«Тоңазытқыш жабдықтарын өндіруге арналған өндірістік базаны салу және өндірістік қуаттарды құру» кооперациялық жобасы туралы және қаржы ұйымына субсидия беру туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 84 шешімі.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 92-бабы 4-тармағының 5) тармақшасына және 9-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларын іріктеу және оларды іске асыру кезінде қаржылық жәрдем көрсету туралы ережеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген (бұдан әрі – Ереже), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. «Тоңазытқыш жабдықтарын өндіруге арналған өндірістік базаны салу және өндірістік қуаттарды құру» кооперациялық жобасын (бұдан әрі – кооперациялық жоба) кооперациялық жобаның паспортына сәйкес мақұлдап, оның Ереженің II бөлімінде көзделген кооперациялық жобаларды іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келетінін тану.
2. Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінен «Совкомбанк» жария акционерлік қоғамына кооперациялық жобаны іске асыруға берілген кредит бойынша алынбаған кірістерді өтеуге субсидия беру туралы келісім жобасын (қоса беріледі) мақұлдау және субсидия мөлшерін осы Шешім қабылданған күнгі Ресей Федерациясы Орталық банкінің 14,25 пайыз мөлшеріндегі негізгі мөлшерлемесін ескере отырып, 205 875 607,57 Ресей рублі мөлшерінде айқындау.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес келісім жасасуды және мынадай ақшалай қаражаттың шекті көлемдерін ескере отырып, субсидия беруді қамтамасыз етуді тапсыру:
2026 жылы – 16 163 013,70 Ресей рублі;
2027 жылы – 64 125 000,01 Ресей рублі;
2028 жылы – 58 445 800,57 Ресей рублі;
2029 жылы – 40 425 134,74 Ресей рублі;
2030 жылы – 22 136 301,39 Ресей рублі;
2031 жылы – 4 580 357,16 Ресей рублі.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері: |
|---|
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| М. Григорян | Н. Петкевич | С. Жұманғарин | Д. Амангелдиев | А. Оверчук |
КЕЛІСІМ
«Тоңазытқыш жабдықтарын өндіруге арналған өндірістік базаны салу және өндірістік қуаттарды құру» кооперациялық жобасын іске асыруға берілген кредит бойынша алынбаған кірістерді өтеу үшін «Совкомбанк» жария акционерлік қоғамына Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінен субсидия беру туралы
№ _____
| Мәскеу қаласы | «___» __________ 2026 жыл |
|---|
Еуразиялық экономикалық комиссия, бұдан әрі – Комиссия деп аталатын, сенімхат негізінде әрекет ететін (ТАӘ, лауазымы) тұлғасында, 20__ жылғы _____ № _____ сенімхат негізінде әрекет ететін, және «Совкомбанк» жария акционерлік қоғамы, бұдан әрі – Қаржы ұйымы деп аталатын, (ТАӘ, лауазымы) тұлғасында, (сенімхат) негізінде әрекет ететін, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар, 2014 жылғы 10 қазандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 78 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті туралы ережеге, 2023 жылғы 25 мамырдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 4 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларын іске асыру кезінде қаржылық жәрдем көрсету туралы» шешіміне, 2023 жылғы 26 қазандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің № 3 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларын іріктеу және оларды іске асыру кезінде қаржылық жәрдем көрсету туралы ережені бекіту туралы» шешіміне (бұдан әрі – Ереже), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларын іске асыру кезінде қаржылық жәрдем көрсету тетігіне қатысатын қаржы ұйымдарының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 47 өкімімен бекітілген тізбесіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Тоңазытқыш жабдықтарын өндіруге арналған өндірістік базаны салу және өндірістік қуаттарды құру» кооперациялық жобасы туралы және қаржы ұйымына субсидия беру туралы» 20__ жылғы «___» ______ № ____ шешіміне (бұдан әрі – Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімі) сәйкес төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
I. Келісімнің нысанасы
1.1. Келісімнің нысанасы Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің «Тоңазытқыш жабдықтарын өндіруге арналған өндірістік базаны салу және өндірістік қуаттарды құру» кооперациялық жобасын (бұдан әрі – Кооперациялық жоба) іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету мақсатында Одақ бюджетінен Қаржы ұйымына субсидия беру болып табылады. Бұл ретте субсидия Қаржы ұйымының қарыз алушы «ЗАВОД ГРАДИЕНТ» ЖШҚ-на кредит шарты бойынша берген кредиті бойынша алынбаған кірістерін өтеу арқылы беріледі (бұдан әрі – субсидия).
1.2. Субсидия Қаржы ұйымына Кооперациялық жобаны іске асыру үшін қарыз алушыға (кредит алушыға) жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме бойынша кредит беру салдарынан туындаған алынбаған кірістерді өтеу үшін, Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімімен белгіленген негізгі талаптарды ескере отырып беріледі.
1.3. Кооперациялық жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылғы III тоқсан – 2031 жылғы II тоқсан.
II. Субсидия беруді қаржылық қамтамасыз ету
2.1. Субсидия мөлшері 205 875 607 (екі жүз бес миллион сегіз жүз жетпіс бес мың алты жүз жеті) рубль 57 копейканы құрайды, оның ішінде:
2026 жылға: 16 163 013 (он алты миллион жүз алпыс үш мың он үш) рубль 70 копейка;
2027 жылға: 64 125 000 (алпыс төрт миллион жүз жиырма бес мың) рубль 01 копейка;
2028 жылға: 58 445 800 (елу сегіз миллион төрт жүз қырық бес мың сегіз жүз) рубль 57 копейка;
2029 жылға: 40 425 134 (қырық миллион төрт жүз жиырма бес мың жүз отыз төрт) рубль 74 копейка;
2030 жылға: 22 136 301 (жиырма екі миллион жүз отыз алты мың үш жүз бір) рубль 39 копейка;
2031 жылға: 4 580 357 (төрт миллион бес жүз сексен мың үш жүз елу жеті) рубль 16 копейка.
Келісім шеңберіндегі қаржыландыру Комиссияның бюджет қаражаты шығыстарының жіктеу коды – 10103050 бойынша бюджет жазбасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
2.2. 2027–2031 жылдары Келісім шеңберіндегі қаржыландыру Комиссияға 2027–2031 жылдары Одақ бюджетінен тиісті қаржы қаражаты бөлінген жағдайда жүзеге асырылады.
Комиссия Қаржы ұйымына Келісім шеңберінде қаржыландыру үшін Комиссияға қаржы қаражатының бөлінбегені туралы хабарлайды.
III. Субсидияны есептеу тәртібі және оны беру шарттары
3.1. Субсидия алынбаған кірістерді өтеу үшін Қаржы ұйымы Комиссияға Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қойған (Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасының тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын сенімхат қоса беріледі) субсидия беруге арналған өтінішті және Келісімнің 3.3.3-тармақшасында және Ереженің 34-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезде беріледі.
Субсидия Қаржы ұйымына Ресей Федерациясы Орталық банкінің Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімінде тіркелген негізгі мөлшерлемесінің 100 пайызы мөлшерінде, бірақ кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме мөлшерінен аспайтын көлемде беріледі.
Субсидия мөлшері Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес есептеледі.
3.2. Субсидия берудің шарты Қаржы ұйымының Комиссияға Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қойған (аталған тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қарыз алушының (кредит алушының) кредит шарты бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы, Кооперациялық жобаның іске асырылу барысы және іріктеу өлшемшарттарына Кооперациялық жобаның сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы Қаржы ұйымының Келісімге № 3 қосымшаға сәйкес нысандар бойынша есептерін мынадай мерзімдерде ұсынуы болып табылады:
3.2.1. тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-жұмыс күнінен кешіктірмей;
3.2.2. жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей (есепті жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен жасалады);
3.2.3. Кооперациялық жобаны іске асыру туралы қорытынды есеп – 2031 жылғы 30 сәуірге дейін.
3.3. Мәлімделген кезең үшін субсидия аудару:
3.3.1. Келісімнің VII бөлімінде көрсетілген Қаржы ұйымының банктік деректемелері бойынша;
3.3.2. № 4 қосымшаға сәйкес жоспар-кестемен айқындалған кезеңділікпен және Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімінде көзделген ақшалай қаражаттың шекті көлемдерін ескере отырып жүзеге асырылады. Жоспар-кесте нақты төлемдерді ескере отырып, қаржы жылының қорытындысы бойынша қосымша келісім жасасу арқылы түзетіледі;
3.3.3. Қаржы ұйымы Ереженің 34-тармағына сәйкес мынадай құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады:
№ 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беруге арналған өтініш;
қарыз алушының (кредит алушының) есептелген пайыздарды нақты төлегенін растайтын құжаттар (егер мұндай пайыздар болған жағдайда);
Ресей Федерациясының тиісті уәкілетті органының Қаржы ұйымының Ереженің 7-тармағының «а» – «в» және «е» тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы (қажетті құжаттарды қоса бере отырып) және қарыз алушының (кредит алушының) Ереженің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтамасы;
Қаржы ұйымы басшысының қолы қойылған, кредит шарты талаптарының Ереженің 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын өтініш;
Қарыз алушының (кредит алушының) қаржы қаражатын Ережеге № 2 қосымшада айқындалған мақсаттар тізбесіне сәйкес пайдаланғанын растайтын Қаржы ұйымының анықтамасы;
Келісімге № 2 қосымшаға және Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімінде тіркелген негізгі мөлшерлемеге сәйкес мәлімделген кезең үшін субсидия мөлшерінің есебі.
3.4. Комиссия Ереженің 35-тармағына сәйкес Келісімнің 3.3.3-тармақшасында көзделген құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде олардағы мәліметтердің толықтығын, ресімделу дұрыстығын және құжаттардың толық жинақталғанын тексереді, мәлімделген кезең үшін субсидия беру немесе субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы Қаржы ұйымына хабарлайды.
Комиссияға Келісімнің 3.3.3-тармақшасында көзделген, тиісінше ресімделмеген немесе толық көлемде ұсынылмаған құжаттар келіп түскен жағдайда, Комиссия мәлімделген кезең үшін субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оларды пысықтау әрі Комиссияға қайта жолдау мақсатында аталған құжаттарды Қаржы ұйымына қайтарады.
Келісімнің 3.3.3-тармақшасында көзделген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар тиісінше ресімделген және толық көлемде ұсынылған деп танылған жағдайда, Комиссия субсидия беру туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы Қаржы ұйымына хабарлайды.
Комиссия мәлімделген кезең үшін субсидия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мәлімделген кезең үшін субсидия төлеуді Комиссия Келісімнің 3.4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 8 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
3.5. Субсидия беруді тоқтата тұру және Комиссияның ақшалай қаражат аударуын тоқтату үшін негіздер мыналар болып табылады:
3.5.1. Қаржы ұйымына Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмейтіні және осы мәселені шешу қажеттігі туралы хабарлама жіберу;
3.5.2. Қаржы ұйымының қарыз алушының (кредит алушының) кредит шарты бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы және Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есептерді Ереженің 36-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынбауы;
3.5.3. Қаржы ұйымына оның Кооперациялық жобаға қатысуын тоқтататыны және Қаржы ұйымын ауыстыру қажеттігі туралы хабарлама жіберу;
3.5.4. Қаржы ұйымының Ереженің 7-тармағының «б» және «е» тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі.
3.6. Қаржы ұйымынан және (немесе) Одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік органынан алынған хабарлама негізінде анықталған немесе Комиссия Кооперациялық жобаны іске асыру барысында анықтаған субсидия беруді тоқтату үшін негіздер мыналар болып табылады:
3.6.1. Қарыз алушының (кредит алушының) немесе Қаржы ұйымының Комиссия Кеңесінің субсидия беруді тоқтата тұру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде анықталған бұзушылықтарды жоймауы;
3.6.2. Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмеуі;
3.6.3. Қарыз алушының (кредит алушының) қаржы қаражатын мақсатсыз пайдалануы;
3.6.4. Кредит шартының мерзімінен бұрын бұзылуы;
3.6.5. Қарыз алушының (кредит алушының) Кооперациялық жобаны іске асырудан бас тарту (оны тоқтата тұру) туралы шешім қабылдауы;
3.6.6. Қарыз алушыға (кредит алушыға) қатысты банкроттық рәсімін қозғау;
3.6.7. Қарыз алушының (кредит алушының) және (немесе) кредит шарты талаптарының Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) Қаржы ұйымына субсидия берудің шарты болып табылатын Ережеде белгіленген талаптардың сақталмауы.
IV. Тараптардың өзара іс-қимылы
4.1. Комиссия міндеттенеді:
4.1.1. Келісімнің III бөліміне сәйкес субсидия берілуін қамтамасыз етуге;
4.1.2. Қаржы ұйымы ұсынатын Келісімнің 3.3.3-тармақшасында көзделген құжаттарды Ережеге сәйкес Комиссияға келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асыруға;
4.1.3. Келісімнің 3.3 және 3.4-тармақтарына сәйкес субсидия аударуды қамтамасыз етуге;
4.1.4. Ереженің 9-тармағының «е» тармақшасында және Келісімнің 3.2-тармағында көрсетілген Кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы есептердің негізінде Кооперациялық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізуге;
4.1.5. Комиссия Қаржы ұйымының Келісімде көзделген міндеттемелерді орындамағаны фактісін анықтаған жағдайда, осы факт анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қаржы ұйымына бұл туралы жазбаша хабарлауға;
4.1.6. Комиссия Кеңесінің шешімі қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қаржы ұйымына мынадай шешімдер туралы жазбаша хабарлауға:
субсидия беруді тоқтата тұру туралы;
субсидия беруді қайта бастау туралы;
4.1.7. Қаржы ұйымы субсидия беруді тоқтата тұру туралы Комиссия Кеңесінің шешімі қабылданғанға дейін Келісімнің 3.5.2-тармақшасында көрсетілген бұзушылықты жойған жағдайда, Қаржы ұйымына субсидия аударуды қайта бастауға;
4.1.8. Комиссия Кеңесінің субсидия беруді тоқтату туралы шешімі қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қаржы ұйымына Келісімді бұзу және Қаржы ұйымының Кооперациялық жоба бойынша нақты төленген субсидия сомасының 100 пайызы мөлшеріндегі ақшалай қаражатты Келісімнің 6.5.1-тармақшасына сәйкес субсидияны қайтару туралы талапты алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қайтару қажеттігі туралы хабарлауға;
4.1.9. Қаржы ұйымы жіберген ұсыныстарды, құжаттарды және өзге де ақпаратты, оның ішінде Келісімнің 4.4.1-тармақшасына сәйкес жіберілген материалдарды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қарауға және қабылданған шешім туралы Қаржы ұйымына хабарлауға;
4.1.10. Келісімнің 4.4.2-тармақшасына сәйкес Қаржы ұйымының өтінішін алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде Келісімді орындауға байланысты мәселелер бойынша Қаржы ұйымына түсіндірмелер жіберуге;
4.1.11. Ережеде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға.
4.2. Комиссияның құқығы бар:
4.2.1. Ережеге, Комиссия Кеңесінің шешімдеріне және Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес Келісім талаптарын өзгерту туралы шешімдер қабылдауға;
4.2.2. Ережеде және Келісімде белгіленген субсидия беру тәртібі мен шарттарының Қаржы ұйымы тарапынан сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін Ереженің 34 және 36-тармақтарында көзделген құжаттар мен ақпаратты Қаржы ұйымынан сұратуға;
4.2.3. Келісімнің 3.5-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, Ереженің 46-тармағына сәйкес субсидия беруді қайта бастау туралы Комиссия Кеңесінің шешімі қабылданғанға дейін ақшалай қаражат аударуды тоқтатуға;
4.2.4. Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
4.3. Қаржы ұйымы міндеттенеді:
4.3.1. Келісімнің 3.3.3-тармақшасында және Ереженің 34-тармағында көзделген құжаттарды есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жіберуге;
4.3.2. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қойған (аталған тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) Келісімге № 3 қосымшада көзделген нысандар бойынша Комиссияға мынадай есептерді ұсынуға:
4.3.2.1. қарыз алушының (кредит алушының) кредит шарты бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы есеп;
4.3.2.2. Кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы есеп;
4.3.2.3. Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есеп;
4.3.3. Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей (есепті жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен жасалады), Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қойған (аталған тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) Келісімге № 3 қосымшада көзделген нысандар бойынша Комиссияға мынадай есептерді ұсынуға:
4.3.3.1. қарыз алушының (кредит алушының) кредит шарты бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы есеп;
4.3.3.2. Кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы есеп;
4.3.3.3. Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есеп;
4.3.4. Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қойған (аталған тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) Кооперациялық жобаны іске асыру туралы қорытынды есепті Келісімнің 3.2.3-тармақшасында көрсетілген мерзімде Комиссияға ұсынуға;
4.3.5. Ереженің 27-тармағының «б» тармақшасына сәйкес Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін сақтауға мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге;
4.3.6. Ережеге және Келісімге сәйкес қарыз алушының (кредит алушының) ақшалай қаражатты мақсатты пайдалануына мониторингті (бақылауды), оның ішінде Ереженің 27-тармағының «д» тармақшасына сәйкес Кооперациялық жобаны сүйемелдеу тетігі негізінде жүзеге асыруға;
4.3.7. Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 22-бабына сәйкес жүргізетін сыртқы аудитті (бақылауды) жүзеге асыру үшін Комиссияның сұрау салуы бойынша 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кооперациялық жобаны іске асыру үшін қарыз алушының (кредит алушының) ақшалай қаражатты мақсатты пайдаланғанын және Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын есептер мен құжаттарды ұсынуға;
4.3.8. Келісімге сәйкес Комиссияға ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге;
4.3.9. Келісімнің 4.1.8-тармақшасына сәйкес Комиссиядан хабарлама алған жағдайда, сондай-ақ Келісімнің 6.2-тармағының негізінде Келісім бұзылған жағдайда, Одақ бюджетіне Кооперациялық жоба бойынша нақты төленген субсидия сомасының 100 пайызы мөлшеріндегі ақшалай қаражатты Келісімнің 6.5.1-тармақшасына сәйкес осындай хабарламаны алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қайтаруға;
4.3.10. Қарыз алушының (кредит алушының) Келісімде және Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;
4.3.11. Келісімді орындау мақсатында жасалатын кредит шартына (келісімге) Ереженің V бөлімінде көзделген ережелерді енгізуге;
4.3.12. Субсидия беруді тоқтата тұру туралы Комиссия Кеңесінің шешімі қабылданған күннен бастап 6 ай ішінде анықталған бұзушылықтарды жоюға.
4.4. Қаржы ұйымының құқығы бар:
4.4.1. Ереженің 24-тармағына сәйкес Келісімге өзгерістер енгізу туралы дәлелді өтінішті Комиссияға жіберуге;
4.4.2. Келісімді орындауға байланысты түсіндірмелер алу мақсатында Комиссияға жүгінуге;
4.4.3. Кооперациялық жобаны іске асыру барысында, оның ішінде Ереженің 25 және 26-тармақтарына сәйкес қарыз алушының (кредит алушының) Кооперациялық жобаның паспортына өзгерістер енгізуі туралы дәлелді өтінішті Комиссияға беруге.
4.4.4. Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
V. Тараптардың жауапкершілігі, дауларды қарау тәртібі және орны
5.1. Қаржы ұйымы Келісімнің 4.3.5–4.3.8-тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындамаған, Ереженің 48 және 49-тармақтарында көрсетілген негіздер болған, сондай-ақ Ережеде көзделген өзге де негіздер болған жағдайда, Ереженің 50-тармағында айқындалған тәртіпке сәйкес Қаржы ұйымы Келісімнің VII бөлімінде көрсетілген Комиссияның шотына аталған ақша қаражатын аудару арқылы Келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде Одақ бюджетіне нақты төленген субсидия сомасының 100 пайызы мөлшеріндегі ақша қаражатын қайтарады.
5.2. Қаржы ұйымы Келісімнің 5.1-тармағында көзделген міндеттемені Келісімнің 4.3.9-тармақшасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Комиссия Комиссия орналасқан елдің заңнамасына сәйкес Қаржы ұйымынан бөтен ақшалай қаражатты пайдаланғаны үшін пайыздарды төлеуді талап етуге құқылы.
5.3. Тараптар арасында Келісімді орындауға байланысты туындайтын даулар мүмкіндігінше тиісті хаттамаларды немесе өзге де құжаттарды ресімдей отырып, келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
5.4. Дауды Келісімде көзделген тәртіппен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, дау Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Мәскеу қаласының Арбитраждық сотында сот тәртібімен шешіледі.
5.5. Қаржы ұйымы Ережеге сәйкес Комиссияға ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
VI. Қорытынды ережелер
6.1. Келісімге өзгерістер енгізу, оның ішінде Келісімнің 4.2.1-тармақшасына сәйкес өзгерістер енгізу Тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады және Келісімге қосымша келісім түрінде ресімделеді.
6.2. Келісімді бұзу Тараптардың келісімі бойынша немесе Келісімнің 6.3-тармағында айқындалған жағдайларда біржақты тәртіппен жүзеге асырылады.
6.3. Комиссияның Келісімді біржақты тәртіппен бұзуына Комиссия Кеңесінің шешімі бойынша, сондай-ақ мынадай жағдайларда жол беріледі:
6.3.1. Қаржы ұйымы қайта ұйымдастырылған (заңды тұлғаға қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда), таратылған немесе қызметін тоқтатқан жағдайда;
6.3.2. Қаржы ұйымы Ережеде және Келісімде белгіленген субсидия беру тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда.
6.4. Қаржы ұйымының Келісімді біржақты тәртіппен бұзуына жол берілмейді.
6.5. Келісімде көзделген құжаттар мен өзге де ақпаратты Тараптар мынадай тәртіппен жібереді:
6.5.1. қағаз жеткізгіште жазбаша түрде.
Құжаттарды беру кезінде Тараптар берілетін құжаттардың тізбесі міндетті түрде көрсетілетін актіні жасауға және оған қол қоюға міндетті.
Құжаттар пошта арқылы жіберілген жағдайда, оларды жіберген күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң Тарап оларды алды деп есептеледі. Құжаттарды пошта арқылы жіберген кезде Тараптар осындай құжаттардың көшірмелерін Келісімнің 6.5.2-тармақшасында көзделген тәртіппен жіберуді міндетті деп тануға келісті;
6.5.2. электрондық хабарлама түрінде (құжаттардың көшірмелері үшін) Комиссияның электрондық пошта мекенжайына – dept_industry@eecommission.org және Қаржы ұйымының электрондық пошта мекенжайына – _____________.
6.6. Келісім 3 данада жасалады: 1 данасы – Қаржы ұйымы үшін, 2 данасы – Комиссия үшін.
6.7. Келісімге мынадай құжаттар қоса беріледі және олар оның ажырамас бөлігі болып табылады:
6.7.1. субсидия беру туралы өтініш нысаны (№ 1 қосымша);
6.7.2. мәлімделген кезең үшін Кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшерінің есебі (№ 2 қосымша);
6.7.3. қарыз алушының (кредит алушының) кредит шарты бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы, Кооперациялық жобаны іске асыру барысы және Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есептердің нысандары (№ 3 қосымша);
6.7.4. субсидияны аударудың күнтізбелік жоспары (№ 4 қосымша).
VII. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Скачать
Мәлімделген кезең үшін кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшері (С) мынадай формула бойынша есептеледі:
С = ДФ × (СС / С%),
мұндағы:
ДФ – қарыз алушының (кредит алушының) кредит қаражатын пайдаланған мәлімделген кезеңі үшін қарыз алушыға (кредит алушыға) арналған жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме негізінде ресей рублімен есептелген қаржы ұйымы кірісінің (пайыздық төлемдердің) нақты сомасы;
СС – валютаның эмитенті болып табылатын мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі айқындайтын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 20__ жылғы _____ № ___ «"___" кооперациялық жобасы туралы және қаржы ұйымына субсидия беру туралы» шешімінде бекітілген субсидияланатын мөлшерлеме;
С% – қаржы ұйымының кірісі есептелген жеңілдікті пайыздық мөлшерлеменің мөлшері.
ЕСЕП
Қарыз алушының (кредит алушының) кредит шарты бойынша қаржылық міндеттемелерді _________ бастап __________ дейінгі кезеңде орындауы туралы
Қарыз алушының (кредит алушының) қаржылық міндеттемелерді орындауы ___________________________________________
(қарыз алушының (кредит алушының) атауы)
__________ №_______ __________ күнгі кредит шарты бойынша:
– толық көлемде орындалды / толық көлемде орындалған жоқ (өтеуге мерзімі өткен негізгі борыш және төлеуге жататын пайыздар (айыппұлдар, өсімпұлдар) көрсетіледі).
Скачать
(қаржы ұйымының атауы)
(уәкілетті тұлғаның қолы)
(қолдың толық жазылуы)
(лауазымы)
(осы құжатқа қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттың №, күні және атауы (егер қол қоюшы жеке-дара атқарушы орган болып табылмаса))
"" ______ 20 ж.
ЕСЕП
«Холодильное оборудование өндіруге арналған өндірістік базаны салу және өндірістік қуаттарды құру» кооперациялық жобасын іске асыру барысы туралы
_________ бастап __________ дейінгі кезең үшін
1. Қарыз алушы (кредит алушы) (атауы, заңды мекенжайы):
2. Кооперациялық жобаның толық атауы және оның қысқаша сипаттамасы (өзгерістер болды / өзгерістер болған жоқ деп көрсету):
3. Кооперациялық жобаны іске асыру орны (өзгерістер болды / өзгерістер болған жоқ деп көрсету):
4. Кооперациялық жобаны күнтізбелік жоспарға сәйкес іске асыру барысы:
| № | Кезеңнің / іс-шараның атауы | Кезеңді / іс-шараны іске асыру мерзімдері | Шартты (келісімшартты) жасасу мерзімдері | Кезеңнің / іс-шараның орындалуы туралы есеп | Түсініктемелер |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| ... |
ЕСЕП
«Холодильное оборудование өндіруге арналған өндірістік базаны салу және өндірістік қуаттарды құру» кооперациялық жобасының іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы
_________ бастап __________ дейінгі кезең үшін
1. Кооперациялық жобаға қатысушылардың саны және олар туралы мәліметтер (өзгерістер болды / өзгерістер болған жоқ деп көрсету):
2. Әрбір қатысушы үшін кооперациялық жоба бойынша кооперациялық ынтымақтастық түрлері:
☐ материалдарды, жинақтауыштарды жеткізу, көлемі ________ ресей рублін құрайды, өндірілетін өнімнің __ % мөлшерінде (өндіруші және жеткізілетін материалдар мен жинақтауыштардың атауы көрсетіледі):
Скачать
| Жеткізуші резиденті болып табылатын ел | Жеткізуші | Жеткізу құжаты (шарт, келісім, келісімшарт) | Тауардың атауы / шығу тегі туралы сертификат | Жеткізу шарты бойынша шекті көлемдер, руб. | Жеткізілімдердің нақты көлемі |
|---|
☐ кооперациялық жобаны іске асыруға мүліктік жарна енгізу – кооперациялық жобаның құнының __ % (ресей рублімен есептелген көлемі);
☐ технологиялық жабдықты немесе бағдарламалық қамтылымды жеткізу, көлемі ________ ресей рублін құрайды, кооперациялық жобаның құнының __ % мөлшерінде (өндіруші және жеткізілетін технологиялық жабдықтың атауы көрсетіледі):
Скачать
| Жеткізуші резиденті болып табылатын ел | Жеткізуші | Жеткізу құжаты (шарт, келісім, келісімшарт) | Тауардың атауы / шығу тегі туралы сертификат | Жеткізу шарты бойынша шекті көлемдер, руб. | Жеткізілімдердің нақты көлемі |
|---|
☐ инжинирингтік және құрылыс қызметтерін көрсету – кооперациялық жобаның құнының __ % (қызметтердің ресей рублімен есептелген құны, қызметтер тізбесі).
3. Кооперациялық жоба шеңберінде өндірілетін өнім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында шығарылған болып есептеледі:
☐ иә (өнім және алынған СТ-1 немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешіміне сәйкестігі көрсетіледі)
☐ жоқ.
4. Кооперациялық жобаны іске асыру кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
☐ жаңа бірлескен өнеркәсіптік өндірістер құру, қолданыстағы өндірістік қуаттарды ұлғайту, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру және (немесе) жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру (жетістіктер көлемдерде/бірліктерде сипатталады)
☐ өнімді жеткізу өндірістік тізбегі шеңберінде қосылған құнды қалыптастыру (жетістіктер көлемдерде сипатталады)
☐ кооперациялық жоба шеңберінде өндірілген өнімнің экспорты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге ұлғайту (жоба паспорты бойынша және нақты деректер көрсетіледі, жетістіктер көлемдерде сипатталады)
☐ өзара сауда және өзара инвестициялар көлемін ұлғайту (жоба паспорты бойынша және нақты деректер көрсетіледі, жетістіктер көлемдерде сипатталады)
5. Кооперациялық жобаны іске асыру мерзімі (өтінімде көрсетілген мерзім, сондай-ақ жобаның кестеге сәйкес іске асырылып жатқаны туралы ақпарат көрсетіледі, іске асырылған кезеңдер / іске асыру мерзімінің ауытқуы (ауытқу мерзімі мен себептері, негіздейтін құжаттар қоса беріле отырып) көрсетіледі).
6. Кооперациялық жобаның жалпы құны және қаржыландыру құрылымы:
қажетті инвестициялар көлемі (кредит шартының валютасы):
– кооперациялық жобаның құны – ____ млн руб., оның ішінде банктің берілген қарыз қаражаты _____ млн руб.;
– бірлескен инвестордың болуы:
☐ иә
☐ жоқ
7. Кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы:
Скачать
(қаржы ұйымының атауы)
(уәкілетті тұлғаның қолы)
(қолдың толық жазылуы)
(лауазымы)
(осы құжатқа қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттың №, күні және атауы (егер қол қоюшы жеке-дара атқарушы орган болып табылмаса))
Скачать
| Субсидия берілген жыл | Субсидия аудару кезеңі | Сома (ресей рублі) |
|---|---|---|
| IV тоқсан 2026 ж. | 16 163 013,70 | |
| – | 16 163 013,70 | |
| 2027 ж. | I тоқсан | 16 163 013,70 |
| II тоқсан | 15 811 643,84 | |
| III тоқсан | 15 987 328,77 | |
| IV тоқсан | 16 163 013,70 | |
| – | 64 125 000,01 | |
| 2028 ж. | I тоқсан | 16 163 013,70 |
| II тоқсан | 15 184 426,22 | |
| III тоқсан | 14 045 594,26 | |
| IV тоқсан | 13 052 766,39 | |
| – | 58 445 800,57 | |
| 2029 ж. | I тоқсан | 11 897 248,24 |
| II тоқсан | 10 541 095,90 | |
| III тоқсан | 9 516 267,12 | |
| IV тоқсан | 8 470 523,48 | |
| – | 40 425 134,74 | |
| 2030 ж. | I тоқсан | 7 311 839,54 |
| II тоқсан | 6 023 483,36 | |
| III тоқсан | 4 948 458,91 | |
| IV тоқсан | 3 852 519,58 | |
| – | 22 136 301,39 |
| Субсидия аудару кезеңі | Сома (ресей рублі) |
|---|---|
| 2031 ж. I тоқсан | 2 693 835,62 |
| 2031 ж. II тоқсан | 1 505 870,85 |
| 2031 ж. III тоқсан | 380 650,69 |
| – | 4 580 357,16 |
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Қаулы Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар