Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Жауапкерден талапкердің пайдасына өндіріп алу туралы өтініш өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша

Жауапкерден талапкердің пайдасына өндіріп алу туралы өтініш өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша

Жауапкерден талапкердің пайдасына өндіріп алу туралы өтініш өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 

 

 

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотына

Төрағалық етуші судья Г. Б. Айтжанова

 

Талапкер А. Г.

ЖСН ...

Алматы қ., с. даңғылы.., д. 547/1,

183 пәтер, тел.....

 

өкілдері: адвокат Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлы

"Заң және құқық адвокаттар кеңсесі"

БСН 201240021767

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79/71, 304 кеңсе

ұялы. тел. 87085785758

 

адвокат Сәбит Дәулетұлы Нығметов

ЖСН 820125350700

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79, 313 кеңсе

тел. 87009785755, 87054628284

 

 

өтініш.

 

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының өндірісінде кәмелетке толмаған балаларды асырауға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС-не А.Г. талап қоюы бойынша №7520-23-00-2/15536 азаматтық іс тұр.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 113 – бабына сәйкес - "пайдасына шешім шығарылған Тараптың өтініші бойынша сот екінші Тарапқа процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдердің) көмегіне ақы төлеу бойынша шеккен шығыстарын Тарап нақты шеккен шығыстар мөлшерінде береді. Мүліктік талаптар бойынша бұл шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріледі, бірақ үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс". Мен "Заң және құқық" адвокаттық кеңсесімен заң көмегін көрсету туралы шарт жасадым, өкілдің көмегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстар 300 000 теңгені құрады, оны жауапкерден өндіріп алуды сұраймын. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар 20.06.2023 ж. №2006/23 шартпен және "Каспий банкі"АҚ-ның төлем туралы чекпен расталады.

Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 46, 60-баптарына сәйкес, өтінемін:

- "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен А.Ж. пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 300 000 (үш жүз мың) теңге сомасында шығыстар өндіріп алынсын.

Қосымша: заң көмегін көрсету туралы шарттың көшірмесі, төлем туралы чектің көшірмесі.

 

02.10.2023 Ж. А. Ж.

 

Өкілі С. Д. Нығметов

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы