Зиянды өтеу бойынша материалдық және процессуалдық құқығының қолданылуы
Азаматтардың денсаулығының бұзылуы немесе қайтыс болуы әртүрлі әсерлердің әрекетінен болуы мүмкін, солардың ішінде кең тарағаны еңбек (қызмет, лауазымдық) міндеттерін атқару, қылмыстық әрекет, жоғары қауіптілік көздерінің әрекеті.
Зиян келтірушіде зиянды өтеу бойынша міндеттер туындау үшін зиян келтіру фактісінен басқа азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздерінің жинытығы болуы керек.
Зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 917-бабында көзделген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 931-бабы айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын қызмет (жоғары қауіптілік көздері) арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілікті реттейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 931-бабының 1- бөлігіне сәйкес жоғары қауіптілік көзімен келтірілген зиянды өтеу үшін зиян келтірушінің құқыққа қарсы әрекеттерінен айналасындағыларға келтірілген жоғары қауіп, олардың арасындағы себепті байланыс және пайда болған салдар болуы тиіс.
Азаматтық Кодекстің 931-бабының 1- бөлігінде заң шығарушы, жоғары кауіп көзімен келтірілген зиян, дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелденген жағдайларды есекермегенде, барлық жағдайда өтеледі деп анықталған.
Сонымен, Қостанай облысының Қостанай аудандық сотымен 2015 жылдың 9 қаңтарында және 2015 жылдың 22 мамырында иттердің шабуылынан шошынып денсаулыққа келтірілген зиянға байланысты материалдық шығынды және моральдық зиянды өндіру туралы шешімдер шығарылған. Иттердің жоғары қауіпті көз екені дау тудырмайды және жоғары қауіпті көзбен келтірілген зиянның жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 931-бабымен реттеледі.
С.И.Г-йдың жауапкер А.А.К-ваға қарсы берілген талап арызы және С.В.С-ваның жауапкер С.М.К-вқа қарсы берілген талап арыздары талапкерлердің денсаулығына иттердің шабуылынан келтірілген зиянның орын алуы және талапкерлердің емделуге, киім сатып алуға кеткен шығындарымен дәлелденіп, қанағаттандырылған.
Екі іс бойынша анықталғаны, иттердің иелері жануарларды ұстау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Екі оқиғада да сот шешімін жалпы норма болып табылатын Азамттық Кодекстің 917-бабына сілтеме жасаған, бұл істер бойынша Азаматтық Кодекстің 931-бабын басшылыққа алу тиіс еді.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру істері бойынша әртүрлі облыстың сотттарында істерде сақтандыру компанияларын қатыстыруға қатысты әртүрлі практика қалыптасқан.
Сонымен, Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының шешімімен ЖШС «ҚарағандыЖылуСбыт» жауапкер Е.Х.Абиловқа қарсы берген 25000 теңге көлемінде материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған. Талап арызды қанағаттандырудан бас тарта отырып сот Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 924-бабына сүйенген, яғни ерiктi немесе мiндеттi түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауаптылығын сақтандырған заңды тұлға немесе азамат, келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы өтейдi
Бұл норманың дәлме-дәл түсіндірмесі, яғни міндетті сақтандыру тәртібінде өзінің жауапкершілігін сақтандырған тұлға келтірілген шығынның толық құнын төлемейді, тек қана сақтандырылған суммамен нақты шығын мөлшері арасындағы айырманы, егер сақтандыру төлемі келтірілген шығынның мөлшерін өтемесе төлейді.
Сондықтан, Е.Х.А-тың кінәсінан жол-көлік оқиғасының нәтижесінде келтірілген шығынды өндіру міндеттемесі АҚ «АҚ «Цеснабанк» Еншілес ұйымы» Сақтандыру команиясы «Цесна Гарантта» туындайды. Сот талқылауы кезінде талапкердің өкілі АҚ «АҚ «Цеснабанк» Еншілес ұйымы» Сақтандыру команиясы «Цесна Гарантты» ортақ жауапкер ретінде ауыстырмаған, талапты жауапкер Е.Х.А-вқа қарсы берген. Айтылғандардың негізінде, сот Е.Х.А-вты іс бойынша лайықсыз жауапкер деп есептеп, ЖШС «ҚарағандыЖылуСбыттың» Е.Х.А-вқа қарсы берген материалдық шығынды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот актісі моральдық зиянды және материалдық шығынды өндіруді
122 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі актіні жарамсыз деп тану, денсаулыққа зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу, және моральдық шығындарды өндіру
122 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі жұмсалған шығынды мемлекет пайдасына өндіру
119 рет жүктеп алынды