Жекелеген еритін және (немесе) демдеп дайындалатын сусын түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 53 шешімі.
2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 7-бабы 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) тұтыну қаптамасындағы еритін және (немесе) демдеп дайындалатын сусындардың жекелеген түрлерін өз аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды (бұдан әрі – таңбалау) енгізу күнін және тәртібін осы Шешімге сәйкес дербес айқындайды және Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) мұндай күн басталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын хабардар етеді. Бұл ретте осы Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген мерзімдерден бұрын таңбаланбаған тамақ өнімдерінің айналымына тыйым салу енгізілуі мүмкін емес.
2. Мыналар белгіленсін:
тізбеге енгізілген тауарлар таңбалануға жатады;
тауарларды таңбалау осы Шешіммен бекітілген сипаттамаларға сәйкес келетін сәйкестендіру құралдарымен жүзеге асырылады;
тізбеге енгізілген тауарлардың қалдықтарын таңбалау қажеттілігі және таңбаланбаған тауарлардың айналымда болу мерзімдері мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады;
мүше мемлекеттер тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторларын (әкімшілерін) айқындайды;
мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 Шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
мүше мемлекеттер өз аумағында осы Шешімге сәйкес таңбалауды енгізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезіндегі криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы 2021 жылғы 23 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 41 Шешіміне сәйкес сәйкестендіру құралдарының криптографиялық қорғалуын қамтамасыз етеді.
3. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесі;
тауарды сәйкестендіру құралының сипаттамалары, тауарды сәйкестендіру құралындағы ақпараттың құрамына және құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және түсіру тәртібі;
таңбаланған тауарлар туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын талаптар;
тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға, оның ішінде тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттері мен интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қолжетімділік берілетін, тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылған таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| М. Григорян | Н. Петкевич | С. Жұманғарин | Д. Амангелдиев | А. Оверчук |
| | Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 53 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН || - | --------------------------------------------------------------------------------------------- |
Сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар ТІЗБЕСІ*
Скачать
| ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы | Таңбаланбаған тауарларды айналымға енгізуге тыйым салуды енгізу мерзімі | Ескертпе |
|---|---|---|---|
| 1805 00 000 0-ден, 1806 10-нан, 1806 90 700 0-ден, 2106 90 980 8-ден | Какао-ұнтағы; сусындар дайындауға арналған, құрамында какао бар дайын өнімдер; какаоның дәмін және (немесе) хош иісін имитациялайтын, сусындар дайындауға арналған дәмдік-хош иістік ұнтақтар | 2025 жылғы 1 желтоқсан | Нетто массасы 20 грамм және одан аз тауарларды қоспағанда |
| 0902, 0903 00 000 0, 1211 20 000, 1211 90 860 8, 2101 20, 2106 90 980 8-ден | Шай, мате (парагвай шайы) (бұдан әрі – шай); шай сығындылары, эссенциялары мен концентраттары және олардың негізінде немесе шай негізінде дайындалған өнімдер; шай және басқа да компоненттер қосылуы мүмкін өсімдік шикізатынан жасалған сусындар дайындауға арналған тамақ өнімдері | 2026 жылғы 1 сәуір | Нетто массасы 3 грамм және одан аз тауарларды қоспағанда ** |
| 0901, 2101 11, 2101 12, 2101 30 | Кофе; кофе сығындылары, эссенциялары мен концентраттары және олардың негізінде немесе кофе негізінде дайындалған өнімдер; қуырылған цикорий және басқа да қуырылған кофе алмастырғыштары, сондай-ақ олардан алынған сығындылар, эссенциялар мен концентраттар | 2026 жылғы 1 маусым | Нетто массасы 20 грамм және одан аз тауарларды қоспағанда (алып тастау дрип-пакеттердегі тауарларға қолданылмайды). |
_______________
\*Осы тізбені қолдану мақсатында ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет осы тізбедегі тауарды өз аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қажеттілігін дербес айқындайды.
** Массасы 3 грамм және одан аз бірнеше тауарды тұтыну қаптамасына біріктірген кезде мұндай қаптама сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жатады.
| | Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 53 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН || - | --------------------------------------------------------------------------------------------- |
Тауарды сәйкестендіру құралының СИПАТТАМАЛАРЫ, тауарды сәйкестендіру құралындағы ақпараттың құрамына және құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және түсіру тәртібі
1. Осы құжат 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 5-бабы 1-тармағының "а" тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 53 Шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесінде көрсетілген тұтыну қаптамасындағы еритін және (немесе) демдеп дайындалатын сусындардың жекелеген түрлерін (бұдан әрі – тауарлар) таңбалау үшін машинамен оқуға жарамды және "Ақпараттық технологиялар. Автоматты сәйкестендіру және деректерді жинау технологиялары. Data Matrix штрих-код символикасының ерекшелігі" халықаралық ИСО/МЭК 16022:2006 стандартының (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") талаптарына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) оған ұқсас ұлттық стандартына сәйкес қалыптастырылған Data Matrix GS1 форматындағы екі өлшемді штрих-код түрінде ұсынылған символдардың бірегей реттілігі болып табылатын сәйкестендіру құралы пайдаланылады. Таңбалау кодын сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде GS1 қолдану идентификаторларының (AI) үлгілік форматына деректердің сәйкестігін білдіретін белгі ретінде FNC1 таңбасын пайдалана отырып, ECC 200 символикасы қолданылуға тиіс.
3. Сәйкестендіру құралы мынадай деректерді қамтиды:
деректердің бірінші тобы (қолдану идентификаторы (01)) – 14 цифрлық таңбадан тұратын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN);
деректердің екінші тобы (қолдану идентификаторы (21)) – 13 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан (! ” % & ’ \* + - . / \_ , : ; = ?)) тұратын тауардың (тауар қаптамасының) жеке сериялық нөмірі. Бірінші таңба ретінде осы код эмиссияланған мүше мемлекеттің идентификаторы көрсетіледі (1 немесе А (a) – Армения Республикасы, 2 немесе B (b) – Беларусь Республикасы, 3 немесе C (с) – Қазақстан Республикасы, 4 немесе D (d) – Қырғыз Республикасы, 5 немесе E (е) – Ресей Федерациясы). Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесіндегі 29 кодына ие арнайы бөлгіш таңба пайдаланылады; деректердің үшінші тобы (қолдану идентификаторы (91)) – цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен тұратын 4 таңбадан тұратын тексеру кілті. Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесіндегі 29 кодына ие арнайы бөлгіш таңба пайдаланылады; деректердің төртінші тобы (қолдану идентификаторы (92)) – цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан тұратын 44 таңбадан тұратын тексеру коды. Деректердің үшінші және төртінші топтары Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезіндегі криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы 2021 жылғы 23 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 41 Шешімінің 1-тармағының "а" тармақшасына және "б" тармақшасына сәйкес пайдаланылады (бұдан әрі – Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешімі). Егер тұтыну қаптамасының өлшемдеріне байланысты осы құжаттың 2-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттің халықаралық стандарттың немесе оған ұқсас ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін өлшемі мен сапасындағы Data Matrix символын орналастыру мүмкін болмағандықтан, тауарлар айналымына қатысушының құрамында төрт деректер тобы бар сәйкестендіру құралын түсіру мүмкіндігі болмаса, мұндай тауарлар айналымына қатысушы үш деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын қолдануға құқылы. Бұл жағдайда деректердің үшінші тобы (қолдану идентификаторы (93)) цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан тұратын 4 таңбадан тұратын тексеру кодын қамтиды және Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешімінің 1-тармағының "в" тармақшасына сәйкес пайдаланылады. Құрамында төрт немесе үш деректер тобы бар сәйкестендіру құралын қолдану туралы шешімді тауарлар айналымына қатысушы осы тармақтың ережелерін ескере отырып, дербес қабылдайды. 4. Тауарлардың сәйкестендіру құралдары мүше мемлекеттердің сәйкестендіру құралдарының эмитенттері немесе тауарлар айналымына қатысушылар тарапынан қалыптастырылады. 5. Тауарлар сәйкестендіру құралын немесе сәйкестендіру құралын қамтитын материалдық тасымалдағышты тұтыну қаптамасына сәйкестендіру құралын бүлдірмей ажыратуға жол бермейтін тәсілмен түсіру арқылы таңбаланады. 6. Таңбаланған тауарларды топтық қаптамаға жинақтау кезінде мұндай қаптамаға осы қаптамаға салынған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын агрегаттай отырып, сәйкестендіру құралын немесе сәйкестендіру құралын қамтитын материалдық тасымалдағышты түсіруге болады. 7. Таңбаланған тауарларды көлік қаптамасына жинақтау кезінде мұндай көлік қаптамасына осы қаптамаға салынған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын агрегаттай отырып, көлік қаптамасының сәйкестендіру кодын қамтитын көлік қаптамасының сәйкестендіру құралын түсіруге болады. Көлік қаптамасының сәйкестендіру құралын қалыптастыру және көлік қаптамасын таңбалау GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Көлік қаптамасын таңбалау кезінде көлік қаптамасына түсірілетін міндетті емес ақпараттық өрістердің құрамын тауарларды көлік қаптамасына жинақтауды жүзеге асыратын тауарлар айналымына қатысушы айқындайды.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 53 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын ТАЛАПТАР
1. Тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторлары (әкімшілері) (бұдан әрі – операторлар) арасында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 53 Шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тұтыну қаптамасындағы еритін және (немесе) демдеп дайындалатын сусындардың жекелеген түрлері туралы (бұдан әрі тиісінше – тауарлар, тізбе) және олардың сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) мынадай стандарттарға сәйкес XML форматында беріледі: "Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fifth Edition)" ("Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml мекенжайы бойынша жарияланған); "Namespaces in XML 1.0 (Third Edition)" ("Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml-names мекенжайы бойынша жарияланған); "XML Schema Part 1: Structures Second Edition" және "XML Schema Part 2: Datatypes Second Edition" ("Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде http://www.w3.org/TR/xmlschema1/ және http://www.w3.org/TR/xmlschema2/ мекенжайлары бойынша жарияланған). 2. Мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 Шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделіне (бұдан әрі тиісінше – базалық модель) қосымшаның 1–4, 7–8, 11–12-кестелерінде және осы Талаптардың 1–4-кестелерінде келтірілген. 3. Осы Талаптардың 1–4-кестелерінің өрістерін (бағандарын) қалыптастыру, сондай-ақ элементтердің еселігін көрсету үшін белгілерді қолдану базалық модельге қосымшаның 3 және 4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мәліметтер базалық модельдің ережелерін ескере отырып, нақты уақыт режимінде беріледі.
| | 1-кесте || - | --------- |
Тауардың сипаттамалары туралы мәліметтер тізбесі
Жүктеп алу
| Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Ескертпе | Көптігі | || ----- | ----- | ----- | ----- | ----- | - || | Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі) | Тауар бірлігінің функционалдық атауы | Тауардың жалпы сипаттамасы (тауар жататын өнім түрінің атауы, мысалы, қара шай, көк шай, дәнді қуырылған кофе, ұнтақ кофе және т.б.) | 1 | || | Жапсырмадағы тауардың атауы | | Еркін нысанда қалыптастырылады | 1 | || | Тауар белгісі (бренд) | Тауар белгісі (бренд, сауда маркасы) туралы мәліметтер | Нақты өндірушінің тауарларын нысаналы нарықта орналастыру кезінде пайдаланылатын белгі. Болмаған жағдайда «жоқ» деп көрсетіледі | 1 | || | Тауардың нетто массасы немесе көлемі | Тұтынушылық қаптамадағы тауардың нетто массасы немесе оның өлшем бірлігі көрсетілген көлемі (г, кг, мл, л) | | 1 | || 5 | Генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГТО) болу белгісі | Өнім құрамында генетикалық түрлендірілген организмдерді (ГТО) қолдану арқылы алынған компоненттердің болу белгісі | Белгі мынадай мәндерді қабылдайды: «иә» – өнім құрамында ГТО бар; «жоқ» – қалған жағдайларда | 1 | || 6 | Балалар тағамы өнімінің белгісі | Тауардың балалар тағамына жататындығының белгісі | Белгі мынадай мәндерді қабылдайды: «иә» – балалар тағамы; «жоқ» – қалған жағдайларда | 1 | || 7 | Тауардың құрамы | Тауардың сапалық құрамының сипаттамасы | Еркін нысанда қалыптастырылады, | 1 | || 8 | Тағамдық құндылығын көрсету талаптарының болуы белгісі | | Белгі мынадай мәндерді қабылдайды: «иә» – қаптамада тағамдық құндылығы туралы ақпаратты көрсетуге міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік талаптар (техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құжаттар) бар; «жоқ» – қалған жағдайларда | 1 | || 9 | Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың өлшем бірлігі | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың өлшем бірлігі | Мынадай мәндердің бірі көрсетіледі: «г/100г»; «г/100мл»; «г/порция» | 1 | || 10 | Ақуыздар | Ақуыздардың мөлшері | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес «Нақты мән», «Бастап», «Дейін» түрі көрсетіле отырып толтырылады. Бұл сипаттама болмаған жағдайда «0» мәні көрсетіледі | 1..3 | || 11 | Майлар | Майлардың мөлшері | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес «Нақты мән», «Бастап», «Дейін» түрі көрсетіле отырып толтырылады. Бұл сипаттама болмаған жағдайда «0» мәні көрсетіледі | 1..3 | || 12 | Көмірсулар | Көмірсулардың мөлшері | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес «Нақты мән», «Бастап», «Дейін» түрі көрсетіле отырып толтырылады. Бұл сипаттама болмаған жағдайда «0» мәні көрсетіледі | 1..3 | || 13 | Энергетикалық құндылықтың өлшем бірлігі, ккал | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес килокалориямен көрсетілген энергетикалық құндылықтың өлшем бірлігі | Мынадай мәндердің бірі көрсетіледі: «ккал/100г»; «ккал/100мл»; «ккал/порция» | 1 | || 14 | Энергетикалық құндылығы, ккал | | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес «Нақты мән», «Бастап», «Дейін» түрі көрсетіле отырып толтырылады. Бұл сипаттама болмаған жағдайда «0» мәні көрсетіледі | 1..3 | || 15 | Энергетикалық құндылықтың өлшем бірлігі, кДж | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес килоджоульмен көрсетілген энергетикалық құндылықтың өлшем бірлігі | Мынадай мәндердің бірі көрсетіледі: «кДж/100г»; «кДж/100мл»; «кДж/порция» | 0..1 | || 16 | Энергетикалық құндылығы, кДж | | Тұтынушылық қаптамадағы ақпаратқа сәйкес «Нақты мән», «Бастап», «Дейін» түрі көрсетіле отырып толтырылады. Бұл сипаттама болмаған жағдайда «0» мәні көрсетіледі | 0..3 | || 17 | Қаптама түрі | GS1 стандарттарымен үйлестірілген қаптама түрлерінің атауларын пайдалану негізінде қалыптастырылған тұтынушылық қаптама түрінің сипаттамасы | | 1 | || 18 | Қаптама материалы | GS1 стандарттарымен үйлестірілген қаптама материалдарының атауларын пайдалану арқылы қалыптастырылған тұтынушылық қаптама материалдарының сипаттамасы | | 1 | || 19 | Топтық қаптамадағы тұтынушылық қаптамалардың саны | | Топтық қаптамадағы тауарлар үшін элемент міндетті болып табылады | 0..1 | || 20 | Сақтау шарттары | | Тауардың өз сапасын сақтайтын сақтау шарттары көрсетіледі | 1 | || 21 | Тауардың бейнесі | Тауардың фотографиялық бейнесі | Элементте тауардың фотографиялық бейнесі болады | 0..\* | || 22 | Дәмі | Тауардың ерекшеленетін дәмдік қасиеттері (қоспалары) туралы мәліметтер | Болмаған жағдайда «дәмдік қоспаларсыз» деп көрсетіледі | 1 | || 23 | Дәрумендер мен минералды заттардың өлшем бірлігі | | Мынадай мәндердің бірі көрсетіледі: «мг/100г»; «мг/100мл»; «мкг/100г»; «мкг/100мл»; «мг және мкг/100г»; «мг және мкг/100мл» | 0..1 | || 24 | Дәрумендер мен минералды заттар, мг | Мынадай дәрумендер мен минералды заттар үшін миллиграммен көрсетілген сандық мән: «Биотин»; «Витамин B6»; «Витамин C»; «Витамин E»; «Темір»; «Калий»; «Кальций»; «Магний»; «Ниацин»; «Пантотен қышқылы»; «Рибофлавин»; «Селен»; «Тиамин»; «Фосфор»; «Мырыш» | Элемент дәрумендер мен минералды заттардың мынадай өлшем бірліктерінің бірі көрсетілген жағдайда міндетті болып табылады: «мг/100г»; «мг/100мл»; «мг және мкг/100г»; «мг және мкг/100мл» | 0..\* | || 25 | Дәрумендер мен минералды заттар, мкг | Мынадай дәрумендер мен минералды заттар үшін микрограммен көрсетілген сандық мән: «Витамин A»; «Витамин B12»; «Витамин D»; «Йод»; «Фолацин» | Элемент дәрумендер мен минералды заттардың мынадай өлшем бірліктерінің бірі көрсетілген жағдайда міндетті болып табылады: «мкг/100г»; «мкг/100мл»; «мг және мкг/100г»; «мг және мкг/100мл» | 0..\* | || 26 | Жапырақтың өлшемі | Шай жапырағының өлшемі туралы мәліметтер | Мынадай мәндердің бірі көрсетіледі: «ірі»; «орташа»; «ұсақ» | 0..1 | || 27 | Өңдеу немесе өндіру тәсілі (түрі) | Шай жапырағын өңдеу тәсілі мен түрі туралы мәліметтер | | 0..1 | |
| | 2-кесте || - | --------- |
Тауар бірлігі туралы мәліметтер тізбесі
Жүктеп алу
| Нөмірі | Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көптігі |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тауар бірлігінің ҚҚС-ты ескере отырып есептелген бағасы* | Тауардың ҚҚС-ты ескере отырып есептелген бағасы туралы мәліметтер | Мәліметтер импорттаушы мүше мемлекеттің валютасында көрсетіледі. | 0..1 |
| 2 | Тауар бірлігінің ҚҚС сомасы* | Тауар бірлігінің ҚҚС сомасы туралы мәліметтер | Импорттаушы мүше мемлекетте төленуге жататын тауардың әрбір бірлігі бойынша импорттаушы мүше мемлекеттің валютасындағы ҚҚС сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі | 0..1 |
| 3 | Өндірілген күні | Өндірілген күні туралы мәліметтер | 1 | |
| 4 | Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні | Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтер | 1 |
Мәліметтер экспорттаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) ұлттық операторының (әкімшісінің) техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда және импорттаушымен жасалған шарттық қатынастар шеңберінде экспорттаушы тарапынан ерікті негізде беріледі. Мәліметтер берілген жағдайда 2-кестенің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген екі элемент те толтырылуға тиіс.
| | 3-кесте || - | --------- |
Тізбеде көрсетілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын қолдану идентификаторларының (AI) тізбесі
Скачать
| Код AI | Полное наименование AI | Формат элементной строки | Описание | Примечание |
|---|---|---|---|---|
| 00 | Тасымалдау қаптамасының (ыдысының) сериялық коды – SSCC (Serial Shipping Container Code) | N2+N18 | Деректер өрісінде SSCC нөмірі қамтылады | AI (00) қолдану идентификаторы одан кейін тікелей келетін 18 таңбадан тұратын цифрлық өрісте тасымалдау қаптамасының (ыдысының) сериялық коды (SSCC) қамтылатынын көрсетеді. Бұл код логистикалық бірлікті таңбалау үшін пайдаланылады. |
| 01 | Тауар бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі – GTIN (Global Trade Item Number) | N2+N14 | GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 ашық стандарттар жүйесіндегі бір атаудағы (артикулдағы) тауар түрінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі. 14 таңбалы цифрлық идентификатор | AI (01) қолдану идентификаторы одан кейін тікелей келетін 14 таңбадан тұратын цифрлық өрісте тауар бірлігін сәйкестендіру үшін пайдаланылатын жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN) қамтылатынын көрсетеді. |
| 21 | Жеке сериялық нөмір (Serial Number) | N2+X..13 | Сериялық нөмір (Serial Number) | AI (21) қолдану идентификаторы одан кейін тікелей келетін 13 таңбадан тұратын өрісте тауардың жеке сериялық нөмірі (SN) қамтылатынын көрсетеді. GTIN-мен бірге жеке сериялық нөмір әрбір тауар бірлігінің бірегей идентификаторы болып табылады. Түсіндірме: тауарларды сәйкестендіру мақсатында 13 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! " % & ' * + - . / _ , : ; =
?)) тұратын тауардың жеке сериялық нөмірі пайдаланылады. |
| 91 | Тексеру кілті | N2+X..4 | Тексеру кілтінің идентификаторы (жеке реттік нөмірі) | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады. |
|---|---|---|---|---|
| 93 | Тексеру коды | N2+X..4 | Симметриялық криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып жасалатын тексеру кодының мәні | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады. |
4-кесте
Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары
Жүктеп алу
| Сәйкестендіру құралының түрі | «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидасы |
|---|---|
| I. Тұтынушылық немесе топтық қаптамаға салынған сәйкестендіру құралы бөлігінде «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары | |
| 301 | 1. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 32. 2. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің бірінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «01»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде тауардың сәйкестендіру нөмірі (GTIN) қамтылуға тиіс. 3. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің екінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «21»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде тауардың жеке сериялық нөмірі (SN) қамтылуға тиіс. 4. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің үшінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «91» немесе «93»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде тексеру кілтінің идентификаторы немесе тексеру кодының мәні қамтылуға тиіс (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады). 5. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің төртінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «92»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде тексеру кодының мәні қамтылуға тиіс (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады). |
| II. Тасымалдау қаптамасына салынған сәйкестендіру құралы бөлігінде «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары | |
| 101 немесе 301 | 1. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 1. 2. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «00» немесе GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес деректеменің өзге мәні. «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде тасымалдау қаптамасының бірегей идентификаторы қамтылуға тиіс (тасымалдау қаптамасының сәйкестендіру коды 18-ден 74 таңбаға дейін қоса алғанда болуы және цифрлардан (0–9), латын әліпбиінің әріптерінен (A–Z (a–z)) және арнайы символдардан (% & ' " ( ) * + , - _ . / : ; < = > ? !) тұруы мүмкін). |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 53 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Таңбаланған тауар туралы тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылатын, тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға, оның ішінде тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттері мен интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қол жеткізуге берілетін мәліметтердің ең аз құрамы
Сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN).
Тауардың жеке сериялық нөмірі (SN).
Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 10 таңбалы коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН).
Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі).
Жапсырмадағы тауардың атауы.
Тауар белгісі (бренд).
Тауар туралы мәліметтер:
өнімнің нетто массасы немесе көлемі;
тауардың құрамы;
балалар тағамы өнімінің белгісі;
генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) болу белгісі;
тағамдық құндылығы туралы мәліметтерді көрсету талаптарының болуы туралы белгі;
ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың мөлшері («г/100г» немесе «г/100мл» немесе «г/порция»);
энергетикалық құндылығы («ккал/100г» немесе «ккал/100мл» немесе «ккал/порция»);
қаптама түрі;
қаптама материалы;
сақтау шарттары;
дәмі;
өндірілген күні;
жарамдылық мерзімінің аяқталу күні.
Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжат жөніндегі мәліметтер (құжаттың түрі, нөмірі және күні).
Тауардың шығарылған елі.
Таңбаланатын тауар туралы ақпаратты ұсынған шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сәйкестендіру коды (нөмірі) (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (УНН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (УНП), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – салықтық сәйкестендіру нөмірі (ИНН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ИНН)), заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайы).
Тауар өндіруші туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген тауарлар үшін толтырылады).
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар