Жоғары қауіптің көзінің иесінен және зиян келтірушіден зиянды негізсіз ортақ өндіріп алынуы, ЖҚК иесінің дұрыс анықталмауы
Кейбір жағдайларда зиянды ЖҚК иесінен, ал басқа жағдайларда ЖҚК иесінен және зиян келтірушіден ортақ өндіріп алады М.Х. ЖКО бойынша кінәлі Б.Қ. және автомашинаның иесі Ш.Ә. материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2023 жылғы 3 мамырдағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды, сот Б.Қ., Ш.Ә. М.Х. пайдасына ортақ тәртіппен материалдық шығынды 3 325 123 теңге сомасында өндіріп алу туралы қаулы шығарды.
Сот «BWM 520» маркалы автокөліктің титулдық иесі Ш.Ә. болып табылатынын анықтады, ол автокөлікті Б.Қ. сатқан, алайда мәміле заңды түрде ресімделмеген.
Сондай-ақ іс бойынша «H» сақтандыру компаниясы» АҚ берген сақтандыру полисінің негізінде «BWM 520» маркалы автокөлікті басқарған Б.Қ. кінәсінен ЖКО орын алғаны анықталды.
Демек, бұл жағдайда сақтандыру полисінің негізінде ЖҚК-ні пайдалануды жүзеге асырған Б.Қ. автомашинаның иесі болып танылуы тиіс, сондықтан залал одан ғана өндіріліп алынуы керек.
Осыған байланысты, Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 шілдедегі қаулысымен соттың шешімі өзгертілді, Ш.Ә. залалды ортақ тәртіппен өндіріп алу бөлігінде күші жойылып, талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды.
Б.Қ. өндіріп алу бӛлігінде шешім күшінде қалды. Сонымен қатар осы соттың 2022 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен Ғ.Н. және Е.С. Қ.Қ. пайдасына зиянды ортақ өндіріп алу туралы Алматы облысы Балқаш аудандық сотының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі шешімі күшінде қалдырылды.
Көлік құралын тіркеу туралы куәлікке сәйкес талап қоюшы Қ.Қ. «Toyota RAV 4» маркалы автокөліктің иесі болып табылады. Алматы облысы бойынша Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, «Daewoo Nexia» маркалы автокөлік жауапкер Ғ.Н. тиесілі. 2021 жылғы 9 шілдеде жауапкер Ғ. Н. көлігін басқарған жауапкер Е.С. кінәсінен талап қоюшының автокөлігіне зақым келтіріп, материалдық шығын келтірген ЖКО болған.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі заңды күшіне енген қаулысымен Е.С. ӘҚБтК-нің 610-бабының бірінші бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
ЖКО кезінде Е.С. азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылмаған, сондықтан ЖКО кезінде ЖҚК иесі Ғ.Н. болып табылады. Алматы қаласының соттарында кейбір жағдайларда соттар ЖҚК келтірген зиянды оның иесінен өндіріп алады (Г.Д. Г.А. пен А.А.; «I» ЖШС-ның Е.Р. пен С.Д.; М.Ж. С.Н. және А.Т. талап қоюларына қатысты азаматтық істер бойынша).
Сонымен қатар Алматы қаласының соттары ЖҚК келтірген зиянды өтеу зиян келтіруші мен көлік құралының иесіне ортақ жүктеген (Р.М. Д.Қ., Б.Қ.; Д.Д. И.Қ. мен А.Т.; К.Е. Н.А. мен А.А. талап қоюлары бойынша азаматтық істер). Жоғарыда аталғандарға ұқсас Павлодар облысының Екібастұз қалалық соты Қ.Д., Ж.М., Ж.А., Г.А. «П» ЖШС-ға, Е.К. талап қоюын қарады.
Сот өз қорытындыларын негіздеу үшін жауапкер ретінде «П» ЖШС тартылғанын, оған Е.К. бірге талап қоюшылардың пайдасына моральдық зиянды өтеу бойынша ортақ жауаптылық жүктелгенін, өйткені Е.К. тікелей зиян келтіруші болып табылады, оның кінәсі сот үкімімен дәлелденген.
«П» ЖШС жоғары қауіптілік көзінің иесі болып табылады, оның азаматтардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі зиян келтірген жағдайда жәбірленушілердің моральдық зиянын өтеу бойынша кінәсіз жауаптылығы көзделген.
Жоғарыда аталған істерді талдау көрсеткендей, жергілікті соттар жекелеген жағдайларда материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбайды, залалды ЖҚК-нің иесінен емес, кінәлі адамнан немесе ЖҚК-нің иесінен және зиян келтірушіден ортақ өндіріп алады.
АК-нің 287-бабына сәйкес, егер бұл шартта көзделсе немесе заңнамалық актілерде белгіленсе, атап айтқанда, міндеттеме нысанасының бөлінбейтіндігі кезінде ортақ міндет немесе ортақ талап туындайды.
АК-нің 932-бабында зиян келтірген адамдар жәбірленушінің алдында ортақ жауап беретіні белгіленген.
Қаралған жағдайларда бірлесіп зиян келтірілмеген, сондықтан зиян келтіруші мен ЖҚК-нің иесінен келтірілген залалды және моральдық зиянды ортақ өндіріп алу туралы талап заңға негізделмеген.
АК-нің 931-бабына, 951-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес адамға ЖҚК келтірген мүліктік және мүліктік емес зиянды оның иесі кінәнің болуына немесе болмауына қарамастан өтейді.
Жалпы негіздерде, яғни АК-нің 917-бабының қағидалары бойынша қауіптілігі жоғары көздердің өзара іс-қимылы нәтижесінде олардың иелеріне келтірілген зиян өтеледі (АК-нің 931-бабының 2-тармағының 2-5-абзацтары).
ЖҚК-нің иелерінен үшінші тұлғаларға (жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және т.б.) ЖҚК-нің өзара іс-қимылы салдарынан келтірілген зиян ортақ тәртіппен өтеледі.
Атырау, Астана, Шығыс Қазақстан облысының соттарында, Әскери сотта ЖҚК иесіне де, зиян келтірушіге де талап қою кезінде ЖҚК-нің заңды иесінен зиянды өндіріп алудың дұрыс практикасы қалыптасқан.
Істердің соттылығы
Істердің соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидаларға сәйкес, яғни жауапкер жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе жауапкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, мертігуден немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады (АПК-нің 30-бабының бесінші бӛлігі).
Мемлекеттік баж сотқа берілетін талаптардан
«Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабының 1-тармағына сәйкес, материалдық залалды ӛндіріп алу туралы сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж мынадай: жеке тұлғалар үшін талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын, заңды тұлғалар үшін талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын, мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мӛлшерінде алынады.
Талап қоюшылар мертігуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар бойынша Салық кодексінің 616-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік баж тӛлеуден босатылды.
Заңнамада сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмеген
Заңнамада жоғары қауіптілік кӛзінен (бұдан әрі – ЖҚК) келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшының сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмегенін соттардың назарда ұстағаны жөн.
Мысал: Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі ұйғарымымен Д.Н. Қ.Қ. және Е.Ж. ЖҚК-ден келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты қараусыз қалдырылған.
ҚР АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасына сәйкес сот, егер талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта кӛзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қоюды қараусыз қалдырады.
Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады (ҚР АПК 8-бабының алтыншы бӛлігі). К
Көрсетілген нормалар ескеріле отырып, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа берілді.
Талапкерлер ол азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады
ҚР АПК-нің 47-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.
Тиісті жауапкерді анықтау
Барлық жағдайда тиісті жауапкер – ЖҚК нің иесін дұрыс анықтай бермейтінін көрсетті, соттар көлік құралының кімнің заңды иелігінде екендігі жӛнінде дәлелдемелерді талап етпей, жауапкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынылған қаулылармен шектелген.
Сот практикасы кӛрсеткендей, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам бір мезгілде тиісті жауапкер – ЖҚК-ның заңды иесі бола бермейді.
ҚР АК 931-бабы бірінші бӛлігінің 2-абзацына сәйкес зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.
Көлік құралының иесі жӛнінде ұқсас анықтама «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабының 8) тармақшасында және «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 29) тармақшасында берілген.
Қолданыстағы заңнамада ЖҚК иесінің анықтамасы толық болып табылмайды.
Нормативтік құқықтық база
Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК);
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №8 нормативтік қаулысы;
- «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы;
2 - «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары;
- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы