Жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруден бас тартуды заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап қоюлар
Барлық берілген талап қоюлардың төрттен бірін немесе орталық мемлекеттік органдарға берілген талап қоюлардың жартысынан көбін жер қойнауын пайдаланушылардың ИИДМ-ге қатысты талап қоюлар болып отыр. Талаптар әртүрлі, бірақ олардың көп бөлігін бірнеше негізгі талаптарға жатқызуға болады, олар жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша сараптамалық комиссиялардың, аукциондардың жұмысына байланысты талаптар, әкімшілік актілерге дау айту туралы басқа да талаптар.
Кодекстің 45-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беру туралы арызды алған күннен бастап құзыретті орган оларды жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына енгізеді.
Іс жүзінде мемлекеттік органның бұзушылықтары арыздарды тиісті мерзімде жібермеуге байланысты. Комиссия мүшелерінің көпшілігі ИИДМ қызметкерлерінің өздері, ал оның төрағасы ИИДМ-нің жетекшілік ететін вице-министрі болып табылады.
«Б» ЖШС-ның ИИДМ-ге жауап(хат) нысанында көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап қоюы.
Кодекстің 45-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруге аррыз бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
Арыз келіп түскеннен кейін құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде оны тиісті ұсынымдар беретін сараптама комиссиясына жібереді. Тиісті ұсынымдарды алғаннан кейін құзыретті орган арыз бойынша қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Сонымен қатар іс материалдарына сәйкес жауапкер талап қоюшының арызын 10 ай бойы қараған және ол сараптама комиссиясына жіберілмеген. Яғни арыз сараптама комиссиясында қаралмай және ұсыным берілмей шешім қабылданған.
Осыған байланысты, Астана қаласының МАӘС-і талап қоюшының арызын қарау мерзімдері мен рәсімдерін бұзу туралы дәлелдерін негізді деп санады, талап қою қанағаттандырылды (№ 7194-22-00-4/2723). Апелляциялық сатының ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Бұл ретте Кодексте өтпелі ережелерде тарапы өзге мемлекеттік орган болып табылатын келісімшарт бойынша сараптама комиссиясы оның шешімімен құрылатыны кӛзделген (Жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің 278-бабының 12-тармағы).
Көптеген жағдайларда бұл өтпелі ережелер Кодекске қарағанда маңызды болып келеді, мысалы, олар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін реттейді (Жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің 278-бабының 14-тармағы).
Даулардың тағы бір санаты жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукциондардың жұмысына қатысты.
Осыған ұқсас талаптар Энергетика министрлігіне де қойылады. Бұл ретте мемлекеттік органдар кен орындарын аукционға қою кезінде заңда белгіленген барлық талаптардың сақталуына жиі көңіл бӛлмейді.
Мысалы, ИИДМ жер асты сулары кен орындарының контурындағы учаскені аукционға шығарды, бұл заңмен рұқсат етілмейді.
«Д» ЖШС-нің ИИДМ-ге қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған «№33-34 шахталық алаң» кен орны бойынша №12 лот бойынша аукционның нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы талап қоюы жауапкер қолданыстағы заңнаманың нормаларын ескермегендіктен толық кӛлемде қанағаттандырылды (2023 жылғы 18 шілдедегі № 7194-23-00-4/1771).
Осылайша талап қоюшының талаптарын қанағаттандыра отырып, жергілікті соттар мыналарды белгіледі: Экология кодексінің 25-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Су кодексінің 120-бабының 2-тармағына сай ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты сулары кен орындары мен учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтардың көмінділерін, қоқыс үйінділерін, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Осылайша анықталған мән-жайлар бойынша сот жауапкердің «№33-34 шахталық алаң» №12 лот бойынша жер қойнауы учаскесін аукционға қоюы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге заңнамаға тікелей тыйым салуға байланысты заңсыз болып табылады деп есептеді.
Аукциондарды өткізудің проблемалық мәселелері жер қойнауын пайдаланушылардың ЭМ-ге қойылатын негізгі талаптарына да жатқызылуы мүмкін.
Осының бәрі аукциондардың жұмысын жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде кешенді тәсіл қолданылуы қажет екендігін білдіреді.
Істің барлық мән-жайларын тиісінше зерделемеуге байланысты жергілікті соттардың қателіктерін де атап өткен жӛн. Мысалы, ӘРПК-нің оңайлатылған әкімшілік рәсім жөніндегі ережелері ескерілмеген.
Бірінші сатыдағы сот «Б» ЖШС-ның ҚР ИИДМ-ге арызды әкімшілік рәсім тәртібімен қарамауға қатысты әрекетсіздікті заңсыз деп тану туралы және арызды әкімшілік рәсім тәртібімен қарауға міндеттеу туралы талап қоюын қанағаттандырды, өйткені жауапкер ӘРПК-нің 73-бабының бірінші бөлігінің талаптарын бұған, олар өз кезегінде талап қоюшының құқықтарын бұзуға әкеп соққан (№4794-22-00-4/165).
Атап айтқанда сот жауапкердің 2022 жылғы 23 ақпандағы арызын ӘРПК-нің 73-бабының бірінші бӛлігінің талаптарына сәйкес қарамай, әкімшілік рәсімді тоқтатқанын анықтады.
Апелляциялық сатының ұйғарымымен күшінде қалдырылған.
ЖС ӘІСА талап қоюшының «е-otinish» электрондық порталы арқылы шағым емес, арыз жібергені анықталды.
ӘРПК-нің 87-бабының екінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған әкімшілік рәсімді мемлекеттік орган және олардың лауазымды түлғалары ӘРПК-нің 12 тарауында белгіленген ерекшеліктермен, 3-бөлімде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
ӘРПК-нің бірінші бөлігінің 1) тармақшасымен, 88-бабының екінші бөлігінде қайталама хабарламаларда, ұсыныстарда, үн қосуларда, сұрау салуларда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал алдыңғы хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың материалдарында тексерудiң қажетті материалдары болса және арыз иесіне белгiленген тәртiппен жауаптар берілсе, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.
2022 жылғы 17 наурызда Индустрия министрлігі Серіктестікке бұрын жіберілген хатта кӛрсетілген ұстанымды ұстана отырып, Серіктестікке жауап жіберді.
Осылайша Индустрия министрлігі мәні бойынша дұрыс акт шығарды. Жоғарыда көрсетілген жауап ИИДМ-нің лауазымды тұлғасының шешімі болып табылады, ол оның қолымен расталады, яғни шешім ӘРПК-нің 12-тарауының тәртібімен оңайлатылған әкімшілік рәсімімен қабылданды.
Осыны ескере отырып, ЖС ӘІСА жергілікті соттардың шешімдерінің күшін жойып талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды.
Сонымен практика көрсеткендей, мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы диалог болмаған жағдайда құқықтық қатынастар сот талқылауының кеңістігіне өтеді.
Жер қойнауын пайдалану мәселелері Қазақстан Республикасының экономикасында айтарлықтай орын алады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету» міндетін атап өтті. Осылайша жер қойнауын пайдалану саласының тартымдылығын арттыру қажеттілігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын Қазақстандағы инвестициялық ахуалды дамыту саясатымен тікелей байланысты.
2022 жылғы 9 маусымда шетелдік инвесторлармен кездесу барысында ел Президенті инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыс ауқымды реформалармен қатар жүретінін атап өтті.
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Ел экономикасына инвестициялар тарту жӛніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жӛніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, ол Инвестициялар тарту жөніндегі кеңеске (Инвестициялық штабқа) ерекше өкілеттіктер береді. Инвестициялық штабтың негізгі міндеттерінің бірі - барлық деңгейдегі инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелерін шешу болып табылады.
Өз кезегінде жер қойнауын пайдалану саласына инвестицияларды жүзеге асырудың инвестициялық тартымдылығы мен тиімділігі жер қойнауын пайдалану құқығын берудің құқықтық режимімен айқындалады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексімен қамтамасыз етілген жер қойнауын бөлінген учаске шегінде кәсіпкерлік мақсатта белгілі бір мерзім ішінде өтеулі негізде пайдалану мүмкіндігін білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері жеке және заңды тұлғалар бола алады. Жер қойнауын пайдалану режимі, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге асыру тәртібі, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың пайда болу, жүзеге асыру және тоқтату ерекшеліктері, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы және олардың тиісті операцияларды жүргізуі, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету мәселелері және жер қойнауы ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да қатынастар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекспен реттеледі.
Осы Кодекстің қабылдануы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы бұрын қолданыстағы болған заңындағы жекелеген кемшіліктер мен олқылықтарды шешті. Алайда Кодекстің өзі жаңа олқылықтарға әкеп соқты, бұл оған алты жыл ішінде Қазақстан Республикасының 16 заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен расталады.
Яғни, өзгерістер шартты түрде әр 4-5 ай сайын енгізіліп отырған. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының тұрақтылығына әсер етеді және жер қойнауын пайдаланушылар мен әкімшілік органдар арасындағы сот дауларының себептерінің біріне айналуда.
Талап қоюларды қайтару
Әкімшілік талап қоюлар бойынша істерді қайтару ӘРПК-нің 138 бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Талап қоюлардың жалпы саны мынадай негіздер бойынша қайтарылған:
талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамаған және бұл тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған;
талап қою ӘРПК-нің 131-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмейді және алдын ала тыңдау өткізілгенге дейін кемшіліктерді жою мүмкін еместігі анықталған;
арызға қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттіктері жоқ адам қол қойған;
осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша іс бар;
талап қоюшы берген талап қоюын кері қайтарып алған;
тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаған және оны сот бекіткен;
іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды;
сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартқан;
іс осы соттың соттылығына жатпайды.
- Қайтарылған талап қоюлардың басым көпшілігі істің әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындығына байланысты немесе әкімшілік соттың соттылығына жатпайтыны.
Істің едәуір бөлігі жер қойнауын пайдалану келісімшартының төңірегіндегі әрекеттерге байланысты болды, мысалы, келісімшартты тоқтату туралы хабарламаға/бұйрыққа дау айту.
Бұл ретте келісімшарттың қолданылуын тоқтату келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына негізделеді.
Демек даудың мәні келісімшарттық қатынастарға дау айтудан туындаған және әкімшілік органдардың өкілеттіктеріне байланысты әкімшілік немесе басқа билікке бағынуға немесе тәуелділікке негізделмеген және қоғамдық-құқықтық қатынастарға жатпаған (№ 7594-21-00-4/2084; № 1594-21-00-4/376 және т.б.).
Жоғарыда аталған жағдай осындай талап қоюлар үшін ортақ болып келеді, істің мән-жайлары мен соттардың қорытындылары жиі қайталанады.
Басқа да себептер кездеседі, мысалы, Келісімшарт бойынша барлау мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап қою (№ 7194-22-00-4/3130). Мерзімді ұзарту мәселелері тараптардың шарттық құқықтық қатынастарының бӛлігі болып табылады және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде қаралуы тиіс.
ӘРПК-нің 3-бабы жетінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында кӛзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.
Сонымен бірге істің мән-жайлары оның ӘРПК-нің шеңберінде қаралуын болжауы мүмкін. Мысалы, апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, іс жаңадан қарауға жіберілді.
Талап қоюшының талаптары кен орнын аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізімінен шығаруға мәжбүрлеу болды.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымымен талап қою ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасының негізінде қайтарылды.
Бірінші сатыдағы сот келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты оны қолдану тоқтатылғанын анықтады, осыған байланысты тараптардың арасында жария-құқықтық қатынастар болмаған.
Апелляциялық сатыда белгілі болғандай, бірінші сатыдағы сот жауапкердің талап қоюшының жолданымын шешпей қалдыру себебін анықтамаған.
Сондай-ақ бірінші сатыдағы сот талап қоюшының Жер қойнауы туралы кодексте белгіленген мерзімде жолданым бергені туралы дәлелдеріне құқықтық баға бермеген.
ӘРПК-ге сәйкес жолданымдарды қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау әкімшілік рәсім болып табылады.
Бұдан басқа ӘРПК-нің 116-бабында сот тарапқа құқықтық салдарын алдын ала түсіндіре отырып, талап қою талаптарын тұжырымдауға және (немесе) өзгертуге жәрдем көрсететіні кӛзделген.
Алайда соттың белсенді рӛлі қағидатын бұза отырып, сот талап қоюда келтірілген дәлелдер мен дәлелдемелерді ескере отырып, талап қоюшыға мәлімделген талаптарды нақтылау қажеттілігін түсіндірмеген (№ 7194-22-00-4/1504 ісі).
Жалпы алғанда, ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген негіз бойынша бірінші сатыдағы соттардың ұйғарымына апелляцияда дау айтылды.
Оның ішінде үш ұйғарымның күші жойылып, бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жіберілді (№ 7194-23-00-4/839; № 7194-22-00-4/1504; № 3994-23-00-4/449).
Көрсетілген жағдайларда істің мән-жайларын дұрыс бағаламауы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарының күшін жоюға себеп болды.
Бір жағдайда, бұл дау айтылған актінің әкімшілік акт болатын-болмайтынын , ол талап қоюшы үшін заңды салдарға әкеп соқтыратын-соқтырмайтынын анықтаудағы қателік. Басқа жағдайларда даулы құқықтық қатынастарды шарттық қатынастарға қате жатқызу болып отыр.
Әкімшілік акт әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың басқару қызметінің негізгі сыртқы нысаны болып табылады.
Оны әкімшілік орган жария-құқықтық қатынастарда қабылдайды, билік сипатына ие және билік өкілеттіктері берілген, міндетті сипатқа ие және мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген және ең алдымен субъективті жария құқықтар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған әкімшілік органның біржақты шешімін білдіреді, белгілі бір адамға немесе жеке белгілі бір адамдар тобына бағытталған. Анықтама ретінде:
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес соттардың соттылығына әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен осы Кодексте көзделген жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар жатады.
ӘРПК-нің 4-бабының бірінші бөлігіне сәйкес:
4) әкімшілік акт - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды тұлға қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
9) әкімшілік талап қою - жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап.
Бұл анықтамадан әкімшілік акт бірқатар белгілерге жауап беруі керек:
- биліктің шарасы болу, яғни әкімшілік органның жария өкілеттігі жүзеге асырылатын шешім, әрекет (әрекетсіздік) түріндегі саналы ерік білдіру;
- әкімшілік органнан шығуға тиіс (ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мағынасында);
- реттеуші ықпалға ие болу, яғни қандай да бір құқықтық қатынасты орнатуға, жоюға немесе ӛзгертуге бағытталған шараның болуы;
- жеке-айқындылық, әкімшілік акт жіберілген нақты адресаттың болуы;
- жария-құқық саласында қабылдануы. Себебі орган, ұйым әкімшілік субъект ретінде ғана емес, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъект ретінде де әрекет ете алады.
Жария құқық саласында қабылданған және жария-құқықтық сипаттағы актілер ғана әкімшілік болуы мүмкін;
- сыртқы бағыт, яғни актінің құқықтық әсері адресат әкімшілік органның шегінен тыс тұлға болған кезде тікелей сыртта болуы керек.
Осылайша жергілікті соттар талап қоюды қайтару туралы шешім қабылдаған кезде істің барлық жағдайларын ескеріп, жария-құқықтық даудың белгілерін дұрыс анықтауы тиіс. Сондай-ақ соттар талап қоюларды қайтару негіздерін көрсеткен кезде қателіктер жібереді.
Мысалы, сот талап қоюды 17) тармақшаның негізімен қайтарды, ал мазмұны бойынша талап қоюды ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасының негізінде қайтару қажет болған.
Бұған апелляциялық және кассациялық сатылар талап қоюды қайтару негізінің қате анықталуына қарамастан, талап қоюды қайтару туралы іс жүргізу шешімін бірінші сатыдағы сот дұрыс қабылдағанын атап өтті (№ 7194-22-00-4/1818).
Тұтастай алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық қатынастарға байланысты инвестициялық даулар шеңберінде талап қоюлары соттың қарауына жатпайтын негізде жиі қайтарылды.
Астана қаласы МАӘС-ке соттылығына жататын істерді қоспағанда, Астана қаласының МАӘС-і АПК-нің 27-бабының 1-2-тармағына сәйкес инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторларға талап қоюларын қарайды. мемлекеттік органдардың Басқа жағдайларда талап қоюшылар талап қоюларды дауды қараудың аумақтық соттылығын бұзып берген.
ӘРПК-нің 106-бабының бірінші және үшінші бӛліктерінің ережелеріне сәйкес әкімшілік істер әкімшілік акт шығарылған жер бойынша немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады. Электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік акт талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша қаралады. Аталған бӛлікте соттылықты анықтау бойынша практика пысықталған.
Бұл ретте мынадай жағдай анықталған, талап қоюды алдымен Астана қаласының МАЭС-і электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік акт талап қоюшының тұрғылықты (тұрған) жері бойынша қаралатынын негізге алып қайтарған.
Ал талап қоюшы Алматы қаласының МАЭС-не жүгінгеннен кейін жауапкердің орналасқан жері Астана қаласы болып табылатынын, ал әкімшілік актінің ӛзі электрондық құжат нысанында шығарылмағанын көрсете отырып, талап қою қайтарылған (№ 7594-22-00 4/2496). Талап қоюларды осылай қайтару сот жүйесінің имиджіне теріс әсерін тигізеді.
- Талап қоюды іс жүзінде қайтарып алу көптеген жағдайларда әкімшілік органдардың дауды аяқтауға қатысты шешім қабылдауына байланысты. Татуласуды да ескеру керек.
Берілген талап қоюды қайтарып алудың және татуласудың жиынтығы, яғни даудың аяқталуы Сондай-ақ инвесторлардың Астана қаласының МАЭС-не берген жекелеген қайтарылған талап қоюлар кейіннен инвестициялық даулар шеңберінде қарау үшін Астана қаласының МАӘС-не берілді.
- Даулардың осы санаты бойынша талап қоюларды дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтамау негіздемесімен қайтару кезінде мыналарды ескеру қажет.
ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасында егер талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жоғалмаса, сот (судья) талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығаратыны белгіленген.
ӘРПК-нің кейінгі нормаларында егер:
1) заңда дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа жолданым берілуі мүмкін екендігі (9-баптың үшінші бөлігі);
2) заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол берілетіні (91-баптың бесінші бөлігі) белгіленген; 3) жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға болмаған жағдайда әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотта шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын әкімшілік орган әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарлайды (91-баптың алтыншы бөлігі).
Осылайша жоғарыда аталған нормалардың жиынтығы салалық заңның ӘРПК-ге қарағанда басым болып келетінін көрсетеді, сонымен қатар бұл әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетініне сәйкес келеді (ӘРПК 1-бабының екінші бөлігі).
Мысал үшін Жер қойнауы туралы кодекстің 278-бабының 16 тармағында (өтпелі ережелер) геологиялық және тау-кен бөлімдерін беру және қайта ресімдеу тәртібін жер қойнауын зерттеу жӛніндегі уәкілетті орган айқындайтыны белгіленген.
Бұл нормада «Геологиялық және (немесе) тау кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы №285 бұйрығына сілтеме жасалған.
Осы Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларының 16-тармағында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі белгіленген.
Алайда бұл тәртіп көрсетілген Қағидаларға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 06.12.2023 ж. бұйрығының редакциясында енгізілген, ал бастапқы нұсқасында сотқа дейінгі шағымдану тәртібі жазылмаған.
Біріншіден, заң техникасы тұрғысынан кодификацияланған актінің негізгі нормалары мен талаптары өтпелі ережелерге шоғырланбай, кодификацияланған актінің өзінде баяндалуы керек. Екіншіден, заңға тәуелді актіге сотқа дейінгі тәртіпті реттейтін ӛзгерістер енгізілгенге дейін онда тиісті нормалар болмаған.
Соның салдарынан бұл тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға қатысты сотқа дейінгі міндетті келісу туралы талаптарды практикада қолданумен проблемалар туғызады.
Мысалы, бірінші сатыдағы сот жер қойнауын пайдаланушының талап қоюын қайтарды, өйткені дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталмады және мұндай тәртіпті қолдану мүмкіндігі жоғалмады.
Талап қоюшы талап қоюды қайтаруға негіздердің жоқтығын көрсете отырып, күшін жою мәніне жеке шағым берді, өйткені Жер қойнауы туралы кодексте осы дауды реттеудің міндетті сотқа дейінгі тәртібі жоқ.
Алайда бірінші және екінші сатыдағы соттар ӘРПК-нің 91-бабының бесінші бөлігін қолдану қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Осы норманың мағынасынан сотқа дейінгі тәртіп, егер заңда оны сақтамай сотқа жүгіну құқығы тікелей көзделмесе, міндетті болып табылады.
Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келісті.
Анықтама ретінде: № 3594-22-00-4/1148 іс. Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қайтара отырып, өзінің қорытындысын дау тараптары арасында туындаған жария құқықтық қатынастар саласындағы салалық заңнамада бас тартуға шағымдану тәртібі регламенттелмегенін негізге алды, сондықтан сотқа шағымданудан бас тартуға сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана сотқа шағымдану мүмкіндігін болжайтын ӘРПК-нің 91-бабының бесінші бөлігі қолданылуы тиіс.
Сонымен қатар бізге мынаны атап өту қажет. Уәкілетті органның Геологиялық және тау-кен бөлулерін беру және қайта ресімдеу қағидаларына қызметке шағымданудың сотқа дейінгі тәртібін енгізу фактісі мұндай тәртіптің бастапқыда кӛзделгенін және оның бастапқы редакцияда болмауы мемлекеттік органның олқылығы екенін көрсетеді.
Сондай-ақ соттың ұйғарымында тиісті негіздемесіз, бірақ ӘРПК-нің талаптарына бір ғана сілтеме жасап, ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігі 1) тармақшасының негіздері бойынша талап қоюды қайтару жағдайы анықталды, мұндайға жол беруге болмайды (№ 3394-22-00-4/216 іс).
Бұл ретте жер қойнауын пайдалану саласындағы дау өзінің мазмұнына қарай сотқа дейінгі тәртіпті көздейтін құқықтық қатынастарды қозғауы мүмкін екенін түсіну керек.
Егер сотқа дейінгі тәртіп болмаса немесе жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі кӛзделсе, жауапкердің жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды тұлғаның дәлелді ұстанымын ұсынуы қажет. Бұл талаптар 2023 жылғы 8 сәуірден бастап белгіленді.
Анықтама ретінде: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 27 наурыздағы Заңымен ӘРПК-нің 91, 138 баптарына «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және бірыңғай әкімшілік практиканы қамтамасыз етуге бағытталған ӛзгерістер енгізілді.
ӘРПК-нің 91-бабының бесінші бӛлігінде, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі деп көзделген.
Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды тұлға пікірмен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды тұлғаның уәжді ұстанымын ұсынады.
ӘРПК-нің 138-бабының бесінші бөлігі бойынша судья жауапкерді АПК-нің талаптарына сәйкес дайындалған және ресімделген жазбаша пікірді және жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, әкімшілік іспен лауазымды тұлғаның дәлелді ұстанымын он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әкімшілік іспен бірге (бар болса) ұсынуға міндеттейді.
Оларды судья белгілеген мерзімде ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдану үшін негіз болі мүмкін және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
Осылайша заң шығарушы жоғары тұрған органның уәжді ұстанымы, егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі кӛзделген жағдайда ғана сотқа ұсынылатынын айқындады.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы даулар бойынша негізгі жауапкерлер
Жауапкер «сотта талап қойылған әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға» болып табылады (ӘРПК-нің 4 - бабының бірінші бөлігінің 15) тармақшасы).
Жер қойнауын пайдалану саласындағы даулар бойынша әкімшілік органдар негізінен ЖАО (әкімдіктер, әкімдіктердің бөлімдері, өңірлік коммуналдық басқармалар мен мекемелер), сондай-ақ жекелеген ОМО мен олардың құрылымдық бӛлімшелері болып табылады.
Орталық органдарға талап қоюлар негізінен мемлекеттік органның ӛзіне берілді, аумақтық бӛлімшелерге қойылған талаптар әлдеқайда аз болды.
Жеке ұйғарымдар және ақшалай өндіріп алулар
Жеке ұйғарымдарда көбінесе әкімшілік органдардың назары талап қоюлар бойынша жіберілген бұзушылықтарға аударылған.
Талап қою талаптары: жер қойнауын пайдалануға лицензия беруден бас тартумен;
электрондық аукционды өткізудегі бұзушылықтармен;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды ұзартумен;
жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тартумен;
әкімшілік әрекет жасау міндеттемелерімен байланысты болды.
Талап қоюшыларға ақшалай өндіріп алу түрінде процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайы бар (№ 7194-22-00-4/4467).
Аталған істе сот талап қоюшы өзінің процестік құқығын теріс пайдаланатынын анықтады.
ӘРПК-нің 127-бабының үшінші бӛлігінде сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын тұлғаға ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы екендігі көзделген.
Жауапкерлерге үш іс бойынша 5 ақшалай өндіріп алу қолданылған.
Мәселен бір жағдайда жауапкердің істі алдын ала тыңдауға дайындау кезінде пікірді және толық құжаттарды уақтылы ұсынбауы ақшалай өндіріп алудың себебі болды (№ 5194-22-00-4/851). Басқа істе сот конкурс бойынша материалдарды талап етті, алайда жауапкер құжаттаманы сотқа толық көлемде ұсынбады (№ 7194-23-00-4/3205).
Енді бір істе жауапкердің әртүрлі өкілдеріне бірден үш ақшалай жаза қолданылды.
Мұндай шараның қолдануына дәлелді себептерсіз пікірді уақтылы ұсынбау, сотты құрметтемеу және сотта әкімшілік істі қарауды созу болды (№ 5194-21-00-4/462).
Процестік міндеттерді орындамау фактілерін анықтаған кезде соттың ақшалай өндіріп алу құқығы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігі қағидатынан туындайды және әкімшілік әділет тұрғысынан сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті соттың дискрециялық өкілеттіктері көріністерінің бірі болып табылады.
Процеске қатысушының процестік міндеттерді орындамау себептерінің дәлелділігін анықтау соттың құзыретіне кіреді және нақты мән-жайларды талдау негізінде анықталады.
Қолданылған қысқартулар
1) ӘРПК - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
2) АПК - Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
3) АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
4) КК - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
5) ЖС НҚ - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
6) СК - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
7) Астана қаласы сотының ӘІСА - Астана қаласы сотының Әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
8) ЖС ӘІСА - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
9) МАӘС - Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
10) ОМО - орталық мемлекеттік орган;
11) ЖАО - жергілікті атқарушы органдар.
Пайдаланылған нормативтік дереккөздер
Жер қойнауын пайдалану саласындағы дауларды қарау кезінде соттар басшылыққа алған материалдық құқық нормаларына қазіргі уақытта қолданылып жүрген заңнамалық актілер жатады.
Осы санаттағы даулар бойынша мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268 XIII Азаматтық кодексі;
3) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексі;
4) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексі;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік кодексі;
6) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Азаматтық процестік кодексі;
7) «Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120 VI кодексі (Салық кодексі);
8) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI кодексі;
9) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
10) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI Экология кодексі және т.б.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы