Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 320-VІ ҚРЗ. 

       2019 жылғы 3 мамырда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісім ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ 

 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Қурама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісім 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі мәтін бойынша, жекелегенде "Тарап" және бірге "Тараптар" деп аталатын) 

      консулдық лауазымды адамдар мен консулдық қызметшілер жүргізетін жұмыстың маңыздылығын тани отырып; 

      консулдық персонал мүшелері мен олардың отбасы мүшелері үшін күшейтілген қорғаныс Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімді бола отырып; 

      консулдық мекемелер, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері пайдаланатын қорғауды күшейтуге ниет білдіре отырып; және 

      мұндай артықшылықтар мен иммунитеттер жекелеген адамдарға емес, консулдық мекемелер өз Мемлекеттері атынан функцияларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін берілетінін атап көрсете отырып; 

      төмендегілер туралы келісті: 

 1-бап Анықтамалар 

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарға ие: 

      Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 1-бабында және Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 1-бабында келтірілген анықтамалар осы Келісімге қолданылады. 

      "Отбасы мүшесі" - қабылдаушы Мемлекетте қалыптасқан практикаға сәйкес ол туралы қабылдаушы Мемлекеттің назарына жеткізілген, консулдық лауазымды адам, немесе консулдық қызметші отбасының құрамдас бөлігі болып табылатын отбасы мүшесін білдіреді. 

 2-бап Консулдық лауазымды адамдардың артықшылықтары мен иммунитеттері 

      Әрбір Тарап екінші Тараптың консулдық лауазымды адамдарына Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық агенттерге берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттер береді. 

 3-бап Консулдық қызметшілердің артықшылықтары мен иммунитеттер 

      Әрбір Тарап екінші Тараптың консулдық қызметшілеріне Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес әкімшілік және техникалық персонал мүшелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттерді береді. 

 4-бап Консулдық лауазымды адамдардың отбасы мүшелері үшін артықшылықтары мен иммунитеттер 

      Әрбір Тарап екінші Тараптың консулдық лауазымды адамының отбасы мүшелеріне дипломатиялық агент отбасының құрамдас бөлігі болып табылатын отбасы мүшелеріне Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттер береді. 

 5-бап Консулдық қызметшілердің отбасы мүшелері үшін артықшылықтар мен иммунитеттер 

      Тараптар консулдық қызметшінің отбасы мүшелеріне Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес әкімшілік және техникалық персонал отбасының құрамдас бөлігі болып табылатын отбасы мүшелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттер береді. 

 6-бап Консулдық мекеме және жылжымайтын мүлік 

      Консулдық мекемелердің үй-жайлары мен мүлкі, оның ішінде көлік құралдары да Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабына сәйкес дипломатиялық өкілдіктер сияқты қорғалады. 

 7-бап Қолданылу аясы 

      Осы Келісімде ұсынылатын қорғау қабылдаушы Мемлекеттің азаматтары болып табылатын немесе қабылдаушы Мемлекетте тұрақты тұратын адамдарға қолданылмайды. 

 8-бап Бас тарту 

      Осы Келісімге сәйкес берілетін кез келген иммунитетті немесе қол сұғылмаушылықты жіберуші Мемлекет тоқтатуы мүмкін. Кез келген бас тарту әрқашан анық көрсетілуі тиіс. 

 9-бап Визалар 

      Әрбір Тарап екінші Тараптың дипломатиялық және консулдық персоналы үшін визаны ресімдеу және беру процессінде діни тұрғыдан немесе этникалық шығу тегі негізінде кемсітпеуге міндеттенеді. 

 10-бап Консулдық қатынастар бойынша Вена конвенциясымен өзара іс-қимыл 

      Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 73-бабына сәйкес осы Келісім аталған Конвенцияның ережелерін толықтырады және күшейтеді. Осы Келісімнің ережелері және бұрын күшіне енген кез келген келісімдер рет-ретімен қолданылады. Алшақтықтар болған жағдайда жіберуші мемлекет үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын ереже қолданылады. 

      Осы Келісімде ешнәрсе Тараптардың кез келгенінің өз мемлекеттері қатысушылары болып табылатын кез келген басқа халықаралық шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін қозғамайды. 

 11-бап Өзгерістер мен толықтырулар 

      Кез келген уақытта осы Келісімге өзара келісім арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. 

 12-бап Күшіне енуі және қолданысын тоқтату 

      Осы Келісім күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің орындағаны туралы жазбаша хабарламаны Америка Құрама Штаттарының Үкіметі дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап осы Келісім күшіне енеді. 

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімді кез келген уақытта қолданысын тоқтатуы мүмкін. Осы Келісім осындай хабарлама алынған күннен бастап он екі ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады. 

      2019 жылғы 3 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында қазақ және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтін де бірдей тең түпнұсқалы болып табылады. 

      Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының Үкіметіүшін      Үкіметі үшін 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

384-бап. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

384-бап. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодек...

Толық оқу »

625-бап. Консулдық алым төлеушiлер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

625-бап. Консулдық алым төлеушiлер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі       Осы Кодекстің 626-б...

Толық оқу »

628-бап. Консулдық алым төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

628-бап. Консулдық алым төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі       Консулдық алым:...

Толық оқу »

629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі       1. Консулдық ал...

Толық оқу »

627-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

627-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексіАктивтер мен міндеттемел...

Толық оқу »

Алматыда заңгер адвокатының есірткі, психотроптық және улы заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі заң консультациясы

Алматыда заңгер адвокатының есірткі, психотроптық және улы заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі заң консультациясыРеспубликаның есірткі құр...

Толық оқу »

1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясыны...

Толық оқу »

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдарының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымд...

Толық оқу »

«Құқықтық көмек» партиялық жоба шеңберінде адвокаттар заңгерлік кеңес және құқықтық көмек көрсетеді

«Құқықтық көмек» партиялық жоба шеңберінде адвокаттар заңгерлік кеңес және құқықтық көмек көрсетеді «Аманат» партиясы ұйымдастырған «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында а...

Толық оқу »

76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттеріАдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы      1. Заң консультанты көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып о...

Толық оқу »

76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктеріАдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан бас...

Толық оқу »

77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыруАдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы      1. Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға з...

Толық оқу »

32-2-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

32-2-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілді...

Толық оқу »

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналы жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші перс...

Толық оқу »

380-бап. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

380-бап. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттерд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемеле...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер Нотариат туралы Заңы

36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер Нотариат туралы Заңы       1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзег...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Аме...

Толық оқу »