Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 84 шешімі

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша болып табылатын Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 "Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" Шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 2027 жылғы 29 сәуірді қоса алғанға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2027 жылғы 29 сәуірді қоса алғанға дейінгі кезеңде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 Шешімімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша демпингке қарсы баждың алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2026 жылғы 7 қыркүйектен ерте емес мерзімде күшіне енеді.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сагинтаев

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Указ Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар