Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Тергеушіге Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру туралы

Тергеушіге Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру туралы

Тергеушіге Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру туралы

 

ММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментінің 

Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылыққа

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті,

 Мәдіқожаев көшесі, 14У ғимараты. 8 725 41 2 12  02

+7 778 941 02 07.  

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы

 ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: АЕК

ИИН  

Түркістан облысы, М  ауданы, Н Е  ауылы, Ж  көшесі, 12 үй.

 

 

Өтінішхат

қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру туралы

 

Сіздің өндірісіңізде ҚР ҚК 174-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К Ақа қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.   

Тергеу барысында Е.К А  Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

ҚР ҚПК 64-бабының 9-тармағына сәйкес, күдіктінің қорғаушы шақыруға құқығы бар, ол бұл құқықты өзі, сондай-ақ жақын туыстары немесе сенімді өкілдері арқылы жүзеге асыра алады. Егер күдікті, оның туыстары немесе сенімді өкілдері қорғаушы шақырмаса, тергеу органы қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті (ҚР ҚПК 67-бабының 3-бөлігіне сәйкес).

Осыған байланысты, ҚР ҚПК 64-бабы және 70-бабы негізінде,

ҚР ҚПК 99-бабына сай Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.

      Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.

          Жоғарыда аталғанның негізінеде жіне ҚР ҚПК 99-бабын басшылыққа ала отырып,

 

Сізден сұраймын:

 

·        Қорғаушы-адвокат Саржанов Галымжан Тұрлыбековичті, №255143031000056 қылмыстық іс  бойынша Е.К Атың қорғаушысы ретінде қатысуына рұқсат беруіңізді;

·        Е.К Атан жауап алу хаттамасын, және Е.К Атың қатысуымен жасалған басқа да процестік құжаттармен таныстырып ұсынуды.

·        Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 99 бабында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.

 

Құрметпен,

Адвокат:                              Саржанов Галымжан Турлыбекович

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу