Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жер комиссиясының қорытынды хаттамасын және әкімнің қаулысын заңсыз деп тану туралы

Жер комиссиясының қорытынды хаттамасын және әкімнің қаулысын заңсыз деп тану туралы

Жер комиссиясының қорытынды хаттамасын және әкімнің қаулысын заңсыз деп тану туралы

Жер комиссиясының қорытынды хаттамасын және әкімнің қаулысын заңсыз деп тану туралы

17.10.2023ж. №6001-23-00-6ап/430

Талап қоюшы: «Б» шаруа қожалығы

Жауапкер: аудан әкімі

Мүдделі тұлға: «Жер қатынастар бӛлімі» ММ

Даудың мәні: жер комиссиясының қорытынды хаттамасын және әкімнің қаулысын заңсыз деп тану туралы

Талап қоюшының келтірген кассациялық шағымы бойынша қайта қарау

ІСТІҢ МӘНІ:

«Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен № 2 лот бойынша М. ауданының Е. ауылдық округінде орналасқан көлемі 77,2 гектар № 1 және көлемі 364,04 гектар № 2 жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беру жөнінде конкурстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Конкурсқа қатысу үшін талап қоюшы, мүдделі тұлғалар А.Ж., Е.О., Ж.Т., Н.Е. өтінім білдірген.

Аудандық жер комиссиясының (бұдан әрі – Жер комиссиясы) 2021 жылғы 16 шілдедегі № 494 қорытынды хаттамасына сәйкес № 2 лот бойынша жеңімпаз деп «Н» шаруа қожалығының (басшысы Н.Е.) өтінімі танылған.

Аудан әкімінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 235 қаулысымен «Н» шаруа қожалығына Е. ауылдық округі аумағында босалқы жер қорынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қосымшаға сәйкес 439,36 гектар жайылым, 1,88 гектар басқа алқаптар, барлығы 441,24 жер учаскесі уақытша 20 жылға ортақ бірлескен өтеулі пайдалану құқығымен берілген.

Аудандық мәслихатпен 2018 жылғы 23 қарашада аудандық жер комиссиясын құру және ережесін бекіту туралы № 245 шешім қабылданған.

Жер комиссиясының құрамы 40 адам болып бекітілген.

Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 59 шешімімен жоғарыда аталған маслихат шешіміне өзгерістер енгізіліп, комиссия құрамынан Ғ.Қ. мен Қ.А. шығарылып, орындарына аудан әкімінің орынбасары Қ.М. және ауданның қоғамдық кеңес мүшесі А.С. енгізілді.

Талап қоюшы сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгініп, онда қатысушы әрбір жер учаскесі бойынша жеке өтінім, конкурстық ұсыныс пен міндеттемелерді ұсынуы тиіс екендігін көрсеткен. Бұл ретте, конкурстық ұсыныста әрбір жер учаскесіне жеке салынатын болжамды инвестициялар көлемі болуы тиіс, өйткені бұл міндеттемелер конкурсқа қатысуға өтінім конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда жасалатын жер учаскесін жалдау шартының ажырамас бӛлігі болып табылады. Алайда, осы Конкурстың аудио, бейнежазбасына сәйкес, Комиссия осы лот бойынша №1 және №2 жер учаскелерін әрқайсысы бөлек учаскесі екеніне және кадастрлық нӛмірі бар екеніне қарамастан бір жер учаскесі ретінде қараған, сондықтан заңсыз шешім қабылдаған.

Аталған конкурстық ұсыныста болжанатын инвестициялардың тек бір ғана сомасы көрсетіліп, олардың әрбір жер учаскесіне салынатын көлемдері жеке дара бӛлініп көрсетілмеген. Конкурс бойынша шешім конкурстың және қолданыстағы жер заңнама талаптарын бұза отырып заңсыз қабылданғандығын көрсеткен.

Сот актілері:

1-і саты: талап қою арызы қанағаттандырылған. Аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының 2021 жылғы 16 шілдедегі №494 қорытынды хаттамасының №2 лоттың №1 және №2 жер учаскелеріне қатысты бөлігі және аудан әкімінің «Н» шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалану құқығын беру туралы 2021 жылғы 22 шілдедегі №235 қаулысының күші жойылған.

Апелляция: сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша жаңа шешім қабылданып, талап қоюшының жер комиссиясының қорытынды хаттамасын және әкімнің қаулысын заңсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Кассация: сот алқасының қаулысы күшінде қалдырылды.

Қорытынды:

Дауланып отырған жер комиссиясының қорытынды хаттамасына сәйкес, комиссия отырысында 31 мүше болған, хаттамаға 20 адам қол қойған, ал № 2 лотқа қатысты аудио-бейнежазбадан жер комиссиясы құрамында 11 адам қатысқаны анықталған.

Сот алқасымен істі қарау барысында жауапкер, аудандық мәслихаты және басқа мүдделі тұлғалардың өкілдерінің түсініктемелерінен анықталғаны, жер комиссиясының тұрақты құрамына 11 мүшелер кірген, олар: аудан әкімінің орынбасары Қ.М., ауданның қоғамдық кеңес мүшесі А.С., «Жер қатынастары бӛлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Е., «Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы К.Ж., «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы О.С., А. фермерлік орталығының өкілі Е.Б., жеке кәсіпкерлер С.А. пен Е.А., «НО» Халық демократиялық партиясының депутаты А.В., Қ. қаласының әкімі О.Ӛ., аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ж.Д.

Сонымен қатар, Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес жер комиссиясының құрамына Е. ауылдық округінің әкімі Ә.Қ. пен осы ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығының өкілі Қ.Ж. те кірген.

Алайда, дауланып отырған шешім қабылданатын күні Қ.Ж. пен Ж.Д. жер комиссиясының жұмысына қатыспаған.

Яғни, Е. ауылдық округ аумағында орналасқан жер учаскелерін беруге қатысуға құқылы 13 адамның 11-і дауыс берген. Демек, Жер кодексінің 43- бабының 2-тармағының, 43-1-бабының талаптары сақталған.

Сондықтан, бірінші сатыдағы соттың комиссия отырысын өткізу ережесі бұзылған деген тұжырымы қате және ӘРПК-нің 84-бабының 1-бөлігінде мәні бойынша дұрыс әкімшілік акт бір ғана формальды негіздер бойынша заңсыз деп таныла алмайды деген қағидаға қайшы келеді.

№ 2 лот бойынша конкурсқа қатысушылар инвестициялардың болжамды кӛлемдерін келесідей көрсеткен: талап қоюшы – 895,6 млн теңге, А.Ж. – 420 млн теңге, Е.О. – 39,5 млн теңге, Ж.Т. – 300 млн теңге, Н.Е. – 120 млн теңге.

Осыған орай, жер комиссиясының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 494 қорытынды хаттамасына қосымшасында көрсетілгендей, № 2 лотқа қатысушылардың барлығына ең жоғары 20 баллдан берілген. Осы нәтижеге байланысты, дауыс беруге қатысқан он бір комиссия мүшелерінің барлығы «Н» шаруа қожалығын жеңімпаз деп таныған.

Әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік актіні қабылдау және (және) әкімшілік әрекетті жасау (әрекетсіздік таныту) осы өкілеттіктің мақсаттарына сәйкес келуге тиіс.

Жер комиссиясы мүшелері дауыстарын өз қалауы бойынша заңнама шеңберінде берген, сондықтан олар бұл шешімдерін не себептен «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының пайдасына қабылдағандарын бағалауға соттың құқығы жоқ.

Осыған орай, талап қоюшының оның инвестициялық жобасы толық ескерілмеген деген уәжі негізсіз.

Талап қоюшының бір лотпен екі жер учаскенің ұсынылуы заңға қайшы келеді деген уәжін сот алқасы негізсіз деп санайды. Өйткені жауапкер және мүдделі тұлғалардың өкілдері түсіндіргендей, алғашқыда бұл екі жер учаскесі бір бүтін болып, кейін арасынан жол өтіп бөлінген, сонымен қатар, заңнамамен екі жер учаскесін бір лотпен беруге тыйым салынбаған деп түсіндірді. Сот алқасы жауапкер мен мүдделі тұлғалардың бұл уәжімен келіседі және осы конкурсқа қатысуға талап қоюшының өзі де бір өтініш қана бергені ескеріледі.

Дауланып отырған аудан әкімінің «Н» шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалану құқығын беру туралы қаулысы жер комиссиясының заңды шешіміне негізделген, сондықтан бұл қаулының күшін жоюға негіз жоқ.

Осындай жағдайда, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдау туралы дұрыс тұжырымға келген. 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы