Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Заңдылықты бұзушылықтарды жою үшін прокурорлық қадағалау актісін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдау туралы прокуратураға шағым

Заңдылықты бұзушылықтарды жою үшін прокурорлық қадағалау актісін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдау туралы прокуратураға шағым

Заңдылықты бұзушылықтарды жою үшін прокурорлық қадағалау актісін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдау туралы прокуратураға шағым

 

 

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент

 кенті,Қуандықов көшесі, 84 үйe-mail: 7254101@prokuror.kz

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлы

«Заң және Құқық» адвокаттар кеңсесіБСН 201240021767

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,Алмалы ауданы, 

Абылай хан даңғылы, 79/71 үй,304-кеңсе

www.zakonpravo.kzinfo@zakonpravo.kzтел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55

Күдікті: ЭШЧ

ЖСН: ....

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы

Шағым

(ҚР ҚПК-нің 105-бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына Мақтаарал ауданы ПБ Тергеу бөлімінің әрекеттеріне қатысты)

Сізге жүгінуіміздің себебі — менің қорғауымдағы Эа Ш.Ч.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында орын алған өрескел әділетсіздік пен заңсыздық болып табылады. Біз полиция қызметкерлерінің жауапсыз әрекеттеріне елеулі наразылығымызды білдіреміз. Олардың әрекеттері құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіреді.

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 1-бабына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Аталған заңның 5-бабына сәйкес, прокуратура заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Процестік заңнаманы бұзу оқиғасына, оның уақытына, орнына, тәсіліне, себептері мен салдарына қатысты төмендегіні хабарлаймыз.

2026 жылғы 26 наурызда сағат 16:41-де «Е-өтініш» электрондық порталы арқылы № ЗТ-2026-01261174 тіркеу нөмірімен біз ҚР ҚПК-нің 64 және 99-баптарына сәйкес қорғаушыны қылмыстық іске қатысуға жіберу және қылмыстық іс материалдарымен танысу туралы өтінішхат бердік, онда:

· қорғаушы — адвокат Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлын Эа Ш.Ч.-ға қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға жіберуді;

· Эа Ш.Ч.-ға қатысты іс бойынша барлық процестік құжаттармен таныстыруды және олардың көшірмелерін беруді;

· Эым Ш.Ч.-ның WhatsApp әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобына (40 қатысушыдан тұратын) жолдаған аудио-бейнематериалдарына сілтемені не олардың көшірмесін, атап айтқанда YouTube әлеуметтік желісінде жарияланған «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» уағыздарына сілтемелерді беруді;

· осы өтінішхатқа ҚР ҚПК-нің 99-бабында белгіленген мерзімдерде жауап беруді сұрадық.

Алайда Түркістан облысы Мақтаарал ауданы ПБ-ның жауапты қызметкері ҚР ҚПК-нің 105-бабының талаптарын елемей, өзінің процестік мерзімдерін басшылыққа алып, іс жүзінде заң талаптарын сақтамай отыр және Адвокаттың өтінішхатын елемеуде.

ҚР ҚПК-нің 60-бабының 3-бөлігіне сәйкес, тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті.

ҚР ҚПК-нің 105-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар тергеу бөлімшесінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледі.

Прокурор, тергеу бөлімшесінің бастығы немесе анықтау органының бастығы шағымды ол келіп түскен күннен бастап жеті тәулік ішінде қарауға және қабылданған шешім туралы арыз берушіге хабарлауға міндетті.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 105-бабын басшылыққа ала отырып,

сұраймын:

· заңдылықтың бұзылуын жою үшін прокурорлық қадағалау актілерін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдауды;

· қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды;

· Мақтаарал ауданы ПБ Тергеу бөлімін қорғаушыға уәжді жауап беруге міндеттеуді;

· осы өтінішке ҚР ҚПК-нің 105-бабының 2-бөлігінде белгіленген мерзімде жауап беруді.

Құрметпен,

Адвокат Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлы

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы