Титан оксидтеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік бажы мөлшерлемесін белгілеу туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 76 шешімі.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-баптарына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 кодымен сыныпталатын титан оксидтеріне қатысты әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 31 қазанды қоса алғанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге сілтеме "91С)" "123С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
91С ескертпесі күшін жойды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 123С ескертпесімен толықтырылсын:
"123С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 76 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.10.2028 қоса алғанға дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
| Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері: |
|---|
| || - |
Армения Республикасынан
М. Григорян
| || - |
Беларусь Республикасынан
Н. Петкевич
| || - |
Қазақстан Республикасынан
С. Жұманғарин
| || - |
Қырғыз Республикасынан
Д. Амангелдиев
| || - |
Ресей Федерациясынан
А. Оверчук
Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар