Жәбірленушіден сот отырысында жауап алу туралы тергеу сотына өтінішхат
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына
Төрағалық етуші судья Искакбаева Ж.К.-ға
күдікті Бой Ми Турсунгалиевнаның қорғаушысы –адвокат Саржанов Галымжан Турлыбековичтен
«Закон и Право» адвокаттық кеңсесі
050002, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 79/71 үй, 304-кеңсе
тел.: +770085785758, +7 7009785755
өтінішхат
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының өндірісінде Бой М.Т.-ға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауға санкция беру туралы тергеушінің өтінішхаты қаралуда (материал №7595-26-00-2-3м/3319).
ҚР ҚПК-нің 138-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі және оның қандай түрі туралы мәселені шешу кезінде осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеу кезінде мыналар ескерілуге тиіс:
1) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы; 2) күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы; 3) денсаулық жағдайы; 4) отбасы жағдайы, отбасында асырауындағы адамдардың болуы; 5) күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланыстарының беріктігі; 6) күдіктінің, айыпталушының беделі; 7) айналысатын кәсібі; 8) күдіктінің, айыпталушының тұрақты жұмыс немесе оқу орнының болуы; 9) мүліктік жағдайы; 10) тұрақты тұрғылықты жерінің болуы және басқа да мән-жайлар. 2. Осы Кодекстің [136-бабында](https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000231#z1246) көрсетілген негіздер болмаған кезде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға жалғыз негіз бола алмайды.
Қазіргі уақытта жәбірленуші К А.Г.-ға берешекті өтеу есебінен 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде ақша төленді, жәбірленуші А С.Т.-ға 3 000 000 (үш миллион) теңге төленді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, сұраймын:
- Бой Ми Турсунгалиевнаға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауға санкция беру туралы тергеушінің өтінішхатының материалдарына К А.Г.-ның 2 500 000 теңге алғаны туралы қолхатының көшірмесін, А С.Т.-ның 3 000 000 теңге алғаны туралы қолхатының көшірмесін қоса тіркеуді;
- ақша алған фактісін растау үшін сот отырысында жәбірленуші К А Галимовичтен, телефон нөмірі +7 701 , А С Тенесбековнадан, телефон нөмірі +7 771 жауап алуды.
Қосымшалар: К А.Г.-ның қолхаты, А С.Т.-ның қолхаты.
Қорғаушы Саржанов Г.Т.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы