5-1-бап. Өтінішті қабылдаудан және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту: Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Заңы
1. Жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін:
1) жәрдемақы тағайындау, төлеу, тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтерді орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның ауысуынан басқа) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі;
4) жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімінің болмауы негіздер болып табылады.
2. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414-I Заңы.
Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы