Жер учаскелеріне құқықтар берудің не бе руден бас тартудың заңдылығына дау айту туралы
Жер учаскелеріне құқықтар берудің не бе руден бас тартудың заңдылығына дау айту республика соттары қараған осы санаттағы әкімшілік істердің ең көп санын құрайды.
Жер учаскелерін беру тәртібі Жер ко дексінің 43-бабымен реттеледі.
Осы норма Жер кодексінің 48-бабына сәй кес елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін және сауда-саттыққа (аукцион дарға) қойылатын жерлерді беру жағдайын қоспағанда, жер учаскесіне құқық берудің жалпы тәртібін реттейді.
Жеке меншікке жер учаскелерін сатып алуға құқығы бар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне мемле кеттік меншіктегі жер учаскелерін беру өте улі негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі не жер учаскелерін беру Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама лық актілерінде көзделген жағдайларда тегін жүзеге асырылуы мүмкін.
Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жер учаскесі неме се жер учаскесін жалдау құқығы жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пай далану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимарат тарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіл ген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін берілетін жағдайлар ды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады. Көрсетілген негіздердің тізбесі толық си патта және осы норманы қолдану кезінде сот тар анық және қатысы бар дәлелдемелерді негізге ала отырып, олардың бар-жоғын тексе руі тиіс.
Мәселен, Маңғыстау облысының сотта ры Ақтау қаласының әкіміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы «Маңғыстау монито рингі» ЖШС-нің қойған талабын қанағаттан дырудан бас тартты.
Талаптар жер учаскесінің тиісті негіздер болмаған жағдайда конкурстық рәсімдерсіз аралас жер пайдаланушыға заңсыз берілгендігіне уәжделген. Жергілікті соттар заңның конкурстық не гізде жер учаскесін беру туралы императивті нормаларын жауапкердің бұзғанына келісе отырып, сенім құқығын қорғау қағидатын бас шылыққа ала отырып, талап қоюды қанағат тандырудан бас тартты.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөнінде гі сот алқасы соттардың мұндай ұстанымын қате деп таныды, өйткені, әкімшілік акт мем лекеттік және қоғамдық мүдделерді қозғайды, конкурстық рәсімдерден тыс жер учаскесін берудің негізділігін растайтын сенімді құжат тар болмаған кезде шығарылған, ал тараптар дың құқықтық қатынастарына сенім білдіру құқығын қорғау қағидаты қолданылмайды.
ӘРПК-нің 133-бабына сәйкес талап қо юшы мәжбүрлеу туралы талап қоюды ұсы нуға және оны қабылдаудан бас тартылған қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуге құқылы.
Жер кодексінің 52-бабына сәйкес үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көр сетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада бел гiленген тәртiппен меншiк құқығын бiлдiредi. Көрсетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыра тылмайды.
Мысалы, Астана қаласы МАӘС-тің 2022 жылғы 28 наурыздағы шешімімен Берд никовтің жер учаскесін беру туралы қаулы шығаруға мәжбүрлеу туралы Астана қаласы әкімдігіне талап қоюы қанағаттандырылды.
Әкімдікке сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде гаражды пайдала ну үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатып алу арқылы талап қоюшыға беру тура лы қаулы қабылдау міндеті жүктелген.
Талап қоюды қанағаттандыру үшін Бердни ковтің гараж түріндегі жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығы құқықтық кадастр да тіркелгені, құқық белгілейтін құжат – сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылмағаны негіз болды.
Жер кодексінің 52-бабына сәйкес га ражға меншік құқығы ол алып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын білдіреді.
Көр сетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмай ды. Әкімдік гаражды пайдалану үшін жер учаскесіне құқықты сатып алу туралы арызды қарау және шешу үшін барлық қажетті құжат тардың толық көлемде берілгенін растады.
Соттың шешіміне жоғары тұрған сатыларға шағым берілген жоқ.
Тағы бір мысал, Нұр-Сұлтан қаласы МАӘС тің 2022 жылғы 23 ақпандағы шешімімен Абилбаевтың, Евнеевтің және басқаларының қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға мәжбүр леу туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне талап қоюлары ішінара қанағаттандырылды.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, өздері не меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығын беру мәселесі бойынша талап қоюшылардың пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеті жүктелген.
Істің мән-жайларынан Астана қаласы әкімдігіні 2017 жылғы 8 маусымдағы қа улысымен коттедж үлгісіндегі үйлер ке шенін жобалау және салу үшін жер учаскесі «Goodstroy» ЖШС-ға уақытша өтеулі жер пайдалануға берілгені байқалады.
2017 жылғы 14 маусымда жер учаскесін жалға алу шарты жасалған. 2017 жылғы 20 қарашада «Goodstroy» ЖШС заңда белгіленген тәртіппен осы жер учаскелерінде салынған 16 тұрғын үйді пай далануға қабылдады, салынған жеке тұрғын үйлерге меншік құқығын өзіне тіркеді және оларды жеке тұлғаларға, оның ішінде талап қоюшыларға сатып алу-сату шарттары бойын ша сатты.
Апелляциялық саты шешімнің күшін жойып, талап қоюшыларға жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелері беріл мегенін, осыған байланысты олар кадастрлық құны бойынша өтеулі негізде ғана берілуі мүмкін екенін көрсете отырып, талап қоюдан бас тартты. Кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың мұндай тұжырымдарын қате деп са нады.
Апелляциялық сатыдағы сот Жер ко дексінің 9, 52-баптарының нормаларын дұрыс қолданбаған. Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөнінде гі сот алқасының қаулысымен МАӘС шешімі күшінде қалдырылды (№ 6001-22-00-6ап / 2360, (2).
Барлық жағдайларда ЖАО Жер кодексінің 52-бабының негізінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру мүмкін емес.
Осылайша, Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Кодекстің 133-бабы ның 2-тармағында санамаланған жер учаске лерін қоспағанда, су қоры алып жатқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.
Көрсетілген негіздер болған кезде ЖА О-ның жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруден бас тартуы және жер комиссиясының теріс қорытынды шығаруы заңды болып табы лады.
ӘРПК-нің 10-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қа лауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ тең герімін қамтамасыз етеді. Бұл ретте, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни, жарамды, қа жетті және пропорциялы болуға тиіс.
ӘРПК-нің 13-бабында бекітілген се-нім құқығын қорғау қағидатына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, ла уазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады.
Мысалы. «Полиграфист» а/т мүшелерінің жалпы жиналысының 1995 жылғы 20 шіл дедегі шешімі негізінде Дүйсен №7 «А» жер учаскесін сатып алды. 2020 жылғы 3 желтоқсанда талап қоюшы Алматы қаласы әкімінің атына жер учаскесіне меншік құқығын беру туралы арызбен жүгінді.
2020 жылғы 28 желтоқсанда Алматы қа ласы әкімдігінің қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесіне меншік құқығын беруден бас тартылды.
Уәжі – сұратылып отырған жер учаскесі Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы шешімімен бекітілген Алматы қаласы аумағының функционалдық аймақтарына құрылыс салудың қала құрылы сы регламенттерін іске асыру жоспарына және Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Алматы қаласы аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес көшенің «қызыл сызықта ры» шегінде ішінара орналасқан, сондай-ақ, Жер кодексінің 102-бабына сілтеме келтіріл ген.
Алматы қаласы МАӘС-тің 2022 жылғы 28 ақпандағы шешімімен әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылды және күші жойылды. Сот Алматы қаласының әкімдігін жол берілген бұзушылықты жоюға және соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, талап қоюшының пайдасына әкімшілік акт қабылдауға міндет теді.
Алматы қаласы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 мамырдағы қа улысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 9 наурыздағы қа улысымен сот актілері өзгеріссіз қалдырылды (№ 6001-22-00-6ап/1646).
Соттар талап қоюды қанағаттандыра оты рып, талап қоюшының жер учаскесі Алматы қаласының шекарасында орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге емес, елді мекендердің жерлеріне жатады және олардың бас жоспарына, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобасына және аумақтың жер-шаруашылық құрылысы жоба ларына сәйкес пайдалануға жатады деп не гіздеді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, учаске бау-бақша өсіруге рұқсат етіл ген Ж-7 тұрғын аймағында орналасқан. Жер кодексінің 32-бабына сәйкес жер пай далану құқығын табыстау тұлғаға жер пайда лану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi.
Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астана ның, ауданның, облыстық маңызы бар қала ның жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі. Жер пайдалану құқығы заттық құқық бо лып табылады.
Жер пайдалану құқығына мен шік құқығы туралы нормалар қолданылады. Жер пайдалану құқығы тұрақты неме се уақытша, иеліктен шығарылатын немесе иеліктен шығарылмайтын, өтеулі немесе өте усіз сатып алынатын болуы мүмкін.
Жер комиссиясының шешімдеріне және әкімнің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы актілеріне дау айту ту ралы талап қоюларды қарау кезінде соттар Жер кодексінің 43-1-бабының талаптарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шару ашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өте улі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын (бұдан әрі – № 518 Қағида) бас шылыққа алған жөн.
Соттар жер комиссиясының хаттамалық шешіміне ӘРПК-іде көзделген тәртіппен жеті жұмыс күні ішінде сотқа шағымдануға бола тынын ескеруі тиіс.
Егер жер комиссиясының шешімі іске асы рылған жағдайда, ӘРПК-нің 136-бабында бел гіленген мерзімде қорытынды әкімшілік акт ретінде әкімнің қаулысы сотта даулануға жа тады.
Конкурстарды өткізу кезінде жер комиссия лары жіберетін негізгі қателер:
- кворумның болмауы;
- конкурсқа қатысушылардың баллдарын дұрыс есептемеу;
- жер заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін ретінде қабылданбауға жа татын өтінімдердің конкурсқа қатысуға жі берілуі.
Даулардың жекелеген санаттары бой ынша сот практикасы
Сот практикасын талдау көрсеткендей, ке лесі санаттар бойынша шағымдар ең көп та ралған:- жер учаскелеріне жеке меншік және уақытша жер пайдалану құқығын берудің заң дылығы мәселелері бойынша даулар;
- әкімдіктің жер пайдаланушымен жалдау шартын ұзартудан бас тартуына байланысты даулар;- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өз герту мәселелері бойынша даулар;
Сотқа талап қою мерзімдерін сақтау
Негізінен талап қоюшылар жергілікті атқа рушы органның жер учаскелеріне тиісті құқық беру туралы шешімдеріне дау айту туралы та лап қойған.
ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сәйкес дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделме ген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.
Құқықтары, бостандықтары мен заң ды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген не месе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ, ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қою ды беруге құқылы (ӘРПК-нің 136-бабының 5-бөлігі).
Талдау көрсеткендей, жергілікті соттар көрсетілген түпкілікті мерзімді қалпына кел тіруге байланысты процестік заң бойынша қателіктерге жиі жол береді.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облы сы МАӘС-тің 2022 жылғы 10 ақпандағы шешімімен Амриннің Ақжар ауданы әкімді гіне қойған талабы қанағаттандырылды.
«Ақ жар-Нан» ЖШС жер учаскесіне құқық беру туралы 2009 жылғы 23 шілдедегі қаулының күші жойылған. Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Соттар әкімдіктің 2003 жылғы 8 қыркүйек тегі қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесі не шаруа қожалығын жүргізу үшін 49 жыл мерзіммен уақытша ортақ үлестік жер пайда лану құқығы берілгенін анықтады. Жергілікті соттар Серіктестікке жер учаскесіне құқық талап қоюшының келісімін сіз берілгендігін негізге алды, осыған байла нысты қаулы заңсыз деп танылды.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылды, өйткені, дауды мәні бойынша шешу кезінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюшының әкімшілік рәсімге қатысушы емес екенін ескермеген.
Дау айтылған қау лымен Серіктестікке жер пайдалану құқығы берілген. Қаулы 2009 жылғы 23 шілдеде шыға рылған, оны қабылдаудың әкімшілік рәсіміне қатыспаған адам үшін, оның ішінде Амрин үшін де оны даулау туралы талап қою мерзімі 2010 жылғы 23 шілдеде аяқталған (№ 6001-22 00-6aп/1467).
Жергілікті соттар процестік заңның жоға рыда көрсетілген ережелерін бұза отырып, талап қоюшыға түпкілікті болып табылатын мерзімін қалпына келтірген және қайтаруға жататын талап қоюды мәні бойынша қараған.
Соттар ӘРПК-нің 136-бабы 5-бөлігінің нормасы императивті сипатқа ие екенін және көзделген бір жылдық мерзім түпкілікті бо лып табылатынын және қалпына келтіруге жатпайтынын есте ұстаған жөн. ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігіне сәйкес сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қай тару үшін негіз болып табылады.
Осы негіздер бойынша «Алтындос» ШҚ ның жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді заңсыз деп тану және күшін жою туралы Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Заңғар ауылдық округінің әкіміне қойған та лап қоюы бойынша шығарылған Павлодар облысы МАӘС-тің 2021 жылғы 5 қазандағы және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы сот актілерінің күші кассациялық тәртіппен жойылды.
Талап қою қайтарылды (№6001-22-00-6ап/1017).
Соттар дауды мәні бойынша шеше оты рып, «Оразбаев» ШҚ даулы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру жөніндегі рәсім дердің 2006-2008 жылдары орын алғанын ескермеген және тиісті құқықтық бағасын бер меген. 2021 жылдың 6 тамызында әкімшілік талап қою берілген.
Бұл ретте, талап қоюшы «Алтындос» ШҚ бұл рәсімдердің қатысушы сы болып табылмайды. Осындай бұзушылықтар республиканың барлық өңірлерінде орын алған.
Талап қоюшылар әкімшілік рәсімге қаты сушылар бола отырып, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған әкімшілік актілерге дау айтқанда, талап қоюды беру ге мерзімдерді қалпына келтіру кезінде про цестік заңды елеулі түрде бұзу жағдайлары орын алады.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін негіздер айрықша болуға тиіс, соттар өз құқықтарының бұзылғанын білетін немесе білуі мүмкін талап қоюшылардың жол берген құқығын теріс пайдалануына ықпал етпеуге тиіс.
Апелляциялық сатыдағы соттар, егер бірін ші сатыдағы сот талап қоюды іс жүргізуге қабылдаса және АПК-нің 126-бабының ере желерін ескере отырып, апелляциялық қарау сатысында шешім шығарыла отырып, мәні бойынша қараса, ол тек түпкілікті мерзімді өткізіп алу үшін ғана қайтарылуы мүмкін екенін ескергені жөн.
Қалған жағдайларда істі апелляциялық саты мәні бойынша қарайды. Сонымен бірге, егер сот мерзімін жеткілікті негіздер болмағанда қалпына келтірсе, бұ зылған құқықты қорғау үшін құқықты теріс пайдалану фактісі бойынша бас тартылуы мүмкін.
Даулардың ведомстволық бағыны стылығы мәселесі бойынша
Мысалы, Түркістан облысының МАӘС-қа Түркістан облысы жер инспекциясы басқар масының қала, аудан, ауылдық (селолық) округ әкімінің шешімдеріне дау айту туралы әкімшілік талап қоюлары келіп түсті, яғни, дау мемлекеттік органдар арасында туындады.
Кассациялық сатыдағы сот алқасы туын даған мәселе бойынша, егер iстер бойынша та раптар болып өз мәртебесi бойынша бiрдей екi мемлекеттiк орган (Қазақстан Республикасы ның Конституциясы, Қазақстан Республика сы заңдарының және әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және рет теу, мемлекет белгілеген жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық ак тілерінің негізінде мемлекет атынан жүзеге асыратын мемлекеттік билік ұйымдарына жатады) әрекет етсе және жеке (заңды) тұлға лардың не белгісіз тұлғалар тобының мүддесі үшін емес, мемлекет мүддесі үшін өзара дау ласады, бұл жағдайда мұндай талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген түсіндірме берді.
Сонымен бірге, ЖАО-ның жер ресурста рын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға олардың атына енгізілетін нұсқамаларға дау айту туралы талап қоюлары бойынша сұрақтар туындайды.
Уәкілетті органның жер заңнамасы та лап қоюларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасы әкімшілік акт болып табылатынын және Жер кодексінің 146-бабының 3-тармағы на сәйкес міндетті сипатта болатынын на зарға ала отырып, тексеру субъектілері оған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шағымдануға құқылы.
Мысалы: аудан әкіміне жер учаскесін беру және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкер шілікке тарту туралы қаулының күшін жою туралы нұсқамаға аталған аумақтық бірліктің әкімі дау айтуға тиіс.
Сонымен қатар, мүдделері көрсетілген нұсқамамен жанама түрде қозғалатын жеке, заңды тұлғалардың талап қоюлары қайта рылуға жатады, өйткені, шағым келтірілетін әкімшілік акт басқа субъектіге қатысты шыға рылады.
Мысалы:«Наурызбай нің сыз тексеріс деп жүргізу тану, Даму» әрекеттерін ЖШС заң бұзушылықтарды жою туралы 2022 жылғы 1 шілдедегі № 95, 96 және 97 нұсқамаларды заңсыз деп тану және күшін жою туралы Ақмола об лысының Жер ресурстарын басқару де партаментіне қойған талабы бойынша (№ 6001-22-00-6ап/2593).
Соттылық
Жер құқықтық қатынастарынан туындай тын даулар бойынша істерді қарау кезінде істерді шешу үшін соттылық қағидаларын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюды ұсынуы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.
Соттылық ӘРПК-нің 102 және 106-бапта рының қағидалары бойынша айқындалады.
Республикалық маңызы бар қалалар және астана, облыс орталықтары шегінде гі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың сот тылығына жататын істерді қоспағанда, талап қоюшының арызы бойынша маманданды рылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді талап қоюшының тұрғылықты жерін дегі сот қарауы мүмкін.
Талдау көрсеткендей, негізінен соттарға келіп түскен арыздар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылданды және соттарға белгілі бір қиындықтар туғызбайды.
Мемлекеттік баж
Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі АПК және Салық кодексінің нормаларымен ретте леді.
Мемлекеттік баж жеке тұлғалар үшін 0,3 айлық есептік көрсеткішті, заңды тұлғалар үшін 5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 2, 3-тармақшаларында белгіленген мөлшерде төленеді.
Сот шығыстарын өтеу туралы мәселе ӘРПК-нің 122-бабының және АПК-нің 109, 115, 117-бабының талап қоюларына сәйкес шешіледі.
АПК-нің 102-бабына сәйкес сот шығыста ры мемлекеттік баждан және іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
ӘРПК-нің 122-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюды осы Кодекстің 138-бабы ның екінші бөлігі 5), 6), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген негіздер бойын ша қайтарған кезде сот шығыстары өтелмейді.
ӘРПК-нің 142-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюшының талап қоюды сот оты рысында немесе алдын ала тыңдауда толықтай кері қайтарып алу туралы арызы келіп түскен жағдайда, сот талап қоюды кері қайтарып алу дың салдарын түсіндіреді. Өзге жағдайларда судья әкімшілік процеске қатысушыларды шақырмай мемлекеттік бажды қайтара оты рып, талап қоюды қайтарады.
Мысалы, Ақмола облысы МАӘС-тің 2022 жылғы 14 наурыздағы ұйғарымымен Теремко ваның Көкшетау қаласының әкіміне кері қай тарып алуға байланысты ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасы бойынша қо лайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы тала бы қайтарылды.
Талап қою кезінде төленген мемлекет тік баж қайтарылмауы тиіс, бірақ, ӘРПК-нің 122-бабының талап қоюларын бұза отырып қайтарылған.
Мұндай бұзушылықтар жүйелі сипатқа ие емес, жалпы республика бойынша сот шығы старына қатысты проблемалық мәселелер туындаған жоқ.
Заңнама
Қорытылып отырған санаттағы дауларды шешу кезінде соттар басшылыққа алған мате риалдық құқық нормаларына қазіргі уақытта қолданылатын заңнамалық актілер жатады.
Қорытылып отырған санаттағы даулар бой ынша мәселелерді реттейтін негізгі норма тивтік-құқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының Конститу циясы;
2) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268 ХІІІ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);
3) 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қа зақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – ЖК);
4) 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – ӘРПК);
5) 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Қа зақстан Республикасының Азаматтық про цестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
6) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қа зақстан Республикасының Кәсіпкерлік ко дексі;
7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
8) 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Қа зақстан Республикасының Экология кодексі;
9) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы ның Заңы;
10) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Ре спубликасының Заңы;
11) «Қазақстан Республикасындағы жер гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
12) «Сот шешімі туралы» Қазақстан Респу бликасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 2 қа зандағы № 5 нормативтік қаулысы;
13) Қазақстан Республикасы Ұлттық эконо мика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсан дағы № 160 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидалары;
14) Қазақстан Республикасы Ұлттық эконо мика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілген Жерге орнала стыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орна ластыру жұмыстарын орындау қағидалары;
15) Қазақстан Республикасы Ауыл ша руашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қа зандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қыз меттерді көрсету жөніндегі қағидалар.
Егер Қазақстан Республикасы ратифи кациялаған халықаралық шартта Заңда көз делгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданыла ды.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстердің заңдарға қарағанда жоғары заңдық күші бар; әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық ак тілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
АК-нің 4-бабында, «Құқықтық актілер ту ралы» Заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық ак тілер олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.
Қолданылған қысқартулар
МАӘС - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
ӘІСА - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
ЖАО - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
АБТ - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
ЕЖЖ - Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы
ҚР ҚН - Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы