Жәбірленушіні сот отырысында жауап алу туралы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына өтінішхат
Алматы қаласыныңМамандандырылған ауданаралық тергеу сотына
Төрағалық етуші судьяИскакова Ж.К.-ға
күдікті Бой Ми Т-ның қорғаушысы –адвокат Нигметов Сабит Давлетовичтен
ЖСН 820125350700Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79 үй, 304 кеңсе+7 700 978 5755
ӨТІНІШХАТ
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының өндірісінде Бой М.Т.-ға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы тергеушінің өтінішхаты қаралуда (материал №7595-26-00-2-3м/3319).
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 138-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі және оның қандай түрін қолдану туралы мәселені шешу кезінде, осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздерден, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерден басқа, мыналар ескерілуге тиіс:
- жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы;
- күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы;
- денсаулық жағдайы;
- отбасылық жағдайы, отбасында асырауындағы адамдардың болуы;
- күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланыстарының беріктігі;
- күдіктінің, айыпталушының беделі;
- айналысатын кәсібі;
- күдіктінің, айыпталушының тұрақты жұмыс орнының немесе оқу орнының болуы;
- мүліктік жағдайы;
- тұрақты тұрғылықты жерінің болуы және басқа да мән-жайлар.
- Осы Кодекстің 136-бабында көзделген негіздер болмаған кезде, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға жалғыз негіз бола алмайды.
Қазіргі уақытта жәбірленуші К.М. А.Г.-ға берешекті өтеу есебінен 6 200 000 (алты миллион екі жүз мың) теңге мөлшерінде ақша төленді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде,
СҰРАЙМЫН:
- Бой Ми ТМ-ға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы тергеушінің өтінішхаты бойынша материалдарға К.А.Г.-ның 6 200 000 (алты миллион екі жүз мың) теңге алғаны туралы қолхатының көшірмесін қоса тіркеуді;
- ақшаны алған фактісін растау үшін сот отырысында жәбірленуші К. А. Галимовичті, телефон нөмірі: +7 701 ..., жауап алуды.
Қосымша:К.А.Г.-ның қолхаты.
Қорғаушы __________________ С. Нигметов
20.03.2026 ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы