Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік бажы мөлшерлемесін белгілеу туралы

Титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік бажы мөлшерлемесін белгілеу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік бажы мөлшерлемесін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 11 тамыздағы № 102 шешімі.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-баптарына және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 1 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 кодымен сыныпталатын титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы кезеңге кедендік құнның 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты "89С)" деген ескертпеге сілтеме "124С)" деген сілтемемен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты ескертпелерде:

      89С ескертпесі күшін жойды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 124С ескертпесімен толықтырылсын:

      "124С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 11 тамыздағы № 102 Шешімі күшіне енген күннен бастап 31.08.2028 жылды қоса алғандағы кезеңде қолданылады.".

      3. Осы Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сагинтаев

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар