Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Жәбірленушіні мән-жайлар бойынша қосымша жауап алуды жүргізу туралы өтінішхат

Жәбірленушіні мән-жайлар бойынша қосымша жауап алуды жүргізу туралы өтінішхат

Жәбірленушіні мән-жайлар бойынша қосымша жауап алуды жүргізу туралы өтінішхат

 

 

Алматы қаласы ПД Медеу аудандық ПБ жанындағы ПБ-ныңаға

 тергеушісі, полиция майорыҚабитова Д.К.-ға

күдікті Бой Ми Турсунгалиевнаның қорғаушысы

 –адвокат Нигметов Сабит Давлетовичтен

ЖСН 820125350700Алматы қ., Абылай хан

 даңғылы, 79-үй, 304-кеңсетел. 87009785755

 

өтінішхат

Алматы қаласы ПД Медеу аудандық ПБ жанындағы ПБ-ның өндірісінде алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша Бой М.Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Жауап алуға қорғау құқығы бар куә Ба М.Т. жауап алу барысында ақша қаражатының 2023 жылғы қазан айында Қа А.Г.-дан 3 000 000 теңге мөлшерінде қарызға, пайызбен алғанын көрсетті. Жәбірленуші К А.Г. Бой М.Т.-мен беттестіру барысында аталған фактіні жоққа шығарды.

Бұл Бой М.Т.-ның «Каспи банк» АҚ банктік шотынан 11.10.2023 ж. бастап 13.12.2023 ж. дейінгі кезеңдегі үзінді көшірмемен расталады.

Сондай-ақ, Бой М.Т.-ның Кым А.Г.-мен «Вацап» мобильді қосымшасындағы хат алмасуы бар, оған сәйкес К А.Г.-ның Бой М.Т.-ға ақшаны 10% мөлшерінде пайызбен қарызға бергені расталады. Атап айтқанда, 2023 жылғы 11 қазанда сағат 00:22-де К А.Г. «3000000+10%ежемесячно» деп жазады. 2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 23:04-те К А.Г. «6200000 қарызсың (должна)» деп жазады, ал 2025 жылғы 28 қаңтарда сағат 15:32-де К А.Г. «Февральда 6 800 000 тг болады қарызын!» деп жазады, яғни осылайша К А.Г. ақшаны пайызбен қарызға бергенін растаған, өйткені ешқандай негізсіз қарыз сомасын бірден 600 000 теңгеге ұлғайтқан. Бұдан әрі, 2025 жылғы 12 қыркүйекте сағат 16:24-те К А.Г. хат алмасуда «7,5 расписка жазып бер» деп жазады, бұл өз мағынасы бойынша, К А.Г. Бой М.Т.-дан ешқандай негізі болмай тұрып, енді 7 500 000 теңге мөлшеріндегі ақшаны талап етіп отырғанын болжауға мүмкіндік береді.

ҚР ҚПК-нің 24-бабына сәйкес тергеуші істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдауға міндетті.

ҚР ҚПК-нің 70-бабына сәйкес қорғаушы өтінішхаттар беруге құқылы.

ҚР ҚПК-нің 99-бабына сәйкес өтінішхат ол мәлімделгеннен кейін тікелей қаралуға және шешілуге жатады. Өтінішхат бойынша шешімді дереу қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда, ол мәлімделген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей шешілуге тиіс.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, сұраймын:

– Бой М.Т.-ның банктік шоты бойынша 11.10.2023 ж. бастап 13.10.2023 ж. дейінгі кезеңдегі «Каспи банк» АҚ үзінді көшірмесін іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде қоса тіркеуді;

– Бой М.Т. мен Кым А.Г. арасындағы «Вацап» мобильді қосымшасындағы хат алмасудың скриншоттарын іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде қоса тіркеуді;

– өтінішхатта баяндалған мән-жайлар бойынша жәбірленуші Ка Аа Галимовичтен қосымша жауап алуды жүргізуді.

Қосымша: Бой М.Т.-ның банктік шоты бойынша 11.10.2023 ж. бастап 13.10.2023 ж. дейінгі кезеңдегі «Каспи банк» АҚ үзінді көшірмесі, Бой М.Т. мен Кым А.Г. арасындағы «Вацап» мобильді қосымшасындағы хат алмасудың 6 парақтағы скриншоттары.

Қорғаушы С. Нигметов

                                                               19.03.2026 ж.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы