокуратура тарапы мойнына алған уіделерін орындамай, аманатқа қиянат жасап, қорғау тарпын алдап әр түрлі сылтаулармен уақыт созуда.
"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.
Сонымен Қылмыстық заңнаманы бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдарына келер болсақ, 19.03.2025 жыл 15:54 сағатта, Е-өтініш электронды порталы бойынша тіркеу №ЗТ-2025-00914210, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекетіне ҚР ҚПК 24, 58, 64, 65-1,78, 99, 100, 105 баптарынана сәйкес, басшылыққа ала отырып шағым жазған болатынбыз төмендегіні сұрап:
· Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдауды;
· Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды;
· Тергеушінің 13 наурыз 2025 жылғы қабылданған қорғаушының Өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысын заңсыз деп танып, Өтінішхатты қанағаттандыруды тапсыру;
· Күдікті Е.К А ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» уағызының сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» «Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтемесін немсес аудио-видео роликтің көшірмесін қорғашыға беруді тергеушіге міндеттеуді;
· Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 105 бабында, 2 бөлігімен белгіленген мерзімде жауап беруін.
Алайда жауапты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурасының қызметкері Саржан Еркебұлан Ержанұлы ҚР ҚПК 105 бабын пысқырмай, өзінің жеке процессуалдық көдексін басшылыққа алып сондағы өзі бекіткен процессуалдық мерзіммен жұмыс атқаруда. Атап айтқанда прокуратруа тарапынан процессуалдық заңнамада көрсетілген мерзімде жауап келмеді.
ҚР ҚПК 58-бабында көрсетілгендей Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам және оған негіздер болған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асырады.
Істің мән жайына келер болсақ Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың (Әрі қарай Тергеуші) өндірісінде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К Ақа (Әрі қарай Күдікті) қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.
Тергеу барысында Е.К А дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін күдікті деп танылып, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚПК 99-бабына сай Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.
Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.
Тергеушінің пайымдауы бойынша “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.
Осыған орай 09.03.2025 жыл 14:22 сағатта қорғаушы тарапынан тергеушіге өтінішхат жолдаған болатынбыз (14:29 сағатта Өтінішхаттың көшірмесін тергеушінің Ватсап нөміріне қоса жіберлілді), онда бізге тергеушіден күдікті Е.К Атың ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтемесін немсес аудио-видео роликтің көшірмесін алу қажеттілігі туындап тұрғанын айтып өтінішхат ретінде жолдадық.
Алайда 13 наурыз 2025 жылы тергеуші Өтініш хатты қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулы шығарды онда тергеуші: “11.03.2025 жылы күдікті Е.Атың адвокаттық қызметпен айналысуға №20015783 лицензиясы бар Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Саржанов Галымжан Турлыбекович №ЗТ-2025-00785838 санымен е-өтініш порталы арқылы өтініш жазып түсірген.
Аталған өтініш хатта Күдікті Е.К А ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» уағызының сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтемесін немсе саудио-видео роликтің көшірмесін беруді – деп көрсеткен.
Қорғаушы Саржанов Галымжан Турлыбековичтың талап тілегі қанағаттандырудан бас тартуға жатады. Себебі сіз сұратып жатқан материалдар құпия болуына байланысты және жасырын тергеу амалдары қазіргі таңда құпиясыздандырылмағандықтан сіз сұратып отырған құжаттар берілуден бас тартылады».
Жоғарыда аталған Терегушінің 13 наурыз 2025 жылғы Өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысымен келісе алмаймыз, өйткені біз тергеушіден жасырын тергеу амалдарымен алынған материалдарды сұрап жатқан жоқпыз, біз Күдікті Е.К А ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» уағызының сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтемесін немсе аудио-видео роликтің көшірмесін беруді сұрадық.
Алайда тергеуші аталған мән жайларды ескермей, істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолданбай істі бір жақты қарап, тек күдіктіні айыптау тарапын ғана ұстанып отыр.
ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
ҚР ҚПК 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтінішхатпен жүгінген немесе олар өкілдік ететін адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін процестік әрекеттерді жүргізу немесе процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттармен жүгінуге құқылы тұлғалар.
ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледі. Прокурордың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi.
Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуді уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қабылдау қажет болатын айрықша жағдайларда шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 19-бабы «Кiнәсiздiк презумпциясы» нормасында көрсетілгендей Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. Сонмен бірге Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
ҚР ҚПК 106-бабына сай қылмыстық іс бойынша Күдіктінің құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы делінген.
Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 106 баптарынана сәйкес,
Соттан сұраймыз:
· Тергеушінің 13 наурыз 2025 жылғы қабылданған қорғаушының Өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысын – заңсыз деп танып күшін жоюды;
· Күдікті Е.К А ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» уағызының сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» «Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтемесін немсес аудио-видео роликтің көшірмесін қорғаушыға беруді прокурорға және тергеушіге міндеттеуді;
· Прокурор мен тергеушіге қылмыстық іс бойынша Е.К. Атың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою міндетін жүктеуді және барлық жолданған өтініштерге жедел жауап беру қамтамасыз етуді;
· Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында және қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында жеке ұйғарым қабылдауды.
Ізгі ниетпен,
Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жалоба в След суд 002
11 рет жүктеп алынды