Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою
20 тамыз 2025 жыл №7599-25-00-2а/6263 Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында төрағалық етуші судья Т.Қ.Баратбеков, судьялар Б.С.Абдрахманова және Г.О.Алимбаева, талапкер К.А.Маның, оның өкілі З.Баның, жауапкер А.К.Оаның, оның өкілі Г. Саржановтың қатысуымен, ашық сот отырысында, талап қоюшы КА Маның жауапкер АКОаға өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, отбасымен үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы шешіміне жауапкердің берілген апелляциялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ: К.А.Ма сотқа аталған талап қоюмен А.К.Оаға жүгінген. Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Мақаш Тәтімов көшесі, 79 үйдің 2 пәтер иесі А.К.Оаның жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою және талапкердің отбасымен үй-жайына кіріп-шығуына жауапкердің кедергі келтірмеуі міндеттелген. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысының күші жойылған. Азаматтық іс Алматы қалалық сотына басқа құрамда жаңадан қарауға жолданған.
Апелляциялық алқада жаңадан қарау барысында, жауапкер апелляциялық шағымында сот шешіммен келіспей, Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 08 тамыздағы шешімінің күшін жоюды, талапкердің талап арызын толығымен қанағаттандырусыз қалдыруды сураған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 427-бабының 1-тармағына сәйкес апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге
1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы;
2) бірінші сатыдағы сот анықтаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
3) шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән жайларына сәйкес келмеуі;
4) материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;
5) сот отырысының хаттамасын жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделген сот отырысы, жеке процестік әрекет хаттамасының істе болмауы негіз болып табылады.
Бірінші сатыдағы сот істі қарау барысында келесіні анықтаған: Талапкердің сотқа ұсынған меншік құқығын белгілейтін құжаттарында шыныменде талапкердің өзіне тиесілі жер учаскесі жеке меншік құқығы ортақ үлестік деп жазылған. Барлық меншік құжаттары 2009 жылы алынған. Жауапкер 2013 жылы 31 қаңтардағы жер учаскесімен үйді сатып алу шартына сәйкес меншік иесі болып танылған. Аталған шартта жер телімі ортақ үлестік деп көрсетілмеген.
Жоғарыда аталған үйде жауапкер өзінің отбасымен тұруда. Талапкердің пәтері ауланың соңында орналасқандықтан көшеге шығатын жол 1, 2 пәтерге тиесілі ауланы басып өтетінін 13.10.2023 жыл көшпелі сот отырысы барысында дәлелденді деген.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш-а, М. Тәтімов к-сі 79-үй (бұрын – Сейфуллин к-сі 55-уй), 2 пәтер мекенжайында орналасқан нысанды тексеру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды сақтау мәніне жер учаскесінде тұрғын үй (литерА.), тұрғын үй жапсарлас құрылысы (литерА1), шатыр (литерI) тұрғызылғаны анықталды делінген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ ның Алматы қаласы бойынша филиалының (бұдан әрі – Мемкорпорация) 21.11.2023 жылғы №ЖТ-2023-02322088 шығыс санымен берген мәліметте М.Татимова көшесі 79 үйге тиесілі жер көлемі 0,1140 га, оның ішінде жер учаскесінің үлестік мөлшері:
- 0,0560 га Ма КАға (3 пәтер) тиесілі,
-0,0110 га Оа АК (2 пәтер) тиесілі,-0,0470га
ХСА (1 пәтер) тисілі деп көрсетілген. Аталғандардың негізінде бірінші сатыдағы сот, жауапкер А.К.Оа заңсыз салған іргетасы мен қоршап алған аула кондоминиум жерді ешқандай құжатсыз құзырлы органдардың шешімінсіз және арнайы заңда белгіленген тәртіппен тіркеу органдарында тіркелмей оны қоршап алған деген тұжырымға келген.
Яғни талапкер көшеге шығу үшін 1, 2 пәтерге тиесілі ауланы басып өтеді, сол себепті талапкердің талабын заңды деп есептеген. Осы мән-жайлар негізінде, сотта зерттелген құжаттармен, істің мән жайының жиынтығымен, талап арыз берушінің талабы қуатталады деген. Алайда сот алқасы бұл тұжырыммен келесі себептермен келіспейді:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 209 бабының 1, 2 бөліктеріне сәйкес екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.
Осы баптың 4-бөлігінде, бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Ал 5-бөлігіне сәкес бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 53 бабының 1-бөлігіне сәкес, екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiндегi жер учаскесi оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады делінген. Осы баптың 3-бөлігінде, жер учаскесi әрбiр меншiк иесiнiң үлесi анықталған (үлестiк меншiк) немесе үлестерi анықталмаған (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн делінген.
Және 5, 6 бөліктеріне сәйкес егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлестерi жерге қатысты құқықтар мен мiндеттердiң дербес объектiсi болып табылады.
Ортақ меншiктегi жер учаскесiн пайдалану тәртiбi ортақ меншiкке қатысушылар арасындағы шартпен белгiленедi. Олардың арасында келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда пайдалану тәртiбiн сот айқындайды. Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi туралы қатысушылардың келiсiмi немесе соттың шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
Іс құжаттарын зерделу барысында келесі мән жайлар анықталды. К.А.Мышыроваға 1969 жылы салынған бір қабатты, үш пәтерлі №9 уйдің 3-ші пәтері 03.12.1992 жылғы №160 жекешелендіру шартымен жеке меншігіне өткен.
Қарағайлы ауылдық аумағы әкімінің №11-96 14.11.2006 жылғы шешімі негізінде Қарағайлы ауылы, Сейфуллин көшесі №55 үй, кадастрлық номер 03-047-425-369, қоныстағы көлемі 0,056 га жер учаскесіне жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығы берілген. 11.07.2008 жылы №704953 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт берілген, пайдалану нысаны: өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін.
Қазақстан Республикасы Президентінің 16.04.2014 жылғы №798 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығының негізінде Алматы облыстық «Жер ҒӨО» РМК филиалының жер учаскелер туралы ұсынған мәліметтер бойынша, жер учаскесі кадастрлық номер 03-047-425 369 Алматы қаласының аумағына кірді және кадастрлық номері 20-322-029 056 берілген.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Сейфуллин көшесі, 55/3 үй, Қарағайлы ш/а, кадастрлық номер 03-047-425-369 жер учаскесіне К.А.Маның 17.07.2014 жылғы №ПУЗ-14-8-284 тапсырысына сәйкес жерге орналастыру жұмыстары жүргізілген.
Нәтижесінде нақтылы қоршау бойынша жер учаскесінің аумағы 0.1390 га соның ішінде үлесі 0.0560 га құрады деп, 19.01.2015 жылы №0099053 жер учаскесіне ортақ үлестік құқығын беретін акт берілген, пайдалану нысаны: өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу.
Үлестері жер учаскесін пайдалану туралы келісім бойынша анықталған:- Ма КА үлесі 0.0560 га- Оа АК үлесі 0.0360га- Ха СА үлесі 0.0470 га. (Мемкорпорацияның 12.07.2023 жылғы №ЖТ-2023-01255048 мәліметі негізінде).
Кейінен Мемкорпорация 21.11.2023 жылы №ЖТ-2023-023220886, 24.06.2024 жылы №ЖТ-2024-04470942 хаттарымен, келесідей ңақтылау мәліметін берген: «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» ақпараттық жүйесіне сәйкес кадастрлық нөмірі 20-322-029-056 жер учаскесі ауданы 0,1140 га жалпы үлестік меншіктегі жер учаскесі болып табылады және:
1) Ма Қ.А. үлесі – 0,0560 га;
2) Ха С.А. үлесі – 0,0470 га;
3) Оа А.К. үлесі – 0,0110 га.
Аталған жер үлестерінің көлемі сот отырысында тараптармен дауланбайды.
Өз кезегінде жауапкер А.К.Оа 2013 жылғы 31 қаңтардағы 0,0057 га жер учаскесімен үйдің 2-ші пәтерін сатып алу-сату шартына сәйкес олардың меншік иесі болып танылған. 2013 жылғы 25 қыркүйектегі әкімнің №9-59 қаулысына сайкес А.К.Оаға 0,0035 га қосымша жер беріліп, жалпы көлемі 0,0110 га жер учаскесі қосалқы шаруашылық жүргізу үшін меншік құқығы бекітілген. Жер телімі бөлуге келмейді деп есептелген.
2013 жылғы 11 желтоқсанда жеке меншік құқығы туралы жер учаскесіне 03-047-425-1072 кадастрлық номермен мемлекеттік акт берілген.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Сейфуллин көшесі, 55/2 үй, Қарағайлы ш/а, кадастрлық номер 03-047-425-369 жер учаскесіне А.К.Оаның 06.08.2014 жылғы №ПУЗ-14-8-831 тапсырысы негізінде жер участкесінде жұмыстар жүргізілген.
Нәтижесінде нақтылы жер учаскесінің аумағы 0.1390 га соның ішінде үлесі 0.0110 га құрады деп, 19.02.2015 жылы жер учаскесіне ортақ үлестік құқығын беретін №0100716 акт берілген, пайдалану нысаны: өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу ушін.
Кейннен жоғарыда аталғандай А.К.Оаға 22.02.2021 жылғы №4892 тапсырысына сәкес жер теліміне қайта өлшеу жұмыстары жүргізіліп, жер участкесіне, кадастрлық нөмірі 20-322-029-056, алаңы 0,1140 га оның ішінде үлесі 0,0110 га деген, №2104071420059047 мемлекеттік акт берілген.
Жер учаскелер жеке меншік құғынан үлесті меншік құқығына өту себебі келесідей: «ЖерҒӨО» РМК Алматы қаласы филиалының 11.08.2014 жылы №19474 талаптарға берілген хатында, жер учаскесінде жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде рәсімделіп жатқан жер учаскесінде үш меншік иесіне тиесілі құрылыстар орналасқаны анықталғаны көрсетілген. Кодекстің 53-бабына сәйкес: екі немесе бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде тұрған жер учаскесі олардың ортақ меншігі құқығымен тиесілі болады.
Ортақ меншіктегі жер учаскесін пайдалану тәртібі меншік иелерінің өзара келісімімен анықталады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда пайдалану тәртібін сот белгілейді. Осыған байланысты, әрі қарай рәсімдеу үшін жер учаскесін ортақ пайдалану туралы барлық үлестес меншік иелері қол қойған келісім қажет екенін хабарлаған.
Сол себепті, жер кадастрлық ісіне тіркелген Жер участкесін пайдалану туралы 20.11.2014 жылғы, тараптармен қол қойылған келісім негізінде Қ.А.Маның жер үлесі 0,0560 га, С.А.Ханың жер үлесі 0,0470 га және А.К.Оаның жер үлесі 0,0110 га құрайды.
Келісімнің 6.1. тармағына сәкес жалпы үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы, АК-нің 216 бабының талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының зандарында көзделген шектерде,
қалауы бойынша өз үлесін сыйға тарту, сату, мұраға қалдыру құқығын жүзеге асыра алады делінген.
Аталған мән жайларды зерделеп, тараптар жеке меншікке берілген жерлерін өз еріктерімен, жазбаша келісім негізінде ортақ үлестік құқығына ауыстырып, мемлекеттік актілерін рәсімдеп алған.
Яғни, сот алқасы АК-тің 209 бабының 5 бөлігіне сәкес, бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ортақ меншiкке аталған адамдардың үлестi меншiгi белгiленгенін анықтап отыр.
Және АК-тің 213 бабының 1 бөлігі негізінде үлестi меншiктегi мүлiктi иелену және пайдалану оның барлық қатысушыларының келiсуiмен жүзеге асырылуы қажет. Сол себепті әр үлесті меншік иесі өздері, алғашқы жеке меншікке берілген көлемде, орналасқан жерлерінде иелену және пайдалану құқығын белгілеп алған.
АК-нің 188 бабының 3 бөлігіне сәйкес меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Аталғанның негізінде жауапкер өзіне тиесілі жер учаскесін өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға құқылы.
Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш-а, Тәтімов к-сі,79 үй, 2 пәтерде құрылыстың заңдылығын тексеру мәселесі бойынша келіп түскен хаттарды қарап, өз құзірет аясында келесіні хабарлаған.
«Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш-а, М. Тәтімов к-сі 79-үй, 2 пәтер мекенжайында орналасқан нысанды тексеру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды сақтау мәніне жер учаскесінде тұрғын үй (литерч.А.), тұрғын үй жапсарлас құрылысы (литерч.А1), шатыр (литерI) тұрғызылғаны анықталды.
Сондай-ақ, нысанды тексеру кезінде жоғарыда аталған жер учаскесінде өлшемі 2,7 м х 3,0 м, биіктігі 1,73м жертөле құрылғысы бар қолданыстағы шатырдың астына өлшемі 5,5 м х 6,6 м болатын іргетас салынғаны анықталды.
Жоғарыда аталған нысанды тексеру барысында құрылыс-жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығы анықталмады. Тұрғын үйдің орналасуы мен шаршы ауданы 2020 жылдың 29 қаңтардағы Мемкорпорациясы берген техникалық төлқұжатқа сәйкес келеді.»
Осы тексеру нәтижесінен, сот алқасы, жауапкермен құрылыс жинақтау жұмыстарын жүргізу барысында қандайда бір заң бұзушылықтарын анықтамады. Талапкердің өзінің пәтері ауланың соңында орналасқандықтан, көшеге шығатын жол тек жауапкердің ауласы арқылы өтуінен басқа жол жоқ екендігі жөніндегі үәжін, сот алқасы талап қоюды қанағаттандыруға жеткіліксіз деп есептейді.
Сонымен қатар, талапкер, жауапкердің жер телімінен бөлек қосымша шығыс жолы бар екендігі жөнінде соңғының үәжін сот алқасы назарға алады, себебі талапкер өзінің үйінің артқы жағымен асфальтталған жолға шыға алады, талапкердің үйімен көрші Даниярдың қорасы арасында 1,5-2 метр бар денген үәжін жоққа шығармады, және бүгінгі күнге сол жолмен үйне кіріп-шығып жүргені анықталды.
Ол жолмен журу аса қиын болса немесе қандайда басқа қолайсыздық тұғызатын жағдайда, сот алқасы бұл мәселені Кодекстің 67, 69 баптарының талаптары негізінде шешілуі қажет деп есептейді.
Талапкердің жер көлемінің орналасуы туралы сызбаларда А.К.Оаға тиесілі 0,0110 га жер телімі мен 0,0250 га жер телімінің арасында К.А.Маға тиесілі жер теліміне өтетін аралық бар, және олар бір-бірімен шектеспейді деген үәжіде негізсіз деген тұжырымға сот алқасы келеді.
Өйткені, 14.10.2024 жылғы сот алқасының ұйғарымына Мемкорпорацияның 05.11.2024 жылғы №48993-11 жолдаған хатына тіркелген жер телімінің жоспар-сызбасына сәкес, екі жер телімі жапсарлас орналасқаны көрінеді.
Сот алқасы, жоғарыда анықталған мән-жайларға және басқа да жиналған делелдемелерге заң тұрғысында баға бере отырып, талап қоюшы К.А.Маның талабы қанағаттандырудан бас тарту тұралы жаңа шешім қабылдануға жатады деген тұжырымға келеді.
Осылайша талап қоюшының талабын қанағаттандыру тұралы сот шешімі бұзылуға, талабы қанағаттандырудан бас тартуға, апелляциялық шағым қанағаттандырылуға жатады.
Сонымен қатар, жауапкер адвакаттың көмегіне жүгініп, сотта қатысуына байланысты 300 000 теңге мөлшерінде шығындарды талапкерден өндіріп алу туралы өтініш білдірген.
АПК-нің 113-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді.
Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 14 тармағына сәкес, мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстарының құжаттамалық (төлем тапсырмасымен немесе түбіртекпен) расталған шамадан тыс сомасы мәлімделген жағдайда сот АК-нің 8-бабының 4-тармағында және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігінде көзделген адалдық, әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын басшылыққа алуы қажет.
Осыны ескере отырып, сондай-ақ талапкермен қойылған негізгі талап мүліктік емес сипатта болғандықтан, сот алқасы әділдік пен ақылға сыйымдылық қағидаттарына сүйене отырып, жауапкердің өкілге деген шығындарын 150 000 теңге мөлшерінде өндіруге жатады деп санайды. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және АПК-нің 424 бабының 1 тармағының 3) тармақшасын, 425 және 426 баптарын басшылыққа алып, сот алқасы ҚАУЛЫ ЕТТІ: Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы осы азаматтық іс бойынша шешімі бұзылсын. Талап қоюшы К.А.Маның талабы қанағаттандырудан бас тарту тұралы жаңа шешім қабылдансын.
КА Мадан жауапкер АКОаның пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген 150 000 (жүз елу мың) тенге өндірілсін. Жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылсын.
Сот алқасының қаулысы жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді, және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қарсы пікір
2 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат - заң көмегін өндіру
2 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат азаматтық іс бойынша татуласуға ниетін білдіру жайлы
2 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат Апеляциялық алқаға
2 рет жүктеп алынды