Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы

Жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы

Жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы

Жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы

 

19.10.2023ж. №6001-23-00-6ап/259

Талап қоюшы: «У» ЖШС

Жауапкерлер: аудан әкімі, «Аудандық жер қатынастары бөлімі» КММ

Мүдделі тұлға: «Ж» шаруа қожалығы

Даудың мәні: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 10 хаттамалық шешімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы Жауапкер аудан әкімінің және мүдделі тұлға «Ж» шаруа қожалығының келтірген кассациялық шағымдары бойынша қайта қарау

ІСТІҢ МӘНІ: «Аудандық жер қатынастары бөлімі» КММ-мен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс ұйымдастырылған.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы ндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 10 хаттамалық шешімімен (бұдан әрі – Даулы хаттама) 95 инвестициялық міндеттемелердің өлшемшарттары (сомасы) бойынша конкурсқа қатысушы тұлғаларға тӛмендегідей балдар берілген:

- «Қ» шаруа қожалығына – 20 балл;

- «Ж» шаруа қожалығына – 20 балл;

- «У» ЖШС-не – 20 балл.

Даулы хаттамамен конкурсқа жалға беруге шығарылған 15-ші лот бойынша С.Сейфуллин ауылдық округі жерінен жалпы кӛлемі -156,4га. жер учаскесі бойынша 11 басым дауыспен жеңімпаз мүдделі тұлға «Ж» шаруа қожалығы танылған.

Талап қоюшы Даулы хаттамамен келіспей, сотқа талап қойып, онда келесі уәждерді келтірген:

1. Комиссия суарылатын егістікке әр гектарына салынатын инвестициялық болжам көлемін 500,0 теңгеден жоғары қандай қаражат кірістерінен алатынын сараламаған, комиссия хаттамасында балл беру барысы мүлдем көрініс таппаған;

2. Талап қоюшы осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық бермеген;

3. Конкурстық комиссия мүшесі Ә.Р. конкурс жеңімпазы «Ж» ШҚ ның тӛрағасы А.С. туыстық қатынаста, оның ішінде олар бір отбасынан қыз алған бажалар болып келеді;

4. Конкурс мүшесі А.И. белгісіз себептермен конкурс болатын күні мен уақыты жӛнінде хабардар етілмеген, оның орнына барған аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.А. қатысып, ол конкурс барысында дауыс беріп, дауысы негізсіз есепке алынған;

5. «Ж» ШҚ-ның тӛрағасы А.С. әйелі С.Т. ауылдық округінің қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде тікелей ықпал еткен, комиссия отырысында тыңдалған Қоғамдық кеңестің мүшелері бірауыздан осы шаруа қожалығын қолдаған, оған С.Т. тікелей ықпал еткенін кӛрсеткен.

Сот актілері:

1-і саты: талап қою қанағаттандырудан бас тартылды.

Апелляция: шешімнің күші жойылып, талап қанағаттандырылған. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 10 хаттамалық шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Кассация: сот алқасының қаулысы күшінде қалдырылды.

Қорытынды: Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот тарапынан шешім шығарған кезде бір қатар заң бұзушылықтар орын алғаның көрсетіп, талапты қанағаттандыру туралы негізді және заңды жаңа шешім қабылдаған.

Жауапкер ұсынылған құжаттар заңда көзделген келісілу рәсімінің формальды түрде жасалғанын көрсетті, оның ішінде қорытындылардың қандай жер учаскелеріне қатысты қабылданғаны көрсетілмегені, оң немесе теріс қорытынды берілгені қамтылмағандығы.

Қорытындылардың бірдей 96 мәтінінен олардың бір жерде дайындалып-басылғаны көрінеді. Одан бөлек, күндері мен сандарында сәйкессіздіктер бар.

Істі қарау барысында жауапкер өкілі келісуші органдар шеңбері қалай анықталғанын, олардың жалпы саны және ¾ бөлігі қалай айқындалғанын сотқа түсіндіріп бере алмады.

Әкімшілік рәсімнің келесі кезеңі конкурсты тікелей ұйымдастырып, өткізу кезеңінде бұзушылықтар орын алған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығымен бекітілген Жер комиссиясы туралы үлгі ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

Бұл ретте қатысатын қоғамдық кеңестер, агроӛнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары ӛкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрауы тиіс.

Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады. Сотқа ұсынылған материалдарға қарағанда Даулы конкурс кезінде әрекет еткен жер комиссиясының құрамы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 наурыздағы №127 шешімімен бекітілген.

Алайда жер комиссиясының құрамы келтірілген шешімнің 1-қосымшасында комиссия мүшелерінің аты-жӛні және нақты саны кӛрсетілмеген. Қосымшада мемлекеттік мекемелер, ұйымдар тізбектеліп, олардың басшысы және міндетін атқарушы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі немесе төрағасы, қоғамдастық жиналысынан жіберген халық өкілі деп көрсетумен шектеліп, нақты кім комиссия құрамына кіретіні көрсетілмеген.

Жоғарыдағы Ережеде көрсетілгендей комиссия мүшесінің оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысуы жөніндегі талапты орындау үшін және арнайы тәртіппен бекітіліп отырғаннан кейін, комиссия мүшесі ретінде нақты тұлға кӛрсетілуі тиіс болған.

Мұндай талап аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 наурыздағы жоғарыда кӛрсетілген №127 шешімімен бекітілген Аудандық жер комиссиясы туралы ережеде де көзделген. Одан бөлек, комиссия отырысын заңды деп тану үшін кворум сақталуы шарт.

Ережеге сәйкес комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса ғана заңды деп танылады. Ал кворумның сақталған-сақталмағанын анықтау үшін комиссия құрамының жалпы саны (Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес бекітілген комиссия мүшелерін қоса алғанда) нақты болуы керек.

Дауланып отырған конкурсқа қатысты 2022 жылғы 3 мамырда комиссия отырысының екі хаттамасы жасалған:

- конкурстық ӛтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы №1;

- конкурстың қорытындысы туралы №10. 97 Екі хаттама да бір күнмен (2022 жылғы 3 мамыр) және бір комиссия отырысынан жасалғанымен, хаттамаларға қол қойған комиссия мүшелерінің саны мен құрамында айырмашылық бар.

Атап айтқанда, ашу хаттамасында комиссия хатшысынан бӛлек 25 адам кӛрсетіліп, олардың 21-і қол қойған.

Қорытында хаттамада комиссия хатшысынан бөлек 15 адам көрсетіліп, олардың 10-ы қол қойған. Ал қағида талаптарына сәйкес жер комиссиясының хаттамалық шешіміне жер комиссиясының отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюы тиіс. Осы тұрғыдан дауланып отырған конкурс бойынша кворум сақталған деуге келмейді.

Комиссия отырысына қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын қоғамдық ұйым ӛкілдері құрауы тиіс деген талапта сақталмаған. №10 хаттама бойынша комиссия отырысына қатысты деп көрсетілген 11 мүшенің 7-уі мемлекеттік басқару органдарының өкілдері (Ғ.Е., Б.М., А.Ж., А.К., Н.Ж., Ә.Р., Б.К.), 4-уі ғана қауымдастық, өзін өзі басқару орғандарының ӛкілдері.

Сонымен қатар, Жер Кодексінің 43-1 бабы 14 тармағының екінші абзацында - осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі делінген. Бірақ, конкурстық комиссиясы осы заң талабына мән берілмеген және есепке алынбаған.

Комиссия тарапынан дауыс беру барысында заң бұзушылықтар орын алған. Сотқа ұсынылған комиссия отырысының аудио-бейнежазбасынан даулы болып отырған конкурстың 15-лоты бойынша дауыс берушілердің саны 12 болғаны, олардың бір мәрте ғана дауыс бергені, қолдап дауыс берушілер саны 9 болғаны (Б.К.,С.Н. дауыс беруге қатыстырылмағаны) көрінеді. Бұл мән-жайлар даулы №10 хаттамада келтірілген мәліметтермен сай келмейді.

Хаттамада комиссия мүшелері «Ж» ШҚ-на 11 дауыс, «Қ» ШҚ-на 4 дауыс, «У» ЖШС-на 7 дауыс бергені жазылған. Комиссия мүшесі Ә.Р. дауыс беруге қатысқан, бірақ белгісіз себептермен хаттамада қол қоймаған.

Кассациялық шағымдардың иелері келтірген уәждеріне апелляциялық сот қаулысында тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы