Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Үй жануарлары келтірген зиян

Үй жануарлары келтірген зиян

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Үй жануарлары келтірген зиян

Үй жануарларының келтірген зияны жалпы ережелер бойынша өтелуге тиіс – ҚР АК 917-бабы, бірақ белгілі бір мән-жайларда заңды тұлғалар мен азаматтардағы үй (оның ішінде қызметтік және күзет иттері) және жабайы жануарлар әрекеттерінің зияндылығы мен бақылаусыздығы жоғары қауіптілік көздеріне жатқызылуы мүмкін – «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикаы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі №9 нормативтік қаулысының 5-тармағы.

Үй жануарларының анықтамасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендетудің үлгілік қағидаларында берілген.

А.Б. Е.Р. материалдық және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді, ол өзінің талаптарында келтірген уәж бойынша талап қоюшы орналасқан ортақ пайдаланудағы өткел арқылы жер учаскесімен келе жатып, тұқымы Алабай итінің шабуылына тап болған.

Жауапкер осы иттің иесі болып табылады. Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 15 ақпандағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды. Е.Р. А.Б. пайдасына моральдық зиянды өтеуге 300 000 теңге, материалдық залалды өтеуге 2 937 997 теңге өндірілді.

Апелляциялық алқаның 2023 жылғы 24 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот анықтағандай, жауапкерге тиесілі ит шабуылдап, А.Б. тістеп алған, оның денсаулығына зиян келтіріп, жәбірленушінің уақытша еңбекке жарамсыздығына әкелген.

А.Б. жедел жәрдеммен ауруханадан оң қолдың бірінші саусағының негізгі фалангасының травматикалық жыртылуы диагнозымен жеткізілді.

Оң білектің жоғарғы үштен бір бөлігінің оң қолының тістелген жарасы болған. Мұндай жағдайда сот «Алабай» итін ЖҚК деп таныды, осыған байланысты кінәлігі туралы процестік құжаттың болмауына қарамастан иттің иесіне жауаптылық жүктелді.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қалалық соты В.К. А.Д. материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу туралы талабы бойынша 2022 жылғы 20 шілдедегі істі АК-нің 917-бабының негізінде шешті.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2022 жылғы 19 сәуірдегі заңды күшіне енген қаулысымен А.Д. ӘҚБтК-нің 407-бабы бірінші бӛлігінің 1-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды, А.Д. өзіне тиесілі итті тиісінше қадағаламауы салдарынан ит В.К. шабуыл жасап, оны бірнеше рет тістеп, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Сот талқылауы барысында зиянның басталуы, А.Д. мінез-құлқының заңсыздығы, сондай-ақ А.Д. әрекеттері мен туындаған қолайсыз салдарлар арасындағы себеп-салдарлық байланыстың өз дәлелдерін тапқандықтан, бірінші сатыдағы сот жауапкердің талап қоюшыға келтірілген мүліктік және мүліктік емес зиянды ӛтеуі керек деген дұрыс қорытындыға келді.

Істердің соттылығы

Істердің соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидаларға сәйкес, яғни жауапкер жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе жауапкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша айқындалады.

Сонымен қатар, мертігуден немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады (АПК-нің 30-бабының бесінші бӛлігі).

Мемлекеттік баж сотқа берілетін талаптардан 

«Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабының 1-тармағына сәйкес, материалдық залалды ӛндіріп алу туралы сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж мынадай: жеке тұлғалар үшін талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын, заңды тұлғалар үшін талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын, мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мӛлшерінде алынады.

Талап қоюшылар мертігуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар бойынша Салық кодексінің 616-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік баж тӛлеуден босатылды.

Заңнамада сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмеген

Заңнамада жоғары қауіптілік кӛзінен (бұдан әрі – ЖҚК) келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшының сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмегенін соттардың назарда ұстағаны жөн.

Мысал: Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі ұйғарымымен Д.Н. Қ.Қ. және Е.Ж. ЖҚК-ден келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты қараусыз қалдырылған.

ҚР АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасына сәйкес сот, егер талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта кӛзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қоюды қараусыз қалдырады.

 Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады (ҚР АПК 8-бабының алтыншы бӛлігі). К

Көрсетілген нормалар ескеріле отырып, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа берілді.

Талапкерлер ол азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады

 ҚР АПК-нің 47-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.

Тиісті жауапкерді анықтау

Барлық жағдайда тиісті жауапкер – ЖҚК нің иесін дұрыс анықтай бермейтінін көрсетті, соттар көлік құралының кімнің заңды иелігінде екендігі жӛнінде дәлелдемелерді талап етпей, жауапкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынылған қаулылармен шектелген.

Сот практикасы кӛрсеткендей, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам бір мезгілде тиісті жауапкер – ЖҚК-ның заңды иесі бола бермейді.

ҚР АК 931-бабы бірінші бӛлігінің 2-абзацына сәйкес зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.

Көлік құралының иесі жӛнінде ұқсас анықтама «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабының 8) тармақшасында және «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 29) тармақшасында берілген.

Қолданыстағы заңнамада ЖҚК иесінің анықтамасы толық болып табылмайды.

Нормативтік құқықтық база

           Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);

 - Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК);

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №8 нормативтік қаулысы;

- «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы;

2 - «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулысы;

 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары;

- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

          Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау –бір жүз елу айлық есепті...

Толық оқу »

276-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жануарларына қатыгездікпен қарау

276-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жануарларына қатыгездікпен қарау 1. Егер бұл әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдістерді қолда...

Толық оқу »

407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қыл...

Толық оқу »

632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлше...

Толық оқу »

17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, тасымалдау, оның ішінд...

Толық оқу »

382-бапқа түсініктеме. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

382-бапқа түсініктеме. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Қылмысты...

Толық оқу »

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы  1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар...

Толық оқу »

13-бап. Жануарларды өсіру мен олардың айналымына қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

13-бап. Жануарларды өсіру мен олардың айналымына қойылатын жалпы талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларды өсіру кезінде жануарларды ұстауға...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қою туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қою ту...

Толық оқу »

26-бап. Жануарларға арналған панажайлар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

26-бап. Жануарларға арналған панажайларЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларға арналған панажайлар өз қызметін осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.     ...

Толық оқу »

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталарЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының...

Толық оқу »

16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Жабайы жануарларға қатыгездікпен қарауды болғызбау мақсатында оларға қар...

Толық оқу »

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:...

Толық оқу »

4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғауЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларға қатыгездікпен қарауға тыйым салынады.      2. Жануарларға қа...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификаци...

Толық оқу »

382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қылмыстық жазаланаты...

Толық оқу »

11-бап. Үй жануарларын есепке алу Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

11-бап. Үй жануарларын есепке алуЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға менш...

Толық оқу »

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

   3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 1. Осы Заңның мақсаттары – жануарлардың қорғалуы мен қауіпсі...

Толық оқу »

390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    ...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) аулау қызметі – жан...

Толық оқу »

407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1....

Толық оқу »

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыретіЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Облыстардың, республикалық...

Толық оқу »

29-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

29-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Қазақста...

Толық оқу »

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін бұзу

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін б...

Толық оқу »

12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларды тасымалдау кезінде олардың азыққа, суға, ауаға, қо...

Толық оқу »

28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтарыЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Қ...

Толық оқу »

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүз...

Толық оқу »

5-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

5-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салуЖануарларға жауапкершілікпен қарау...

Толық оқу »

23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызметЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөнінд...

Толық оқу »

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемеле...

Толық оқу »

8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыретіЖануарларға жауапкерші...

Толық оқу »