Жерлеуге байланысты өтелуге жататын шығыстарға жерлеуге тікелей қажетті шығыстар ғана жататынын соттардың ескергені жөн
Т.Б. А.Ж. қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде өзінің автомашинасының арнайы тұраққа қойылуына байланысты осы тұрақ қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ анасын жерлеуге, ас беруге, ескерткіш орнатуға, медициналық мекемелерге әуе көлігімен баруға жұмсалған жалпы сомасы 3 393 938 теңге мөлшеріндегі шығындарды ӛндіріп алу туралы талап қойды.
Екінші талап қоюшы Д.Д. жас қызының денсаулығына аяқтың төменгі жағын (аяқтың) ампутациясы түрінде залал келтірілгенін, баланың жамбасын протездеуге жұмсалған шығыстар 1 500 000 теңгені құрағанын атап өтті.
«Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жӛніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулының 12-тармағына сәйкес соттар өтелуге тиiс жерлеу шығындарына жерлеуге тiкелей қатысы бар қажеттi шығындар (табыт жасауға, өлген адам үшiн киiм, венок сатып алуға, зират қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткiзу және т.б. арналған шығындар) ғана жататынын соттардың ескеруi қажет.
Ескерткiш пен қоршау орнатуға арналған шығындар да ӛтелуге тиiс, бұл орайда оларды әзiрлеудiң нақты сомасы алынады, бiрақ ол сол жерде орнатылған стандартты ескерткiштер мен қоршаулардың шектi бағасынан аспауға тиiс.
Сот Т.Б. анасын жерлеу күні ас беруді ұйымдастыруға 490 000 теңге, 2021 жылғы 7 желтоқсанда «Садақа жетісін» өткізуге 560 000 теңге жұмсағанын анықтады.
Сот жауапкерден 490 000 теңгені ӛндіріп алып, жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты қажетті шығыстар тізбесіне жатпайтындықтан, «Садақа Жетісін» өткізуге арналған қаражатты өтеу бөлігінде талап қоюдан заңды түрде бас тартты.
Ескерткішті дайындауға жұмсалған шығыстарды тексере отырып, сот оны салуға жұмсалған соманы 207 000 теңге мӛлшерінде өндіріп алды, бұл ретте 27 000 теңгені өндіруден бас тартты, бұл қосымша ескерткіш Г.Б. қайтыс болған оқиға орнында орнатылғанын анықтады.
Т.Б. арнайы тұраққа, қызының емделуіне байланысты авиабилеттерге ақы төлеуді өтеу туралы талаптары олардың тӛлем құжаттарымен толық құжаттық расталуына байланысты толық мөлшерде қанағаттандырылды. Д.Д. баланың жамбасын протездеуге қаражат ӛндіру туралы талап қоюын қанағаттандырудан мынадай негіздер бойынша бас тартылды.
Көрсетілген нормативтік қаулының 10-тармағына сәйкес жәбірленуші жарақат алған немесе оның денсаулығына өзгедей зақым келтірілген 40 жағдайда оның алатын немесе алуы мүмкін жоғалтқан еңбекақысы (табысы), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтірілуіне байланысты жұмсалатын шығындар (емделу, дәрі-дәрмек сатып алу, қосымша тамақтану, протез салғызу, санаторлық-курорттық ем алу және т.б. үшін), егер дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясы жәбірленуші кӛмек пен күтімнің осы түрлерін қажетсінеді және оларды тегін алмайды деп тапса, ӛтелуге жатады.
Талап қоюшы протездеуге арналған шығыстарды растау үшін 1 500 000 теңге сомасына төлем тапсырмасын ұсынған. Осы төлем тапсырмасын мемлекет ішінара субсидиялайтын «Q» қоғамдық қоры жіберген.
Демек, талап қоюшы аталған шығындарды іс жүзінде толық жұмсамаған. Жауапкердің құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы мәселе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралды.
Істердің соттылығы
Істердің соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидаларға сәйкес, яғни жауапкер жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе жауапкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, мертігуден немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады (АПК-нің 30-бабының бесінші бӛлігі).
Мемлекеттік баж сотқа берілетін талаптардан
«Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабының 1-тармағына сәйкес, материалдық залалды ӛндіріп алу туралы сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж мынадай: жеке тұлғалар үшін талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын, заңды тұлғалар үшін талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын, мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мӛлшерінде алынады.
Талап қоюшылар мертігуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар бойынша Салық кодексінің 616-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік баж тӛлеуден босатылды.
Заңнамада сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмеген
Заңнамада жоғары қауіптілік кӛзінен (бұдан әрі – ЖҚК) келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшының сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмегенін соттардың назарда ұстағаны жөн.
Мысал: Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі ұйғарымымен Д.Н. Қ.Қ. және Е.Ж. ЖҚК-ден келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты қараусыз қалдырылған.
ҚР АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасына сәйкес сот, егер талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта кӛзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қоюды қараусыз қалдырады.
Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады (ҚР АПК 8-бабының алтыншы бӛлігі). К
Көрсетілген нормалар ескеріле отырып, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа берілді.
Талапкерлер ол азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады
ҚР АПК-нің 47-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.
Тиісті жауапкерді анықтау
Барлық жағдайда тиісті жауапкер – ЖҚК нің иесін дұрыс анықтай бермейтінін көрсетті, соттар көлік құралының кімнің заңды иелігінде екендігі жӛнінде дәлелдемелерді талап етпей, жауапкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынылған қаулылармен шектелген.
Сот практикасы кӛрсеткендей, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам бір мезгілде тиісті жауапкер – ЖҚК-ның заңды иесі бола бермейді.
ҚР АК 931-бабы бірінші бӛлігінің 2-абзацына сәйкес зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.
Көлік құралының иесі жӛнінде ұқсас анықтама «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабының 8) тармақшасында және «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 29) тармақшасында берілген.
Қолданыстағы заңнамада ЖҚК иесінің анықтамасы толық болып табылмайды.
Нормативтік құқықтық база
Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК);
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №8 нормативтік қаулысы;
- «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы;
2 - «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары;
- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы