Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Тоқтатылған қылмыстық істің барлық материалдарымен толық көлемде танысу мүмкіндігін беру туралы өтінішхат

Тоқтатылған қылмыстық істің барлық материалдарымен толық көлемде танысу мүмкіндігін беру туралы өтінішхат

Тоқтатылған қылмыстық істің барлық материалдарымен толық көлемде танысу мүмкіндігін беру туралы өтінішхат

 

 

 

Алматы облысының прокуратурасына

Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13.

8 (72772) 2-34-55.

заң консультантынан:

Кеңесбек Ислам Мұхамедұлы

ЖСН 970103300774

«Закон и Право» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79 үй, 304 кеңсе.

islam.ala.1@mail.ru

+7 708 971 78 58.

Мүддесіне: АЙС

ЖСН ...

Алматы қаласы, Ж... көшесі, 3 үй.

 

 

ӨТІНІШХАТ

Алматы облысы ПД анықтаушысы Мукишев А.Н.-ның өндірісінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 190-бабы шеңберінде алаяқтық фактісі бойынша Аа ИС-тің З.Б.Н.-ға қатысты арызы бойынша қылмыстық іс болған, ол СДТБТ-де №261900031000268 болып тіркелген.

2026 жылғы 22 қыркүйекте анықтаушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы 1-бөлігінің 2) тармағы негізінде, яғни іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы қабылдады.

2026 жылғы 24 қыркүйекте қылмыстық істі тоқтату туралы аталған қаулы прокурормен бекітілді.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 289-бабының 2-бөлігіне сәйкес, прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекіткеннен кейін жәбірленушіге және оның өкіліне қылмыстық істің материалдарымен танысу құқығы және тоқтату туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 290-бабының 3-бөлігінде жәбірленушінің және оның өкілінің өтінішхаты бойынша прокурор олардың тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететіні тікелей көзделген.

Қылмыстық істің барлық материалдарымен танысу жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен объективтілігін тексеру, жиналған дәлелдемелерді, қабылданған процестік шешімдерді зерделеу және қылмыстық істі тоқтатудың заңдылығы мен негізділігін бағалау, сондай-ақ жәбірленушінің қабылданған шешімге кейіннен шағым жасау құқығын іске асыру үшін қажет.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 289-бабының 2-бөлігіне сәйкес,

СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:

  • Жәбірленуші Ау И. С.-ке және оның өкілі Кеңесбек Ислам Мұхамедұлына №261900031000268 тоқтатылған қылмыстық істің барлық материалдарымен толық көлемде танысу мүмкіндігін беруді қамтамасыз етуді.

<br>

Құрметпен,

Жәбірленушінің өкілі: Кеңесбек И.М.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы