Тергеушінің Іс бойынша қорғаушының арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылдаған Қаулысын – заңсыз деп тану
Внимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию. Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Жамбыл облысы Шу ауданаралық прокурорына
Казахстан, Жамбыл обл., с. Толе би ул. Асатулы 13 +7 7263 83 14 00
Қорғаушыдан: «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Медеу ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: Ш.Ә.А. ИИН . Мекен жайы: Жамбыл облысы, .. қаласы, Қуандық .... көшесі, 2/1 үй.
Шағым
Жамбыл облысы полиция департаменті Шу ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі Тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Г.К Кикымбаевтың қарауында, 1990 жылғы 8 қыркүйекте Жамбыл облысында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасынаң Қылмыстық кодессінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1,4 тармақтары бойынша алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса iрi мөлшерде бөтен мүлiкке құқықты иемденуді бірнеше рет жасаған деп сараланған күдікті Ә.А. Ш. қатысты №223166031000176 қылмыстық ісі бар. 2022 жылғы 24 мамырда сағат 18:30-да сотқа дейінгі тергеп – тексеру органымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК) 128-131 баптарына сай ұсталып, Шу АПБ-нің УҰИ-на, әрі қарай сот санкциясымен Тергеу изоляторына Күдікті қамаққа алынған.
Осыған орай Күдікті, күйеуі Жамбыл облысы, Шу қаласы, Қ.... көшесі, 2/1 үй тұрғыны Т.Г.Ж. ИИН . қосымша қорғаушысы ретінде тануды тергеушіден сұраған. Алайда 07.06.2022 жылғы тергеуші Іс бойынша қорғаушы Г.Саржанов пен күдікті Ә.Ш. арызы қанағаттандырудан бас тартуға жатады себебі, іс бойынша жауап алынған жәбірленушілер Ә.Ш. ақшаларын берген кезде күйеуі Г.Тугельбаев көргенін, Ә.Шаймерденованың іс-әрекеті анықталған кезде мекенжайына барып ақшаларын сұрағанда күйеуі Г.Т., қайын сіңілісі Балауса және анасы Н.Ш. ақшаларын қайтарып беретіндерін айтып, арызданбауларын өтінгендерін көрсеткен.
Тергеушінің Іс бойынша қорғаушының арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылдаған Қаулысын – заңсыз деп тану
Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша күдікті Ә.Ш. туыстарының бұл іске қатыстары бар жоқтығын анықтау мақсатында олардан жауап алу қажеттілігі туындауда деген негізбен күдіктінің және қорғаушының талап-тілегін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы қабылдаған. ҚР ҚПК 64, 65-1,78 баптарыеа сай куә, күдікті, қорғалуға құқығы бар куә қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға құқылы. Қылмыстық процеске қатысушылар ҚР ҚПК 99 бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы. Егер өтінішхат iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге ықпал ететін болса, ол қанағаттандырылуға тиiс. Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады.
Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс. Қылмыстық процестi жүргізетін орган өтiнiшхатты қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тарту туралы уәждi қаулы шығарып, ол өтiнiшхатты мәлімдеген тұлғаға жеткiзiледi. Өтiнiшхат жөнiндегi шешiмге осы Кодексте белгiленген шағым беру мен оны қараудың жалпы қағидалары бойынша шағым жасалуы мүмкiн. ҚР ҚПК 24 бабына сай тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледi ҚР ҚПК 105-бабына сай. ҚР ҚПК 58-бабында көрсетілгендей Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам және оған негіздер болған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асырады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 24, 58, 64, 65-1,78, 99, 100, 105 баптарынана сәйкес,
ӨТІНЕМІН:
- 06.2022 жылғы тергеушінің Іс бойынша қорғаушы Г.Саржанов пен күдікті Ә.Ш. арызы қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылдаған Қаулысын – заңсыз деп тану;
- Өтінішхатқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 105-бабына сай заңмен көзделген уақытта жауап беруіңізді.
Қорғаушы: ___________/ Саржанов Галымжан Турлыбекович «___»_______2022 жыл
#Адвокат #Заңгер #Заң қызметі #Қорғау Компания Фирма #Азаматтық #Қылмыстық #Әкімшілік #Төрелік #Арбитраж даулары #Алматы #Қазақстан #Адвокат #Юрист #Юридическая услуга #Защита Компания #Адвокатская контора #Гражданские #Уголовные #Административные #Арбитражные дела споры #Алматы #Казахстан
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы