Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) енгізілген өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) енгізілген өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) енгізілген өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 115 шешімі.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 52-бабына және Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98 Шешімімен бекітілген № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар белгіленсін:

      а) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 Шешімімен қабылданған «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 019/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға жеке қорғану құралдарының сәйкестігін бағалау туралы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 13 наурыздағы «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) өзгерістер енгізу туралы» № 40 Шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды;

      б) осы тармақтың «а» тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған жағдайда, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;

      в) осы тармақтың «а» тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналысына осы өнімнің қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі;

      г) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 13 наурыздағы «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) өзгерістер енгізу туралы» № 40 Шешімі күшіне енген күннен бастап 18 ай ішінде аталған Шешім күшіне енген күнге дейін міндетті сәйкестікті бағалауға жатпаған өнімді «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 019/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      д) осы тармақтың «г» тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына осы өнімнің қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия 
Алқасының ТөрағасыБ. Сагинтаев

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық көмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істер Қылмыстық істер Әкімшілік істер Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау