Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Тергеушіге арыз күдіктіге қоғамдық (қосымша) қорғаушысы ретінде туысқанын тануын сұрау бойынша

Тергеушіге арыз күдіктіге қоғамдық (қосымша) қорғаушысы ретінде туысқанын тануын сұрау бойынша

Тергеушіге арыз күдіктіге қоғамдық (қосымша) қорғаушысы ретінде туысқанын тануын сұрау бойынша 

 

ММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментінің 

Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылыққа

Түркістан обл      ысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, 

Мәдіқожаев көшесі, 14У ғимараты. 8 725 41 2 12  02

+7 778 941 02 07. 

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,

 Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: А. Е. Канатбаевич

ИИН ..

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Н Есентаев ауылы, Жастар көшесі, .. үй.

 

Арыз

Сіздің өндірісіңізде ҚР ҚК 174-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К А.. қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.  

Тергеу барысында Е.К А.  Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып сот санкциясымен Түркістан облысының тергеу изоляторы ИЧ 167/11, мекен жайы Шымкент қаласы, мкр. Сауле, 82/1 үй, қамауға алынған.

06 мамыр 2025 жыл Тергеу изоляторында отырған күдікті Е.К А. өзінің ағасын А. Е. Консыпаевичті ИИН .., өзінің қоғамдық (қосымша) қорғаушысы ретінде тануыңызды сұрап өз арызын Түркістан облысының тергеу изоляторының арнайы бөлімі арқылы арызын сізге жолдады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 66-бабы, 2 бөлігі бойынша Адвокат қорғаушы ретiнде қатысады. Адвокат қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысқан кезде қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның жазбаша арызы бойынша оларды адвокатпен қатар қорғауды мына адамдардың біреуі: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қорғаншысы, қамқоршысы не қорғалатын адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады.

Жоғарыда айтылғандардың негіздердін басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 66-бабы, 2 бөлігне сай,

Сұраймыз:

·        күдікті Е.К А. ағасын А. Е. Консыпаевичті ИИН . қоғамдық қорғаушы ретінде тануыңызды;

·        Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 99 бабында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.

 

Құрметпен,

Адвокат:                              Саржанов Галымжан Турлыбекович

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы